Главная » Статьи » В помощь учителю » Воспитание души |
Мектеп: ШҚО Бесқарағай ауданы Қоянбай ауылы «Қоянбай орта мектебі» Химия пәні Пән мұғалімі Нурумханова Назгуль Касеновна Тақырыбы: «Жасай бер, жаса, тәуелсіз ел – Қазақстан» Мақсаты: оқушыларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты тәрбиелеу. Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, суреттер, қанатты сөздер Қанатты сөздер: «Мәңгілік мақтан, Дауылпаз дастан –Қазақстан!» «Жасай бер, жаса, Тәуелсіз ел –Қазақстан!» Түрі: ашық тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады. - Құрметті оқушылар, ата –аналар, ұстаздар «Жасай бер ,жаса, Тәуелсіз ел –Қазақстан!» атты ашық сағатына қош келдіңіздер! Халқымыздың өткен өмір жолдарына қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, өз сыры, өз тарихы бар. І жүргізуші: Тыңда жолдас, тыңда дала, тыңда ел! Сөйлеп тұрған –күншығыстан жомарт өңір Қазақстан! Жұмыр жердің оңтүстік шығысында еркін көсілген байтақ өлке –менің елім келбетті, нұр сәулетті Қазақстан! ІІ жүргізуші: Жасыл шүйгін, кең жайлау, асау өзен, асқар тау, кербез орман, көркем бел, лебі жұпар, ерке жел. Жанға сая панамыз –Қазақстан –көркем жер! І жүргізуші: Бүгінгінің биігінен көз салып көр еліме, бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме. Қазақстан –бүгін міне жеке отау салтанаты жарасқан! Бір отбасы, бір туысқан бір –біріне қарасқан! Тәуелсіздік асқарынан барласаң, бір шынардың бұтағындай күн нұрына таласқан! ІІ жүргізуші: Қазақстан Республикасының Туы кіргізілсін! (3 оқушы салтанатты түрде Мемлекеттік туды алып кіреді) І жүргізуші:1990 жылы 24 сәуірде Қазақ КСР –нің ХІІ Жоғарғы Кеңесінің І сессиясында Н.Ә.Назарбаев Республиканың Президенті болып сайланды. ІІ жүргізуші:25 қазан. «Қазақ КСР-нің Мемлекеттік Егемендігі туралы» декларация заң жүзінде бекітілді. Декларация Республиканың тең құқылы шарт негізінде, егеменді Республикалар одағына кіру ойынан басқа, алғаш рет ҚазКСР-нің егемендік құқығы жағдайы үшін мемлекеттік –құқықтық нормаларын бекітті. 1-бала: Қазақстан –Республикам, мақтанышым, Мен сені жырлаймын мақтан үшін. Құдайым маған құйттай жүрек берген, Лүпілдеп сені сүйіп сақтау үшін Адамзатқа дүниеде, Өмір –ау десеп ен қымбат, Дархан тірлік мекенім, Бәрінен, Отан сен қымбат! 2-бала Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген Жөргегімде тыныстым мұн тілімен Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. Мен қазақпын, ажалсыз анамын мен, Құрсағыма сыйдырам даланы кең Пәк сәбимін бесікте уілдеген. Дәуәрлермен құрдаспын, данамын мен. 3-бала: Қазақстаным, жасыл орманым, Қуанышымды жасыра алмадым. Аңсаған бабам, Аңсаған елім, Бостандық еді, Асыл арманым. Маған қымбат Ұлы елімнің Шешек атқан әр гүлі. Аялайды бәрімізді Азаттықтың таң нұры. САрарқаның даласына, Күн шуағын төкен күн. Елім менің жерім менің, Баққа қолы жеткен күн. Бостандығым тұнғыш рет Ақ қанатын қаққан күн. Әже әлдилеп немересін, Басы айналған бақтан күн. Тәуелсіздік –Ұлы күнім, Тұрсын жайнап төбемде. Сен жасай, бер мәңгі бақи, Қуанышқа бөленде. І жүргізуші: 1991 жылы 1 желтоқсан. Республикада бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақ КСР-нің Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады. ІІ жүргізуші: 10 желтоқсанда Қазақ КСР-нің Президенті Н.Ә.Назарбаев біздің мемлекетімізге Қазақстан Республикасы атауын беру туралы заңға қол қойды. Ел атауын өзгерту өмірдегі өзгерістер болып жатқан жаңа тарихи кезеңде республика азаматтарының өркениетті демократиялық және құқықтық мемлекет құдіретін заңды тұрғыда рәсімдеді. Іжүргізуші: 16 желтоқсан. Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдады. Республика өз аумағындағы барлық билікті жүргізетін, ішкі және сыртқы саясатын өзі жүргізетін тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет құдіретін заңды түрде рәсімдеді. ІІ жүргізуші: 1992 жылы 14 маусымы –Қазақстан тарихында ұмытылмас күн. Бұл күні Қазақстанның Жоғары Кеңесі өз жұмысын талқылаудан бастады. Ежелден бейбітшілік, біртұтастық, сабырлық және амандық белгісі байрақ үшін көгілдір түс, елтаңба үшін мейірімділік, ізгілік белгісі алтын түс таңдап алды. Көк байрақ туралы баяндама оқу Іжүргізуші: 1 бап: 1)Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын шет мемлекеттердің, қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың туларымен бір мезгілде көтергенде (тіккенде, орналастырғанда) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының көлемі басқа тулардың көлемінен кіші болмауға тиіс ІІ жүргізуші: 2)Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы басқа тулардан төмен орналастырылмайды. І жүргізуші: 3)Қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың тулары Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туымен бірдей болмауы тиіс. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, әнұраны туралы баяндама жасау ІІ жүргізуші: Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге асқан кезеңде тәуелсіздігімізге қол жеткіздік, Қаймықпаған қиындықтың жүгінен, Өздеріне сыйлап қырдың гүлінен. Бүгінгі ұрпақ –бақытты ұрпақ атынан, Құттықтаймыз! Тәуелсіздік күнімен. І жүргізуші: Далада думан, қалада думан жыр бүгін, Ғасыр бойы аңсай да күткен бұл күнім. Жасай бер, жаса асқардан аса әрқашан, Кеудеме әкеп қондырған бақыт бұлбұлым. ««Жасай бер, жаса, тәуелсіз ел – Қазақстан» -атты ашық тәрбие сағатымызды «Жасай бер, жаса - Қазақстан» атты әнмен аяқтаймыз | |
Просмотров: 4171 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|