Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Воспитание души

тығырықтан алып шығар басты ілім
Тығырықтан алып шығар басты ілім
«Біздің білім беру жүйеміз, қоғамдық ғылымдар әлі күнге еуроцентристік рельспен жүріп келеді. Сол модельден шықпаймыз. Біз Тәуелсіз елміз, өзіміздің салт-санамызға негізделген ұлттық білім беру жүйесін қалыптастырып, жаңа модельде білім беруіміз керек. Егер Еуропаның педагогикасы мықты болса олар азбас еді. Біз балаларымызды әлі сол Еуропаны аздырып, тоздырған педагогикасымен оқытып келеміз. Дереу арада педагогикамыз ұлттық шығыстық рельске түсуі тиіс. Түптің түбінде біз бұған саналы түрде барамыз».Мекемтас Мырзахметұлы
«Тәрбие дегеніміз баланың үстіне кигізе қоятын дайын киім емес. Тәрбие жұмысының мыңдаған түрі мен қыры бар. Олар тәжірибеде сынала келе нәтижеге ие болады». Мәлік Ғабдуллин
«Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды» Мұстафа Шоқай «Адам баласы жан жемісін татпай, өмірдің терең мағынасында шын мақсатын түсіне алмайды»Мұхтар Әуезов

Бүгінгі адамдар кісілік болмысқа тән мінез-құлықтан ауытқып, адамдық қалыптың сыртынан көрінетін жайлар қомақтырақ көрінетіндіктен ғылым мен білім шың басына шыққан ғасырда адамзат қолы жеткен ақыл-ой, материалдық жетістіктерге барынша қуанғанымен «сауатты жабайылық» деңгейінің көтерілу себептері мен салдарына адамзат алаңдаулы. Әлемдегі барлық елдер мұны ертерек(өткен ғасырдың ортасында) аңғарып,тығырықтан шығар жолды жанталасып іздеп,әр ел өз хал- қадерінше шешіп келеді.Осы кезең Қазақ елі үшін тәуелсіздік алу,өтпелі шақты дұрыс басып өту,жаңа тұрпатты мемлекет құру қатарлы тым күрделі міндеттерді бастан кешкен мезгілмен сәйкес келді.Екінші жағынан,қоғам өзгерді,заман өзгерді дегендейін адамдардың өткен шақтағы сенім-нанымы,ой-санасы,мұрат тілегі өзгеріске ұшырап,олардың жөні бірден жұрт жүрегіне қонып,миына сіңіп болғанша,санада кейбіреу үшін тұрақсыз ойлар туындады,кейбіреу үшін қоғамдық сана сүзгісінің жоқтығынан нелер ой-сана,түйсік-түйін орын алды.Ал,жастар жағының ортасында,ата дәстүрімен ісі жоқ,иен кеңістік,жеңіл-желпі құмарлық сезім басымдылық алды.Міне мұның бәрі,санамызға сасық ой туғызды, салтымызға сорақы қылықтар әкелді,.мінезімізді бүлдірді,жанымызды күйдірді.
Тәрбие жүйесінде жаһандану процесіндегі шиеленіспен байланысты бірқатар проблемалар байқалады:-балалар мен оқушы жастардың бұқаралық мәдениет құндылықтарына, сапасы төмен бұқаралық ақпарат құралдары ақпаратына және интернет- сайттарға бағдарлануы; - қатыгездікті насихаттау, балалар мен жасөспірімдердің темекі шегуге, алкоголь және есірткі қолдануға әуестенуі, оқушылар арасындағы жезөкшелік немесе «балалы балалар» пайда болуы: - еңбек тәрбиесі рөлінің төмендеуі;-отбасылық құндылықтар мен отбасылық тәрбие дәстүрлері рөлінің төмендеуі;-әлеуметтік жетімдік, балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид, нашақорлық, бүлдіргіш секталарға қатысу және т.б. Мұндай жағдайдың бірден бір себебі тәрбиені әлеуметтік құбылыс және мақсатты процесс ретінде жете бағаламаушылық,оны басқаруға,бақылауға тиісті міндет екенін,мемлекет тұрғысынан,әлеумет тұрғысынан мойындамаудың кесірі болып табылады.Сонымен, қазіргі жағдайда тәрбиенің «кеңестік» үлгісі тиімсіз болып қалды және адами құндылықтарға негізделген, жаңа жағдайлар мен талаптарға жауап беретін тәрбиенің мұраттары мен қағидаларын алға шығарып, ғылыми негізде жасақталған әдіс тәсілдерді қолдану арқылы,тәрбиелеу амал-айласын өзгерту керек.Бұл өзгерістің теориялық негізі-тәрбиелеу қазақ ілімі екені белгілі.
Білім берудегі шет елдердің озық тәжірибесі мен технологияларын,әдіс –тәсілдерін игеру өте дұрыс-ақ.Бұл жағынан оқу-ағарту жүйесіндегі оңды өзгерістер мен табысты технологиялардың бере бастаған нәтижесі оның келешегі зор екенін аңғартады.Оқыту мен тәрбиелеу қаншама біте қайнасқан бірлікте болғанымен,дәл тәрбиелеу ісі- шет жұрттан көшіріп әкеліп, жаба салатын жабу емес.Мәлік атамыз: «Тәрбие дегеніміз баланың үстіне кигізе қоятын дайын киім емес. Тәрбие жұмысының мыңдаған түрі мен қыры бар. Олар тәжірибеде сынала келе нәтижеге ие болады».десе, тәрбие хәкімі М.Мағжан:«Әрбір ұлттың бала тарбия қылу туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар.Ұлт тарбиясы баяғыдан бері сыналып,көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан,әрбір тарбияшы,сөз жоқ,ұлт тарбиясымен таныс болуға тиісті.Және әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, ұстаз баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»-дейді.
Қоғамдық тәрбиенің күллі саласындағы тәрбиелеу үрдісіне негіз боларлық,тәрбиелі жұрттың үлгі өнегесімен иық тіресетін,терезесі тең келетін ілім қазақта барма еді?
Тәрбие оқулықтарын жазған Ж..Баласағұн,Ы,Алтынсарин, Қ.Абай,Ж.Жұмабаев, Б.Момышұлы, М.Әлімбаев т.б ғұламалар ешбір ілімге,қағида, ережеге сүйенбей жаза берді деп ойлайсыз ба?Олар өздерінен бұрыңғылардың айтып,жазып кеткен тәрбиелік ілімдеріне сүйенумен қатар өздері де жаңа ілім жасап,оны ғылыми тұрғыдан негіздеп отырған.Соның бірі,әрі бірегейі,бүгінгі біздің тәрбиелеу жүйемізді тығырықтан алып шығар,іргелі ілім-«Адам болу»-Абай ілімі туралы қысқаша әңгімелейік.
Ұлы ойшыл Абай адамның өсіп, жетілуіндегі тәрбиенің рөліне ерекше тоқтала келе, өзінің он тоғызыншы қара сөзінде “Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында болады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді”,-деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Абай “сүтпен біткен мінез сүйекпен бірге кетеді” дейтін теріс көзқарасты әшкерелеп, адам мінезі өмір барысынан сабақ алып, өзін қоршаған әлеуметтік орта әсерінен өзгеріске енеді, ол іс-әрекет арқылы көрінеді деген тұжырым жасайды. Адам мінезінің түрлерін адамгершілік, моральдық, имандылық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жіктейді.Әдептілікті, сыпайылықты, құмарлықты,тәуелсіздікті, беріктікті жақсы мінезге жатқызса, сенгіштікті, арсыздықты, мақтаншақтықты, қулықты, жауыздықты т.б. жаман мінез деп есептейді. “Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңнен өзің есеп ал” – дейді. Яғни адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады.Абай: “Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақтық”, – дей келе, адамды тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның рөлінің ерекшелігін саралап көрсетеді.“Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның өзінің замандас-тарының бәрі виноват”, -дейді. Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге байланысты екенін дәлелдей келіп, өзінің отыз жетінші сөзінде:“Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім”, – деді.
Абай жастардың белгілі бір мамандықты игеруін қуаттайды. Өзінің отыз үшінші қарасөзінде “Егер мал керек болса, қолөнерін үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер
жұтамайды” деп, жастардың сегіз қырлы, бір сырлы, өнерлі азамат болуын, белгілі бір өнер үйреніп, пайдалы іспен шұғылдануын, адал еңбекпен мал табуын уағыздаған ұлы ақын оларға: Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болса, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан, - деп өмірден өз орныңды таба біл, қоғамның пайдалы азаматы бол деп өсиет айтады. Абай адам болам деген әрбір талантты жастың бойында адамшылықтың қандай нәрі, ізгілікті сипаттары басым болу керектігін алғаш рет «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңінде саралап берді.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз,-деп,толық адам немесе инсанияттың кәмелаттығы туралы тезис жазған-ұстаз. Абай дана,қазақ педагогика тарихында тәрбие оқулығын жазып қалдырғандардың бірі..Оның ерекшелігі:-жасқа да,жасамысқа да,қарттарға да қажет бәріне ортақ-оқулықҰлы ақын Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана“Атаның баласы болма, адамның баласы бол… жақсылығың көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін” деген гуманистік ой-пікірді қуаттауы еді. Оның жастарды тәрбиелеудегі педагогикалық көзқарастары дүниежүзілік педагогика классиктері Ж.Руссо,Конфуций,: К.Д.Ушинскийдің ой-пікірлерімен терең қабысып жатыр. Абайда да адам жаратылысының жан сыры туралы жүйелі де, жемісті таным бар. Ол өзіне дейінгі Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Қ. Яссауидің кемел адам жайлы ой-пікірлерін әділет пен ақылдың сын таразысына салып, тұжырымдар жасады. VIII-IX ғасырда түрік халықтарының мінез-құлықтары, ой-танымын жолға салу әрекеті Әл-Фараби ұстанған моральдық-этикалық ілімінде парасатты адам (инани фазыл) туралы танымында жатты. Әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты философиялық трактатында «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» сияқты ұғымдарға түсінік бере келіп: «Жүрек-басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес»-дейді. Әл-Фараби түрік әлемінде өз танымының негізі ретінде жүрекке шешуші мән беруі-Абай негізін қалаған «толық адам» ілімінің түп төркіні қайда жатқандығын білдіретін құнды дерек көздеріне жатады. Әл-Фарабидің осы философиялық тұжырымы Абайдың «Он жетінші» қара сөзінде өзінің логикалық жалғасын тапқан. Абайдың осы сөзінде «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» үшеуі әрқайсысы өзін мықты санап, айтысып, таласып, ақыры «ғылымға» келіп жүгінеді. Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:-Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ-менің ісім, – депті. Бірақ билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді: жақсылық айтқанына жаны-діні құмар болады.Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады. Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді.Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет,-депті. Осы үшеуің бір кісідей менің айтқанымдай табыссаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам сол. Үшеуің ала болсаң, мен «Жүректі» жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды»-деген қорытындыға келеді. «...Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,-деп Абай айтқандай, жүректің жылуы, махаббат, ар-намыс, қайрат-жігер деген сезімдері бар рухтың мекені-тәлімгердің жүрегі болуға тиіс Бір қызығы «он жетінші» қара сөз бен «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңіндегі ақыл, қайрат, әділет, шафқат (жүрек) секілді басты ұғымдардың барлығы да Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігіндегі» «жауанмәрттілік»(ақыл) деп аталатын төрт түрлі кейіпкерге балама ретінде суретте-летінін байқауға болады:1.Әділет-Күнтуды2.Дәулет(қайрат)- Айтолды уәзір3.Ақыл-Өгдүлміш уәзір 4.Шафқат-Одғұрмыш (қанағат, рахым).Ал А.Ясауи ілімінде: « Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты-топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді.Осылайша А.Ясауи дүниетанымында «дертті адам», «топырақ адам», «кемел адам», сондай-ақ, «ғарип адам» тұлғалары дәріптеледі. Хикмет жолындағы «дертсіз адам» адамдық сезімнен жұрдай, қара басының қамын күйттейтін жан. Дертті адамның А.Ясауи іліміндегі алатын орны ерекше.Ол хикметінде “Білімің-шырақ, халің -пілте, көз жасың-жағатын май” болсын дейді. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, қайрат-жігерімен одан шығар жол іздейді.А.Ясауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа құлшылық ету (ибадат). Бұл ибадат – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Өйткені А.Ясауи ілімі – дін, мәзһаб аясына сыймайтын шексіз ашық (махаббат) жол. Ғарип адамды кемелдік мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде бағалайды.Сондықтан да А. Ясауи «Қай жерде ғарип көрсең һәм дем болғын» дейді. Яғни оларға дем бер, қолдау көрсет, қасынан табыл, құрметте дегені еді Міне, Абайдың «толық адам» туралы танымы да Сократтан басталатын Платон, Аристотельдегі «сүюді сүйеніш еткен адам», Қытайлардың дао іліміндегі «әбден жетілген адам», Шығыс ойшылдары мен суфизмдегі «пенделіктің кәмалаттығына ұмтылған адам», атап айтар болсақ, Әл-Фарабидегі «Кемел адам», Ж.Баласағұнның дастанында көрініс тапқан «Жауанмәрттілік» ілімі және А. Ясауи дүниетанымындағы «дертті адам», «топырақ адам», «ғарип адам» секілді тұлғаларымен сабақтасып жатыр. «Адам болу оңай іс емес. Тек ерік-жігері мықты адам ғана адамдықтың шыңына жете алады»(Иоганн Вольфганг фон Гёте) Осы жерде Мекемтас Мырзахметұлының мына сөзі еріксіз ойға оралады. «Абай неге өмір бойы зарлап өтті? Пенделік көзбен қарағанда, олай ететін жөні жоқ еді ғой. Ештеңеге мұқтаж бол¬ған емес, сонда неге зар иледі? Оны қын¬жылтқан халқының қасіреті, бодан¬дық тағдыры. Он сегіз жыл би, болыс бол¬ған ол биліктің ішкі құпиясын, бізді сор¬латқан саяси әдісін терең танып білген. Содан кейін патшаға телеграмма жіберіп: «Мынау сайлау елді бүлдіріп жатыр. Сіз генерал-губернаторларға бұйрық беріңіз, болыстарды тағайындап қойсын», деген ойын жеткізді. Патша олай істемейді, өйткені ол «сексеуіл әдісін» қолданып отыр. Бұл әдісті Ба¬тыс Сібірдің генерал-губернаторы Сперан¬ский ұсынған. Ол патшаға жазған қыз¬мет хатында: «Қазақтың даласында сек¬сеуіл деген ағаш өседі екен, балталаса жарылмайды, шеге қақса кірмейді, бі¬рақ сексеуілді сексеуілге ұрса быт-шыты шығады. Осы сексеуіл әдісін қазаққа қолданайық» депті. Міне, Ресей империясының бізге қолданған басты сая¬саты осыған негізделген. Әр болыста 12 ауыл болады, ол 12 ауыл әр түрлі рудан болуы шарт, содан кейін 4 ауылнай, 4 би сайланады, тағы да онбасы, елубасы лауазымдарын қосқанда, шамамен 270-тей қызмет орны болады. Қазақтарды соған таластырады. Аш иттерге майлы сүйекті лақтырып жібергенде бәрі бірден бас салады емес пе?! Дәл осы секілді қазақтар да қызмет үшін итше таласты, осыдан келіп қазақтың мінезі бұзылды. Мұны көріп, сезген Сұлтанмахмұт Торайғыров:Абай тұсы қазақтың бұзылғаны,Қаралыққа айналып қызыл қаны…Ақ пейіл бауырмалдық қалып кетіп,Желбуаз «сұрқия» боп қызынғаны.Мас болып партияға қызып алған,Даланың табиғатын бұзып алған,Елдігіне, жеріне әм дініне,Құрылды талай тұзақ, талай қақпан»-, деп қамыға жырлады. Мұндағы тұзақ дегені – миссионерлік саясат. Яғни шоқындырып, орыстандыру болды. Ал қақпан дегені – бізді қасіретке ұрындырған сексеуіл әдісі. Мінез-құлқымыз түзе¬лер емес, Абай осыны көрді. Қалай еліме жәрдем етемін деп, халқына ем үшін толық адам ілімінің негізін сала бастады, бірақ аяқтай алмай кетті. Тек рухани өзегін жүйелеуге ғана үлгерді. Әуезов білсе де айта алмады, себебі бұл ілім тікелей дінмен байланысты болатын.
Абай адамдықтың биік деңгейін иманмен өлшеген. Өзінің қара сөздерінде «Толық мұсылман болмай –толық адам болмайды» деп, кесіп айтқан. .А.Болатбекқызының мына бір ой түйінін келтіруді жөн көрдім. « Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз. Тілеуің, өмірің алдыңда, Оған қайғы жесеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер малшашпақ – Бес дұшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз»-деп,жаман мен жақсының ара жігін бөліп, талдау жазған Мүмкін дәл солай қабылдау керек шығар...? Бірақ мен өзімше бір талдау жасадым. Өлеңде бір реттілік заңы байқалады. Мысалы: Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ... Бәрі осы өсектен басталады. Әңгіме болсын деп өсек айтамыз. Ал өтірік қосылмаса өсектің дәмі келмейді. Өсек пен өтірікті қатар айтқан адам мақтанудан да құр қалмайды. Осы үшеуі негізі еріншек, жалқау адамның әрекеті. Тірлігі бар адамның өсек айтуға да уақыты болмасы сөзсіз! «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық, аздырар адам баласын». Тағы да Абай!Жұмысссыз, жалқау адам «бекер мал шашпағанда» қайтеді. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рахым ойлап қой... Таудай талапсыз армандарға жету екіталай. Талап бар, енді мақсатқа жету үшін еңбек, жай еңбек емес, терең оймен ұштасқан еңбек керек.Осы үшеуі болған жерде нәтиже де болуы сөзсіз. Сол нәтижеге қанағат етіп, адамдарға қол созып, рақым ойлап қоюды да ұмытпау керек. Әрине, бұл тек менің өз ойым ғана...!Адам болу туралы ой танымын «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде көп нәрсенің төркінінен хабар беруі себепті М. Әуезов бұл өлеңді «Абайдың, әсіресе, көп ой қорытпай айтқан мағыналы да програмдық бір өлеңі», - деп ерекше мән бере бағалауында үлкен сыр жатыр. Осылайша Абай жас өркеннің бағдар түзер айқындамасы ретінде талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахымды атайды. Абай атаған бес қасиет негізінен толықтықты танытатын үш қасиетті құрайды: талап пен еңбек – қайратты танытса, терең ойыңыз – ақыл, ал қанағат пен рахым – жүректен туатын қасиеттер. Адам бойындағы осы үш қасиетті ерекше танып білуге тұратын таным екенін ақын «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңінде: Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, - деп нақтылай түседі. «Ыстық қайрат» - бұл үнемі ізденіс үстінде болу, тек қана алға ұмтылу, жасампаз болу. «Нұрлы ақыл» - елге сәуле түсіріп, ізгілікті іс істеу, алла берген ақылды тек жақсылыққа жұмсау. Ал, «жылы жүрек»-иманды, иман жүзді болу, адамдарға құрметпен қарау, олардың мұң-мұқтажын, көңіл-күйін ұға білу. Міне, осы үш қасиет ізгілікті мақсатта пайдаланылған жағдайда ғана толымды адам деген мәртебеге ие болуға болады. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек.» - дейді. Олай болса, Абай үшін дүниенің басты құндылығы – адам, жәй ғана адам емес, рухани тұрғыда кемелденген толымды адам. Абайдың арманындағы толық адамның іргетасы дінмен ұштасып, дінмен дамиды және дінмен жетіледі. Адамзат өркениетіндегі барлық игі қасиеттер: дін, иман, ғылым, білім, тәрбие, әдеп, өнер, құқық, іскерлік, тапқырлық, қайраткерлік, азаматтық, жомарттық, әділеттік, т.б. бойында жетілдіре білген, дамытқан адам – Абай ұсынған «толық адам» концепциясы. (Болатбекқызы А. Абай шығармаларындағы «толық адам» мәселесі // Молодой ученый.2015.-№8.1.- С. 53-55.//)
Абай қазақтың мінін, жаман әдет-мінезін айнадан көргендей, терең психологиялық дәлдікпен жіктеп, талдап береді. Қазақ арасындағы бірлік деген қастерлі ұғымның жойылғанына жаны жылап, мұңаяды. Қазақтың өз арасында бітім, келісім деген жақындық, намыс атымен жоқ. “Орыссыз жерде топ болса, Шақырған кісі бармайды. Бас қосылса орысқа, Кім шабады намысқа? — дейді , Абай. Бұл өте терең құлдық психология, “бас басына би болып, өздерінен шыққандарды көзге ілмей, жатқа паналау, өз ішіндегі мәселені шешу үшін орысты төреші қылып сыйынудан асқан халыққа, мәдениетке, ұлтқа қиянат жоқ.Абай “Имансыз елден ұят қашады” деген Хз.Мұхаммед пайғамбардың хадисін келтіріп, қазақтың хәлі осы – имансыздық”-дейді.Көп ішінде жалғыз қалып күңіренген, “Ішім толған у мен өрт, сыртым-дүрдей” деген Абайдың мұңы “…көкірегімді тесіңдер, қан мен мұңға толды әбден” деген Иасауидің жанайқайымен үндесіп жатыр. Абай осындай дертке шалдыққан елге дауа іздейді. Оның дауасы – «Құран», түгел сөз, адам бойына имандылық дарытатын ар түзейтін ғылым. Абайдың түзу сөзі – «әуелі аят, хадис – сөздің басы”,яғни, елді түзейтін сөз әрі қисынды, әрі өлеңмен (бәйіт-мысал) жазылған Алланың сөзі- «Құран». «Құран» – ақылды сөз бен терең ой, терең ғылым-ның көзі, сондай-ақ ынсап, ұят,ар, намыс, сабыр, талап сияқты адамдық құндылық-тардың кені.«...мақтанқұмар, малқұмар, арамдық, ұрлық, пайдакүнем, нені ұға алсын”- дейді. «Иман сақтауға – қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек. Құдайдан- қорық, пендеден-ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма!»
Ислами тәрбие көре алмай, ұлттық құндылықтардың мөлдірінен сусындай алмаған ұрпақ кез-келгеннің қолшоқпарына айналып кете барады. Оның дәлелі, әлемде болып жатқан азғындық, мейірімсіздік, қатыгездік имансыз тәрбиенің нәтижесі. Жүрегінде иманы жоқ адам-бақылаусыз адам.«Күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайды» (Абай). Құдайдан қорықпаған, имансыз адамға сенім артуға болмайды.Ал иманды адамның жүрегінде әрбір әрекетін қадағалап,бақылап тұратын ішкі сенім бар. «Әрбір ақылды адамға иман парыз, әрбір иманды адамға ғибадат парыз ” Абай.
Абай өзінің атақты «Қара сөзінде» болмыстың мәндік қабаттарын өзінің қайғы мен бақытқа толы өмірлік тәжірибесі арқылы ашады. Бізге солай көрінетін, бірегей тұтас мәтін ретінде түсінілетін, қазақтың дәстүрлі мәдениетіне Абай герменевтикалық түсіндіру береді. Осындай өнімді тәсіл Абай философиясының ұлттық төлтумалығын айқындай алады, бұл оның мұрасын дүниежүзілік мәдениет кең мәтінінде айрықша маңызды етеді. Абай-«адам-әлем» қатынасының тұтастығына негізделген, қазақ ділінің көрсет-кіші. Осында – ерекше тұлғалық тип те, ақыл мен жүректің арасындағы айырылудың жоқтығы да, жүрекпен ойлау шеберлігі де тұр.Жүрекпен ойлау дағдылығын қалыптастыру – ХХІ ғасырдың маңызды міндеті..Ол ағартушылыққа, ғылымдардың негіздерін оқып-үйренуге шақырады. Бірақ ол сол уақытта, ар-ұят және жүрек жарығынан ажыраған, ғылымның қауіптілігі туралы да ескертеді. Оның ұстыны-ақылды жүрек немесе арлы ақыл. «Кімде махаббат пен әділеттілік сезімі билік жүргізсе – сол дана.»
Жастар тәрбиесі уысымыздан шығып бара жатқан бүгінгі таңда Абай негізін салған,Шәкерім дамытқан,Жүнісбек жүйеге келтірген,Мағжан мадақтаған,Мұхтар қолдаған «Адам бол»-Абай ілімін,әулеттік мектептерге, балабақша мен жалпы білім және арнаулы мектептерге,жоғарғы оқу орнында,жүйелі түрде оқытылып,күллі тәрбиелік жұмыстарды осы ілім негізінде жүргізіп,ешбір нәтиже бермеген,қолдан жасалған және жасалып жатқан пәндерді сиырып қойып,санадағы сырқаттан,жан жарасынан айығатын уақыт жетткенін түсіну керек!

Қобдабай Қабдыразақұлы(ғалым-жазушы
Категория: Воспитание души | Добавил: superchabdrazahk2017 (2017-03-28) | Автор: Қобдабай Қабдыразақұлы E
Просмотров: 803 | Комментарии: 2 | Теги: ілім, тәрбие, ұлттық, бол, Адам | Рейтинг: 3.4/9
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 2:01 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru