Главная » Статьи » В помощь учителю » Научная кафедра |
Облыстық балалар биологиялық орталығы жағдайындағы тауыстың өмірлік циклын зерттеу Тауыс құсы дүниедегі ең әдемі сирек кездесетін құпиялы құс екені талай рет айтылып та, жазылып та жүр. Тауыс денесінде тек осы құсқа ғана тән бояулар бөліп шығаратын зат бар. Оның қауырсындарының әрбір талы көк, алтын сары, қоңыр, ашық көк боп құбылатыны да сондықтан. Қауырсын бойындағы жан-жаққа тармақталатын “бұтақшалар” бар, соның әрқайсысы екіқабат кристал құрылымдарынан тұрады, құрылымдар болса, өз кезегінде, меланин, кератин ақуызынан құралған ерекшеліктері бар.Тағы бір ерекшелігі күндіз тауықтармен бірге жайылып, су ішіп жөнімен жүрген құс жамырағаннан өзінен-өзі берекесі кетіп, тынышсыздана бастайды да, батар күнмен таласып ұшып барып, ең биік ағаштың басына қонады. Сол отырғаннан батып бара жатқан күнге телміре қарап отырады да қояды. Тауыстар (лат. Pavo) –тауықтәрізділеротрядының қырғауылдар тұқымдасына жататын құс. 2 түрі бар: кәдімгі тауыс (Р. crіstatus) және көкқанатты тауыс (Р. mutіcus).Кәдімгі тауысты 5-суреттен, ал, 6-суретте көкқанатты туыстың суреттері көрсетілген. 5 – сурет. Кәдімгі тауыс құсы. Қоразының дене тұрқы 110 – 125 см, салмағы 5 кг-дай болады. Әдемі құйрық үсті қауырсынының (жергілікті халық оны құйрық деп атайды) ұзындығы 120 – 130 см. Мекиендері реңсіз, сұр түсті. Көбіне жерде жүреді, жақсы жүгіреді, қауіп төнгенде ағаш басына шығып кетеді. 6 – сурет. Көкқанатты тауыс құсы Жәндіктерімен олардың дернәсілдерін, құрттар, моллюскалармен қоректенеді. 3 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Полигамды. Күйге келген қоразы неше түрге боялған “көздері” бар әдемі құйрық үсті қауырсындарын желпуіш тәрізді жазып жіберіп, тік ұстай алады. Ұясын жерді шұңқырлап, оған құрғақ шөп пен жапырақ төсеп жасайды. Ондағы 4 – 7 қызғылт дақтары бар сұр түсті жұмыртқасын мекиені 30 – 35 күндей шайқайды. Балапандары тез жетіледі, бір айдан соң өз бетінше ұша алады. Көбеюден басқа уақытта топтанып тіршілік етеді. Осы мақсатта аранайы зерттеу жүргізу үшін еркіндікте тіршілік етпейтін тауыс құстарының тіршілік әрекеттерімен мінез құлықтарын нақты уақытпен тіркеп әрі суретке түсіріп, бейне жазба жазу арқылы күнделікті бақылау жүргізілді. Зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Облыстық балалар биологиялық орталығы жағдайындағы тауыстың өмірлік циклын үш мезгілде: таңертең, түс, кеш уақытында, яғни қоректендірер алдында /таңертең, түс/ және қоректенген соң /кеш/ сынама алынды. Сонымен қатарсынамаларды жылдың үш маусымына байланысты /көктем, жаз, күз/ алып зерттеледі. Бастапқы сынама күз мезгілінен басталды. Тауыстың қалыпты жағдайдағы күнделікті тіршілік әрекеттері мен белсенділіктері байқалды. Күнделікті бақылау кезінде еркіндікте тіршілік етпеген тауыс құстарының қозғалу белсенділіктерін, ұйықтау кездері мен демалуын, дыбыс шығаруын қоректенуін, бір-бірімен байланысын уақыт арқылы кестеден мезгілдік көрсеткіштерін көрсетуге болады. №1 кесте қозғалу белсенділіктерін көрсетуге болады. Уақыты мен күні Қозғалу белсенділігі Күнделікті бақылау қорытындысы ұйықтауы жүруі қоректенуі демалуы тазалануы Дыбыс шығаруы 4.10.14ж 9.00-11.00 2 мин 20 мин 5 мин 3 мин 1 мин Бүгінгі күнде жүрісі көп болды. 11.10.14ж 11.00-13.00 5 мин 5 мин 19 мин 1 мин Тауыс тыңыштықта демалғанды ұнататыны байқалды. 25.10.14ж. 12.00-14.00 15 мин 10 мин 8 мин 2 мин 2 мин Осы уақыт аралығында көп уақытын ұйқыға бөлді. 8.11.14ж. 15.00-17.00 5 мин 7 мин 6 мин 15 мин 5 мин Тамақтанғанан кейін демалып күннің батуын тыныштықта бақылап көздерін күн батыстан алмады. №2 кестетауыстың қоректену белсенділігі Күні уақыты Қоректің мөлшері мен түрлері Немен бірінші қоректенеді Немен ақырғы рет қоректенеді Қорек қалдығының мөлшері 4.10.14ж 8.00 1кг жем-шөп 10 литр су Жем Шөп Су сумен 10 грамм жем-шөп 4 литр су 11.10.14ж 13.00 2кг жем-шөп 10 лит су Шөп Жем су шөппен 15 грамм жем-шөп 5 литр су 8.11.14ж. 16.00 2кг жем-шөп 10 литр су Жем Шөп су сумен 13 грамм жем-шөп 3,5 литр су № 3 кесте Бақылау кезінде тауыс құсының қөбею кезіндегі іс – әрекетін көруге болады. Күні уақыты Ауа райы Құйрық қанаттарын жайу уақыты Құйрық қанаттарын жайған кездегі шығаратын дыбыстары 17.10.14 ж 9.00-10.00 Күзгі уақыт Күн жылы 22.10.14 ж 11.00-13.00 Күзгі уақыт күн салқын желді 2 мин 1 мин 6.12.14 ж 14.00-16.00 Қысқы уақыт күн суық 1 мин 30 секунт 3.01.15 ж 15.00-17.00 Қысқы уақыт күн суық Бұл әдіс тәсілдер еркіндікте тіршілік етпейтін тауыс құсын зерттеуге көптеген мүмкіндіктер берді. Бақылу кезінде №1 кестетен тауыстың қозғалу белсенділіктерінде уақыт аралық ерекшеліктерінің бар екендігін сонымен қатар күн шығыс пен күн батыс уақытында тыныштықта отырып демалғанды ұнататындарын байқауға болады. Ал, № 2 кестеде тауыстың қоректену белсенділігін көруге болады. Тауыс құсы әсіресе таңғы уақытта көп мөлшерде қоректенгенді қалайтындарын көрсетуге болады. № 3 кестеде тауыс құсының көбею кезіндегі іс – әрекетін байқай аламыз. Тауыс құсының қыс мезгіліндегі іс – әрекеттері сирек болатындарын байқалды. Осы зерттеулердің нәтижелерін қортындылай келсек тауыс құстардың қозғалу ерекшеліктерін, қоректенуін, көбеюін, климат жағдайларына бейімделуін, финологиялық өзгерістерін көруге болады. | |
Просмотров: 1000 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|