Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Опыт

Портреттік кештің барысы:«Халықтың ұлы тұлғасы»
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Цемент кентінің кітапхана бөлімшесінің кітапханашысы: Ерденбекова Н.М.
Портреттік кештің барысы:«Халықтың ұлы тұлғасы»
Кештің мақсаты:Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру.
Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
Кештің әдіс- тәсілі:Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру, өлең оқу, ән айту,әдеби-монтаж.
Кештің көрнекілігі: Абай портреті, кітаптар, шығармалары, қанатты сөздер, фотослайдтар.
Кітапханашаың кіріспе сөзі:Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі«Халықтың ұлы тұлғасы» атты портреттік кешіміз қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналады.Бұл кеште Абайдың өлеңдері, әндері мен шығармаларының үзінділерімен танысасыздар.
1-жүргізуші:Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,
Мұрағып, кейінгіге қалдырған кім
Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
2-жүргізуші:Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын атандырып келешекке ,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған барын көк теңізге,
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
Сахнаға Абай шығады.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы , соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
1-оқушы: Өмірбаян.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы 1845 жылы Семей өңірінің қазіргі Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Абайдың шын аты Ибраһим. Әжесі еркелетіп «Абай» деп атап кеткен. Абайдың ата-тегі, тәрбиеленіп шыққан ортасы Тобықтының шынжыр балақ, шұбар төс, ауқатты отбасы болған.Әкесі Құнанбай аға сұлтан,болыс болса, аталары Өскенбай, Ырғызбай атақты, әйгілі билер болған.Болашақ ақын жас кезінен өлең , әңгімеге әуес болып , әжесі Зере мен анасы Ұлжан аңыз- әңгімелерін барлық ынтасымен тыңдайтын. Ауыл молдасынан арабша сауат ашқан Абайды әкесі он екі жасында Семейге оқуға жібереді. Абай Ахмет- Ризаның медресесінде оқыды. Медреседе араб, парсы тілдерін жақсы меңгереді. Шығыс ақындары Низами, Сағди, Фзули, Хафиз шығармаларымен танысады. Медреседе оқып жүріп, үш ай «Приходская школада» орысша оқиды.
2- оқушы.
Абай философ заңгер ақын, аудармашы сазгер, дара ойшыл кемеңгер, жазба әдебиетінің негізін салушы.Гуманист қоғам қайраткері әділ би, ағартушы-ұстаз.
3-оқушы:Абай туралы сөз.
Ибраһим мырзаның тұрағы қазақ іші болғандықтан , қадірі азырақ білінді. Олай болмағанда данышпан, хакма философ кісі еді. Қор елде туды да, қорлықпен өтті.
Шәкәрім.
Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев . Онан асқан бұрынғы –соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ.
Ахмет Байтұрсынұлы.
Абай лебі , Абай үні , Абай тынысы-заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып , жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.
Мұхтар Әуезов.
Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді.
Ғабит Мүсірепов.
Орыстар үшін-Пушкин, ағылшындар үшін –шекспир, грузиндер үшін -Руставели.... қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңдессіз құбылыс.
Қайсын Кулиев.
Абай әлемге ашылған терезе еді, оның жаны жаңарып жатқан дүниенің алыстағы сарынын сезе білді.... Гете мен Толстой сынды көптеген заңғар гуманист тұлғалардың далалық бауырласы екенін таныттты.
Шыңғыс Айтматов.
Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлтттық ұранымыз болуы тиіс.
Нұрсұлтан Назарбаев
4-оқушы:Назарханова Аружанның орындауында «Айттым сәлем Қаламқас» әнін тыңдаймыз.
5-оқушы:Абай қазақ тіліне А. С. Пушкиннің, Ю. М. Лермонтовтың, Л. Н Толстойдың, Салтыков –Шедриннің, Гетенің шығармаларын қазақшаға аударды.
6-орқушы: Абайдың шығармалары.
Поэмалары: «Ескендір», Масғұт», «Әзім әңгімесі»
45 қара сөзі, өлеңдері бар.
Көрініс 17 қара сөзіне.
1-жүргізуші:Туғаннан дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кіреді денең
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңменен....
7- оқушы:«Өлең – сөздің патшасы , сөз сарасы»
8-оқушы:«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
9-оқушы:«Ғылым таппай мақтанба»
10-оқушы:«Әсемпаз болма әрнеге»
11-оқушы:«Мен боламын демеңдер»
12-оқушы:« Сенбе жұртқа тұрса да сені қанша мақтап»
Ән «Желсіз түнде жарық ай» Абылкасымова Диляраның орындауында
7 «Б» сыныбы.
5 сынып оқушысы Советов Бақнұр «Абайға арнау» өлеңін оқиды.
Сұрақтар Абай шығармашылығына байланысты.
1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?( Көкбай ).
2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім?( Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта жазған).
3. Абайдың шын аты кім?(Ибраһим).
4.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.( Үшкүйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).
5.Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)
6.Абай Леермонтовтан қанша шығарма аударған?(Жиырма жеті шы,арма аударған).
7.Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)
8. Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).
9. «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?( Ахмет Байтұрсынов).
10.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкман.)
11.Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада?( 1909 жылы Петербургта).
12. « Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).
13. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қоыйлды?(Алматы қаласында мүсінші-Х. Наурызбай.)
14.Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға)
15. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды?(Абайдың ағасының баласы.)
2-жүргізуші: Көп адам дүниеге бой алдырғ
Бой алдарын, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,
Өлмей тұғын артында сөз қалдырған.
7«А» сынып оқушысы Самарканова Аружан « Көзімнің қарасы» әнін орындайды.
Категория: Опыт | Добавил: багдатовна (2015-03-26) E
Просмотров: 1480 | Теги: өмірбаяны, Абай, шығармашылығы | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 7:07 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru