Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Научная кафедра

ИМАНДЫЛЫҚ тәрбиесі өзекті мәселе
Имандылық тәрбиесі өзекті мәселе
Қазақ халқының ата-баба дәстүрінде имандылық тек діни сенім емес, ол сондай-ақ, ұлттық психологиялық салтқа, халықтық ерекшелікке айналған құбылыс. Халқымыздың түсінігінде иман сөзінің аясында сенім мағынасымен қатар, барлық адами асыл қасиеттерді (ұят, ар-намыс, сабырлық, жомарттық, шыншылдық, адалдық, мейірім-ділік, кішіпейілділік т.б.) қамтитын түсініктер көрініс тапқанИмандылық тәрбиесі - бұл қазақ педагогикасында дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, байсалды мінез-құлыққа айналып адам баласының өмір заңдылығы, жарғысы болып қалыптасқан. Имандылық тәрбиесі адам бойындағы адами қасиеттердің жиынтығы.Жағымды қасиеттердің адамның рухани, психикалық дамуына зор әсер ететіні белгілі. Солардың ішінде өз Отанын сүюшілік оны жан-тәнімен қорғау, халқына берілгендік–адамның өмірінде өшпейтін, имандылық қасиеттердің бірі. .«Иманды» деп қазақ жүректегі «Құдай бір, пайғамбар хақ» деген берік сеніміне қоса терең адамгершілік қасиетке ие, ізгі мінез-құлықты жанды ғана атаған. «Жүзінен иманы төгілген» деп жүректегі жылуы жүзінен танылатын нұр келбетті жандарға сүйсінген. Мұндайда ол адамның бес уақыт намазын оқитын-оқымайтыны, басқа мұсылманшылық парыздарын өтейтін-өтемейтіні, яғни сенімін амалмен дәлелдейтін- дәлелдемейтіні негізгі өлшем болып саналмайды. Бұл мұсылманшылық парыздардың ұлтымыз үшін маңызы кем болған дегенді білдірмейді. Дегенмен қазақ қашанда жүректегі иманды басты орынға қойған, ішкі сенімі берік, ниеті түзу адамның мұсылмандығына шүбә келтірмеген. Бұл орайдағы қазақы пайымдаулар ханафи мәзһабы ғұламаларының тұжырымдарымен толық үйлеседі. «Сырт тазасы не керек, Тазарт әуел ішіңді» деп, риякерліктен тыйған бабаларымыз бес уақыт намазын қаза етпегенімен, өз нәпсісіне ие бола алмаған адамды көрсе, «имансыз» деп айыптаған. Яғни атамыз қазақ алдымен сырт пен іштің бірлігін пір тұтқан, «иман» ұғымының жан тазалығынан бастау алуын қамдаған, көркем мінез-құлықтарды кемелдендіру үшін келген Пайғамбарымыздың ар тазалығына негізделген имани іліміне адал болған. Содан кейін барып ниет пен амалдың бірлігін өсиет еткен. Кешегі қазақтың «иман» ұғымы жөніндегі дәстүрлі түсінігі осындай болатын. Тек қазақ халқы ғана емес, исі Орталық Азия мұсылмандары «иман» дегенде ең алдымен жүрекке бекіген сенімді, сол сеніммен тәрбиеленген көркем мінез-құлықты, сол мінез-құлықтың жемісі болған, отан мен отбасын береке-бірлікке ұйытқан ізгі істерді түсін-етін.Иманның ислами түсінігінің қазаққа тигізген ықпалымен көне наным үйлесімдігі, Ғ.Мүсіреповтің мына белгілеуінен өте айқын аңғарылады.«Ғажап нәрсе-бүгінгі қазақтың әдет-ғұрпында әруаққа, отқа, суға табынатын әдет сақталған. Мысалы:а)Жазғұтырым бие байлағанда желі қазықтарға айран құяды. ә)Алғаш күн күрекірегенде ожаумен киіз үйді артынан, жабық тұсынан айнала сабалайды.б)Қыз ұзатарда «Отқа құяр» деген кәде бар. Соған құрмандық ретінде мал сойылады.в)Қазақтың әдет-ғұрпына өшпейтін әсер еткен Ислам діні.Әдеп, инабаттық, сыпайылық дәстүріне Ислам көп нәзіктік қосқан.Адам баласы бірдемеге сенбей, арқа сүйемей тұра алмайды.Сол сенімнің аты – Дін. Ең арғысы саяси сенім дегеніміздің өзі халықтың басым көпшілігі үшін дін.Қадір-қасиет жағынан қарағанда діннен төменірек, сенімділігі болса, табанды-тұрақты емес нәрсе Менің атам Кежімбай Мүсіреп баласы бес уақыт намазды қалдырмай оқиды. Мен молдадан үш жыл оқығаннан кейін атамның оқитын дұғаларын тексерсем, бір дұға білмейді екен. Жығылып-тұрудың бес уақыт намазда қанша екенін біледі, неше рет қол жайып, иек сипағанды біледі. Бірақ, бір дұға түгіл, бір ауыз арабша сөз білмейді.Дегенмен, атам намаз оқығанда мен атамның түсіне ылғи қарайтын әдетім болды. Намаз үстінде атам керемет ажарланып кетеді. Атамның мұндай ажарлы, мұндай мейірімді, мұндай таза кескінін мен күнделікті бір көрген емеспін. Ол Құдайға шын жалынып тұр. Күнделікті қандай күнә жасап алғанын мойнына алып, енді кешірім сұрайды. Соған бет алғанда-ақ ол тазаланып, ажарланып кетеді.Ал қазіргі буын осы дәстүрлі түсінікті біле бермейді. Өкінішке орай, бүгінгі буынның шетін көзқарасқа еліткен бір бөлігі «иман» десе сенімін сыртқы амалмен-бес уақыт намазбен дәлелдеуді ғана түсінеді. Жүректегі иман, көркем мінез-құлық, ізгі амал-иманның негізгі көріністері екенін ұмытқан жастар намаз оқымағаны үшін ғана ата-анасын «кәпір» санап, шариғат заңымен басқарылмағаны үшін ғана діни сенім бостандығын қамтамасыз ететін зайырлы мемлекетті кәпірге шығаруда. «Кәпірстаннан ислам мемлекетіне хижра жасадық» деп алданып, жат жұртқа ауа көшіп, «шәһид боламыз» деп шатасып, құдай жаратқан жанына қол салып, мезгілсіз, мәнсіз қазаға ұшырауда. Бір ғана «иман» ұғымының дәстүрлі түсініктен ауытқуы осындай зардапты салдарға соқтырып отыр
Бұрынғы дуалы ауыз аталарымыздың сөйлеген сөздері мен істеген амалдарынан иман-дылықтың желі есіп тұратын.Қорқыт Ата былай деген: «Тәңірге сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды. Тәңірісі құрамаса, ешкімнің бәрі екеу болмайды. Тәңірі пендесінің маңдайына не жазса, сол болады. Оның жазуынсыз адам жамандық көрмейді, ажал келіп, өлмейді. Өлген тірілмейді, кеудеңнен жаның кетсе, ол қайтып келмейді. Жігіт тірісінде қаратаудай қылып, бір күн тыным көрмей дүние жияды, байиды. Бірақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді.»Фарабидің пікірінше,тәрбиеге көнбейтін, жөндеуге, түзетуге келмейтін жас болмайды Тек ретін тауып үйретуден, баулудан жалықпау керек. 'Жаман қылық-ол жан ауруы. Бұл ауруды кетіру үшін тән ауруын емдеуші дәрігерге ұқсауымыз керек"- дейді ғұлама. Әл-Фараби өзiнiң осы тұжырымдарын ары қарай ғылыми жетiлдiре келiп, түркi халықтарының тәлiм-тәрбиесiнің негiзi болған үш түрлi iлiмнiң:бірінші - хауас,хауас салим, хауаси хамса заһириди (түйсiк, iшкi бес сезiм және сыртқы бес сезiм), екiншi - Имани гүл (үш сүю), үшiншi – Жәуанмәртлiк (ақыл, әдiлет, рақым) мәнiн түсiн-дiредi.Ж.Баласағұн: «Ақмаң-дайлы ұл-қыз туса алдыңда, Үйіңде өсір бөтен жерде қалдырма. Ұл-қызыңа әдеп үйрет, білім бер.Қос жалғанды бірдей көріп, күлімдер. Бала өсіргің келсе дана жүректі, Қатты ұста,үйрет білім ізетті.».«Жастары иманды елдің - болашағы зор» - деген.Ал, Ы.Алтынсарин:“...Имансыз еткен жақсылықтың пайдасы жоқ. Мәселен, біреу намаз оқыса да, ол намаздың керектігіне көңілі дұрысталмаса, әлбетте, ол намаз болып табылмайды...”Құдай тағала ешкімді жамандық жолға бұйырмайды, мынау жамандық, мынау жақсылық деп көрсетіп, адам баласына қай жолға түссе де ықтияр береді”, - деп адамның жамандық, яки жақсылық іс-әрекетін Алла тағала істетті дейтін молдалар насихатына қарсы шығады.Мал -мүлкінен, дәулетінен иманын жоғары бағалаған қазақ «Ер жігіттің үш байлығы бар: бірінші – иманы,екінші-ырысының тұрағы, үшінші-дәулетінің тұр-ағы» деп аталы сөз қалдырған.
Жүрегінде иманы жоқ адам-бақылаусыз адам.«Күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайды» (Абай). Құдайдан қорықпаған, имансыз адамға сенім артуға болмайды.Ал иманды адамның жүрегінде әрбір әрекетін қадағалап,бақылап тұратын ішкі сенім бар.М.Жұмабаев өзінің "Педагогокасында" былай дейді: "Діни сезімі күшті адам Тәңірдің барлығына, құдіретіне сеніп, оның махаббатын алуға, қаһарына ұшырамауға, ізгілікке ұмтылып, жауыздықтан безбек"Абай:«Құдайдан- қорық, пендеден-ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма!» «Әрбір ақылды адамға иман парыз, әрбір иманды адамға ғибадат парыз. ”« Құдайшылық- жүректе. Қалпыңды таза сақта.»-дейді.Абай“Имансыз елден ұят қашады” деген Хз. Мұхаммед пайғамбардың хадисін келтіріп,«қазақтың хәлі осы-имансыздық”-дейді.Көп ішінде жалғыз қалып күңіренген, “Ішім толған у мен өрт, сыртым-дүрдей” деген Абайдың мұңы “…көкірегімді тесіңдер, қан мен мұңға толды әбден” деген Иасауидің жанай-қайымен үндесіп жатыр. Абай осындай дертке шалдыққан елге дауа іздейді. Оның дауасы – «Құран», түгел сөз, адам бойына имандылық дарытатын ар түзейтін ғылым. Абайдың түзу сөзі-«әуелі аят, хадис-сөздің басы”,яғни, елді түзейтін сөз әрі қисынды, әрі өлеңмен (бәйіт-мысал) жазылған Алланың сөзі- «Құран». «Құран» – ақылды сөз бен терең ой, терең ғылымның көзі, сондай-ақ ынсап, ұят,ар, намыс, сабыр, талап сияқты адамдық құндылықтардың кені,бірақ, «елді түзейтін түзу сөзді табудың, танудың, тыңдатудың өзі оңай емес. Өйткені түзу сөзді айтушы да, түзу сөзді тыңдаушы да надан. Ал кейбірі түзу сөзді танымайды да. Өйткені олар Тәңірдің Бар және Бір екеніне, Құранның ақиқат екеніне, пайғамбарларға, періштелерге, тағдыр, қазаға, өлгеннен соң тірілуге сенбейді. Өңшең “кісімсінген-менмен, нәпсіқұмар, білімсіз, надан.»,«...мақтан-құмар, малқұмар, арамдық, ұ-рлық, пайдакүнем, нені ұға алсын”-дейді.«Иман сақтауға-қорықпас жүрек,айнымас көңіл, босамас буын керек. Абай адамдықтың биік деңгейін осылай,иманмен өлшеген. Өзінің қара сөздерінде «Толық мұсылман болмай толық адам болмайды» деп, кесіп айтқан. Жас адамды имандылыққа баулу үшін олардың ар-ұятын оятып, намысын қайрап, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік, қамқорлық, адалдық, ізеттілік сияқты әдептік-психологиялық қасиеттерді олардың бойына сіңіру-әрбір отбасының, балалар бақшасы мен мектептің, жоғары оқу орындарының парызы. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған.Қоғамда берік қалыптасқан осындай көргенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп,барша адамгершілік қағидалардың, имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған.Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты “көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды “иманды” деп атаған.Адамгершілік пен имандылық.Бұл егіз ұғым адамзат тарихында қатар өмір сүріп келеді.Адам-өзінің адамгершілігімен, қайырымды-лығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты.Халқымыз қайырымды-мейірімді жанды «адамгершілігі мол адам» деп дәріптеген. Қайырымды, мейірімді жан – өзгелерді, басқа адамдарды ойлап, соларға қол ұшын беруші жан. Ал, адамдардың қамын жеу дегеніміз адамгершілікке келіп саяды. Адамгершілік-адамның рухани арқауы.Мұны адамгершілік туралы айтылған мақал-мәтелдерден байқауға болады.
Адамның ұяты бетінде, Адамгершілігі ниетінде
Асыңа тойғызбасаң да, Ақ ниетіңе тойғыз. .
Су бермегенге, сүт бер, Ақ ниетіңді білсін.
Адамгершілік болмай, Әділдік болмас
Кең болсаң, кем болмайсың. Кішіпейілділік – кісінің көркі.
Ақылың болса, арыңды сақта, Ар ұят керек әр уақытта.Ынсап, ұят, терең ой -Асыл зейнет ойлап қой.Өз қадірің-өз байлығың, Ары таза, нар жүгін көтереді. Адамгершіліктің негізі мінез - құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Фарабидің ілімі бойынша адамның рухани бет- пердесі, мінезі мен жүріс-тұрысы қоғамдық орта, тәрбие әсері еді..» Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді,моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады.Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адал еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ, қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл –сананың,сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономи-калық құндылықтары жатады .Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары-дамиды.Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Рухани-адамгершілік тәрбие-бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды. Өйткені адамдардың өмір сүруінде сенімділік пен турашылдық айрықша маңызға ие. Дінге сенуге байланысты бұл ұғым халық арасында әдептіліктің, яғни адамгершіліктің мәнін беретін ұғыммен ұштасып, әлеуметтік әдептілікті көрсететін мәнге ие болды. Өмір заңдылықтарына айқын сеніммен қарап, адамгершілік рәсімдері мен уәждерін, міндеттері мен мақсаттарын бұлжытпай орындайтын ақ ниетті, адал жүректі, көпшіл адамды-иманды адам дейміз. Иманды адам – айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлайды, оларға мейір – шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабаттылықпен қарайды. Сондықтан да иманды адамды бет бейнесінен танып, халық оны иман жүзді адам дейді.
Егер бұл екі сөздің беретін мағынасы іс жүзіне асса әрбір адам, қоғам, мемлекет баянды,берекелі өмір кешкен болар еді.Осы негізде «Мәңгілік Ел» қалыптасар еді. Мұндай сипатқа қоғамды, жалпы жұртшылықты ие қылу, әрине оңай шаруа емес. Дегенмен көп уақыт алса да , бұл сипаттарға қол жеткізуге болады. Халқымыз сырт көзбен емес, жүрекпен ұғатын адамгершілік құндылықтарды жоғары дәріптеген. Имандылық, әділеттілік, ізгілік, мейірімділік мұраттарын терең игеруге күш салған. Мал -мүлкінен, дәулетінен иманын жоғары бағалаған қазақ «Ер жігіттің үш байлығы бар: бірінші – иманы, екінші – ырысының тұрағы, үшінші – дәулетінің тұрағы» деп аталы сөз қалдырған.
Имандылық қасиеттің сырына тереңірек үңілетін болсақ, қазақ халқы имандылықтың үш негізін өздеріне тірек еткен.Ол, біріншіден, наным-сенім, дін. Тілімізде иман сөзіне қатысты иман жүзді, иманды адам, иманы бар т.б. бірнеше тіркестер бар. Иман сөзі - الإيمان «әл-Иман» араб тілінде «сенім» деген мағынаны береді. Яғни, иман келтіру, шын болмысымен сену, илану.Аллаһтың жалғыз екендігіне,оның пайғамбарларына,түсірілген кітаптарына, ақырет күніне шынайы сенуді білдіреді.
Ислам дінін мақұл көріп, шариғат заңдылықтарын салт-дәстүрімен қиюластырып, салиқалы өмір салтын қалыптастыруға талпыну арқасында, бүгінде жаһанданудың бет қаратпайтын жойқын желіне жұтылып кетпей отырғандығымыз соның дәлелі бола алады. Қанымыз да,тегімізде бар имандылықты қаншама тұншықтырып жатса да, көкірек көзін ашып жіберсе, қайтадан өз биігіне көтерілері анық.Бірақ, бүгінгі тәрбиеде- жетпей жатқан нәрсенің нақ басында осы имандылық тұр.
«Тура биде туған жоқ, туысты биде иман жоқ” деп, халық иманды адамның әділетті, шыншыл болатынын уағыздайды. Халқымыздың қонақжайлылығы, кең пейілдігі, көпшілдігі, дос көңілділігі-әлеуметтік имандылықтың белгісі. Имандылық дәстүрін қастерлей біліп, иманды адам болу-кісілік борыш.Иманы кәміл адам м е й і р і м д і болады. Мейірімділік – адам бойындағы қасиетті сезім. Ата мейірімі, әке мейірімі, ана мейірімі, отбасындағы адамдардың бір-біріне деген мейір-шапағаты-әдептік әсем құбылыс, түйсікті баурап алатын түсінік, ұлағатты ұғым, адамгершіліктің асқар шыңы. Мейірім адамның мерейі үстем болу үшін, ол ойлаған жақсылық, әсерленген әдептілік, жақсы көрген адамдарының Жан саулығы мен ден саулығы он қуанышқа бөлеуі тиіс.Яссауи ғұлама: . «Махаббат дәмін татпаған, жар сүйіп, қызығын көрмеген, үйін ойлап дүние таппаған, ойсыз-қамсыз шайтандыққа бой алдырғаннан иман қашады.»Халқымыз ұрпағын мейірімділікке тәрбиелеп, қатыгездіктен қашып, қаталдықтан сақтандырып отырған.Еліміз ер-азаматтарын мейірімді болса екен деген ниетпен Мейірман, Мейіржан, Мейірбек деген аттармен атап, жастарды үнемі мейірімділікке баулыған. “Көпті жамандаған көмусіз қалады” деп, халқымыз мейірлі болу -- өз халқын сүю, бірлікшіл болу екенін уағыздайды.Мейірімділік рәсімдері бата беру, байғазыбру, базарлық беру, көңіл сұрау, көңіл айту, жұбату т.б. жөн-жоралғылар арқылы іске асырылады.Ал мейірімділіктің іс жүзінде бір көрінісі-қайырымдылық. Қайырымдылық – мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға, табиғатқа, жан-жануарларға іс-жүзінде жақсылық жасау. Табиғатты қорғау, тал тігу, гүл өсіру, жер суару, құстарға қамқорлық жасау, аңдарды аялау-қайырымдылықтың қалыптасқан халықтық үрдісі, оны орындай білу-парыз. Ол үшін әрбір адам өзінің қайырымдылық борыштарын терең сезініп, тебірене іс-қимыл жас-ауға міндетті. Қазақ халқының меймандостық дәстүріндегі имандылық әдебі, меймандостық дәстүрінің кісілікке,адамгершілікке сену, оған құрметпен қарау, кісіліктің-адамгершіліктің тәрбиесінің көркем көрінісі, тәлімді тәжірибенің жемісі екендігін көрсетеді. XI ғасырда өмір сүрген ислам оқымыстысы Ж.Руми: «Адамның болмысы-ішінде әр түрлі аңдар мекендейтін орманға ұқсас.Біздің бойымызда таза-лас, жаман-жақсы, имани-қайуани сияқты мыңдаған қасиеттер бар.Егер ішкі жан шаһарында қасқыр үстемдік ете бастаса, адамның қасқырға айналғаны. Жақсылықтар мен жамандықтар да жасырын жолдармен жүрекке келіп, құйылып тұрады. Сәт сайын адамның жүрегінде бір нәрсе бас көтереді. Сол себепті адам кейде жақсы сипатқа, кейде жаман сипатқа айналып отырады» – деген екен
Біз,мұсылман халықтары, көбіне-көп Пайғамбарымыз өмір сүрген заманнан, сол бақыт ғасырынан үлгі аламыз.Мұсылманшылық келмей тұрып,Араб түбегіндегі бүкіл дүниеде бұл сөздердің мағынасына аса мән берілмейтін,тіпті қоғам бұл сөздердің беретін мағыналарына қарсы мағынадағы амал-әрекеттерге толы болатын. Сол кездің өзіңде, әлі Пайғамбарлық келмей тұрып-ақ Мұхаммед әрбір ісімен жұрттың назарын өзіне аударып, турашылдығы мен әділдігі және сенімділігі арқылы «тура, дұрыс,сенімді адам» деген бірнеше мағына беретін «мин» есімін алған болатын.Көпшілік оны «Мұхаммедуләмин» деп атайтын.Ислам діні қазақ даласына келіп жеткенше де,пайғампарымыздай үлгілі адам-гершілігі мен имандылығы басына қонған,тура да әділ,иман жүзді,сенімді,ру тайпаның , ұлт қауымның ұлағатты үлгі өнегесі болған абыз-ақын,хан-қаған,батыр-ер,шешен-би,сал-сері,дана ана мен ата қаншама адамдар өмірден өтті.Солардың қазақ халқына қалдырған асыл рухани мұрасын исламның имандылық қағидалары мен ұстындарына етене араласып,тонның ішкі бауындай қабысып тамаша табысқа жеткендігіне тарих куә.
Адамдар қай дініне, қай ұлттан, қандай тектен шықса да Ислам діні олардың бәріне бірдей қарайды және өмірлерін баянды өткеру үшін белгілі тәртіпке, қағидаларға сүйенеді. Исламдағы тәртіптің адамзат үшін еш зияны жоқ. Жоғарыда атап өткен сөздердің беретін мағыналарын адам саналы түрде ұғынып, көңіліне орнықтыру және өмірге енгізуі тиіс. Сенімділіктің беретін мағынасы: аманатты, яғни адамға берілген материалдық және рухани игілікті қорғау, оларға игілік ете алу дегенді білдіреді.Әрине, бұл сипаттың адам бойында қалыптасуы адамға материалдық және рухани жағынан белгілі бір күштің, қуаттың әсер етуімен болады. Адам әрдайым бақылауда екеніне, әрбір жасаған ісі үшін жауап беретініне сенуі тиіс. Біреудің өзіне жасаған жамандығына қиналатыны сияқты, өзінің біреуге қиянат жасамау керектігі бойына сіңу қажет. Бірақ мұндай әдеп нормаларын зорлықпен қабылдату да мүмкін емес. Әрбір адамның басына бір күзетші қойсаң да, бар адамды сабаздық пен сенімділік аясында тұрақты,әрдайым ұстай алмайсың. Әркімнің жауапкершілігі өз ұжданында ғой! Осындай көзқарасты қалыптастырмайынша, ол халықта, ол қоғамда ешуақытта ілгерілеу болмайды. Адамгершілік-ол рухани жетістіктің жоғарғы сатысы әрі имандылықтың көрінісін білдіреді. Қайсібір ұлт оқу-тәрбиеде, ұрпақ өсіруде, әдет-ғұрпында дінін сақтайтын болса, сол ұлттың болашағы да зор болмақ. Ұрпақ өнегелі тәрбиеленетін болса ұлтына деген сенімі нығая түседі. Адамның іс-әрекетінің, сөзінің тура болуы тек тәрбие арқылы ғана санаға әсер етіп жүзеге асырылады. Сенім мен турашылдық егіз ұғым. Адамдардың бойында бұл сипаттарды қалыптастыру сенім, намыс пен иман арқылы жүзеге асады. Көңілінде иманы, сенімі бар адам жалған сөйлемейді, алдамайды, аманатқа қиянат жасамайды. Иман адамға өтірік айтқызбайды,өзгені алдап, мал табудан сақтандырады. Тәрбиелі, сенімі бар адам,Алла тағала мені әруақытта көруде деп ойлайды. Сондықтан жамандық ойламайды, өзгенің мүлкіне қол сұқпайды, қиянат етпейді. Жұрттың өзін сыйлауы үшін алдымен өзі өзгеге құрмет етеді. Мұндай имандылықтың жолдары мұсылмандылықтың бес парызын толық орындау барысында жүзеге асатындығын бүгінде иманжүзді, мол адамгершілік сипатқа ие болғандар дәлелдеп отыр. Адамның нәпсісі-бойдағы пендеге тән құмарлық сезім. Жалпы адамның адамгершілік шыңына жетуінің негізгі көрсеткіші мен имандылығының қалыптасуы -өзінің нәпсісіне ие болуы. Бабаларымыздың қастер тұтып, атадан балаға аманаттап, жүрекке дарытып келген асыл қасиеттері көп-ақ.Халқымыз сырт көзбен емес, жүрекпен ұғатын адамгершілік құндылықтарды жоғары дәріптеген. Иман-қазақ халқының рухани дүниетанымындағы парасат пайымымен сабақтасып жататын өте кең өлшемді ұғым. Ата-бабаларымыздың ақиқатқа жетелер сенімінің де басты тірегі-осы.Барлық бет-болмысының, мінез-құлқының айнасы. Яғни, Шәкәрім атамыз айтқандай;
Кімде болса шын мінез,
Болмас онда екі сөз.
Өлтірсе де көзбе – көз
Иманын сатып алмас бөз,–дегендегі иман. Имандылық деген бір ғана
сөздің бойына ұят, ар, ынсап, қанағат сықылды бүкіл жақсы қасиеттер түгел сыйып тұр. Қазақтың жүзі жылы жанды жолықтыра қалса, «бетінен иманы төгіліп тұрған адам екен» немесе «иманжүзді кісі екен» деп сөз етісетіні де сондықтан. Тіпті адам ғұмырының мәні болып саналатын махаббат сезімінің де негізі имандылықтан басталады. Оны Абай атамыз «үш сүюмен» байланыстырып, «имани-гүл» деп ат береді:
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
Және хақ жол осы деп әділетті.
Дәстүрлі қазақ руханиятынан тамыр тартып, нәр алған данышпан тұлғалардың елді жақсылыққа үндеудегі көптеген ой-пікірлерінің имандылық маңына келіп тоғысатыны шындық. Кешегі «...біз барлық қайратымызды ел үшін еселеп жұмсайық. Халық түзеуді жол қылайық» деген кемеңгер Мұхтар Әуезов те жас жеткіншектерге кемел тәрбие беру үлгісін имандылықтан іздеген. Бесікте жатқан жас сәбидің жүрегіне имандылық нұрын құйған жөн деп есептеген. Ендеше, арысы Абайдай бабалар, берісі Мұхтардай даналар ұлт болмысының дәнекеріне жатқызған имандылық негіздерінен бас тартуымызға мүлдем жол жоқ. Екінші,тірегі-әдет-ғұрпы,салт-санасы.Қазақ тұрмысында «тал бесіктен жер бесікке» дейін қайталанып жататын далалық өркениеттің жарқын көрінісі-салтынан, әдет-ғұрпынан қол үзбеген жұрттың, кезінде талай өзге елдің өкілдерін, ғалым –зерттеушілерді тамсандыр-ғанын білеміз. Имандылықтың үшінші тірегі-ана тілі. Ананың бал әлдиімен бойға дарып, жүрекке сіңген ана тілдің құдіреті байтақ даламызға береке дарытты, ұлттың ұлан-ғайыр жерде бытырап жоғалмай, бір шаңырақ астына бірігуіне күшті құрал болды. Рухани тұлғаны рухани құндылықтар тәрбиелейді. Халықтың танымы мен пайымы қазіргі ұрпақтың иммунитеті болмағы керек. Мысалы, «Бесік жырының» өзі осы,ана арманы Алладан тілек-тілеумен ұштасып жатыр.Ана тілі-рухани тәрбие бастауы. Барша құндылық-тарды халық тіл арқылы жеткізеді.Ал қазақ үшін,ана тілі-ең алдымен бесік тербеткен әйелдің тілі. Ал қазақ әйелі бесікті қандай жырмен тербетті? Бесік жырын қазақ «әлди» дейді. «Әлди» деген сөз «Алла» деген сөздің өзгерген түрі екенін тілтанушылар әлдеқашан дәлелдеген. Бесікті Алла атымен тербетуді қазақ әйеліне ешкім үйреткен жоқ. Ол оны өзі ойлап тапты. Перзентіне имандылықты ана сүтімен сіңіру үшін ойлап тапты. Біздің әжелеріміз бесік тербеткенде: « Алла деген ар болмас, Алланың жолы тар болмас. Алланы айтқан адамдар Ақыретте қор болмас, -деп Йасауи хикметтерімен тербететін. Қайырмасында «Лә илаһа илла алла, Мухаммад Расулалла» деп шаһадат кәлимасын айтып отыратын. Қазақ арасында ең кең тараған бесік жырлары діни жырлар екен. Бөбегім менің, бал бөпем , Тәңірім болсын жар, бөпем.Иманды боп өссін деп, Иллалла деп тербетем, – деген бесік жырын да қазақ әйелі шығар-ған(А.Әбдірасылқызы)
Міне, осындай басты-басты үш қасиетті берік ұстаған ата-бабалар біздерге, кейінгі ұрпақтарына «адастырмас айқын жолды» көрсетіп кетті. Жоғалтып алсақ, кешірілмес күнә, келер ұрпақ алдында қарабет те біз болмақпыз.Данышпан Абай бір қара сөзінде: «ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ол екі мінезі қайсы десең, әуелі, ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен…Екіншісі намысқор келеді екен,»-деп қапаланып жазады. Біз де Абай дана өкінішінің артын құшып жүрмейік.(Мұхит Төлегенов)
Иә, атамыз қазақ ежелден мәдениетті, байсалды, ұстамды, әдет-ғұрпы белгілі бір жолға түскен, ұлттық сана-сезімі бар иманжүзді халық. Сол кездегі жастарымыз үлкеннің алдынан кесіп өтпейтін, сөзге тоқтайтын, сөз қадірін бағалай білетін иманы жоғары жандар еді. Соның да нәтижесі болса керек, ел ақсақалдары тәрбиелі бір қызметті бітіргенде немесе бір қайырымдылық іс жасағанда: «тәңірі жарылқасын», «иманды бол шырағым», «көп жаса», «көсегең көгерсін», «жаныңа жамандық бермесін» деп, тілек айтушы еді.Тіпті сәбилердің ізгілі ниетін көргенде: «Таудай бол!,Молла бол!...»-деуші еді ғой! Абай атамыз айтқандай,«біздің ақсақалдарымыз-тіл ұстартушылар, қартайса да, қайғы ойласа да, ұйқысы сергек болса да-ұлы армандар иесі».« Жиғаныңа сенбе-иманыңа сен.Иманды адам-арлы адам.Имансыз адам- сорлы адам.Үстіңнің кірін-сабын кетіреді, Жаныңның кірін-иман кетіреді»,.«Имандылық қастерлі қасиет» «Имандылық-инабаттылық айнасы»«Имандылық – ізгілік негізі»Ал халық- қазір сөйлеу тіліміздегі сіңісіп кеткен ұғым бойынша ұлы педагог, яғни, сан ғасырлық қалыптасқан қазақы ұғым бойынша, «ұлы тағылым иесі». Өкінішке орай, кеңестік дәуірде тамырын тереңге жайған тоталитарлық саясаттың үстемдік жүргізуінің салдарынан біз осындай ұлы қасиетімізден айырылып қала жаздадық. Тіліміздің шеңбері тарылып, дініміз аяққа тапталды. Ұрпақтарымыз мектептерде, тіпті, отбасында да еуропалық деңгейде тәрбиеленетін болды. «Дін-улы апиын» деп, халықты оған қарсы қойды. Имандылық иірімдері жойыла бастады..Ал иман -жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық-Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез.Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті-иман мен имандылыққа уағыздау деп саналған. Адам-Аллаһ-тың көркем түрде, ерекше махаббатпен жаратқан жаратылысы. Барлық әлемдердің Раббысы жаратқан мақұлықтарының ішінде адамға ғана ой-сана, ақыл берді. Сөйлеу қабілетіне ие қылды. «Аллаһ сендерді аналарыңның қарнынан еш нәрсе білмейтін түрде шығарды да сен-дерге есту, көру және ойлау қабылетін берді. Әрине шүкіршілік етерсіңдер» (Нахыл сүресі, 78аят). Адам-ардақты жаратылыс. «Расында Адам баласын ардақтадық. Сондай-ақ оларды құрылықта да, теңізде де көліктендірдік. Әрі оларды жақсы нәрселермен қоректендірдік. Әм оларды жаратқандарымыздың көбінен не құрлым артық жараттық» (Исра сүресі,70 аят). Ардақтылығы сол Аллаһтың бұйрығымен әлемдегі бүкіл жаратылыс адамға сәжде қылады (лағнет шайтаннан басқа). «Сол уақытта періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар» дедік. Сонда олар дереу сәжде қылды. Бірақ Ібіліс бас тартып, дандайсып қарсы келушілерден болды» (Бақара сүресі, 34 аят). Дінде айтылған нәрсені қазақ ақылмен ұғынды, дінде тыйым салынған нәрседен ділін қорғады, тарихи өмір талап еткен нәрсеге біліммен қарады, ақылға салды. Тәуекелге әрдайым бел буған тәубешіл ба¬ба¬ларымыз тарихтың кеңістігінде зерек¬тіктің туын тікті. Қазақтың зеректігі дін мен ділдің, тіл мен сөздің, өмір мен тарихтың, ұлт пен ұрпақтың қасиетін біріктіретін қабілеттің рухына қол жеткізе алуында. Бұл деңгейде бабаларымыздың өмір сүруіне ықпал еткен бір ғана қасиет тектілік, қана¬ғатшылдық ұғымы. Өткінші нәрседен көрі, жақсылықтың мәнін терең түсінген. Өмірге мағынамен қараған, халықтың, ұрпақтың өміріне мағына келетін рухани байлықты көздеген. Бұл еңбектеген баладан, еңкейген қарт бабаларымыздың ізгілігінің асыл бейнесі Аллаһтың алдында керемет жоғары дәрежеге ие адамның қасиетсіз, қадірсіз атануы мүмкін емес. «Атымды адам қойған соң,қайдан надан болайын!(Абай) Сол дәрежеге лайық болуы үшін адам өз бойына адами асыл қасиеттерді дарыту керек. Барлық ізгі қасиеттерді тізбелегенде, «кісілік» деген бір-ақ ауыз сөзге саяды. Өйткені, бұл сөздің өзі адамның бүкіл болмысын ашып беретін ұғым. Яғни, адамгершілік адамға ғана тән сипат. Әрбір ақыл иесі бойындағы адамгершілікті басты ізгі қасиет деп санаса, сол адамгершіліктің тұғыры имандылық болып саналадыИман амалдарының бірі-ұялу.Бұл мінез адамды жақсылыққа бастайды, жаман істерден алыстатады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде:«Иманның алпыстан астам тармағы бар,ал ұят-иманның бір тармағы» деген.Халықта «ұят кімде болса, иман сонда» деген мақал да бар. Ендеше, сол ұят сөзіне терең зер салып көрелікші. Қазақ балаларын «ұят болады» деген бір-ақ сөзбен ұятсыздықтан тиып, имандылыққа тәрбиелеген. Қазірде осы сөздің мәні қалмай бара жатқан секілді. Ұят болады деген сөзді ұқпайтын жастар бар. Ал,тәрбиелеу ұлтық үрдісінде-«Ұят арқылы тәрбиелеу»-деген арнаулы жол да бар. Кейбіреулер ойлағандай, бет моншағы төгілген ұяңдық, жасықтық, жалған ұялшақтық емес, өзін де, өзгені де қадірлей білер көргенділік. Ерен ұстамдылық, иманжүзділік, жылы лебіздік. Ишаратты түсіністік, келеңсіздікті жатырқау. Ұлттық таза ғұрыптылықтың, әдептіліктің және көркем мінезділіктің ерекше үйлесімділігі.Ұят,ұяттық-арлы мінез. Адамның ойына, бойына, болмысына лайықсыз, адамгершілікке жат, ар-ождан нормаларына сыйымсыз, әдеп тінін сөккен зымияндықтан бұрқанған, сыртқа теппей, ішкі жан-жүйе ұшынатын нәзік сезімнің күйзелісі. Ұлы ойшыл Абай ұятқа екі түрлі мән берген. “Надандық ұят,-деген ғұлама,-жас баланың сөз айтуға ұялатыны сияқты ақылы қысқа, өрісі тар, ойы таяз жанның ұялмайтын нәрсеге ұялуы. Шын ұят-абыройға, шариғатқа теріс, ақылға сыйымсыз сөлекет қылықтан ұялу. Бұл тек есті адамға тән қасиет. Ал біріншісі өзі істеген қатеден, нәпсіге еріп қылған қылығынан.Пайғампар(с.ғ.с.):«...инабаттылық дініміздің (бір) тармағы,» болатынын айтып: «Инабаттылық тек ғана игілікке бөлейді»-деген. Иба игі қасиеттердің біріне жатады. Тәрбиелеу қазақ ілімінде жас ұрпақты ұят арқылы тәрбелеу жолы көрсетілген,әрі оны өте ұқыптылықпен жүзеге асырған. «Өлімнен ұят күшті» деп түсінген халық, «анау мынауды білгенше,жақсы мен жаманды біл ажыратып, немесе «кінә мен күнәні,сауап пен обалды», «жанашырлық пен қатыгездікті» ойласаңшы бетін ашып»- деген ғой. Адамның ұяты бетінде,адамгершілілігі-ниетінде дейтін аталарымыз-ұят деген киелі абыройдан аттамауды ерекше ескерткен. Ұят-ізгіліктің ұясы,инабаттың ырысы. Ұяты жоқ адам-ұясыз құстай.Есті бала ұяттан қорқады, ессіз бала таяқтан қорқады.Қыз баланың қимасы мен қымбаты-ұяты мен ибасы.Осы негізде қазақтың биязы, нәзіқ сұлу арулары,аяулы қыздары өмірге дайындалған.Сондықтан да,ол қағиданы заң деп түсінген қазақтар қыз тәрбиесіне ерекше мән берді. «Қыз өссе елдің көркі»,«Қыз жағадағы құндыз», «Қызы бар ауылдың қызығы бар»-деп білген халқымыз,оларды ерекше сыйлап:«Қыз-қонақ»-деп,төріне отырғызды, мәпелеп бақты, «қыз қылығымен»-деп ибалы, инабатты бойжеткен тәрбиелеу ісі сахих хадистерге сүйеніп жүргізілгендіктен өнегелі болды.Оларға арнап талай қызықтар мен ғұрыптарды,мерейі өссін деп неше түрлі мерекелерді жасады. Киім-кешегінен тартып, жасауына дейін жабдықтады. Рухани қасиетті білдіретін «Ұят»(хаййа) сөзінің мағынасы жиіркенішті әрі келеңсіз қылық жасау арқылы жаман атқа иелендіруден адамдарды сақтандыру болғандықтан,харам етілген күнәлі істерден бойыңды аулақ салуға үндеу болмақ.Иба игі қасиеттердің біріне жатады әрі адам негізінен осы сезімнен аттамау үшін ұят істерден қашып керісінше игі істерге ұмтылуы қах.Пайғампарымыздың(с.ғ.с.) айтқандай:«Иба -жаман амалдарды жасаудан сақтандырады,осы қасиеттен ада адамдар білгенін істеп, ұятсыздыққа барады.»Қазақ ұғымында,иба қанымызға. сінген, ұлттық мінезіміз.Ол ұл қыздың қайсысына болсын ортақ құндылық.Бұл қасиеттің осындай сипатын мұсылман діні де қуаттайды.Ол бойынша,иба-кейбір адамның дәлірек айтқанда,Аллаһ Тағаланың сүйген құлына жаратылысы нәсіп еткен кіршіксіз таза рухани тазалықпен ерекшеленетін белгі. Сондықтан әлгіндей туа біткен қасиеті барлар күнәлі істен бойын аулақ салып, ұнамсыз қылықтар мен әдеттерге қарсы күресе алады. Осылай иба имандыға тән игі іс.Ал, Пайғампарымыз (с.ғ.с.): «Иба-иманнан»-деумен қатар өзі де беті ашылмаған жас қыздай ибалы болған екен. Халқымыз «иманды ұл,ибалы қыз»,тәрбиелеу барысында, осы белгілері кемшін және жүре бүлінген ұрпағын да, жібек мінезді, нәзік ибалы, үлбіреген бүлдіршін қатарына қосып алатын пәрмені,амал айласы болған.Ислам діні де бұл жолдың бар екенін көрсеткен,оған өткен тарих дәлел.Ибалы қыз тәрбиелеп, асыл аналарды өмірге дайындауда,.қазаққа, ислам дінінің тигізген оңды ықпалы зор болған. Сондықтан, неке қию, қыз ұзату, келін түсіру қазақ салты,ежелгі әдет-ғұрыппен ұштастыра отырып ислам діні негізінде атқарылған.Ал бозбала,бойжеткен, имнды ұл ибалы қыз тәрбиелеу ісі өте нәтижелі болды
Имандылық(атауы әр түрлі болғанымен)- барлық наным-сенімдерге( ортақ ұғым. Адамдардың діни сеніміне байланысты, имандылықты алалауға болмайды.Қай діндегі болсын адамдардың баршасын имандылыққа баулу қажет К.Д. Ушинский өнегелі тәрбиеге үлкен мән берген, оның негізін дін деп санаған. Дінді ол, ең алдымен, өнегелі тазалықтың кспілі деп түсінген. К.Д. Ушинскийдің «Тәрбие халықтық ілтипатқа ие болған жағдайда ғана өз мақсатына жетеді» - дейді.Иман ұғымы бізде ұлттық сипатқа ие болған. Имандылық-ұлттық шеңберде шырмалып қалған тар ұғым ла емес,Қазақстан Республи-касында тіршілік етіп отырған күллі этнос өкілдері,оның ұрпақтары имандылық нұрынан тысқары қалуға тиіс емес.Ешбір ұлт бұған қарсы болған да емес. Имандылық- қазақ үшін,жалаң ислами ұғым да емес.Ол наным-сенім ретінде,қашаннан бар,ұласып келе жатқан түсінік. Ал,имандылық-тәрбиелеу қазақ ілімінің асыл өзегі.Осы асыл өзек бүгіндері қоғамдағы тәрбиелік іс-әрекеттер мен шара- шаруалардың тірегі бола алмай отыр.Оның көптеген себебі бар.Ал,ең бастысы-Қазақ педагогикасын-материалистік және жауынгер атеистік дүние танымы негізінде жазылған,социалилистік немесе «ғылыми педагогикамен» тең көріп бағаламауда болып отыр.Біздің санамызда материалистік-диалектикалық әдіснама негізінде пайда болып,танылған білім ғана теориялық ғылым ретінде ұғынылады да,басқа дүниетанымға негізделген теориялар мен ғылыми пайымдаулар мойындалмайды.Сондығы болар,ұлттану,адамтану сол сияқты тоелогиялық ғылымдар өте баяу жылжып, философия, саясаттану,әлеуметтану ілімдері ұлттық кеңістікке көлем иелене алмай,басқа бір ілімнің қолтығына кіріп, «туралы» ғана тұжырым-түйін жасауда,ал,қазақ психологиясы,қазақ педагогикасы өткеннен қалған аңыз-әңгіме,хиқая санатында талданып жүр.Жоғарыда аз-мұз айтылған .имандылық, имандылық тәрбие атты педагогикалық категория ешбір «ғылыми» пелагогикада жоқ,.тек шығыс педагогикасында, анығында қазақ педагогикасында бар. Имандылық тәрбиесін жас ұрпаққа игертудің ғылыми негізін Яссауи бабамыз салып,Абай атамыз тиянақтап қойған.Өтірік десеңіз мына екі сөйлемді оқып көріңіз. «Иман деген- Алла табарака уатағаланың, шәриксіз (тең келмейтін)ғайыпсыз, бірілігіне, барлығына уә һәр неге бізге пайғамбарымыз арқылы жіберілген жарлығына, білдіргеніне мойын сұнып, инанбақ. Иман келтіруге екі түрлі нәрсе керек. Бірінші – әуел не нәрсеге иман келтірсе, соның һақтығына бірлән дәлел жүргізерлік болып ақылы дәлел испат(шын иман) қыларға жараса, мұны якини иман (біреуге еріп нану) десек керек. Екінші – кітаптан оқу бірлән яки діни ұстаздардан есту бірлән иман келтіріп, сол иман келтірген нәрсесіне соншалақ беріктік керек»(он ұшінші қара сөз).Бұл дегеніңіз, Дін -тек белгілі бір талап, тәртіп, дәстүр, заңдылықтарды орындаумен шектелмейді, аталған шарттар оның сыртқы қызметі, ал негізгісі рухани құндылықтарды тәрбиелеуде ең бірінші орында- иман келтіру-деу емес пе? Адам баласынан бастап әлемдегі барлық тіршілікті жаратушы бір Құдайдың бар екеніне сену, оны сүйю,оның алдында қашанда болса есеп беретіндігіңді ұмытпау екендігін ашық көрсеткен.Бұл пікірдің жалғасындай саналатын Ж.Жұмабаев сөзін жоғарыда келтірдім. Түрік жұртынынң рухани ұстазы А.Яссауи жүздеген мектеп ашып,жүз мыңдаған шәкіртке имандылық тәрбиесін игертіп.софылық-моральдық ілімін жасап,сопылық мектеп педагогикасын қалыптастырса да,оның ғылыми-теориялық негізін танып біле алмай,оған зерде,парасат-пайымымыздың өресі жетпей бұлтарумен келеміз.Осы себептен бүгінгі «ғылыми педагогика» оны ауызға алғысы да жоқ.
Әдебиеттер
1.Ұлы даланың ұлық ұстаздары Қарағанды 2016
2.Тәрбиелеу қазақ ілімі Қарағанды 2017
3. Иманда ұл,ибалы қыз тәрбиелеу жолы Павлодар 2017
Қобдабай Қабдыразақұлы (ғалым жазушы)
10 қыркүйек 2017
Категория: Научная кафедра | Добавил: superchabdrazahk2017 (2017-09-11) | Автор: Қобдабай Қабдыразақұлы E
Просмотров: 1268 | Теги: имандылық, қайырым, мейірімділік, тәрбие, Иман | Рейтинг: 4.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 10:47 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru