Главная » Статьи » В помощь учителю » Опыт |
Жолдаспаева С.К. Тақырыбы: « Жазғы далаға саяхат ». Білім саласы: Қатынас, таным шығармашылық. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет, құрастыру. Мақсаты: 1) Балаларды ойната отырып, өткен тақырыптарды бекіту. 2) Саусақ жаттығулары арқылы тілдерін және саусақ моторикасын дамыту. 3) Балалардың ой-қиялын, шығармашылығын дамытуды жалғастыру. 4) Трафаретпен берілген суреттерді мәнерлеуге үйрету және табиғи материалды қолдана отырып бейнелеуді үйрету. Көрнекліктер: Ұнтаспа, күн және күнің шуақтары, үй жануарларының, жабайы аңдардың, құстардың суреттері, муляждар, гүлдер, су бояулар, қылқаламдар, трафареттер, қол сүлгілер, бұршақ, желім. Әдіс- тәсілі: Сұрақ-жауап, жұмбақ, әңгімелесу. Д/ойындар: «көкіністер мен жемістерді ажырату», «Төртінші артық», «Үй жануарлар мен жабайы аңдарды ажырату», «Кім қалай дыбыстайды?», «Төлдерін тап». Саусақ жаттығулары: Көбелек, гүл, торғай. Ырғақты жаттығулар: инелік, көбелек, қарлығаш, маса. Сергіту сәті: «Қарлығаш» Балалар, біздерге қонақтар келіп отыр қонақтармен амандасайық. - Сәлеметсіздер ме Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? - Қазір көктем мезгілі. Көктем мезгілінде үш ай бар. Қандай айлар? - Наурыз, сәуір, мамыр. Мамыр айы көктемнің соңғы айы. Көктемнен кейін қандай жыл мезгілі? - Жаз мезгілі. Балалар! Бізге жайдарлы күніміз қонаққа келді. Кәне бәріміз күнімізді қарсы алайық. - Сәлем саған жайдарлы күн! - Сәлем саған Нұрлы күн! - Сәлем саған шуақты күн! - Сәлем саған Алтын күн! - Сәлем саған Ашық күн! - Сәлем саған жарқын күн! - Сәлем саған жазғы күн! - Сәлем саған жарық күн! - Балалар күн бізге тапсырмалар әкелді. Егер біз сол тапсырмаларды орындамасақ күніміздің де шуағы молайып, жарқырай түседі. - Күннің 1 шуағының тапсырмасы: Балалар! Біз қандай Республикада тұрамыз, - Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. Біздің отанымыздың астанасы қандай қала? - Астана. Біздің Президентіміз кім? - Президентіміз Н.Ә.Назарбаев. Біз қай қалада тұрамыз? - Ақтөбе қаласында тұрамыз. Күннің 2 шуағында мынадай тапсырма бар екен: Балалар! Отан туралы, туған жер туралы өлең, тақпақтар, мақал мәтелдер, білесіңдер ме? 1 «Отаным» Отан - менің ата-анам. Отан – досым, бауырым. Отан - өлкем астынам Отан – аудан ауылым (Диас) 2 Әркім тілін сүйеді Қадірлейміз мұны біз Қазақ тілін киелі- Мемлекеттік тіліміз. (Қайсар) 3 «Астанам» Отанымның төрінде, Сарарқаның өрінде. Ту ұстаған астанам, Әсем қалам, бас қалам. (Бейбарс) 4 Бейнелеп сан ғасырды Елтаңбасы елімнің, Таратады хас үлгі Киесіндей жерімнің (Эльдана) 5 Көк аспандай көкпеңбек Қазақстан жалауы, Көк емес ол тек тен-тек Елдің ашық қабағы. Мақал-мәтел. 1. Туған жердей жер болмас Туған елдей ел болмас. 2. Отан оттан да ыстық. 3. Бірлік болмай, тірлік болмас. Күннің 3 шуағында мынадай тапсырма бар екен: Балалар! Біздің еліміз қашан да төрт түлік малмен бай болған. Ендеше қазір төрт түлік туралы жұмбақтар шешу: Аласа ғана бойы бар, Айналдырған киген тоны бар. (қой) Өзі үлкен жануар, Үстінде екі тауы бар. (түйе) Екі көзі бар, екі мүйзі бар Төрт емшегі бар, бір құйрығы бар. (сиыр) Д/ойындар ойнаймыз. Д/ойынымыздың аты «Үй жануарлары мен жабайы аңдарды ажыратындар». Екінші д/ойынымыз. «Төлдерін тап», жылқы төлі - құлыншақ, сиыр төлі - бұзау, түйе төлі- бота, қой төлі – қошақан, ешкі төлі – лақ. Күннің 4 шуағында мынадай тапсырма бар екен: Д/ойынымыздың аты «Кім қалай дыбыстайды?» Сиыр-мөңірейді мө-мө Қой маңырайды мә-мә Түйе-боздайды бө-бө Жылқы-кісінеді иго-иго Ит арсылдайды ав-ав Мысық-мияулайды мяу Қарға-қарқылдайды қар Торғай-шиқылдайды шик-чирик Бақа-бақылдайды бақ Жылан-ысылдайды с-с Күннің 5 шуағында мынадай тапсырма бар екен: Балалар! Жаз мезгілінде нелер піседі «көкіністер, жемістер». Ендеше келесі ойынымыз көкіністер мен жемістер ажырату. Балалар! Ойын кезінде түрлі-түстерді, пішіндерді қайталап жіберейік «Мынау-алма. Оның түсі қандай? Түсі қызыл. Пішіні қандай?-дөңгелек. Дәмі қандай?-тәтті». 1. Алмұрт - жасыл, сопақша, тәтті. 2. Банан - сары, сопақша, тәтті. 3. Апельсин - сарғыш, дөңгелек, тәтті. 4. Лимон - сары, дөңгелек, сопақша, қышқыл. Бұлар нелер Жемістер 1. Картоп - қоңыр,сопақша, дөңгелек, пісірсе тәтті. 2. Сәбіз - сарғыш, сопақша, тәтті. 3. Қияр - жасыл, сопақша, дәмді. 4. Қызанақ - қызыл, дөңгелек, тәтті. 5. Қырыққабат - жасыл, дөңгелек, дәмді. 6. Қызылша - қызыл, дөңгелек, тәтті. Күннің 6 шуағында мынадай тапсырма бар екен: Балалар! Жаз мезгілінде құстар бізге оралды «Дала құстары мен үй құстарын ажыратындар» деген. Д/ойын: «Торғай, қарға, көгершін, сауысқан, қаз, үйрек, әтеш, тауық». Енді «Төртінші артық» ойының ойнап жіберейік. «Үй құсы-дала құстары», «жылы құс-қыстайтын құстар». Күннің 7 шуағында мынадай тапсырма бар екен: Саусақ жаттығуларын орындандар. Көбелек Көбелек-ау, көбелек әдемісің керемет Алақанға қона ғой, өзің де гүл бола ғой! Торғай Торғай, Торғай Торғайсың Жақын келіп қоңғайсың Жем шашайын тойып ал Сонда торғай тоңбайсың. Балалар! Қараңдаршы қандай керемет күніміз. Бізге күн шуағын жарқыратып түр. Кәнекей күннің шуағын санайықшы 1....7....дейін санау білеміз. 1.10. Кәнекей санайық 1.10. керісінше санайық 10-нан. 1-дейін. Жеті санның көрішісі қандай сан 6,8,4-санның көрішісі 3,5,9-санның көрішісі 8,10. Ырғақты жаттығуларымызды орындайық инелік, көбелек, қарлығаш,маса. Жарайсыңдар орындарынызға отыра қойындар. Балалар! Мына алдынызда трафаретпен бастырылған суреттер жатыр (күн, көбелек, гүл, қызыл қоныз, құс, түйе). Балалар! Бұршақты жапсырамыз. Желіммен мына сызықтар бойынша содан кейін қылқаламмен әр түрлі түстер мен бояймыз. Балалар! Орнымыздан тұрайық, сергіту сәтті орындайық. Қарлығаш 1,2,3 - қарлығаш болып ұш. 4,5,6,7 - қарлығаш болып шалқы. 8,9,10 - қарлығаш болып қоң. Жұмыстарымызды аяақтайық. Балалар! Бүгін біз не істедік? Кім келді? – күн келді. Қандай тапсырмалар орындадық? Тақпақтар айттық, мақал-мәтелдер, шұмбақ шештік. Қандай ойындар ойынадық? Д/ойындар ойнадық. Төртінші арттық, төлдердін таптық, кім қалай дыбыстайды?. «Үй жануарлары мен жабайы аңдарды ажыраттық», «көкіністер мен жемістерді ажыраттық», «саусақ жаттығуларын орындадық, санадық, ырғақты жаттығулар». «Трафареттерге бұршақты жапсырдық, боядық». Дияс – кімнің суреті ұнады? Неге ұнады? Балалар сендер жақсы жұмыстар оандаған үшін, сендерге күннің сыйлықтары бар. | |
Просмотров: 3454 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|