Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Научная кафедра

Ғылыми ізденіс жұмысы "Сталин саясатының қазақ әдебиетіне тигізген әсері"
Кенжебаева Рабиға Мекембайқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қазақстанның зияткерлік «Бәйтерек» мектебі

Сталин саясатының қазақ әдебиетіне тигізген әсері

Ағыны күшті асаулар ноқтаға басы керілді.

Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің, ұлт¬тық интеллигенцияның иммунитетіне ай¬налған ұлы тұлғалардың әр біреуі та¬мы¬рын тереңге тартқан алып бәйтерек, сар¬қылмас құнды қазына еді. Қазақ топырағына қасіретті де қатігез оқиғаның қара дауылындай көрінген, осынау сойқан саясаттың басында отырған сол кездегі Бас хатшы И.В. Сталиннің қазақ ұлтының көсемдерін қынадай қырып-жоюының қазақ әдебиетіне тигізген кері әсерін сөз етпек бұрын, оның өмірі мен қызметіне тоқталайық.
Сталин - шын аты Джугашвили Иосиф Виссарионович (1879-1953) Грузияның Гори қаласында кедей отбасында дүниеге келген. Әкесі қарапайым етікші және ішімдікке өте әуес болған, ал шешесі крепосной шаруаның қызы болған. Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Бас хатшысы (1922-1953), Кеңес Одағының маршалы (1943), Кеңес Одағының генералиссимусы (1945), 1894 жылы Тбилисидегі православиялық діни семинарияға оқуға түскен. Онда оқи жүріп, құпия үйірменің жұмысына ат салысып, «Месамедаси» (үшінші топ) атты грузин социал-демократия ұйымына мүше болып кірді. 1899 жылы саяси қызметі үшін семинариядан шығарылып, біржола төңкерісшілдік жолға түсті. 1901 жылы РСДЖП-ға мүшелікке өтті. «Коба» деген лақап атты иемденген. Астыртын қызмет барысында бірнеше рет тұтқынға алынып, Шығыс Сібірге жер аударылды. 1912 жылдан РСДЖП-ның ОК-не мүшелікке сайланды. 1912-1913 жылы Санкт-Петербургте жұмыс істей жүріп, «Звезда» және «Правда» газеттерінің жұмысына белсене ат салысты. Осы кезде «Марксизм және ұлт мәселесі» деген еңбегін жазды. 1913 жылы ақпанда тағы да тұтқындалып, Турухан өлкесіне жер аударылды. Айдаудан 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін оралып, РСДЖП-ның ОК бюросының құрамына және «Правда» газеті реакциясына енді. Қазан төңкерісін әзірлеуге және оны жүзеге асыруға қатысты. Кеңестердің Бүкілресейлік 2-съезінде Ұлт істері халкомы (1917-1922) ретінде алғашқы кенес өкіметінің құрамына сайланды. 1919-1922 жылы Мемлекеттік бақылау халкомы міндетін қоса атқарды. 1922 жылы РК (б) Орталық Комитет Пленумы Сталинді Орталық Комитеттің Бас хатшысы етіп сайлады. КСРО-ны құруға белсене қатысты. Алғашқы кезде «автономияландыру» жобасын ұсынды. Ленин өмірінің соңғы жылдарында бар билікті қолына топтастыруға талпынған Сталиннің жеке басына сенімсіздік танытты. Ол Кеңестердің Бүкілодақтық 1-съезіне жолдаған хатында Сталинді орнынан ауыстыру жөнінде ойластыруды ұсынды. Алайда РК (б)П-ның 13 съезі Сталинді Бас хатшы етіп қалдыруды ұйғарды. Сталиннің басшылығымен ауыл шаруашылығын коллективтендіру қолға алынып, байлар мен кулактарды тап ретінде жою саясаты жүзеге асырылды. Бұл халық арасында жасанды ашаршылық пен босқыншылықты туғызып, ауыл шаруашылығын коллективтендіруге қарсы шаруалар қозғалысының өрістеуіне алып келді. Сталин елде қуғын-сүргін саясатын жүргізіп, тоталитарлық жүйені қалыптастырды. Ұлттық интеллигенция өкілдерін «халық жаулары» ретінде қуғындау басталды. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, Ә. Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев сияқты оқыған, зиялы елді ұйқыдан оятуға, оның саяси санасын көтеруге ат салысқан азаматтар қысымға алынды. Әдебиет пен өнердің, мәдениеттің бет алысын партия үнемі қадағалап отырды.
1925 жылы Қазақстан өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келген Ф.И.Голощекин «Қазан төңкерісі қазақ ауылының сыртынан құйындай ағып, өте шыққан. Ауылдың бейнесіне ешқандай өзгеріс жасамаған» деген тезис ұсынып, оны И.В.Сталинге мақұлдатып алып, Қазақстанда «Кіші Қазан» атты жаңа төңкеріс жасауға кірісті. Қазақ шаруаларын күшпен ортақтасып, коммуналар құруға шейін барды. Ауқаты бар адамдар «бай», «үстем тап» деген атпен тәркіленді. Қазақ халқы жаппай жүдеушілікке ұшырады, елді аштық жайлады. Қазақстанда біртұтас партия ұйымы болмаған. Ол жеке-жеке «көсемдер» билеген ұйымдардан ғана құрылған деген сылтаумен ел билігіндегі оқыған азаматтарды қудалай бастады. Оларға байтұрсыновшылдық, рысқұловшылдық, сейфуллиншілдік, қожановшылдық, деген сияқты ұлтшылдық айыптар тағылды. Газет беттерінде оларды «әшкерелеген», «Байтұрсынов пен байтұрсыновшылдық», «Сәкен және сәкеншілдік» атты мақалалар басылды. Мұның аяғы ұлтшыл оқығандарды тұтқындап, жер аударып, атумен аяқталғаны өздеріңізге белгілі және Қазақстандағы әдебиеттің дамуына белгілі дәрежеде әсер етті. Осы бір тұстағы әдебиеттік туындыларда көркемдік ізденістен гөрі ұрандау сарыны басымдау болды. Ойлы, саналы қаламгерлердің бой тасалауына тура келді.
Отызыншы жылдарды әдебиет дамуының бағыты, жеке шығармалар жөнінде пікір айтумен қатар кейде әсіресе сынампаздық, автордың жеке басына тіл тигізу, оларға әртүрлі айыптар тағуға құмарлық сияқты мінездер де бой көрсетті. Бұл негізінен әдебиетті уысынан шығарғысы келмеген партия саясатының өзгеріп тұруымен байланысты іске асып отырды.
Отызыншы жылдардың бас кезінде Сталин мен Голощекин саясаты бойынша қазақ қаламгерлері қатарынан ұлтшылдық пен Алашордашылдықтың, жікшілдіктің қателерін іздеумен болды. Мұндай мақалалар жазуда М.Қайыпназаров, Ж.Садуақасов, Қ.Өтепов, Ә.Мусин тағы басқалар көзге түсті. Олардың сынына алдымен С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Б.Майлин, М.Әуезов, Ғ.Тоғжанов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов сияқты көрнекті қаламгерлер ілікті. Партия ұлтшылдықтың шыққан төркінін әшкерелеу үшін Алашорда тарихын қазбалауға кірісті. С.Брайнин мен Ш.Шафиро «Қазақ зиялыларының 1917 жылғы рөлі мәселесіне», «Алашорда тарихының очерктері» деген еңбектер жазып, олар да «қазақ ұлтшылдығын» әшкерелеуге тырысты. Олар патшаға қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық күресін, орысқа қарсылық деп түсіндірді. Қазақтарды революцияға қатыспаған, оған қарсы топтың қатарына қосты. Ұлттықтың бәрі ұлтшылдыққа айналды. Осындай күштеулердің нәтижесінде партия басшылығының зорлауымен С.Сейфуллиннен (ол 1929 жылы «Менің қателерім туралы» деген мақала жазуға мәжбүр болған) кейін С.Мұқанов, М.Әуезов те, Ғ.Тоғжанов та «қателерін мойындаған» мақалалар жазуға мәжбүр болды.
КазАПП басшылығы осы саясаттың шоқпары болды. Олар әдебиетке қойылатын талаптарды сырт қалдырып, оны саяси науқанның құралына айналдырды. Әдеби шығармының бағасы таптық көзқарасты ашық уағыздап, партияны, Кеңес өкіметін мақтауына қарай берілді. Шын көркем әдебиетті таза пролетариаттық, кедейшіл жазушы ғана жасайды, қалғандары таптық пиғылын өзгерте алмайды деп түсіндірді.
КазАПП сынының Республикадағы әдеби істі ұйымдастырудағы теріс мінезін ұлғайтуға И.С.Сталиннің «Большевизм тарихының кейбір мәселелері туралы» хаты да себепкер болды. Бұл хат бойынша өлкелік партия Комитеті 1932 жылы 10 қаңтарда түсіндірме жариялап, онда «алашордашылардың ықпалынан шыға алмай келе жатқан қазақ көркем әдебиеті мен әдеби сынына» айрықша назар аудару міндетін белгіледі. Бұдан кейінгі шаралар қазақ халқы мен әдебиетінің ұлттық сипатын өзгертуге мәжбүр етті. Бұл жағдай 1932 жылғы 23 сәуірдегі ВКП (б) Орталық Комитетінің «Көркем әдебиет ұйымдарының жұмысын қайта құру туралы» қаулысы шыққанша, Голощекин кетіп, орнына Л.И.Мирзоян келгенше созылды. Сол аласапыран жылдарда Сталиндік репрессияның қанды шеңгеліне ұшырап мерт болған ақын-жазушыларымыздың біразына тоқталып өтейік.
Жарты ғасырдан астам үзілістен соң халық алдына шыққан ұлы тұлғаларымыздың бірі Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны өзгеше. Шәкәрім әрі ақын, әрі тарихшы, философ, өз заманының ұлы ойшылы еді. Қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ өлеңін түрлендіре түскен, қазақ тілінің мол мүмкіндіктерін бұрынғыдан әрмен танытқан бірегей қаламгер еді. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі ең ірі ақын, қытымыр, қилы заманда оққа ұшқан – Шәкәрім Құдайдердіұлының өзі өлсе де, аты өшпеген. Шығармалары ұмытылмаған, бірақ жұрт алдына да жарқырап шықпаған. Өлең-жырлары, дастан-хикаялары ел аузында жүрсе де әдебиет тарихына енбеген. Баспасөз мүлде атаусыз қалдырған. Жеті жасынан бастап өлең жазған Шәкәрім:
Кетермін, артта жазған сөзім қалар,
Кейінгі талапты жас қолына алар.
Бірі жөн, бірі теріс айыпты деп,
Таласып өздерінше сынға салар, - деп болашаққа наз айтқандай да болады.
Арнайы оқу бітірмесе де, Абайдың басшылығымен және өз бетінше іздену нәтижесінде Шәкәрім сол замандағы қазақ ортасындағы - қазақ қана емес, бүкіл Түркістан өлкесіндегі ең ғұлама адамдардың бірі болған. Түрік, парсы, араб, орыс тілдерін жетік білген, классикалық шығыс поэзиясын, орыс және Еуропа әдебиетінің озық үлгілерін терең түсіне оқумен шектелмей, философия, дін тарихына қатысты еңбектерді қадағалап отырған.
1931 жылдан бастап ақынның ақырғы, бір жылға таяу өмірі аса бір ауыр халде өтті. Сондай қиыншылық жағдайда ел ортасынан аулаққа кеткенде, қарт ақын басқа бөтен оймен, кеудесіне кек сақтап кеткен жоқ. Оңашаға кетудегі мақсатын Шәкәрім ашық айтады:
Мен кеттім, сендер елде қойдың қалып,
Ешкімнің кеткенім жоқ малын алып.
Елу бес жыл жинаған қазынамды,
Оңашада қорытам ойға салып, -
дейді.
Айдалада, елсізде жападан-жалғыз күн кешкен Шәкәрімге аудандық ГПУ бастығы жаулық әрекеттердің бәрінің басшысы деп қарап, атып өлтіреді.
Бүкіл шығармаларының ішінде, не ұлтшылдық сарында, не революцияға қарсы жазылған бірде-бір өлең, не бір ауыз сөз жоқ болса да ақын асыра сілтеудің, сталиндік репрессияның, жалған жаланың құрбаны болды.
Тұтас буынның төлбасы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократиялық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, тілші, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын-аудармашы артында тау сілеміндей мол мұра қалдырған Ахмет Байтұрсынұлы туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет етуге арнаған.
Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары аяқтары ұзын маса
Өзіне біткен түсі өзгерілмес
Дегенмен қара, яки қызыл маса.

Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша,
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?!-
«Олжалы жерде үлестен, ордалы жерде орыннан, жоралы жерде жолдан қағынғанымыз - бәрі надандықтың кесепаты», - деп ұйқыда жатқан халқын сауаттылыққа шақырып, сары маса боп ызыңдап оятты.
Сталиннің солақай саясатының тырнағына іліккен А.Байтұрсынұлы Беломор-Каналда айдауда болып, 1934-1935 жылдары Алматыға оралады. Арада екі жыл өтісімен, 1937 жылы қарашада А.Байтұрсынұлы НКВД-ның шешімімен қамауға алынады. «Қайда апарасыңдар» деген әйелі Бәдриса «о дүниеге» деген жауап алады. Яғни, А.Байтұрсынұлына алдын-ала үкім шығарылып қойған. 25 қарашада ату жазасына кесу туралы үкім шығарылып, 1937 жылы 8 желтоқсан күні үкім орындалады. Осылайға есіл ер, ардақты азамат солақай саясаттың құрбаны болып кете барды.
Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдың басындағы жарқын жұлдыздарының бірі – Мағжан Жұмабаев сталиндік қылышынан қан тамған заманда қыршынынан қиылды. М.Жұмабаев ауқатты отбасынан шыға тұра, әке қарсылығына қарамай, жоқшылық, таршылыққа кеудесін тосып, үлкен қалаларда білім алуды мақсат еткен.
Жалынмын мен, келме жақын жанарсың,
Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың.
Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ,
Көз қырымен күліп қана қарармын.

Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,
Надан адам өлім жоғын білмейді.
Өзім – патша, өзім – қазы, өзім – би,
Қандай ессіз не қылдың деп тергейді? («Мен кім?»)- деген өлең жолдарынан от кеуде, өршіл ақынның өз күшіне, өз талантына, өмір-тағдырына кәміл сенгенін, жайдың жасылындай өткірлігін байқаймыз.
«Мен өлмеймін, менікі де өлмейді» дегенде, қылша мойны талша қиылатынын білді ма екен? «Мен өлмеймін» деген сөзінде шындық жатқан сияқты, алпыс жылдан астам керітартпа қоғам үнін шығарамай, тұмшалап келсе де, түбінде әділдік үстемдік құрып, боздақтарымыз ақталды.
Расында да, «Тоқсанның тобы», «Батыр Баян», «Қорқыт», «Ертегі», «Жүсіп» сияқты поэмалардың, «Жан сөзі», «Мені де, өлім, әлдиле», «Түркістан», «Сен сұлу», «Шолпы» сияқты өлеңдердің авторы от ауызды, орақ тілді, өткір ақынның аты, қалдырған мұрасы, дана сөзі өлмек емес.

Сталиннің сойқан саясаты ұлтымыздың Шәкәрім, Ахмет, Тұрар, Мағжан, Жүсіпбек, Сәкен, Міржақыптай сүт бетіне шыққан қаймақтарын қалқып алып тастап, қараңғы халықты айтқанына көндіріп, айдауына жүргізуді мақсат еткен болса керек. ХХ ғасырда енді қарқын алып келе жатқан қазақ әдебиеті керітартпа саясаттың кесірінен көптеген ардақтыларынан айрылды. Алпыс жылдай жаламен, нақақтан күйіп кеткен ұлт көсемдерінің атын атай алмай келдік. Ашылмайтын ақиқат жоқ. Ақиқат – алмастың жүзі іспетті, оны тот баспайды. Қаншама қастандықты ойлап тауып, айлалы әдіспен, аяр арандатумен шындықты шырмаса да, түптің түбінде түнекті жарып шығады. Өлгеніміз тірілді, өшкеніміз жанды.
Отандық тарихымыздың зобалаң жылдары – дүбірлі сілкіністер мен іркілістерде, дауылдар мен жауындарда, құйындар мен жалындарда «жаным арымның садағасы» деген халқымыз мойнына түскен қара нардай ауыртпалықты көтере білді. Көкірегі алтын сандық, кемел ойы жүректі тербеткен арыстарымыз көзі тірі болғанда әлі де халқына берері мен айтары көп еді. Бірі қара өлеңнің қасиетін ерте сезіп, ауыз әдебиетінің уызын мейірлене қанып ішкен білімдарлығын қайсар қайраткерлігімен ұштаса, бірі ұлт әдебиетінің тарихын зерделеген ең¬бекқорлығын табиғи талантымен, ұлтқа деген ұлы махаббаты мен әдебие¬тке өлшеусіз құштарлығымен ұштай білді. Алайда қазақ әдебиеті алыптарының елім деп соққан жүрек лүпілін Сталиннің сойыл соғарлары ұлтшылдық деп түсінді. Өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп, ұлт мақтаныштарының халқымен қайта қауышқанына бүгінгі ұрпақ - біз ризамыз. Кешегі қазақ әдебиетінің алтын дәуірін тудырған асылдар армандаған азаттыққа құдайға шүкір, бүгін біз жетіп отырмыз. Небір сынға шыдап, қайсарлық пен қайрат, ақыл мен парасат танытып, иілсе сынбаған ұлтымыздың ұлыларына мәңгі тағзым! Арыстарымыздың асыл бейнесін шындықпен жан-жақты ашып беру арқылы буын-буын жас ұрпақты отаншылдық пен мәрттікке, имандылық пен ар-ұждан тазалығына тәрбиелейміз.
Категория: Научная кафедра | Добавил: Рабига7 (2012-04-04) | Автор: Кенжебаева Рабига Мекембаевна E
Просмотров: 3397 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 1:46 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru