Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Научная кафедра

Иманипедагогика-заманауи тәрбие теориясы
Иманипедагогика-тәрбиелеу заманауи ілім
Иманипедагогика-ислами педагогиканың көші рмесі емес.Алайда,ислами педагогиканың қағидалары мен ұстанымдарын,тәрбиелеу амалдары мен жолдарын пайдаланаады.
Иманипедагогика-гуманипедагогиканың да көшірмесі емес.Алайда табиғатты аялап, аламға жанашырлықпен,сүйіспеншілікпен қарайтын оның ізгілік жолын ұстанады.Оны Абай атамыздың үш сүю қағидатына қабыстыра отырып,жаңа белеске көтереді.
Иманипедагогика-этнопедагогиканың жаңарған атауы емес.Алайда оның ұлттық тәрбиеге жасаған түйіндері мен қазақ тәлім-тәрбиесінің тәжірибесі негізінде тұрақтанған тоқтамдарын, ғылыми қорытындыларын екшей отырып бүгінгі адамдардың дүниетаным көзқарасы мен жан әлеміндегі нақты өзгешеліктерді ескеріп,теориялық тұғыр етеді. Шындығында,өткен дәуірдегі қазақ педагогикасы-иманипедагогика болғандығы баршаға аян.
Иманипедагогика -материалистік пелагогиканың заманға лайықталған,жаңаланған нұсқасы да емес.Алайда,жалпы адамзаттық құндылыққа айналған,европалық педагогиканың негізін құраған,педагогика классиктерінің ашқан тәлім-тәрбиелік заңдылықтар мен теориялық пайымдар иманипедагогиканың тұғырлы сүйеніші,әрі бағыт-бағдар берер Темірқазығы бола алады. Айталық,тұлға қалыптастыру теориясын жасаған бүгігі көптеген теориялар,жас өспірімдер мен жеткіншектердің даму заңдылығын ашқан шет ел ғұламаларының ілімдері ешуақытта маңызын жоймайды.Сондықтан, иманипедагогика оларды ғылыми түйін ретінде қабылдайды.Шындығында,диалектикалық ойлау,материалистік көзқарас қазаққа тән емес деп ешкім де айта алмас.Иманипедагогикаға материалистік педагогиканың ғылыми қорытындылары жат болмаған,кәзірде жат емес.Алайда, материалистік педагогикаға басқа көзқарас негізінде жасалған қорытындылардың жат болғаны жасырын емес. Иманипедагогикада таптық,топтық пиғыл тәрбиелеу ісінде шешуші міндет атқармайды. Мысалы,өмірге осы заманғы бәсекеге қабылетті бизсмен дайындаса да,кибернетиканың жілігін шағып,ішегін сүзетін инженер дайындаса да,адам жанын ажалдан арашалаушы шипагер дәрігер дайындаса да Абай атамыздың толық адам болдыру қағидасын басшылық етеді,европалық жан-жақты жетілген адам дайындау теориясына сүйенеді.Жеке тұлғаның шығу тегі,әлеуметтік дәрежесі,хал-ахуалы,денсаулығы қаншама басқалардан ерекше болса да түптің-түбінде «кәдімгі адам» болып шығуы тиіс.
Бүгінгі қазақ қоғамында жоғарыда айтылған және аталмаған педагогикалық бағыттар мен ұстанымдар өз орнын тауып,белгілі дәрежеде қолданысқа ие болып отырғаны баршаға аян,Онда олардың басын қосып,тізесін түйістіріп бір арнаға салудың қажеті не? Бұған жауапты қарапайым мысалдан ізделік.Бүғінгі мектеп партасында отырған жас ұрпақ-осы ғасырдың басындағы әріптестерінен дүниетанымы,ой өрісі,өресі де тіптен бөлек.Олар материалистік дүниетанымға сүйеніп жасалған,ашылған ғылми жаңалықтарды оқып-үйреніп жатыр.Сондай-ақ,интернет арқылы,кейбірі шет елге шығып (саяхатта болу,халықаралық жарыс сайыс,олимпиада,конференцияларға т.б. қатысып) ғылымның сан түрлі мәліметтері мен ақпараттарына қанығуда.Осы шақта,екі-үш шет тілін үйреніп,білімге қол жеткізіп жүрген жеткіншектер де бар.Бұл тұжырымды тек мектеп оқушыларына ғана тән заманауи болмыс бітім ғана емес барша жұртқа бағыттап айтсақ та артық айтқандық болмайды.Адамдар күнделікті тұрмыста,өмірде,діни,ресми және халықаралық мейрам-мереке,айтулы даталарға қатысып,салт-санасында үлкен наным-сенім орнығуда.Міне рухани жаңаруға іліккен қазақ халқының бүгін азаматын бірғана педагогикалық теорилық ұстаным,қағидамен тәрбиелеймін деп құлшыну нағыз бейшоралық болар еді.Заманның өзі,өмірдің өзі тәрбиелеудің ғылыми негіздерін бір арнаға тоғыстыруды талап етеді.Иман сөзі ортағасырлық түркі халықтарының әдебиетінде,ғылымында қолданыста болған. Мәселен мұсылмандық шығыс поэзиясында екі түрлі сарынның яғни жүректің культі (имани гүл) мен ақылдың культін мадақтау өріс алып келгені мәлім. Осы себепті болса керек, әдебиеттерде бұл сарындарды білдіретін Әбу Али ибн – Синада “имани ақыл”,Абайда “имани гүл” сияқты арнайы атаулар қолданылған.Ал,казақта: имани гүл,имани ақыл,имани адам,иманды адам,иманы кәміл жан,иманжүзді кісі,иманы жолдас болғай,имани әдеп,имани құлық т.б. сөз тіркестері күні бүгінге дейін қолданылып келеді.Иманипедагогикада иман ұғымы қазақ дүниетанымы негізінде қалыптасқан, психологиялық-педагогикалық өрелі түсінік ретінде қарастырылады.
Араб тiлiнде «иман» сөзi жүрекпен қабылдау, сену, бiр нәрсеге немесе бiр хабарға iштей, шын көңiлмен сенiп, оны мойындау деген мағынаны бiлдiредi. Иман сөздiктерде сену, қабылдау деген мағынаны бiлдiрсе, «дiни терминде Ұлы Алланың дінін жүрекпен қабылдап Мұхаммед пайғамбардың әкелген нәрселерінiң бәрiне сенiп, оларды жүрекпен қабылдау» деген мағынаны бередi. Ол нәрселер: Алла тарапынан келген, ислам дiнiнiң негiзiн құрайтын анық және ашық түрдегі Құран немесе хадистерде бiлдiрiлген догмалар, принциптер. Бұларға сену және оларды қабылдауды «иман», ал оларға сенген адамды «мүмин» дейдi.
Иман ұғымы әуел баста Құран арқылы қазақтардың санасына сіңсе де, уақыт өте келе халықтың ежелден қалыптасқан салт-дәстүрімен, таным түсінігімен, наным-сенімімен біте қайнасып, жаңа бір сапалық деңгейге көтерілген ұғым. Халық түсінігіндегі иман сөзі діни шеңберден шығып,жалпы ұлттық, бүкіл адамзаттық құндылықтарды қамтитын ауқымды дүниетанымдық категорияны білдіреді. Имандылық концепті – тілімізде көптеген ұғымдарды біріктіретін, жинақтайтын жалпы түсінік. Ар, ождан, ұят, шын, шындық , намыс, жүрек, жан, тазалық, әділет, мейрім – имандылық концептісінің тірек ұғымдары. Имандылық(атауы әр түрлі болғанымен)- барлық наным-сенімдерге ортақ ұғым. Түрлі кездерде пайда болған ежелгі Рим, Грек, Иран, Конфуций ілімі, Христиан діні, даосизм, синтоизм, ілімдерінің барлығында адамдарды бауырмалдыққа, мейрімділікке, қайырымдылыққа, адалдыққа шақыратын ортақ құндылықтар бар.
К.Д. Ушинский өнегелі тәрбиеге үлкен мән берген, оның негізін дін деп санаған. Дінді ол, ең алдымен, өнегелі тазалықтың кепілі деп түсінген. К.Д. Ушинскийдің«Тәрбие халықтық ілтипатқа ие болған жағдайда ғана өз мақсатына жетеді»(25;\31) - дейді. Иман ұғымы бізде ұлттық сипатқа ие болған. Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Имандылық-ұлттық шеңберде шырмалып қалған тар ұғым да емес,Қазақстан Республикасында тіршілік етіп отырған күллі этнос өкілдері, оның ұрпақтары имандылық нұрынан тысқары қалуға тиіс емес. Ешбір ұлт бұған қарсы болған да емес.Имандылық- қазақ үшін,жалаң ислами ұғым да емес.Ол наным-сенім ретінде, қашаннан бар,ұласып келе жатқан түсінік. Атам қазақтың адамгершілік ұғымын имандылық сөзімен беруінде ерекше мән бар. Өйткені, адамгершілік пен имандылық арасында үлкен айырмашылық бар. Адамгершілік – барлық адамның бойында бола алатын адамның адамдық болмысынан (кісілігінен)туған қасиет.Имандылық әлемнің Жаратушысы, Ұлы Досына деген иман атты сүйіспеншілігінен туған аса ізгі кісілік қасиет. Яғни, әрбір имандылықта адамгершілік бар болса да әрбір адамгершілікте имандылық болмауы бек мүмкін. Сондықтан қазақта имандылық - ауқымы аса кең үлкен пәлсапалық ой-толғамға ие, ерекше мәнді ұғым. Атам қазақ иманын - өз болмысының тірегі мен ар-ожданның асыл тас ақиқаты деп ұққан. Сол себепті олар жүректен иман шыққаннан кеудеден жан шығуды артық санаған. Оған қазақтың мына сөзі куә: «Малым жанымның садақасы, жаным арымның садақасы». Бұл жерде атам қазақтың «арым», деп, отырғаны - иман. «Ұят кімде болса, иман сонда», деуі де, содан қалған. Ар-ұятын сатқан жанға «иманын сатты», арсыз жанға «имансыз», деген сөзбен түйреген. Қазақта мұндай сөз тіркестері толып жатыр. Бұл – қазақтың аса иманды момын-мұсылман жан екендігінің белгісі. Яғни, қазақ бар жақсылық ұғымды иман сөзімен, бар жамандық ұғымды имансыз сөзімен айқындаған. Қазақ әрқашан Ұлы Досына беріктігін көрсеткен. Иә, қазақ шыр етіп дүние келген баланың құлағына азан айтып, ажалы жетіп бұл жалғаннан озған жанның да жүзін құбылаға қаратып, жаназасын оқып Ұлы Жаратушының жарлығын бұлжытпай орындауға тырысқан. Біздің ата бабаларымыз дінді тереңінен зерттеп мол тағылымын өзінің салт санасына, дәстүріне сіңіре біліп өзінің ұрпақтарына ана сүтімен, тәлімі мол істерімен дарыта білген..Абай атамыз«Алланың адам баласына дінді түсірудегі мақсаты – құлдарының жолдан адаспауы үшін, бір бірімен ізгілікте, татулықта өмір сүрулері үшін болды» дейді. Осыған дәлел Ұлы ақын Шәкәрім қажы былай дейді.
Әлемдегі діндердің түп мақсұты,
Үш нәрседе бұлжымай құшақтасар:
Құдай бар, ұждан дұрыс, қиямет шын,
Еш діннің мақсұты жоқ мұнан асар.
Дін адамды бір бауыр қылмақ еді,
Оны бөліп, дұшпандық қару жасар.
Інжіл, Құран бәрі айтып тұрса дағы,
Мағынасына адасып қара басар.
Сөйтіп бұзып, бүлдіріп есіл дінді,
Дін десе білімділер тұра қашар.
Ешбір дін өйтіп дұспан бол демейді
Қанеки бұл сөзіме кім таласар?- деп тұжырым жасайды. Ал,имандылық-тәрбиелеу қазақ ілімінің асыл өзегі. Осы асыл өзек бүгіндері қоғамдағы тәрбиелік іс-әрекеттер мен шара- шаруалардың тірегі бола алмай отыр.Мұның екінші жағы бүгінгі қазақ педагогикасы жарқырап көрініп,тәрбиелеу теориясын заманға лайықтап әлемдік педагогика аумағына жақындай алмауында болып тұр.Жалпы,Қазақстан Республикасында Ұлттық білім философиясына (Pilosofy of education),Оқу білім ғылымына(Introduction to Education studies), Мектептану(Skalolazanie) назар аударылмай,іргелі педагогикалық ғылымдар дамымай қалған.Олай болса,Иманипедагогика заманауи тәрбие теориясы болуы тиіс.Оның алғы шарттары толық бар.Айталық,Иманипедагогиканың ғылыми негізін Фараби, Баласағүни,Яссауи бабаларымыз салып,Абай, Шәкерім және Мағжан,Жүсіпбек даналарымыз тиянақтап қойған.

Қобдабай Қабдыразақұлы (ғалым-жазушы)
Категория: Научная кафедра | Добавил: Abaiagahobd (2018-11-12) | Автор: Кобдабай Кабдиразах E
Просмотров: 506 | Теги: Теория, заман, педагогика, Иман, тәрбие | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 8:50 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru