Главная » Статьи » В помощь учителю » Опыт |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің № 5-ші технологиялық картасы Білім беру саласы: қатынас. Бөлім атауы: тіл дамыту. Тақырыбы: тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеу [с-з] дыбыстары Мақсаты: сөз ішінде кездесетін айтылуы ұқсас [с-з] дыбыстарын дауыс ырғағымен және тіл жылдамдығымен реттеп, мәнерлі айтуға үйрету. Тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу Құрал-жабдық: сағат, үстел, сағыз тасбақа, жолбарыс, маса, қоңыз, қағаз және т.б тақырыпқа қатысты суреттер мен заттар, дидактикалық материалдар. Билингвизм: қоңыз -жук, маса – комар , сауысқан – сорока. Әрекет кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті Мотивациялық - қозғаушы 1.1.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныс дем жаттығуы: «Жидектер». -Балалар, біздің алдымызда көп жидектер өсіп тұр деп көзімізді жұмып елестеттейік. Енді осы жидектерді ауызмызды жауып мұрындарымызбен искеп біраз демімізді іште ұстап тұрайық, біртіндеп ауыз арқылы демімізді сыртқа шығарайық 1.2. Фонетикалық жаттығу. Са-са-са- маса Қан-қан –қан- сауысқан Ңыз-ңыз –ңыз-қоңыз Тар-тар –тар-достар Балалар көздерін жұмып елестетеді. Ауыздарын жауып мұрындарымен искеп, біраз демдерін іште ұстап тұрады. Біртіндеп ауыз арқылы демдерін сыртқа шығарады. Тілдерін жаттықтыра қайталайды Ідену - ұйымдастырушылық 2.1.Әңгіме «Достар» -Бірде маса мен сауысқан өздеріне әдемі үй салыпты. Сонда дос болып тұрып жатыпты. Кенет үйдің қасынан өтіп бара жатқан қоңыз таңқалып: - З-З-З мынау қандай әсем үй, мен де сендермен тұрайыншы – дейді. -Жарайды, үшеуміз дос болып бірге тұрайық – дейді маса мен сауысқан. Олардың достығын қызғанған жылан, үйлерінен қорқытып «С-С-С»- деп қуып жіберіп, өзі сол үйге қоныстаныпты. 2.2. Сұрақ-жауап /әңгіме желісі бойынша/ -Нелер дос болыпты? Дұрыс балалар, маса, сауысқан, қоңыз дос болыпты. -Қоңыз не деді? -Жылан қалай қорқытты? -Жыланың істеген ісі дұрыс па? 2.3. Сергіту сәті : «Сағат» Сағаттың тіліндей Иіліп оңға бір Сағаттың тіліндей Иіліп солға бір Сағатқа қарап-ап Артикуляциялық гимнастика: «Әткеншек» Езуімізді тартып, жымиямыз, ауызымызды сәл ашамыз «Бір-екі» - тілдің ұшымен біресе тістің жоғары қатарына, біресе тістің төменгі қатарына тидіреміз, иегіміз осы сәтте қозғалмау керек. 2.4.Сөздік ойын: «Сөз ата» - Балалар қазір мен сендерге түстерді атаймын ал сендер мен атаған түске қандай заттарды ұқсатуға болады айтуларың керек. - Қызыл /екпінді з дыбысына түсіріп айту/ -Сары /екпінді с дыбысына түсіріп айту/ -Жасыл /екпінді с дыбысына түсіріп айту/ 2.5.Саусақ жаттығуы: «Достық» Біздің топта бәрі дос, Ұлдар да қыздар да. Кел менімен дос болып, Бірге ойнайық саусағым. 2.6. Дидактикалық ойын: «Суреттерді ата» (фланэлеграфта [с-з] дыбысына қатысты суреттер ілініп тұрады). -Балалар, сендер алдыларыңда ілініп тұрған заттардың суреттерін тез, шатаспай анық кезек-кезек атап шығыңдар. «Сағат», «зымыран», «касық», «қазан» сөздеріне сөйлем құрап айтады. Балалар әңгімені мұқият тыңдап. -Маса, сауысқан, қоңыз - «з-з-з» мен де сендермен дос болайыншы - деді «с-с-с» - деп қорқытты -Жоқ, дұрыс емес Балалар қимылды тәрбиешіге ілесе отырып жасайды. Езулерін тартып, жымияды. Ауыздарын сәл ашады. «Бір-екі» - тілдің ұшымен біресе тістің жоғары қатарына, біресе тістің төменгі қатарына тидіреді. Иектерін осы сәтте қозғамайды -Қызыл алма, қызыл көйлек, қызыл жалауша т.б - Сары күн, сары бауырсақ, сары гүл Жасыл шөп, жасыл кілем, жасыл орамал Алғашқы екі жолда оң алақанмен сол қолдың алақанын қаусыра құшақтап тербетеді. Екінші екі жолда сол алақанмен оң қолдың алақанын қаусыра құшақтап тербетеді. Балалар заттардың суретін тез-тез шатаспай атап шығады. Рефлексивті - корригиялық 3.Балалар енді топ бөлмесіндегі заттар ішінен атауында [c] немесе [з] дыбысы бар заттарды тауып атаңдар Балалар маңайындағы заттар ішінен атауында аталған дыбыстар бар заттарды іздейді. Болжамды нәтиже: Білуі керек: балалар сөз ішіндегі дыбыстарды дұрыс айта білулері керек. Қалыптасқан әдет: балалар тапcырмаларды қызығушылықпен орындай алады. Істей біледі: ұқсас дыбыстарды шатастырмай анық айта алады. Источник: http://дошколенок | |
Просмотров: 2037 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|