Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Воспитание души

Құқықтық сауаттылық- заман талабы
Құқықтық сауаттылық- заман талабы

Мақсаты: Білімділік- оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат қоя білуге баулу;
Тәрбиелік- Конституцияны т.б. құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгешілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу;
Дамытушылық- оқушылардың ойлау,тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау, сөздік қорларын молайту.
Көрнекілігі: Балалар құқығы Конвенциясы, Конституция баптарынан үзінді, нақыл сөздер.

Барысы:
Ұйымдастыру
а) Мемлекеттік әнұранды орындау.
ә) Оқушыларды екі топқа бөлу: І топ «Әділет», ІІ топ «Ақиқат».
б) Әділқазылар алқасын тағайындау.
в) Сайыстың мақсаты мен мазмұнын таныстыру.

Кіріспе.
Мұғалім: Еліміз тәуелсіздігін алып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетімізің қабылданған негізгі заңы ел дамуының негізгі компасы болды. Мемлекет дегеніміз- белгілі бір территориясы, шекарасы, рәміздері, ұлты бар жалпы халықтық ірі ұйым десек , сол халық ұлтының төл Конституцисының қабылданғанына 16 жыл толып отыр. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының БҰҰ 1948 жылы 10- шы желтоқсанда қабылданған. Осы декларация қабылданғалы жыл сайын 10- шы желтоқсанда « Адам құқықтарының күні» аталып өтіледі.
Адам және азматтардың құқықтары, ерік, бостандықтары терең құрастырылған құжат, бұл өзіміз жиі айта беретін 1787 жылы қабылданған АҚШ конституциясы. Бұл кезде 200 жылдан астам уақыт өтсе де сол конституция әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Яғни олардың заңы бойынша конституция алдында Президент те, қарапайым адам да бірдей жауапкершілікке ие.
1993 жылы Жоғарғы кеңес бекіткен егеменді еліміздің алғашқы конституциясы, 1995 жылы референдум арқылы бекіткен екінші конституциясы қабылданды.
Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіне сайланғаны жас мемлекетіміздің тарихында жарқын бет болып жазылатындығы күмәнсіз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев « Бұл біздің ғана жеңісіміз емес, Қазақстан ЕҚЫҰ- ға төрағалық ететін бірінші ТМД елі, ол бірінші түркі елі, сондықтан бұл- біздің ортақ жеңісіміз» деп атап өткеніндей, елімізге мұндай биік көрсетілгені бәрімізге зор мақтаныш.
Әлемдік қауымдастықтың құрметіне бөлену әрине оңай іс емес. Осы жылдар ішінде Қазақстанымыздың қандай жолдан өткендігі көз алдымызда, оны барша жұрт та жақсы біледі. Көпті көрген аға буын өкілі ретінде еліміздің қуаты берік, іргесі бекем бола түсуі- бірлігіміздің арқасы. Сол бірлікті ту етіп көтерген Қазақстанымыздың беделі өсе бергей.

Негізгі бөлім
Сайыс жоспары:
1. Таныстыру( топ аты, өмірлік ұстанымы, топ төсбелгісімен таныстыру)
2. Тікелей сұрақ (әр топқа 10 сұрақ)
3. Тапқырлық (еліміздің кез-келген заңынан қате мәтін беріледі, әр топ қатені түзеп, қай заңнан алынғанын табады)
4. Ой талқы (Берілген сұраққа әр топ өз тұжырымын білдіру керек).
Тақырып
а) Жастарды қылмысқа итермелейтін не?
ә)Жастар арасында қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек ?
5. Ой жағау кезеңі (сөздің жалғасын табу)
6. Білімді тиянақтау
7. Қорытынды( Әділқазылар алқасының қорытындысы).

1-жүргізуші: Туған жерім күн санап әсемденіп,
Көз тартады көркімен әсер беріп .
Ата заңым елімнің мақтанышы,
Бірге есейген халқыммен бекемденіп.

Еңбек, тыныс, тіршілік жарасқандай,
Бір қазанда қайнаған толас болмай.
Асқақтаған желбіреп көк байрағым,
Өршіл бейнең аспанмен таласқандай.

Жаса мәңгі тәуелсіз арысты елім,
Ата заңмен әрқашан табысты едің.
Соның бәрін дамытып кең даламда,
Болашағың болсын тек Барыс сенің!

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Мемлекетіміздің ата заңының 1- бабында « Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. Оның басты қазынасы- адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықты мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп , еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу- заман талабы . «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» айдарымен ұйымдастырылған тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

І бөлім « Таныстыру»
(әр топ атын, топ ұстанымын, топ төсбелгісін таныстырып өтеді. Жоғарғы ұпай 10 ұпай)
І топ «Әділет»
1-жүргізуші: Топтың аты : «Әділет»
Топтың ұстанымы: Әділ болу - әр адамның парызы,
Мұны біледі жасы менімен кәрісі.
Әділетті болғаның қандай жақсы,
Анықталып тіршіліктің ақ пен қарасы.
(Топтың төсбелгісіне анықтама беріледі.)

2-жүргізуші: Топтың аты : «Ақиқат»
Топтың ұстанымы: Ақиқаттан қаша алмаймыз ешқашан,
Ақиқат ашылады әрқашан.
Ақиқатсыз өмір жоқ біз білетін,
Ол емес өмірде өзгеретін
(Топтың төсбелгісіне анықтама беріледі.)

П бөлім «Тікелей сұрақ»
( Әр топқа заң, құқық тақырыптарына қатысты 10 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі.)

«Әділет» тобының сұрақтары:
1. Конституция сөзінің аудармасы қалай?
(Құрылым, өкілім)
2. ҚР Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы (халық)
3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)
4. Егемендік алғаннан кейін ҚР-да конституция қанша рет қабылданды? (2 рет: 1993 жылы 28 қаңтар, 1995 жылы 30 тамыз)
5. Республикадағы жоғарғы заң шығарушы органды ата? (Парламент)
6. «Қасым ханның қасқа жолы »қанша тараудан тұрады? (5 тараудан)
7. ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды? (Демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік)
8. Құқық дегеніміз не? (Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі)
9. ҚР конституциясы неше бөліменен және қанша баптан тұрады? (9 бөлім 98 бап)
10. 17 желтоқсан қандай күн? (демократиялық жаңару күні)

«Ақиқат»тобының сұрақтары:
1. Еліміздегі мемлекеттік тіл? (Қазақ тілі)
2. ҚР «Баланың құқықтары туралы заң»қай жылы күшіне енді? (2002 жылы 8 тамыз)
3. ҚР-ның төл теңгесі қашан қолданысқа енгізілді? (1993 жылы 15 қараша)
4. Дүние жүзіндегі тұңғыш конституция қай жылы пайда болды? (АҚШ-та 1787 жылы)
5. Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды? (1948 жылы 10 жклтоқсан)
6. ҚР-ның «Мемелекеттік нышандары»туралы заңы қай жылы қабылданды? (1992 жылы 4 маусым)
7. ҚР-дағы «Бала құқықтары »туралы заң қанша тараудан тұрады? (10 тарау 53 бап)
8. «7 жарғыны»қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан)
9. «Бала құқықтары»туралы конвенция қашан қабылданды? (1989 жылы 20 қарашада БҰҰ-ның бас Ассамблеясы қабылдады)
10. ҚР-ның жаңа әнұраны қашан қабылданды? (2006 жылы 6 қаңтар

1-жүргізуші: 1) Тәрбиелі - тәртіптің құлы,
Тәртіпті – елдің ұлы.
Б. Момышұлы.
2) Әділ адамның адамгершілік қасиеттері заңды жоқтатпайды.
Менандр.

2- жүргізуші: 1) Жақсы тәртіп әдетке айналса – ырыс , жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық.
Ғ.Мұстафин.
2) заң адамдардың тәжірибесін қоғам игілігіне пайдаланатын адамзат даналығының ең жоғарғы көрінісі болып табылады.
С. Джонсон

ІІІ бөлім « Тапқырлық»

ҚР-ның кез– келген заңының қате мәтіні беріледі, әр топ қатені түзеп, ол ҚР- ның қай заңынан алынғанын табады?

ІV бөлім « Ой талқы»

Берілген сұраққа әр топ ой- тұжырымдарын білдіреді. ( Уақыт 3 минут)

І топ: «Әділет» тобына
Тақырып : жастарды қылмысқа не итермелейді?
ІІ топ: «Ақиқат» тобына
Тақырып : Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?

V бөлім « Ой жалғау»
«Әділет» тобы
1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын )
2. өш алғаннан гөрі... ( кешірген жөн)
3. Тура биде (туған жоқ)
4. Ақырын жүріп ... (анық бас)
5. Асыл тастан ... ( өнер жастан)

«Ақиқат» тобы

1. Ұрлық түбі ...( қорлық)
2. Жазасын тартпайтын... (жамандық болмайды)
3. Әдепті бала ...( арлы бала)
Әдепсіз бала ...( сорлы бала)
4. тәрбие ... ( отбасынан басталады)
5. әділ істің ...( арты игі)

VІ бөлім « Білімді тиянақтау»
Сабақтан алған білімдерін, өз көзқарастарын, пікірлерін жазу( айту)

Қорытынды.
Әділқазылар алқасының қорытындысы.
Категория: Воспитание души | Добавил: molli (2013-05-02)
Просмотров: 2485 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-11-18, 3:19 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru