Главная » Статьи » В помощь учителю » Воспитание души |
Табиғатпен үндескен ақын- жанмын... «Сүйем мен табиғаттың ұлылығын, Сүйем мен табиғаттың қаталдығын!» Мақсаты:Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев поэзиясына қызығушылығын арттыру.Ақын жырлаған табиғат, туған жерге деген сүйіспеншілігін көре білуге, түсіне білуге үйрету; Оқушының табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту;Табиғатты жырлауға , аялауға тәрбиелеу; Ақын жанының жұмбақ әлеміне үңілу, оның табиғатпен үндестігін түсіне білуге баулу; Түрі: Кіріктірілген тәрбие сағаты Көрнекіліктер: 1.М.Мақатаевтың портреті. 2.Өлең жинақтары 3. М.Мақатаевқа арналған сөре 4. Табиғат тақырыбына арналған слайд. 5. Табиғат тақырыбындағы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер. Барысы: 1.Кіріспе (мұғалімнің сөзі) -Құрметті қонақтар,ұстаздар,оқушылар! Бұл тәрбие сағатында сіздерді «қазақтың қара өлеңінің Құлагері» атанған Мұқағали сынды ақын жанының табиғатпен үндестігіне, оның табиғат тақырыбына және ақынның жұмбақ әлеміне үңілеміз. (Күй ойналып тұрады, ортаға жүргізуші шығады) 1-жүргізуші (Назерке) : -Табиғатты сүю оған деген құштарлықтан, оның үйлесімділігі мен сұлулығына тәнті болудан басталады. Табиғатты сезіну арқылы адам өз табиғатының қасиетін ұға алады,денсаулығын нығайтып,шабытының қайнар көзін ашады. Осындай шабыттан туған ақын өлеңдерінен үзінділер тыңдайық! 1- бастаушы (Досхан): Поэзия! Менімен егіз бе едің? Сен мені сезесің бе, Неге іздедім? Алауыртқан таңдардан сені іздедім, Қарауытқан таулардан сені іздедім. Сені іздедім кездескен адамдардан, Бұлақтардан, баулардан, алаңдардан. Сені іздедім досымнан, қасымнан да, Ақша бұлттан іздедім, жасыннан да, Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда, Қызыл-жасыл шұғыла шашылғанда, Көкжиек пен көкжиек қосылғанда. Жүргізуші (Назерке) : Ақын деген табиғат қой, қысы,күзі,жазы бар. Көктемі бар шуақты – деп жырлайды ақын. Ендеше ақынның мына бір өлеңіне құлақ түрейік. 2-бастаушы ( Сабина) Суық күз, Сермеп жатыр жел ескегін, Сен сонда көктем болып елестедің. Жел жағыма панадай қайыспай тік, Қалқандай қайрат берген емес пе едің? Қыс келген, қырау тұрған кездерде де, Маздаған шуағыңды сезген дене. Ұмытты деп ойлама жақсылықты, «Жалаңаяқ құдайдан безген неме». Көктемге де сенімен еріп келдім, Көктеп тұрған бағымды келіп көрдім. «Көрінгенге иілме, майыспа!» деп, Көңіліме тәкаппар желік бердің. Жаздың да жан шөлдетер аптабында, Жан сусынын баса алмай жатқанымда. Шыңыраудан шығардың шырын тартып, Шырылдаған жүректі ап қалуға. Ән: «Есіңе мені алғайсың» (Бағдат Назгүл) Жүргізуші: Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы, Бұдан артық рахат табылмайды. Бұлдырасын өткен күн сағымдай бір, Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы. Мұқағали образындағы оқушы(Досхан): Сен де кеттің, Мен де кеттім, Ол да кетті ауылдан. Осынымыз ұят болды-ау, Ұят болды-ау қауымнан! Бастаушы ( Ердос) Деп осылай, Жар салған қазақ бауырға. Ұят санап, Сауын айтқан қауымға. Елбасының саясатын ұстанып, Қайтып келем «дипломмен – ауылға!» Жүргізуші: Адам – табиғаттың бір бөлшегі. Жарқырап шыққан күн, таза ауа, мөлдір су, ну орман адамға қуат беріп, оның жан дүниесін мейірлендіре түседі. Адам мен табиған арасындағы байланыс тамыры тереңде жатыр. Адам өмірі табиғатқа тәуелді. «Табиғатты қорғау – өз өміріңді қорғау» дейтініміз де сондықтан. Мұқағали образындағы оқушы (Досхан): Таныс өлке Таныс аймақ, Таныс маң: Анау жерде – құрбылармен алысқам. Анау жерде – құрбы жанмен танысқам. Алба-жұлба ақша бұлттар жарысқан, Таулар әне, ұйықтап кеткен данышпан, Жолдар анау,шұбатылып шаңы ұшқан, Таныс өлке,таныс аймақ,таныс маң. ... Айналайын ! Атамекен,Ақ мекен! Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?! Туған өлке тәтті екен ғой, Тәтті екен. Бастаушы ( Қырмызы) Дәм-тұзымды құныға татпасаң да, Арқада аунап-қунап жатпасаң да, Табиғаты ұқсамайтын басқаларға, Таусылмас қанша оны мақтасам да. Ұрпағымын Мәдидің Арқадағы, Сая болған шыршалары, аршалары. Қасым ақын жырлағантуған жерім- Жерұйығы Сарыарқаның –Қарқаралы. ( Ән : «Құмған алған» орынд. Мейірман Мейрамбек) Жүргізуші (Назерке) : - Сұлу табиғаттың қазіргі күні хайуандықпен пайдаланылатынын, оны күтудің орнына тоздыратынын өз көзімен көріп тұрғандай тірі кезінде дәл суреттей білген ақынды әулие демей көріңіз. Мұқағали образындағы оқушы: Тоғай еді, Қарасудың әр жағы, Қайда кеткен қамысы мен талдары, Не күзетіп, нені бағып жүр екен? Қайда кеткен мына ауылдың бағбаны? Тоғай тозған, Топалаң боп сиреген Аяулы еді ата-баба тимеген Есек мініп бара жатыр қария. Қыршын талды қиып алып сүйреген. Тау- орманға Мына титтей тоғайда Топ-топ киік жайылатын, сол қайда? Үміт үзіп, үріккен аң, ұшқан құс Енді қайтып Бұл өңірге жолай ма? Жасауы жоқ жаққа оралу оңай ма? Бастаушы( Айбар): 1989-да шығып, Қол қойылған Президент Жарлығы, Дәл қырық жыл халық умен тұншыққан, Сұм полигон мәңгілікке жабылды. «Жасыл ел» бағдарламасын құрып, Кең даламыз жасыл желек жамылды. Шетел біліп,бүкіл әлемге танылып, Елу елдің қатарынан табылды. Жүргізуші (Назерке): - Мұқағали табиғатқа терең бойлаған,оның әр құбылысын жүрегімен сезе, көре,ести біліп,ән жаза білген ақын. «Менің өлең-шумақтарым жасыл кілемдей жазира жеріме, мына тұрған аршаларына, анау тұрған шыршаларына арналады» дейді. Ендеше келесі кезекте ақынның өлеңдеріне жазылған әндерді тыңдасақ. Мұқағали образындағы оқушы: Жазым бар жалынмен жандырған, Қысым бар аязбен қандырған. Көктемі – балауса балдырған, Ал күзі – алып бір ақ қырман. (Ән: «Күрең күз» орындайтын Мұқанова Қорлан) Мұқағали образындағы оқушы: Апырау,бірақ күнде қыс келген бе? Қар ғой,мынау, бір түнде түскен жерге! Бір түнде мына аймақтың өңі өзгеріп, Бір –ақ күнде керемет істелген бе?! Бастаушы ( Перизат): Тәуелсіз, азат елдің ұрпағымын, Сен жырлаған,Отанын сүйер ұланымын. Жас Отандықпын, қанатымын жастардың, Самғап ұшар елімнің қыранымын. Жүргізуші(Назерке): - Ақын жаны табиғатпен үндесіп, жұмбақ бір дүние қайта өлеңдер арқылы тірілер қатарында болатынын мәңгі өлмейтінін әулиелікпен жырлап философиялық ой қозғайды. Бастаушы (Назгүл): Батар күн, Келер түн. Атар таң. Шығар күн, Бәріне,бәріне,бәріне құмармын. Осымен осылай мәңгілік тұрармын. Сірә, өлмейтін шығармын! Жақындық сеземін – Жерден де аспаннан, Жылылық сезінем – Мұздардан, тастардан. Өмірім, сірә да, әріден басталған, Әріден басталып,мәңгіге тасталған. Осы мен, Өлмейтін, өлмейтін шығармын. Сәл ғана мызғып ап , Қайтадан тұрармын. Ән « Табыт үні» , орындайтын Сониятов Досхан Жүргізуші (Назерке): Қысқа ғана өмірінде артына ғасырдан-ғасырға жететін мол мұра қалдырған ақын Мұқағали Мақатаевтың жұмбақ әлеміне бір сәт үңіліп, оның табиғат тақырыбындағы жырларымен ой бөлістік. Табиғатпен үндескен ақын жанының жүрегіне үңіліп, жырларына сусындадық. Ендеше, табиғат тақырыбы - мәңгілік ұрпақтан- ұрпаққа жалғасатын тақырып, оны қорғау әрқайсымыздың борышымыз екенін ұмытпайық. Табиғатты қадірлеу өзіміздің денсаулығымызды, тиыштығымызды, рухани құндылығымызды қадірлеу екенін естен шығармағанымыз абзал. Біз 11 сынып оқушылары сенің поэзияңды сүйіп қоймай, оған бас иеміз, аға ұрпақ өкілі . | |
Просмотров: 2007 | Комментарии: 3 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|