Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Опыт

Орыс мектебіндегі қазақ тілі пәнінен олимпиадаға дайындау жұмысын ұйымдастыру
Орыс мектебіндегі қазақ тілі пәнінен олимпиадаға
дайындау жұмысын ұйымдастыру

Айтимова Райхан Кенжебаевна
Қызылорда облысы
Жалағаш ауданы
№31 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қазақстанды әлемдік деңгейде таныту үшін білім жүйесі бәсекеге қабілетті жоғары деңгейде болуы қажет. Оқу үрдісі уақыт талабымен қаншама өзгермесін, бәрібір тек ұстаз ғана оның мазмұнын оқушы санасына жеткізеді. Шәкіртті оқу үрдісінде мұғаліммен бірдей субъект ретінде танып, дара тұлға ретінде қабылдап, шығармашылық жұмысқа бағыттау, дарынды балалардың қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай туғызу- әр ұстаздың міндеті.
Қазіргі кезде балалар дарындылығын арттыру үшін көптеген жұмыстар істелінуде.Солардың ішінде дарынды оқушылар арасында ғылыми пәндер бойынша өткізілетін пәндік олимпиадалардың орны ерекше.
Пәндік олимпиадалар- оқушылардың білім деңгейін тексерудің бұқаралық сипаттағы жарыс түрінде өткізілетін бірден-бір формасы.
Жалпы пәндік олимпиадалар мектеп оқушыларының пәнге деген қызығушылығын тудырумен бірге олардың білімін бағалаудың әділ жолы болып табылады. Пәндік олимпиадаға оқушы таңдауда пән мұғалімі ең алдымен бала бойынан пәнге деген басым қызығушылығын, туа біткен қабілетін көре білуі қажет. Оқушының шығармашылық қабілетін іскер де білікті мұғалім ған шебер ұйымдастыра алады.
Шығармашылық ізденіс арқылы оқушының ойлауы, қиялдауы, сана-
сезімі өседі, нақты біліммен қаруланады. Өзінің шамасы келетін мәселелер мен міндеттерді шеше білу іскерлігі мен дағдылары дамиды. Осы сатыға жету үшін басты назарда оқушының белсенді әрекеті шешуші роль атқарады.
Осы орайда, мен олимпиадаға оқушыларды дайындаудағы өзіндік іс-тәжірибемді ортаға салғым келеді.
Олимпиадаға дайындауда ең алдымен оқушының пәнге қабілетін анықтап, төменгі сыныптан бастап дайындаған тиімді нәтиже береді. Дайындық жұмыстары жүйелі түрде, оқушының жас ерекшелігіне сай біртіндеп күрделендіріліп отыруы керек.
Олимпиадаға дайындық жұмысын жүргізудің жолдарына тоқталсам, ең алдымен төмендегідей ұйымдастыру және оқу-әдістемелік бағыттарда жүзеге асуы тиіс:
1. Ең алдымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мектеп бағдарламсы шеңберінде сұрақтар мен тапсырмалар меңгерілуі керек, бірақ ол сұрақтар оқушыны шығармашылық ойларға жетелеуге тиіс;
2. Қазақ тілінен оқу курстары бойынша алған теориялық білімдерін оқушы қолданбалы түрде көрсету, сызба, кестелермен жұмыс істеу, салыстырулар мен талдаулар жасау дағдыларын қалыптастыруға машықтануы керек.
3. Оқушы алдына қойған проблемаларға сараптау, айқындау, жіктеу, дәлелдеу, қажет болса болжам жасау негізінде өз көзқарасын білдіруге үйренуі қажет.
Олимпиадаға дайындаудың мақсаты:
Дарынды балаларды қолдау, олардың бойындағы дарындылық қабілетін жетілдіру, ғылыми еңбектенуіне деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық дағдыларын анықтау әрі дамыту.
Олимпиаданың тиімділігі:
• Олимпиада оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады.
• Баланың жеке тұлға болып қалыптасуына септігін тигізеді.
• Болашақта өздігінен білім алып, ақпаратты іздеу, оны талдау, өңдеу, қорытынды жасау қабілеттерін дамытады.
• Олимпиадаларға жүйелі дайындықтың арқасында оқушы өз көзқарасын айта алады және оны басқаларға дәлелдей алады.
• Өзгенің де , сол сияқты өзінің де қатесін көре алады.
• Өзінің жұмысына жоспар құра алады.
• Мәселелерді анықтап, оның шешу жолдарын қарастыра алады.
• Баланың өзіне деген көзқарасы өзгеріп, өзін бағалауы жоғарылайды.
Бұл қабілеттердің барлығы да болашақта жоғары оқу орнында білім алғанда өте маңызды.
Мұғалімге қойылатын талаптар:
 Ең бірінші пәнге деген қызығушылығы бар оқушыны анықтап алу;
 Дайындық жоспарын құру;
 Тиімді технологияларды қолдану;
 Оқушының әрбір тақырыпты жан-жақты меңгеруіне жағдай жасау;
 Оқушының іздену, есте сақтау дағдыларын қалыптастыру;
 Оқушылырға шығармашылықпен жұмыс істеу үшін тапсырмалар дайындау;
Орыс мектебіндегі қазақ тілі пәнінен олимпиадаға дайындауда қолданылатын әдістер:
1. Сатылай кешенді талдау
Тілдік талдау-ана тілінен берілетін білімнің негізін салуға, оны саралауға, еске қайта түсіруге, білімді тиянақтауға мүмкіндік беретін қолайлы тәсіл. Сатылай кешенді талдаудың ерекшелігі талдау сызба арқылы орындалады. Талдауды жақсы меңгерген оқушылар қазақ тілінен грамматикалық ұғымдарды ажырата білуге дағдыланады.Кез келген топта өз ойын шебер жеткізе білуге машықтанады. Жазба жұмыстарын сауатты, жоғары деңгейде шығармашылықпен орындай біледі.
2. Ұқсас формаларды салыстыра үйрету
Сызбамен және нақты мысалмен түсіндіріп отырылады.



1. Сын есім жұрнағы
-қы,-кі,-ғы ,-гі
2. Қалау рай жұрнағы

3. Тест жинақтарын пайдалану

Тест сұрақтары оқушылардың білімдерін тексеруге, танымдық біліктілігін арттыруға негізделген. Бұл тестілер оқушының білім деңгейін бақылаумен қатар мұғалімге белгілі бір тақырыпты өткенде сол тақырыптың қай тұстарына баса көңіл бөлу керек екендігіне бағыт-бағдар береді
4. Интернет ресурстарын пайдалану, интернет жүйесіндегі жаңа тест материалдарын қадағалау, интернет-кітапханалар арқылы білім алу, қашықтық олимпиадаларға қатысу
5. Сөздік түрлерімен жұмыс жасау
Сөздік түрлерімен (фразеологиялық, орфографиялық, орфоэпиялық, омоним, синоним) жұмыс жасау арқылы тұрақты сөз тіркестерімен, омоним, синоним сөздерімен танысады, сөздердің жазылуы мен оқылуына мән береді.
6.Тірек сызба арқылы түсіндіру
Тірек-сызбалары арқылы оқушы сөз тіркесін,сөйлемдер, әңгіме құрайды.
• Оқушының танымдық қасиетін арттырады, сөз қорын байытады.
• Тірек белгілері арқылы оқушылардың қазақша сөйлеу дағдыларын қалыптасады.
• Қазақ тілінде оқушыларды еркін қарым-қатынас жасауға дағдыландырады.
• Өз бетінше ізденуге, қазақша ақпарат бойынша ой қорытып, жан-жақты қатынасқа бейімдейді.
7.Тіл дамыту жұмыстарын интерактивті әдістер арқылы жүргізу
Ұтымды жақтары мынадай:
• Рөлдік ойындар арқылы оқушының ойлауы, іскерлік дағдысы қалыптасады, қабілеті, дарыны дамиды.
• Рөлдік ойындар арқылы оқушының ойлауы, ойлау қабілетін дамытып, сөйлеу дағдыларынқалыптастырады.
• Дискуссия әдісінде өз ойын тез жинақтап,бір-бірімен пікір алысып, ой қорыту процесі жылдам жүреді.
8.Өзіндік жұмыстар ұйымдастыру
Оқушының өзіндік жұмыстары-бұл мұғалімнің тікелей қатысуынсыз, бірақ оның тапсыруымен, оның басшылығымен және бақылауымен орындайтын жұмыс. Өзіндік жұмысты орындау кезінде оқушы теориялық білімн кеңейтеді,белсенді іс-әрәкет барысында ойлау қабіліттері дамиды, өзіне деген сенімі нығайып, жауапкершілікті сезіну қалыптасады.
Оқу-тәрбие процесіндегі мәні:
1. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады.
2. Оқушы істейтін жұмыстарының мақсатын айқындап, жұмысты өз еркімен, қалауымен орындайды.
3. Қорытындысын шығарып, нәтижесін алады.
9. Тіл дамыту мақсатында мақал-мәтелдер арқылы бірнеше жұмыс түрлерін орындау
антоним сөздерден жасалған мақалдарды тауып жазу,
Мысалы: «Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат»
антонимдердің қай сөз табынан жасалғанын айту,
Мысалы: жақсы –жаман (қандай? –сұраққа жауап береді) – сын есім
Олимпиадаға дайындық барысында пайдаланатын
көмекші құралдар:
 Қоңыров Т. “Тұрақты теңеулер сөздігі”
 Бизақов С. “Синонимдер сөздігі”
 Кенесбаев І. “Фразеологиялық сөздік”
 Қапасова Б. “Оқушы анықтамасы”
 Байзақова О. Топтама сұрақтары “Морфология”
 Артықова Т. Қазақ тілінен тірек сызбалар “Атамұра” 2007 жыл

Қорыта келгенде, білімді ұрпақ- Қазақстанның ертеңі мен болашағы. Ал, жас ұрпақты жан-жақты терең білімді жеке тұлға етіп тәрбиелеу- біздің ұстаздар қауымының алдына қойылған ауыр жүк. Сондықтан, қиындығы мен қызығы мол осынау ұстаздық еңбек жолында мен барша ұстаздар қауымына тек қана шығармашылық табыстар тілеймін.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Н. Оразақынова “Сатылай кешенді талдау-қазақ тілінің төл технологиясы” “Қазақ тілі мен әдебиеті” журналы №5, 2005 жыл
2.Артықова Т. Қазақ тілінен тірек сызбалар “Атамұра” 2007жыл
3.О.И.Мурзагельдинова “Сборник тестовых заданий по казахскому языку “
4.«Қазақ тіл мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы №7, 2010жыл
№2, 2012жыл, №8,9 2013жыл
6.Оралбаева Н. Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі. –Алматы «Ана тілі». -1996 жыл
Категория: Опыт | Добавил: grom9830 (2016-01-11) | Автор: Райхан E
Просмотров: 3742 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 3:12 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru