Главная » Статьи » В помощь учителю » Опыт |
«Н.К.Крупская атындағы № 10 орта мектеп» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Гүлнара Сейіт-Қазықызы Баджанованың педагогикалық қызметіне өздік талдауы Мен 1997 жылдан бастап аталған мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмыс істеп келемін. 2005 жылы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша СҚМУ аяқтадым. Осы мектепте 19 жыл еңбек етіп келемін. Педагогикалық қызметіме жауапты және шығармашылықпен қарауға тырысамын. Жұмыс істеген уақытымда оқушыларға білім мен тәрбиелеу беруде біраз тәжірибе жинақтадым. Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның мемлекеттік тілі. Тілі және мәдениеті жоқ ел ешқашан да егеменді мемлекет бола алмайды, болуы мүмкін де емес. «Тіл туралы» Заңның 4-бабында: «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы” деп жазылған. Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға міндетті» – делінген. Яғни, қазақ халқы болашақта өз ана тілін сақтап, дамыта алмаса, күндердің күнінде өз алдына жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтатады. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен қазақ халқының ұлттық мәдениетін, ұлттық салт – дәстүрін, ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн. Қоғамдағы жаңарулар, ел дамуындағы тың стратегиялық бағдарламалар мен қағидаттар, қоғамның ақпараттануы және ғылым мен техниканың қарыштай дамуы, білім беру жүйесінде де түбегейлі өзгерістер жасауға себеп болды. Өйткені жаңа уақыт талабы рухы биік, болашаққа зор сеніммен қарайтын, оның дамуына өзіндік үлес қосатын, халықаралық стандартқа сай, бәсекеге қабілетті, танымдық деңгейі жоғары, білімді де білікті маманды қажет етеді. Қазақ тілін нәтижелі үйрету үшін оның оқыту әдістемесін жетілдіре түсіну – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін маңызды мәселесі. Міне, заманымыздың тілек-талабы білім мазмұнын жаңартумен бірге, оны өмір мұқтажына орай дамытып, оқытудың жаңаша әдіс–тәсілдерін қолданудың мүмкіндіктерін арттыруды күн тәртібіне қойып отыр. Осындай мәні мен маңызы зор өзекті мәселелердің бірі – оқушы тілін дамыту процесі. Себебі оқушылардың берілген білімді (оқу тапсырмалары, үйретілген ережелер) саналы түрде ұғынып, ойының дәлділігі, өмірге көзқарасының қалыптасуы, өз бетінше білім алуға дайындығы, басқа ғылым негіздерін меңгеру нәтижелері ана тілінде сөйлеу деңгейіне байланысты. Жаңа заманда жаңаша оқыту, оқушыға сапалы білім, саналы тәрбие беру ол ұстаздардың борышы. Адам тек қызмет атқару барысында ғана тәжірибені алады, сондықтан өз педагогикалық қызметімнің негізгі мақсаты деп оқушылардың танымдық қызметіне, интеллектуалдық белсенділігіне жағдай жасау болып табылады. Өздігінен зерттеу және нәтижеге жетуге қажеттіліктерін туғызу. Мақсаттар: 1) қазақ тілін үйрете отырып, отансүйгіштік қасиеті бар, белсенді, еңбексүйгіш және үлкендерді сыйлайтын әлеуметтік белсенді тұлға қалыптастыру, 2) оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамыту, қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру, өздігінен білім алуға жетелеу, 3) басқа ұлттар мен мәдениетіне құрметпен қарауға, іскерлік қарым-қатынасқа, бірлесе отырып мәселелерді шешуге тәрбиелеу, 4) білім алудың әр кезеңінде негізгі танымдық-құзыреттілік қажеттіліктерін қамтамасыз ететін қазақ тілінде жазбаша және ауызша сөйлеу дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру. Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған сауатты, саналы азаматты тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр.Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру, оның рухани әлемін байыту, сабаққа ынта –жігерін арттыру, жеке дарындылығын дамыту негізгі мәселелердің бірі. Мұғалімнің әрбір өтілетін сабағы қазіргі кезде оқыту талаптарына сай болып келуі қажет. Мұғалім сабаққа дайындалғанда өзінің әрекетін ойластырумен шектелмей, деңгейіне қарай оқушының әрекетіне мән беруі тиіс. Уақытты тиімді пайдаланып, оқушының өз бетімен тапсыра орындауына ұдайы жағдай жасауы қажет. Мен өз сабақтарымда оқушылардың өз бетімен тапсырма орындауларына көңіл бөліп, жағдай жасауға тырысамын. Ол үшін мынадай міндеттер орындалу керек. - Оқушылардың өзіндік жұмысы туралы түсінік беру; - Оқушылардың өз бетімен тапсырманы орындау әдістерін таныстыру; Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар: 1. Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі; 2. Жұмысты орындаудың және аяқтаудың дербестігінің өзара байланысы; 3. Жұмысты аяқтаудың уақытын белгілеуі; 4. Олардың жұмысты өз еркімен және қолымен істеуі. Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын қазақ тілі және әдебиет сабағында түрлендіре іске асыруға болады. Мысалы, бастауыш сыныпта «Зат есім» сөз табын өткен кезде оқушыларға мынандай өз бетімен жұмыс түрлерін ұсынуға болады. А) Әр топ берілген сұрақтарға бірнеше мысалдар жазып оқуы керек. 1-топ: Кім? - әнші, ақын, оқушы.... 2-топ: Кімдер? - балалар, күйшілер, малшылар... 3-топ: Не? - ауыл, кітап, қоян... 4-топ: Нелер? - дәптерлер, құстар, жануарлар... Ә) «Суретті билет» ойыны арқылы мынадай тапсырмалар беруге болады. Әр топтың оқушыларына суреттер беріледі. Оған сұрақ қойып, атын атайды. Топтағы оқушылар ақылдаса отырып, суретке шағын әңгіме жазады. Егер өлеңмен танысса, осы өлең ұйқасына салып, өлең құрастыру, өлең жолдарын аяқтау т.б. шығармашылық жұмыстың түрлерін жүргізуге болады. Оқушылардың тілдік қорын, сөз өнерін дамыту үшін «Ертегі құрау» ойыны, «Сөздерден сөз тудыру», ойдан жұмбақ, жаңылтпаш құрау т.б жұмыстарды ұйымдастыруға болады. Бұл технология бойынша жұмыс істеудің тиімді жақтары: 1.Оқушының жеке қабілеті айқындалады. 2.Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады. 3.Іштей бір-бірінен қалмауға тырысады. 4.Тапсырманы күрделенуі деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті артады. 5.Әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады. Топпен жұмыс жүргізуге де болады. 1-топ: Сурет бойынша әңгіме құрастыр. 2-топ: Мақал-мәтелдің мағынасын түсіндір. 3-топ: «Егер мен палуан болсам...» тақырыбына әңгіме жазып келу. Қорытындысында өздік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың реті байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады. Өз бетімен жұмыс істеу дағдылары артады. Өз бетімен жұмыстың маңыздысы - оқушының өз беттерімен орындай алуларына, сабаққа белсенділігінің артуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпалы мол. Өз бетімен жұмыстарды сабақтарда қолдану барысында оқушы тынымсыз ізденеді. Баланың жан-жақты ойлауына үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Оқушылармен тыным таппай, шығармашылықпен, сабаққа қызығушылығын арттыра отыра жұмыс істеу өз нәтижесін де береді. № Шараның атауы жылы сыныбы деңгейі нәтижесі 1 «Мен елімді жырлаймын» атты қалалық музыкалық-поэтикалық фестивалі 2016 8-11-сыныптар қала ІІІ орын 2 Пән олимпиадасы 2016 10-сынып қала ІІ 3 «Нұрлы болашақ» олимпиадасы 2016 10-сынып республика ІІ 4 «Нұрлы болашақ» олимпиадасы 2016 1-сынып республика ІІ 5 «Нұрлы болашақ» олимпиадасы 2015 1-сынып республика ІІ 6 «Мағжанды оқи отырып» атты байқау 2013 7-сынып қала І 7 «Мен қазақстандықпын» шығармалар байқауы 2015 9-сынып қала ІІІ 8 «Қазақстан – достық бесігі» атты бастауыш сынып оқушыларының облыстық жобалар байқауы 2015 1-сынып облыс ІІІ 9 КИО қашықтық олимпиадасы 2015 8-9-сынып (қазақ тілі мен әдебиеті) республика сертификат 10 Пән олимпиадасы 2015 9-сынып қала ІІІ 11 «Мемлекеттік тіл – бірлік бастауы» облыстық эссе байқауы 2015 9-сынып облыс ІІІ 12 КИО қашықтық олимпиадасы 2014 7-сынып (қазақ тілі, қазақ әдебиеті) республика сертификат 13 «Престиж-2014» қалалық интеллектуалды сайысы 2014 7-сынып қала ІІІ 14 Пән олимпиадасы 2014 8-сынып қала І 15 КИО қашықтық олимпиадасы 2013 6-сынып (қазақ тілі мен әдебиеті) республика сертификат Мұғалім өзі де кешегі күннің мұғалімі емес, жаңа оқыту технологияларын орынды, шығармашылықпен қолдана білетін жаңашыл мұғалім болуы керек. № Шараның атауы жылы деңгейі нәтижесі 1 «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында электрондық оқыту ресурстарын қолдану» тақырыбындағы қалалық семинар 2015 қала сертификат 2 Мұғалімдерге арналған КИО олимпиадасы 2014 республика сертификат 3 Мұғалімдерге арналған КИО олимпиадасы 2015 республика Облыс бойынша үздік көрсеткіш 4 «Умната» халықаралық олимпиадасы 2015 халықаралық ІІ 5 Қалалық ашық есіктер күні 2016 қала сертификат Оқушылардың пән бойынша тұрақты білім сапасы мен үлгерім көрсеткіштері сабақта жағымды эмоциялық жағдай туғызып, білімге деген құштарлықтарын дамыту арқылы қол жетті деуге болады. Шығыс ғұламасы «Орташа мұғалім айтып береді, жақсы мұғалім түсіндіреді, үздік мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім қанаттандырады, шыбыттандырады» дейді. Олай болса жақсылардың қатарында болғым келеді. | |
Просмотров: 3706 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|