Главная » Статьи » В помощь учителю » Опыт |
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Цемент кентінің кітапхана бөлімшесінің меңгерушісі: Битибаева Шолпан Металовна Қазақстан халқының ынтымағы және бейбітшілігі /достық кеш/ Шара мақсаты: Оқушыларды мемлекетіміздегі тұрақтылықтың кепілі – халықтар достығын қадірлеуге, білімдерін нақтылауға, басқа ұлттардың тарихын, мәдениетін танып - білуге тәрбиелеу. Кітапханашылар кешті ұлттық киімдер киіп жүргізді. Кеш екі тілде өтті. Кітапханашының сөзі: Татулық, бірлік, келісім - ең асыл іс кез келген ел үшін. Қазақстан азаттық алғалы бері осы ұранды ту етіп келеді. Ассамблея дербес қоғамдық институт болып құрылғанына биыл 20 жыл толмақ. Елбасының бастамасымен қолға алынған бұл идея елімізге не берді? Президент Жарлығымен 2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды. Бүтіндей бір жылды Ассамблеяға арнаудың себебі не? 1995 жылдың 1 наурызында тәуелсіз еліміздің тарихында «Қазақстан халқының Ассамблеясы» атты жаңа институт пайда болды. Тоқсаныншы жылдар егемендігін енді алған ел үшін оңай кезең емес еді. Мемлекетімізді аяғынан тік тұрғызу үшін қыруар күш қажет болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа мемлекеттің алдымен экономикасын көтеруді басты мақсат еткені де белгілі. Бірақ бұл мақсатқа бірліксіз, ынтымақсыз қол жеткізу мүмкін еместігін әу баста айқындап алды. Экономикалық дамумен қатар еліміздегі татулықтың тамырын тереңдету керектігін тәуелсіздік алғаннан бері халыққа түсіндірумен келеді Мемлекет басшысы. Бастаманың мән-маңызын ұғынған еліміздің барлық облысы идеяны іліп әкетті. Ассамблея осылайша елдің басын біріктіруші күш екенін көрсетті. Бірлік бар жерде тірлік болатынын дәлелдеді. Қазақ халқы қашанда бірлік пен татулық мәселесіне ерекше мән беріп, оны тірліктің тұтқасы, өмірдің өзегі ретінде бағзы заманнан бағалап келген. «Бірлік бар жерде – тірлік бар», «Береке басы – бірлікте», «Ырыс алды – ынтымақ» деген сияқты көптеген мақал-мәтелдер соның айғағы. Болашақтың бірліксіз болмайтынын болжай білген бабаларымыз бала тәрбиесінде де осы қағиданы басты бағыт етіп ұстаған. Ол атадан балаға мұра болып, әлі де жалғасын тауып келеді. Бірлік пен татулық тәлімінің қазіргі көпұлтты Қазақстан жағдайында маңызы ерекше. Мемлекет құраушы, елдің, жердің иесі ретінде қазақ халқы өзге ұлттар мен ұлыстарға оның асқан үлгісін көрсетіп келеді десек артық емес. Тарихымызға үңілсек, оған анық көз жеткізе аламыз. Қиын-қыстау кезеңге тап болған өзге ұлт өкілдеріне қашанда қамқор болып, ағалық мейрімін аямаған. Алаш елі тағдырдың жазуымен жер аударылып келген түрлі ұлыстарға төрінен орын беріп, бір үзім нанын бөліскені белгілі. Сол үшін көптеген ұлыстардың өткен және бүгінгі буыны қазақ халқына шексіз риза. Қазақ жерінде қазір 140-тан аса ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүріп жатыр. Оларға Қазақстан азаматтары ретінде тең құқық берілген. Олар білім алу, емделу, жоғары лауазымды қызмет атқару мүмкіндіктеріне ие. Елімізде мекен еткен ұлт пен ұлыстарға өз мәдениетін дамытып, салт-дәстүрлерін сақтауға лайықты жағдайлар жасалған. Олардың әрқайсысының ұлттық мәдени орталықтары тұрақты жұмыс істейді. Мәдени орталықтар әр халық өкілдерінің өз ұлттық дәстүрлері сақтауға зор ықпал жасап келеді. Сонымен бірге, көпұлтты Қазақстанның мәдени жағынан әртарапта дамуына үлес қосып келеді. Осы орайда сіздермен өткізгелі отырған кешіміз өздеріңіз түсінгендей ҚХА- 20 жылдығына арналып отыр. Қазақстандағы ең алғашқылардың бірі болып ашылған Семей қаласындағы Достық үйінде көптеген жылдар бойы 17 ұлттың мәдени-орталығы жұмыс істеп келеді. Семейдегі “Достық құшағы” ұлттық мәдениет орталығы қаладағы Достық үйі жанындағы “ұлттық” атауы бар бірден-бір жалғыз орталық. Алайда, бұл ұжым осы аз уақыттың ішінде қаламызға және одан тасқары жерлерге танылып үлгерді. Қаламызда 2007 жылдың мамыр айында құрылған «Достық құшағы» ұлттық мәдениет орталығы биыл өзінің сегіз жылдығын атап өтіп отыр. «Қалалық Достық Үйінде» түрлі ұлттардың 17 ұлттық-мәдени бірлестіктері жұмыс атқарады, сонымен қатар ғимаратта Облыстық қоғамдық бірлестіктер және мүгедектер бірлестігі орналасқан. Халық шығармашылығы және ұлттық мәдени салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды насихаттау бойынша көптеген жұмыстар жүргізіліп, ұлттық мәдени бірлестіктерге әдістемелік, ұйымдастырушылық көмек көрсетіледі, сонымен қатар этносаралық келісімге көмек көрсететін және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да қызметтер атқаруда. Ұлттық мәдени бірлестіктер өз жұмыстарын жоспарға сәйкес және әзірленген бағдарламалар арқылы жүзеге асырады. Барлық бірлестіктер жыл бойы өз шараларын Достық Үйінің акт залдарында (үлкен және кіші) өткізеді. Орталықты ұлтжанды азаматтардың бірі, білікті жетекші Ғаділжан Әзім басқарады. Мұқан Төлебаев атындағы музыка колледжін композитор мамандығына бітірген ағамыз “Достық құшағы” ансамблінің барлық дерлік музыкалық орындауларын өзі ұйымдастырады. Сондай-ақ, ардагерлер ұжымын баянда сүйемелдейді. Бүгінде көрермен қауым «Достық құшағы» ұлттық мәдениет орталығы ұжымының арқасында халық әндері мен кейінгі жылдардағы әндерді және де вокалшылардың кәсіби орындауларын шынайы тамашалап жүр. - Осы аз уақыттың ішінде еліміздің ішінде ғана емес, шет мемлекеттерге дейін бардық. Орталықтың атауының өзі тәуелсіз ел атанғанымызға сай қойылған. Негізгі мақсатымыз қазақ халқының салт-дәстүрін кеңінен танытып, барынша халыққа насихаттау. Бұған қоса, халқымыздың қол өнерін дамытып, келер ұрпаққа осы қасиетті өнерді үйрету, дейді Ғаділжан Өлмесқұлұлы. “Достық құшағы” орталығына Қазақстанның әр ұлт өкілдері кіруге құқылы. Бүгінде орталықа әр ұлттың өкілдері кірген. Олардың ішінде 7 жастан 80 жасқа дейінгі жас шамасындағы ұлтжанды азаматтар бар. Жұмыстың негізгі бағыты мәдени құндылықтарды сақтау, басқа да орталықтардың ұлттық мәдени құндылықтарымен танысып, қарым қатынас орнату. Өткен жылдары “Достық құшағы” ұлттық мәдениет орталығы, Юнеско ұйымы жобасының аясында, Ресейдің Дондағы Ростов қаласында өткен 8-ші халықаралық Кияль оқуларынада қатысқан болатын. Сапар мақсаты - өзге ұлттар мен диаспораларға қазақ тілін дәріптеу еді. Өнерлерін ортаға салған жерлестеріміз байқаудан жүлделі оралды. Оның ішінде үш адам Ресей медалімен марапатталып қайтты. - 60-70-тей алғыс хаттарымыз бар. Екі рет халықаралық лауреат атағын алдық. Өткен жылы Павлодарда “Ертіс достық өзені” атты Халықаралық фестивалға барып қатысып, бас жүлдені алып қайттық, дейді Ғаділжан Өлмесқұлұлы. Осы достық үйінен 3 ұлт өкілдері өздерінің топтарымен келіп отыр екен, сол қонақтарымызға сөз берейік. Ең бірінші сөз кезегін «Достық құшағы» ұлттық мәдени орталығының жетекшісі Азимов Гадылжан Олмескуловичке беріледі. «Достық құшағы» орталығының тарихымен таныстырып өткеннен кейін, әжелеріміз шашуларын шашып, Гадылжан Олмескулович өз орындауында екі ән орындап береді. Келесі кезекті казактар мәдени орталығынан келген атаман Радионов Олег Анатольевич тобымен таныстырып, казактардың ұлттық әнін орындап, өздерінің салт-дәстүрлерінен мысал келтіріп әңгімелеп береді. Сөз кезегін «Свитанок» украина мәдени бірлестігінің өкілі Федух Марьян Стефанович алып, гармонмен өз орындауында ән орындайды. Келесі кезек №22 мектептің оқушыларына беріледі. Оқушылар: 10 сынып оқушысы Рысбекова Гүлназ, 7 сынып оқушылары Карибаева Ж., Ергалиева Д., Ғабдуллин Ж. неміс, татар, қазақ тілінде өлең, тақпақтарын қонақтарға орындап, қазақ халық биі «Белесті» Асембекқызы Г., Искакова Д., Мағауиянова А. билеп береді. Шара соңында келген қонақтармен бірге қол ұстасып, халықтар достығының бірлестігін көрсетіп ән орындалады. Кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жүргізіледі. В Городском Доме дружбы расположены 17 этно-культурных объединении. Среди них несколько организации образованы еще с начало 90-х годов. Это немецкое объединение «Возрождение», «Қазақ тілі» қоғамы, общество «Лад», «Татарский общественный центр», Украинский центр «Свитанок». Некоторые из них в этом году отмечает свое 25-летие. Есть молодые организации. Например, этно-культурный центр казахов, узбекский «Буюк келажак», Чечено-ингушский культурный центр «Вайнах». Все они принимают активное участие в общегородских мероприятиях. Во многих этно-культурных объединениях работают различные клубы, кружки, мастерские, ансамбли. Среди них более активными можно назвать кружок рукоделия «Айша Бибі», немецкий ансамбль песни и танца «Аинхаит», детская творческая студия «Уют», при Русском социально-культурном центре, кружок поэтов Еврейского центра, женский клуб «Аккалфак» татарского центра и другие. Согласно плана работа Дома Дружбы за 2014 год этно-культурными объединениями проведены ежемесячно 2-3 мероприятии различного уровня. Это выставки, концерты, фестивали, конкурсы, круглые столы и другие различные мероприятия Городского Дома дружбы и этнокультурных центров. Только с сентября месяца и до конца года то есть за 4 месяца Домом Дружбы, без учета внутренних мероприятии этно-культурных центров были проведены 17 мероприятии городского уровня. Многие мероприятии которые были проведены Домом Дружбы активно поддерживались лично Вами, Айбек Муталапханович, и акиматом. Например, за 2014 год Дому Дружбы были выделены бюджетные денежные средства на проведения таких мероприятии как: Масленица, Сабантой, День Единства народа Казахстана, День Победы, конкурс «Кайран ерлер Қаһарман ардагерлер», ХІ Междунородный Фестиваль «Прииртышские напевы» и другие мероприятия. Благодаря Вашей поддержки в 2014 году за 4 млн 266 тыс. тенге приобретены пассажирский автомобиль марки Газель, а так же хорошая юрта. В целом из бюджета города Дому Дружбы за прошлый год были выделены 19 млн 995 тыс тенге. Спасибо за поддержку! Наступил 2015 год. Мы все понимаем ответственность и важность этого года. Должны дастойно встретить и праздновать 5 значимых, крупных, юбилейных дат. Это 550 летие Казахского ханства, 70 летие Победы в ВОВ, 20 летия Конституции РК, 20 летие Ассамблеи народа Казахстана и 170 летие Абая. В рамках плана работы комиссии по координации и проведения этих мероприятий, которые были созданы по вашему заданию Дом Дружбы уже начал реализовывать их. Всего за 2015 год нами запланированы проведения 54 мероприятии. Это без учета мероприятии этно-культурных центров, которые будет проводить у себя, то есть внутри своих объединении. Есть мероприятий областного, республиканского и международного масштаба. Главной целью всех этих мероприятий является укрепления единства народа, консолидация общества вокруг политики мира и согласия Главы Государства. Наша страна является полиэтнической и многоконфессиональной страной. Президент нашей страны постоянно подчеркивает и проводит политику за консолидацию общество во имя единой цели, вокруг общенародной идеи «Мәңгілік Ел». Именно поэтому главная идея Года Ассамблеи народа Казахстана – «Менің елім- Мәңгілік Ел». Это есть Мәңгілік Независимость. Поэтому Независимость- самая священная и главная ценность Казахстана. При проведений в Год Ассамблеи народа Казахстана множество мероприятий мы будем разъяснять людям ценность сохранения единства общества, толеранстности друг другу. С этой целью мы планируем провести в течение года несколько выездных мероприятий в сельские округа города и близлежащие районы области. Орталықтандырылған кітапхана жүйесі Цемент кентінің кітапхана бөлімшесі Қазақстан халқының ынтымағы және бейбітшілігі (достық кеші) Семей, 2015ж. | |
Просмотров: 869 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|