Главная » Статьи » В помощь учителю » Опыт |
Мақсаты: менеджменттің сұрақтары бойынша теориялық дайындықты жетілдіру, білім беру менеджментін жетілдіру жолдарын және басқарудың жағдайын зерттеу. Мақаланы жазу барысында өз алдыма келесі міндеттерді қойдым: - «басқару», «менеджмент», «менеджмент сапасы» туралы ұғымдарды зерттеу; -білім беру менеджментінің жағдайын қазіргі кездегі кезеңін анықтау; -білім беру менеджментін жетілдіру жолдарын айқындау. Бірегей бүкіләлемдік экономикалық кеңістікті құру, жаһандану және біріктіру, ресурстардың азаюы және олардың құнының өсуі бәсекеге қабілеттілік мәселесін дүниежүзілік қауымдастық үшін, соның ішінде біздің еліміз үшін де өзекті тақырыпқа айналдырды. Осы мәселе білім беру ұйымдарына да байланысты. Тәуелсіздік алғаннан бері 27 жыл ішінде білім беру саласындағы реформалардың арқасында көптеген өзгерістер болды: (білім беруді басқарудың демократиялығы; білім беру ұйымдарының өкілеттіліктерінің кеңейтілуі; мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін білім беру кепілділігі; мемлекеттік емес білім беру секторы заңдастырылуы; білім беру гранты немесе кредиті түрінде кредиттеу жүйесі, барлық жастағы азаматтарға білім берудің түрлі формалары мен типтері енгізілген). Білім беру жүйесінің жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделуі Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты болып табылады. Еліміздің Президенті республикамыз әлемдегі 50 бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіру міндетін қойды. Осыған байланысты, білім беру саясаты дүниежүзілік білім беру кеңістігіне біріктіретін және дүниежүзілік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауды қамтамасыз ететін ұлттық білім беру моделін құруға бағытталған. Менеджмент – басқарудың заңы мен заңдылықтары туралы ғылым. Қазіргі кезде көптеген әдебиеттер мен тәжірибелерде қойылған мәселелерді шешудің бірнеше тұжырымдамалары мен модельдері ұсынылған: 1) жеке дербес менеджмент жүйесін енгізу; 2) түрлі менеджмент жүйелерінің біріктірілуі; 3) бірегей менеджмент жүйесін жасау; 4) басқа айқын емес тұжырымдалған модельдер. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы жарлығында Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілген. Бұл бағдарлама өзінің мазмұны жағынан айрықша, жетекші әлемдік үрдістерді көрсетеді және мемлекеттің даму мақсаттарына сай келеді. Бағдарламада білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру мақсатымен білім беру менеджментін жетілдіру жолдары көрсетілген. Менеджмент сапасын көтеру міндеттері және нысаналы индикаторлар анықталды. Менеджмент сапасын көтеру міндеттері: 1. Білім берудегі менеджментті жетілдіру, оның ішінде корпоративтік басқару принциптерін енгізу, білім беруде мемлекеттік-жеке әріптестік жүйесін қалыптастыру. 2. Білім беруді дамытудың мониторинг жүйесін жетілдіру, оның ішінде халықаралық талаптарды ескере отырып, ұлттық білім статистикасын құру. Нысаналы индикаторлар: Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестер құрылған (2015 жылы – 45 %, 2020 жылы – 60 %). Білім беру ұйымдарының басшылары менеджмент саласында біліктілігін арттырған және қайта даярлықтан өткен (2015 жылы – 50 %, 2020 жылы – 100 %). Бүгінгі таңда біз Мемлекеттік бағдарламаның орындалуы және іске асырылуының куәгері болып табыламыз. Білім беруді басқару жүйесі Еңбек нарығындағы қатаң бәсекелестік білім беру менеджменті жүйесінің ұтқырлығы мен серпінділігін талап етеді. Білім беруді басқарудың түрлі деңгейіне қоғамның қатысуы қамқоршылық кеңестер түрінде жүзеге асырылады.. 2011 жылдан бастап білім беру ұйымдарында басшылардан және педагогтардан басқарудың жаңа дағдыларын, қайта даярлау мен біліктілікті арттыруды талап ететін нәтижеге бағдарланған жоспарлау жүйесі енгізілуде. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім жүйесінің басшы қызметкерлерінің білім берудегі менеджмент мәселелері бойынша біліктілігін арттыру жүзеге асырылып жатыр. Менеджменттің заманауи технологияларын енгізу үшін оқу орындарының басшы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау тұрақты түрде іске асырылып келеді. Осыған қарап келесі тұжырымдарға келуге болады: 1. Жоғарғы қауіп және шешіліп жатқан мәселенің қиындылығына байланысты ұйымның менеджмент жүйесін жетілдірудің нетижелілігі мен тиімділігі жаңа ғылыми-негізделген деңгей арқылы ғана орындалады. 2. Бірегей менеджмент жүйесінің моделі ұсынылған және қолданылып жатқан тәсілдердің ең дұрысы болып табылады. Павлодар облысы білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері Г.М.Темиртасова | |
Просмотров: 602 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|