Главная » Статьи » В помощь учителю » Опыт |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы:қатынас. Бөлім атауы: тіл дамыту. Тақырыбы: сипаттамалық әңгіме құрау. «Ойыншықтар әлемінде» Мақсаты: балалардың ойыншықтар жайлы білімдерін кеңейтіп, өздеріне таныс ойыншықтарына сипаттамалық әңгіме құрап айтуға үйрету. Сөздік қорларын молайту, сөздерді мағынасын жете түсіне отырып қолдана білуге дағдыландыру. Әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу Құрал-жабдық: ойыншықар, дидактикалық материалдар Билингвизм: игрушки -ойыншықтар, Әрекет кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті Мотивациялық- қозғаушы 1.1.Ұйымдастыру сәті «Шаттық шеңбер» Күннің көзі ашылды Көкке шуақ шашылды. Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті , «Сәлем»- дейік үлкенге , Сәлеметсіздер ме қонақтар! Балалар мұқият тыңдайды. Өлең жолдарына байланысты қимыл қозғалыстар арқылы көңіл күй сыйлайды Іздену-ұйымдастыру шылық 2.1.Қарастыру -Балалар,жан-жақтарыңа қараңдаршы, нелерді байқадыңдар? (бөлмеге көп ойыншықтар алдын ала қойылады.) -Ойыншықтар неден жасалған? -Кәне, кім қандай ойыншықты жақсы көреді? -Енді жақсы көретін ойыншықты сипаттап берейік. - Ал балалар, мына жерден қандай ойыншықтар көріп тұрмыз? Кім маған атап береді. 2.2.Ойын:«Ұқсас белгісіне қарай топтастыр» -Қазір мен атын атаған бала ортаға шығып, Бір-біріне ұқсас ойыншықтарды топтастырады. Мысалы құлақтары немесе тағы да басқа да ұқсас белгілері бар ойыншықтарды алып топтастыруымызға болады. Бұл жерде бала ойыншықтарды ұқсас белгісіне қарай топтастырып қана шықпайды, ұқсастығын айтып беруі керек. Сөздік ойын: «Сөйлем құра» -Балалар, қазір әрқайсымыз бір-бір ойыншықтан аламыз. Мен атын атаған бала екі сөзден тұратын. Сөйлем құрап айтады. Ол сөйлем сенің қолыңдағы ойыншықты сипаттауы керек. Енді үш сөзден тұратын сөйлем құрап айтамыз. 2.3.Сергіту сәті «Құлыншақ» Жолға шықсам көлігім, Жалғыз қалсам серігім Үлкен қылып өсірген Құлыншағым қайдасың? Менімен бірге коңаққа Шауып бірге барасың 2.4.Ойын: «Орынын тап» -Балалар, енді қолымыздағы ойыншықтарымызды мен белгі бергенде әр жерге апарып қояйық та орындарымызға келіп жайғасайық. -Енді мен атын атаған бала ортаға шығады,ал орынында отырған балалардың бірі сұрақ қояды. -Маймақ аю қайда? (ойын бірнеше баланың қатысуымен жүргізіледі) 2.5 Ойын: «Топтастыр» -Балалар, енді басқы дыбысы бірдей ойыншықтарды, топтастырайық. Мен атын атаған бала ортаға шығып, тапсырманы орындайды -Көп ойыншықтарды байқадық. -Ойыншықтар жұмысақ мақтадан, пластмассадан, ағаштан т,б жасалған. Балалар өздері жақсы көретін ойыншықтарды атайды және сипаттап айтып береді. Аты аталған бала жан-жағында қарап, қандай ойыншықтар бар екенін айтып береді. Ортаға бірнеше бала шығып құлақтары бар қоян, қонжық, күшік, мысықтарды бір жерге топтастырса, ал қуыршақ, құламағайларды бірге қояды. Сондай-ақ бала көліктерді де бөлек топтастыруы керек. -Аю – маймақ. -Қоян – қорқақ. -Күшік - жүйірік. -Мысық – ұйқышы т.б Балалар үш сөзден тұратын сөйлемдер ойлап айтады. Сергіту жаттығуын мәтінде айтылған қимылдарды көрсете отырып орындайды. Балалар ойыншықтарды бөлменің әр жеріне апарып қояды. Ортадағы бала жан-жағына қарап тез арада ойыншықтың қайда екенін айтады. -Маймақ аю үстелдің астында. (баладан толық жауап алыну керек) Ортаға шыққан бала қоян, қонжық, қуыршақ т.б -ды бір жаққа тортастырады. Ал балық, бақа, барабандарды екінші жаққа торптастырады.(ойынға бірнеше бала бір мезгілде қатыса алады.) Рефлексивті – корригиялық 3.Балалар, сендер барлық тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Енді кімге қай ойыншық ұнайды, сол ойыншықты алып ойнауларыңа болады Балалар өздеріне ұнаған ойыншықты алып ойынға кіріседі. Болжамды нәтиже: Білу керек: ойыншықтардың қасиеттері жайлы айта білулері керек Қалыптасқан әдет: өздеріне таныс ойыншық атауларын қатыстыра отырып сөйлемдер құрай алады. Істей біледі: ойыншықтар жайлы қысқа сипаттама бере білуі керек. | |
Просмотров: 761 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|