Главная » Статьи » В помощь учителю » Опыт |
Бастауыш сыныпта тіл дамытуға байланысты жүргізілетін жұмыстар Қуантаева Гульжахан Камиевна ЖББ №66 орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы,қиын да жауапты жұмыс.Ең бастысы, бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни, сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыруға, жағдайларды объективті түрде бақылап ,талдау жасауға, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне баулиды. Тіл дамыту арқылы оқушылардың ақыл-ойы кеңейеді, адамгершілік, эстетикалық тәрбие, бір-бірімен достық қарым-қатынас мәселелері де дұрыс жолға қойылады. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту күн тәртібінен ешуақытта түсіп көрген емес.Жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеуде ұлттық сананы оятып, тілін дамытып және білім беруді тиімді әдістемемен жандандыра түсіп, дамыта оқыту керектігі туындап отыр. Оқушылардың тілін дамыту-қазіргі кезде оқу -тәрбие ісіндегі басты мәселе. Ол үшін мұғалім шығармашылықпен тілдік материалдарды дұрыс таңдай біліп және оны тиімді әдіспен беру жағын қарастыруы қажет. Тіл дамыту жұмыстары тек әдебиеттік оқу, қазақ тілі пәндерінде ғана жүргізіліп қоймай, барлық оқу пәндері бойынша да жан-жақты ойластыру арқылы жүзеге асады. Оқушылардың тілін дамыту ауызша және жазбаша түрде жүргізіледі. Ауызша:мәтінмен жұмыс, сөздікпен жұмыс, сүрақ-жауап, суретпен жұмыс, мақал-мәтел, өлеңдерді, жаңылтпаштарды жаттау. Жазбаша:диктант жазу, мазмұндама жазу, шығарма жазу, жаттығу орындау. Бастауыш мектеп бағдарламасында балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар, жаттығу жұмыстары берілген. Сол сияқты тіл дамыту жұмыстары мәтіндерді оқу, оны мазмұндап айту, сұрақтарға жауап беру және шығарма, мазмұндама жаздыру арқылы жүзеге асырылады. Тіл дамыту жұмыстары мынадай бағыттарда жүргізуге болады: 1.Тіл мәдениетінің өте жоғары болуы шарт. 2.Өтілетін мәтіндердің , орындалатын жаттығу жұмыстары,иллюстративтік материалдар қазақ баласының, халықтың ұғымына таныс және жеңіл болуы. 3.Тіл дамытуда мақал-мәтелдер , мысалдар, өлең-жырлар, қызықты әңгімелер, шешендік сөздер іріктеліп алынуы тиіс. 4.Сөздік жұмысын жүргізу, сөйлемдер құрату. Сабақ үрдісінде оқушының шығармашылық белсенділігін арттыру жағын ойластыру керек. Халық даналығында әдеп,нақыл сөздер көп. Мысалы дүниетану сабағынан «Дәрілік өсімдіктер»тақырыбында өткен сабақта мынадай мақал-мәтелдермен, тыйым сөздер пайдаланылды. 1. Ер-елдің көркі, орман тоғай жердің көркі. 2. Дәрі –шөптен шығады,дана-көптен шығады. 3. Дала көркі- мал, өзен көркі –тал. 4. Көк шөпті жұлма, таптама. 5. Құс ұясын бұзба. -Мұнда тапсырманы әртүрлі тәсілде пайдалануға болады.Оқушыларға мақалды бірнеше қайталап оқытып, жатқа айтқызу немесе мақалдың жартысын мұғалім айтып оларға жалғастыртуға болады. Әдебиет сабағында оқушылардың білімдерін қорытындылау кезінде топтастыру сызбалары, венн диаграммаларын пайдалануға боладыСұрақ: - Мейірімділік дегенді қалай түсінесің? Оқушылардың жауаптары сызбаға жазылады. Баланың тілін дамытатын өзінің қоршаған ортасы. Айналадағы түрлі оқиғалар, жанұясы, оқыған кітабы ,көрген кинолары баланың ойлау әрекетін дамытады және қорытынды жасай білуге бейімдейді.Ой-дамыту –тіл дамытумен ұштасады. Қорыта келгенде тіліміздің мәртебесі- еліміздің мәртебесі, сондықтан сауатты, тілдік қоры бай, шығармашыл тұлға тәрбиелеу- біздің мақсатымыз. | |
Просмотров: 5951 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|