Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Научная кафедра

СЫНИ ОЙЛАУ-ШЫҢДАЛҒАН ОЙЛАУ
СЫНИ ОЙЛАУ-ШЫҢДАЛҒАН ОЙЛАУ



Ержігітова Анар Сабырқызы
Рудный қаласының №15 мектебінің
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі.

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе білім» деп ұлы жазушы М. Әуезов айтқандай, тәуелсіздік туын тіккен еліміздің өркениетке апарар жолдың бастауы – мектеп.
Қазақстан Республикасының 2030 жылдарға арналған стратегиялық дамуы бағдарламасында Елбасы Н.Ә. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңінен толғай отырып «мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар-біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені мәлім. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз- баға жетпес биік тұлға.
Қазақ тілін оқыту барысында туған тілілінің қыр-сырын, табиғатын таныта отырып, ертең өмірден өз орнын таба алатын, өзіне сенімді, нағыз ұлтжанды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу. Қазақ тілі-оқушыға ертеңгі күні үлкен өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, жұмысында, күнделікті өмірде қажетіне жарайтындай білім бере алатын аса білікті пәндердің бірі. Тіл арқылы қазақ халқының тарихы, әдебиеті, мәдениеті, ұлттың салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, болмысы танылады. Осы мақсатқа жетсек қана Қазақстанның саналы азаматын тәрбиелейміз.
Ахмет Байтұрсынұлы: «Келешек ұрпаққа екі байлық қалады: біреуі- кең байтақ жері, екіншісі- көлдария тілі» десе, жас жеткіншектерді ата- бабаларымыздан қалған асыл мұра- ана тіліміздің тарихынан білімдерін жетілдіру, тіл өнерін шешендікпен тапқырлықты, ұлттық мәдениетті қадірлеуге баулу.
Ал қазіргі кезде заман талабына сай білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын елуден астам педагогикалық технология қолданып келеді. Технология-грек сөзі, яғни өнерпаздық, шеберлік, іскерлік деген ұғымды білдіреді. Мақсатты білім беру- технологияның басты белгілері. Ахмет атамыз «Оқытатын адам бала оқыту ғылымын жақсы білуі керек»-деп айтқандай, қазіргі ең басты мәселе-өз жұмыс орнында және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушы тұлғасын қалыптастыру, яғни оқушы білімін халықаралық деңгейге жуықтау. Бұл дегеніміз-білім беру саласындағы жаңа идеяларды және оқыту технологияларын толық пайдалану, мектептің оқыту үрдісінде енгізіліп жүрген теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр.
Мұғалім үшін ең басты назар аударатын мәселе – сабақтың әдісі. Оқыту үрдісінде сан мыңдаған әдістер бар. Сол әдісті технологиядан ажырата білуіміз керек. Әдіс дегеніміз- мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс-әрекеті, тәсілі. Ал технология дегеніміз- көптеген әдістердің жиынтығы. Алға қойған мақсатқа жету үшін мұғалім қай әдісті және қалай қолдану керектігін алдын-ала жоспарлап отыруы керек.
Біз өз іс – тәжірбиемізде педогогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың «Деңгейлеп оқыту жүйесіне», Н. Оразқынованың сатылай кешенді талдау, Инперактивтік- модульдік оқыту технологияларын Зенковтың «оқыту технологияларын» «Сын тұрғысынан ойлауды» дамыту технологиясына сүйеніп сабақ өткіземіз. Олардың әрқайсысының мақсаты, ерекшелігі, талаптары, тәрбиелік мәні ашып көрсетілген.
Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде жүзеге асырылып жүрген әлемінің он сегіз елінде сынақтан өткен «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы Қазақстанда бұл технология 1997 жылдан бастап етек жая бастады.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не?
• Шындалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;
• Күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;
• Үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының ерекшелігі:
• Кез келген ақпараттың жан – жақты ой елегінен өткізіп барып қабылданатындығы.
• “Өзгенің ақыл” ойымен шыңдалмаған білім – білім емес” дегендей жеке емес топтық, не ұжымдық талқылаулар түрінде игерілгендігі.
«Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының стратегияларын сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтиже;
1) Оқушының оқуға қызығуы артады
2) Іскерлік дағдысы
3) Ойлау белсенділігі
4) Тапқырлығы
5) Өзіне деген сенімі қалыптасады.

Осы кезендердің ұтымды өткізілуі төмендегідей нәтиже береді:
- Оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай біледі;
- Басқаларды тыңдап кез келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарайды;
- Өз ойын топ алдында ашық айтып қорғай біледі;
- Өз бетінше ізденуге үйретеді;
- Ең бастысы сабаққа қызығуы артып, балалардың белсенділікте жоғары болады.
Қызығыушылықты ояту.
Үйрену үрдісі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады.
Сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтау. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына әсер ету. Екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Осы кезенде топтау, түртіп алу, ой шақыру әдістері бар.
Мағынаны тану (түсіне білу) Бұл кезенде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділігін көрсетуіне жағдай жасалады. Стротегиялар бойынша жұмыс жүргізіледі.
V Білемін.
- Білмеймін.
+ Мен үшін жаңалық.
? Мені толғандырады.
Ой толғаныс
Күнделікті оқыту үрдісінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру. Білім арқылы тәрбиелікке, даналыққа бастау алады. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады. Ой-толғаныс сабақты қортындылау кезеңі. Үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін үйренеді.
Бес жолды өлең
Венн диаграмма
Еркін жазу
Сол сияқты стратегиялар ерекшелігіне ауыр-жеңілдігіне қарай қолданылады.
«ИНСЕРТ», «Түртіп алу жүйесі» стратегиясы оқушының өзіндік білім деңгейін тексеруге қолайлы әдістердің бірі. Сонымен қатар оқушы білімін тереңдетуге мұғалімге көмекші әдіс ретінде табылған.
«Екі жақты күнделік» стартегиясы арқылы оқушының қоршаған ортаға өз көзқарасын білдіруге, ойын ашық айта алуға талпындыратын әдістің бірі болып табылалы.
Ал «Семантикалық карта» стратегиясы оқушы мен шығарма арасындағы байланысты үдетеді. Оқушының шығарма мазмұнын жетік меңгеруін көздейді.(жаңа сабақ кезеңінде)
«Концептуалдық кесте» стратегиясы кейіпкер жанын түсінуге, өмірлік ұстанымын тануға, оның іс-әрекетіне адамгершілік тұрғыдан баға беруге үйретеді.
«Ой толғаныс» кезеңінде оқушылардың сабақ үрдісінде алған білімдері тексеріледі.
«Венн диаграммасы» бойынша оқиға кейіпкерлерінің өзара ұқсастығы мен айырмашылығы ажыратылады. (сабақты бекіту)
Тақырыпты жан-жақты талдауды қолдайды «Кубизм» әдісінде кубиктің 6 қырына сай жасалған тапсырмалар (яғни зерттеңіз, суреттеңіз, салыстырыңыз, қолданыңыз, бұл туралы ойлағанда көз алдыңа не елестеді? Талда, қорған, қарсы шық) арқылы оқушыға жаңа білім мазмұнын игертуге болады.
«Синку-эй» немесе « 5-жолды өлең» деп аталатын бұл стратегияда берілген сөзге тиісті сын есім, іс-әрекетті білдірер етістік табу шеберлігі анықталады.
Оқушылардың өз ойын айтуға, еркін сөйлесуге талпындыратын әдістердің бірі – «Еркін жауап» стратегиясында оқушыларға ерік беріліп, олардың қалаған жұмысын орындауға құқылы.
«Егер де мен...» әдісі оқушыны қиял әлеміне самғатып, шығарма соңын өз еркінше аяқтауға мүмкіндік туғызатын әдіс.
Категория: Научная кафедра | Добавил: BOD67 (2013-04-04) | Автор: Ержігітова Анар Сабырқызы
Просмотров: 5036 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 7:58 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru