Главная » Статьи » В помощь учителю » Научная кафедра |
3.1 Тауыс құстарының арнайы ұстау жүйелері мен тәсілдері. Тауыс құстарын өсіру кезінде олардың сыртқы қоршаған ортаға (күтіп-бағуға, азықтандыруға т.б.) сезімталдығының өте жоғары екендігін ескеру қажет. Тауыс құстарының азғана жерде көптеп орналасқан жағдайында оларды әртүрлі аурулардан сақтандыру тек қана ветеринарлық санитарлық ережелерді орындап, гигиеналық талаптарға сай жұмыс істегенде ғана болады. Жалпы құс шаруашылығында үш түрлі ұстау жүйелері бар. Олар: экстенсивт, интенсивті және аралас немесе жартылай интенсивті қолданылады. Әр жүйенің өзңне тән тәсілдері яғни клеткаларда және едендерде ұстайтын түрлері таралған. Едендерде ұстау тәсілдері үш түрде кездеседі: жиналмайтын қалың төсенішті, сыртқы және сеткалы (тор көзді) едендерде арнайы серуен алаңдарын пайдаланып, немесе серуенсіз күтіп бағу болады. Тауыс құстарын экстенсивті жүйеге жатқызады. Себебі бұл жүйеде белгілі бір мезгілдерде ет және жұмыртқа өнімдерін алуға бағытталған. Сонымен қатар табиғи жарықтандыру, ауаны желдету және мезгілді серуендетуды пайдаланады. Осы кезде жұмысшылар орындарын тазалап, азықтарын дайындайды. Ал, интенсивті жүйеде – жыл бойына жоспарлы түрде біркелкі сапалы, мол өнім алу үшін жоғарғы өнімді құстарды клеткаларда және едендерде ұстап, технологиялық процестерді (желдету, жарықтандыру, тазалау, азықтандыру т.б.) механикаландырып, автоматтандырып және арнайы зауыттарда дайындалған құнарлы құрама жемдерді пайдаланып серуенсіз ұстайды. Үшінші жүйеде яғни аралас немесе жартылай интенсивті жүйе – құстарды технологиялық процесстері автоматтандырылған және механикаландырылған қораларда ұстап, бірақ шектеулі серуендетуді пайдаланып немесе құстар жылдың бір мезгілінде экстенсивті, ал басқа уақытында интенсивті жүйеде ұсталады. Жоғарыда айтып кеткендей құстарды ұстаудың үш тәсілі бар. 1) құстарды қалың жиналмайтын төсеніштерде ұстау. Бұл тәсіл көбінесе ет бағытындағы фермаларда қолданылады. Қалың төсеніштерде құстарды ұстау үшін әуелі құрғақ дезинфекцияланған және алдын ала қортылған хлорлы әккі ұнтағы себілген еденге қалыңдығы 15 см төсеніш салып, соңынан әр бір екі айда үстіне төсеніш материалын қосып, жалпы қалыңдығы жыл аяғына дейін 25-30 см жеткізеді. Мұндай төсеніштерде, биотермиялық процестердің нәтижесінде, қыс айында температура 12-18 С жетеді де, ал төсеніш аралығындағы сапрофитті микроптардың өсуінің салдарынан, әсіресе витаминдер тобы В түзіліп, құстар төсеніш түйірлерін шоқып жеп, өздеріне қажет кейбір витаминдерді табады. Сол сияқты, құстарды қалың төсеніш едендерде ұстағанда, олар еркін қозғалыста болып, денсаулығына бір шама пайдалы әсер тиеді. Мұнымен қоса құстарды қалың жинамайтын төсенішті едендерде ұстау кезінде айтарлықтай кемшіліктер кездеседі. Біріншіден бұл тәсілмен ұстаған кезде, құстар белгіленген ұяға жұмыртқаламай еденге түсіріп, олар ластанып тек тағамдық қана емес инкубациялық сапасын төмендетеді және жұмыртқаларды жинау қиынға түседі. Екіншіден, құстардың саңырық араласқан төсеніштермен үнемі денесі түйісіп, шоқып жеп альминтарлы инфекцияға және инвазиялық ауруларға шалдығуына қауіп төндіреді. Үшіншіден, құстарды бұл тәсілмен ұстағанда төсенішті ұзақ алмастырмағаның нәтижесінде, онда улы газдардың мөлшері көбейіп кетпеуі үшін өте көп жаңа төсеніш қоры қажет болады. Келесі тәсіл тауыс құстарына тиімді тәсілдердің бірі арнай едендерде ұстау тәсілі кезінде арнайы ағаш сырықтардан құралған (көлемі 2м х 3м) рамаларды қоралардың еденінен 80-85 см биіктікте, көлдеңен орналастырады. Рамаларды жасауға қалыңдығы 1,5-2 см, жалпақтығы 4-5 см ағаш сырықтар алып, құс саңырағына бөгет болмау үшін үстінгі бетін тегіс, қырларын жұмырлар үстіріктеп, бір-бірінен 2№5-3 см қашықтықта орналастырады. Мұндай едендердің арасынан құс саңырағы астындағы бетондалған арыққа түсіп, одан механикалық түрде арнайы сырғыш-қырғыш құрылымдардың көмегімен тазаланып отырады. Сырытқы едендерде ұстағанда тауыс құстарына арнайы шөптен ұялар жасайды және арнайы дем алып отырулары үшін қондырғылар жасайды. Сол себептен де олардың денесі таза, ауру жұқтыру қауіпі төнбейді және орналасу сиымдылығы жоғарлайды. Құстар үшін үшінші бір тәсіл қарастырылған. Ол арнайы клеткаларда ұстау тәсілі құс шаруашылығында, әсіресе ірі өңдірістерде кең таралған. Бұл тәсілмен ұстау кезінде арнайы клеткалы батареялар (тізбегі) жасалып қораның ішіне бірден бес қабатқа дейін аралықтарынан жол қалдырылып орналастырылады. Ол үшін құстарды жекелеме, шағын топпен (2-10 басқа дейін) және ірі топпен (бірнеше ондық) ұстауға арналған цинкпен көмкерілген сымдардан клеткалар жасалып тізбектеп орналастырылады. Қазіргі кезде клеткалы батареяларда барлық негізгі технологиялық процесстер: азық жеткізу, суару, жұмыртқа жинау, саңырақ тазалау, жуу дезинфекциялау, т.б. механикаландырып және автоматтандырылған. Клеткаларды қорада орналастырылуы тігінен және сатылы немесе каскадты жасалады. Құстарды клеткалы батареяларда ұстағанда, олардың орналасу қабатына байланысты, еденде ұстағанмен салыстырғанда, 2-4 есе, қораның сиымдылығы артады. Онымен қоса клеткалы батареяларда құстарды ұстау кезінде жұмыртқалаудың жыл мезгілдеріне бөлінуі жойылады. Өңдірістің санитарлық жағдайы жоғарлайды, құстардың денсаулығын мезгілді бақылап отыруға қолайлы болып, азық шығыны кеміп, оларды ұстап ветеринарлық-зоотехникалық жұмыстарды жүргізуге мүмкіншілік туады. Клеткалы бактерияларда ұстағанда технологиялық процесті механикаландыру және автоматтандырудың нәтижесінде еібек өңімділігі жоғарлайды. Құстарды клеткалы батареяларда ұстаған кезде тек қана оларды мол, құнарлы азықтармен қамтамасыз етудің рөлі артпай, қорадағы микроклиматты, оның ішінде жарықтандыру режимін қалыптаудың маңызы жоғарлайды. Құнарлы азықтармен азықтандырып клеткалы батареяларда ұстаған құстардың, басқа серуенді тәсілмен салыстырғанда, жұмыртқаларының химиыялық құрамы, биологиялық бағасы және тағамдық қасиеттері кем болмайды. Құстарды клеткалы батареяларда ұстап, өсіріп-бағу оларды едендерде ұстау тәсілдерімен салыстырғанда айтарлықтай өзгешеліктері болады. Облыстық балалар биологиялық орталығында ұсталған тауыс құстары үшін арнайы орналасқан орындары бар. Сол орындардың орналасу нормасына зерттеу жүргізілді. Зерттеу арнайы осы тауыс құстарын бақылап күнделікті күтуші құсшылардан сұхбат ала отыра анықталды. Құсщылар өз сұхбатында тауыс құстарының қай жерде орналасқандығын көрсетіп, оларды орналастыру кезіндегі орындарының тығыздық нормасын, қораның әр бөлмелерінде рұқсат етілген сиымдылығы, азық және суару орындарының ені ескерілетіндігін айтты. Сонымен қатар орындарын тарылту олардың өнімін төмендетіп, ауруға шалдығулары артатындығын, ал егер нормадан кем орналасса, өңдірістегі саны азайып, өнімнің шығымы төмендейтіндігін айтылды. Жоғарыда айтылғандай тауыс құстары еденде ұстау тәсілі арқылы, қораларының сиымдылығы, жасы, жынысы және бағытына байланысты әртүрлі болып 50-100 басқа дейін өзгерісте болады. Сонымен қатар олардың түрі, тұқымы, жасы, және жынысына қарап олардың сиымдылығы өзгеріп отырады. Ал, серуен кезінде құс қораның ауданына кем қылмай үш жағынан сеткамен қоршалады. Тауыс құстарының қораларының микроклиматына көңіл аударатын болсақ, егер микроклиматы нашар болса жас балапандарының өсіп-жетілуі тежеліп, өнімділігі төмендеп, құстың басқа ауруларға қарсы тұру қабілеті азаяды. Егер тауыстарды қанағаттандырғысыз микроклиматы бар қораларда ұстағанда, олардың өнімі 40-50 пайызға төмендейді, әсіресе жас балапандардың ауруы 3-4 есе көбейеді. Әсіресе қыс мезгілінде қорадағы ауа температурасының төмендеуі немесе жоғарлауы қалыпты нормадан 2 градустан артық ауытқымауы керек. Жылдың жылы мезгілдерінде қора ауасының температурасының ең жоғары шегі сыртқы ауаның температурасының ең жоғарғы шегі сыртқы ауаның температурасының көрсетуінен 5 градустан жоғары болмай, бірақ 1-10 тәуліктік балапандар үшін 33 С артық емес, басқа жастағы жұмыртқалайтын тауыстарға 28 С жоғары болмауы керек. Қора ауасының температурасы 33С жоғары болса, тауыстардың жұмыртқасы 18-20% азайып, су ішуі – 50-60% жоғарлайды. Олардың организіміне жоғарғы температураның зиянды әсерін азайтудың жаз айларында, бірден-бір тиімді жолы қорадағы ауа қозғалысының жылдамдылығын жоғарлатып организімнен жылу тарауын арттыру болып есептеледі. Кесте № Тауыстардың қорадағы бөмелерінде ұстаған кезде рұқсат етілген сиымдылығы. Тауыстың түрлері мен жас тобы Сиымдылығы, бас Ірі тауыстар Балапан тауыстар Ақ тауыс: Аталық Аналық 30 15 Кәдімгі тауыс: Аталық аналық 50 30 Жылдың ауыспалы мезгілдерінде салыстырмалы ылғалдықтың мөлшерін тауыс қорасының ауасында 75 пайызға дейін жоғарлатуға рұқсат етіледі. Ауа райының суық кездерінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығын ересек тауыстарда 40-50 пайыздан төмендемеуі керек. Тауыс қораларындағы қалыпты микроклиматты қамтамасыз ету үшін таза ауаны жоғарғы аймаққа кіргізіп, ал ескі ластанған ауаны төменен шығарып отыратын тиімді ауа алмастыру жүйелерін, көбінесе механикалық түрлерін пайдаланады. Тауыстардың таза ауаға сұранысы басқа сүт қоректі малдармен салыстырғанда, әр кг тірі салмаққа шаққанда, екі есе артық болады. Сондықтан ауа алмастыру жүйелерінің жеткіліксіз жұмыс жасауы тауыстардың өсіп-дамуына және өніміне зиянды әсер етеді. Мұны № төмендегі кестеден көруге болады. Тауыс қораларындағы ауа алмастырудың төменгі шекті мөлщері, әр кг тірі салмаққа шаққанда м3 / сағат. Тауыс түрлері мен жас топтары Жыл мезгілдері Суық Жылы Ересек топтағы тауыстар Жұмыртқалайтын тауыстар 0,70 4,0 Күнделікті тауыстар 0,60 4,0 Жас тауыстар Жасы 1-9 апталық 0,8-1,0 5,0 10-22 апталық 0,75 5,0 10-26 апталық 0,70 0,5 Балапан тауыстар 1-8 апталық 0,7-1,0 5,0 1-9 апталық 0,7-1,0 5,5 9 аптадан жоғарғы 0,60 5,0 Тауыс қораларында жарықтанудың ұзақтығы тәулігіне 12-13 сағат болуы қажет. Ондай шаманы, әсіресе қыс айларында жасанды жарық көздері арқылы қамтамасыз етеді. Қосымша жарықтандыруды қазан айынан тәулігіне 2 сағат, қаңтарда 5-7 сағат пайдаланып, наурыз айында тоқтатады. Тауыс құстарына арналған қораларды жарықтандыру нормасы Қоралар түрі Табиғи жарықтандыру Тауыстар орналасқан зоналарға жасанды жарықтандыру лк Табиғи жарықтандыру коэффициенті (ТЖК), % Жарық коэффициенті (ЖК) Күндізгі жарықтық электрошамдар Қалыпты электр шамдар Ересек тауыстар үшін Еденде ұстау 0,7 1:10-1:12 75 30 Жас тауыстар үшін 1,0 1.8-1.10 20 75 Балапандар үшін 0,8-1 1:15-1:20 75 30 Өте қолайлы болып ЛЭ-15, ЛЭ-30 типті эритемді шамдар есептеледі. Оларды еденен 2,0-2,5 м биіктікте бір шамаға 15-20 м2 ауданан есептеп, тұрақты бекітіледі. Мұндай құрылыммен жұмыртқалайтын тауыстарды тәулілігіне сәулелендіру ұзақтығы 6-8 сағат, қора ауасының ылғалдылығы жоғары, температурасы 10 0С төмен болса, эритемді шамдар нашар жұмыс істейді. | |
Просмотров: 1202 | Комментарии: 3 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|