Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Воспитание души

Тәрбиелеу қазақ ілімінің алтын арқауы,асыл өзегі
Тәрбиелеу қазақ ілімінің алтын арқауы,асыл өзегі
«... Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырым-ызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта тірілтуіміз керек», «Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгертпейінше, біздің толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес» Н.Назарбаев
Қазақтың түп тұқияны жұмыр Жерге келіп ғұмыр кешкеннен бері:«Тән-Тәңірден,Тәрбие-өзімізден»-деген қағиданы басшылық етіп,«Кісілік» мұратты шамшыр-ақ болдырып, ұрпағын өмірге дайындап,тәлім-тәрбиелік кең тынысты, орасан аумақты, заңғар мақсатты,іс-шара,қимыл-әрекет,жұмыс-шаруа жүргізу, ұйымдастыру,өткізу нәти-жесінде:«Бала бақшадағы гүлің,оны тәрбиелеу үлкен ғылым» деген даналық қорытындыға келген. Иә,.Қазақ танымында:-тәрбиелеу әрі өнер,әрі ілім.
Мемлекеттің шаңырағы бір де биіктеп,бір де шайқалып,скифтердің тұңғыш патшасы Торғытайдан бастап, қазақтың соңғы ханы Кенесарыға дейінгі уақыт кеңістігінде тасқын судай сапырылған сақ,ғұн,түркі,оғыз-қыпшақ ұрпақтары ұзақ сонар тауарихын найзаның ұшымен ғана емес,ақыл-парасат күшімен де,ұрпақ тәрбиелеу ісімен де,ұлағатты үлгі өнегелі сөзімен де, «кісі» болдыру амал-айласымен де, ақыл-кеңес үлгісімен де айшықтап,бізге сарқылмас ілім мұрасын мирас етті. Қазақтың тәрбиелеу ілімі қалыптасып, дамып,іске асу барысында талай ұлық ұстаздар туып шықты. Мысалы,А.Байтұрсыновтың айтқан: «Қазақтың ескі жырларынан, ескі сөздерінен батыр болғандарды қалай баулып батыр қып өсіргендерін көреміз. Мәселен, Шыңғыс ханды жасында баулыған Шолақ қол батыр тас атудан бастап, садақ пен құс атуға дейін баулыған. Адам арқасына мініп қару қылудан бастап, ат арқасында қару қылуға дейін баулыған.О заманда би болғандар би мектебінде баулынған, яғни биге атшы болып, бірге жүріп, бірге тұрып, бітірген істердің ішінде бірге болып, баулынып, би болған. Үйрету бастапқы кезде қайда да болса, "БАУЛУ" түрде болған.»)-би мектебінің ұстаздары бір төбе.М.Жолдасбековтың айтқан: .«Ғасырдан ғасырға жалғасып, атадан ұрпаққа мирас болып келе жатқан қазақ сөз өнерінің екі үлкен айшықты мектебі бар тәрізді.Бірі-өмір,заман жайын терең толғанатын шешендік, фәлсафалық, данышпандық мектеп.Мұның аты сақталып бізге жеткен түпкі атасы Асанқайғы,одан бұл өнер ғасырлар аттап Абайдың қолына тиді. Екіншісі-өле-өлгенше көмейі күмбірлеп жағы талмайтын дария -даңғыл жыраулар мектебі»-нің тәлімдік үлгісі ұшан теңіз.Күллі түркі жұртына жазу-сызу үйретіп,ұстаздық еткен бақсылар мектебінің үрдісі,теңіз түбінде жатыр(Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан). (Бақсыларды қойдай қырған Әмір Темір мен Өзбек хан олардың ізін де қалдырмай таптаған. Мар,хипат, бәдізші,қам, багш аталып кел-ген,жұртқа жазу-сызу үйреткен, мектеп ашқан бақсылардың жойылуы,қазақты «сауатсыз, жабайы,надан халық» атандырған.) .
Бірінші.Тәрбие ісі қазақта қай кезде болсын алдына айқын мақсат қойып, асыл мұратқа бағыттап жүргізілген. Мысылы: түрік дәуірінде: «бек ұл,пәк қыз»,оғыз дәуірінде «иманды ұл,ибалы қыз» немесе «құлықты ұл,қылықты қыз» т.б.көптеген мақсат міндеттерді дәуір талабына сай қойып отырған. Ал,мұраттар,-алып ер,батыр ұл,батыл қыз, «азамат ер,асыл жар» «қазақ жігіт,қазақ қыз»т.б.ұзақ уақыт бағдар етерлік терең мағыналы,өзекті ойларды бекіткен, жалпыға ортақ,әрі түсінікті, қол жеткізу мүмкіндігі мол тұжырымдар еді. «Өлмейтін адам,Бақытты адам,адамша-адам, «Кісі» қалыптастыру-ақырғы мұрат. «Адам болу»-жай адам емес арлы адам болу одан білімді адам болу.
Екінші.Мақсатына жетіп,мұратын орындауға жол-жоба, ереже боларлық қағидаларды ұсынып,оны ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып отырған.Мысалы. «үйретуден жал-ықпа,үйренуден тартымба», «істегенің маған жақсы, үйренгенің өзіңе жақсы», «жастары иманды елдің болашағы зор», «жігіт қадірі өнерімен өлшенер».Егер бұл қағидалар бұрмаланса немесе ескерілмей елеусіз қалса тәрбие ісі тығырыққа тіреледі,қазақи тәрбиенің қаймағы бұзылады.Осы шақта, «қызға қырық үйден тыйым» деген тәрбиелеу қағидасы елеусіз қалғандықтан небір сорақы қылықтар сорлатып келеді. «Әдепті бала-арлы бала,әдепсіз бала сорлы бала»-деген тәрбиелеу қазақ ілімінің қағидасы бар.Бүгінгі таңда осы қағида бұзылғандықтан (ешкім еш жерде ешуақытта әдепті көрсетіп,үлгі өнеге үйретпейді, Тек,әдеп туралы бала жалыққанша оқытып,айтып әуреге салады) әдепсіздерді әдейі әзірлегендей,әдепсіздер мен көргенсіздер тым көбейіп кеткен.Әдепті оқытып .сабақ беріп,айтып үйретпейді,үлгі-өнеге көрсетіп ұзақ уақыт қайталатып, машық дағды игертеді.Нағыз тәрбие ережелерден емес, жаттығудан тұрады. Ж.Ж.Руссо «Әдет- бір әрекеттің жиі және ұзақ қайталауы»Әл-Фараби.
Үшінщі.Тәрбиелеу қазақ ілімі-тамыры тереңнен тартылар,тым тұғырлы,ілімгерлердің өзекті ойлары мен түйіндері өзара өте мықты байланысқан,сабақтастығына сана марқаятын,ұласпалы тоерия.Қорқыттан басталатын «Өлмейтін адам», Фарабида «Бақыт-ты адам» болып түрленсе, Абайға жеткенде,ол «Адам болу» заңдылығына ұласып, Жүнісбек «Адам болу» ілімін жүйелеп,шыңдап ал, міне енді білім беру,тәрбиелеу ісінде қолдана бер деп қолға ұстатқан екен.Осы педагогикалық тоерияны ширатып көрелік.
Қорқыттан бастау алған,Фараби негізін қалаған, Абай заңдылығын көрсеткен,Шәкерім дамытқан,Жүнісбек жүйеге келтірген,Мағжан мадақтаған, Мұхтар қолдаған «Адам бол»-Абай ілімінің түп тамыры мен даму өрісіне өз деңгейімде түсінік бергенім дұрыс шығар.Алайда менің сөзімді,кім-елеп ескерсін.Сондықтан, зерттеу-шілердің түйіндерінен үзінді келтіргенім жөн.Бұл ілімнің түп-тамырына үңілгенім-оның тірегінің мықты әрі тереңде екенін,даму өрісін шолғаным-Әлемдегі тәрбиелік ілімдердің ешқайсысынан кем емес екенін, барлығымен иық тіресіп,терезесі тең түсетінін аңғарту болмақ.Ұлы ақын Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана“Атаның баласы болма, адамның баласы бол… жақсылығың көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін” деген гуманистік ой-пікірді қуаттауы еді. Оның жастарды тәрбиелеудегі педагогикалық көзқарастары дүниежүзілік педагогика классиктері Ж.Руссо,Конфуций,: К.Д.Ушинскийдің ой-пікірлерімен терең қабысып жатыр. Абайда да адам жаратылысының жан сыры туралы жүйелі де, жемісті таным бар. Ол өзіне дейінгі Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М. Қашқари, Қ. Яссауидің кемел адам жайлы ой-пікірлерін әділет пен ақылдың сын таразысына салып, тұжырымдар жасады. VIII-IX ғасырда түрік халықтарының мінез-құлықтары, ой-танымын жолға салу әрекеті Әл-Фараби ұстанған моральдық-этикалық ілімінде парасатты адам (инани фазыл) туралы танымында жатты. Әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты философиялық трактатында «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» сияқты ұғымдарға түсінік бере келіп: «Жүрек-басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес»-дейді. Әл-Фараби түрік әлемінде өз танымының негізі ретінде жүрекке шешуші мән беруі-Абай негізін қалаған «толық адам» ілімінің түп төркіні қайда жатқандығын білдіретін құнды дерек.Ал,Әл-Фарабидің бұл ілімінің түп-төркіні қайда жатыр?«Адамзат ойшылдарының әр кезең, дәуірлерде айтылып жүрген тұжырымдарының түпкі түйіні, темірқазығы-Аристотель жасаған қорытынды. Аристотельдің пікірінше, ең басты мәселе, ең биік игілік, қасиетті құндылық –ізгілік пен қайырымдылық. Бұлар-кісіліктің өзегі мен өзі. Өзінің ғана қамын жеу өзімшіл, қайырымсыз адамдар мен жан-жануар, жәндік, құс атаулыларға тән болса, өзгеге жақсылық, қайырым жасай білу– адамдықтың белгісі. Яғни адам өзінің мәні, қасиеті-адамгершілігімен, қайырымдылығымен қадірлі әрі абзал болмақ. Жүрегінде иманы жоқ адам-бақылаусыз адам.«Күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайды» (Абай). Құдайдан қорықпаған, имансыз адамға сенім артуға болмайды.Ал иманды адамның жүрегінде әрбір әрекетін қадағалап,бақылап тұратын ішкі сенім бар.«Әрбір ақылды адамға иман парыз, әрбір иманды адамға ғибадат парыз ” Абай.
Аристотель адамзат баласының қажет етіп тұтынатын көптеген игіліктерін жинақтап үш-ақ топқа бөледі. Бір ерекшелігі, Аристотельдің игіліктерді жанға қатысты және тәнге қатысты деп жүйелеуі Абайдың жан қалауымен, тән қалауы туралы іргелі ойына негіз болғанға ұқсайды. Сөйтіп Аристотель игіліктерді жанға қатысты, тәнге қатысты және сыртқы игіліктер деп үш топқа бөледі. Жанға қатысты игіліктерге Аристотель ақыл мен қайырымдылықты жатқызады да, тамақ, киім, байлық, мансап, атақ-даңқ т.б. секілді өзге екі топқа кіретін игіліктерді ақылдылық пен қайырымдылыққа жеткізер баспалдақ, көмекші санайды әрі жанға қатысты ақыл мен қайырымдылықты барша игіліктердің ішіндегі ең абзалы, ең биігі, ең қадірлісі деп біледі. Ал ақыл мен қайырымдылықтың адамдық болмыс пен адамгершілікті жасайтыны белгілі. Адамның ділін, болмысын құрайтын ақыл мен қайырымдылықтан өзге-лердің бәрі де қосымша, жанама түрде қажет болға-нымен, адамның болмысы мен қасиетін танытатын «кісілігін» қалыптастыра алмайды.Адамзат қауымында киелі, қасиетті саналатын құт-береке, бақыт ұғымы Аристотель пікірінше, қайырымдылық, адамгершілік ілімімен табысады.
Әл-Фарабидің жоғарыды көрсетілген философиялық тұжырымы Абайдың «Он жетінші» қара сөзінде өзінің логикалық жалғасын тапқан. Абайдың осы сөзінде «Қай-рат», «Ақыл» және «Жүрек» үшеуі әрқайсысы өзін мықты санап, айтысып, таласып, ақыры «ғылымға» келіп жүгінеді. Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:
-Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ-менің ісім,-депті. Бірақ билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді: жақсылық айтқанына жаны-діні құмар болады.Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады. Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді.Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет,-депті. Осы үшеуің бір кісідей менің айтқанымдай табыссаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам сол. Үшеуің ала болсаң, мен «Жүректі» жақтадым. Құдай-шылық сонда, қалпыңды сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды»-деген қорытындыға келеді. «...Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,-деп Абай айтқандай, жүректің жылуы, махаббат, ар-намыс, қайрат-жігер деген сезімдері бар рухтың мекені-тәлімгердің жүрегі болуға тиіс Абайдың«он жетінші» қара сөз бен «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңіндегі ақыл, қайрат, әділет, шафқат (жүрек) секілді басты ұғымдардың барлығы да Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігіндегі» «жауанмәрттілік»(ақыл) деп атал-атын төрт түрлі кейіпкерге балама ретінде суреттелетінін байқауға болады:1.Әділет-Күнтуды 2.Дәулет(қайрат)- Айт-олды уәзір 3.Ақыл-Өгдүлміш уәзір 4.Шафқат-Одғұр-мыш (қанағат, рахым).Ал А.Ясауи ілімінде: « Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты-топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді.Осылайша А.Ясауи дүниетанымында «дертті адам», «топырақ адам», «кемел адам», сондай-ақ, «ғарип адам» тұлғалары дәріптеледі. Хикмет жолындағы «дертсіз адам» адамдық сезімнен жұрдай, қара басының қамын күйттейтін жан. Дертті адамның А.Ясауи іліміндегі алатын орны ерекше.Ол хикметінде “Білімің-шырақ, халің -пілте, көз жасың-жағатын май” болсын дейді. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, қайрат-жігерімен одан шығар жол іздейді.А.Ясауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа құлшылық ету (ибадат). Бұл ибадат – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Өйткені А.Ясауи ілімі – дін, мәзһаб аясына сыймайтын шексіз ашық (махаббат) жол. Ғарип адамды кемелдік мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде бағалайды.Сондықтан да А. Ясауи «Қай жерде ғарип көрсең һәм дем болғын» дейді. Яғни оларға дем бер, қолдау көрсет, қасынан табыл, құрметте дегені еді Міне, Абайдың «толық адам» туралы танымы да Сократтан басталатын Платон, Аристотельдегі «сүюді сүйеніш еткен адам», Қытайлардың дао іліміндегі «әбден жетілген адам», Шығыс ойшылдары мен суфизмдегі «пенделіктің кәмалаттығына ұмтылған адам», атап айтар болсақ, Әл-Фарабидегі «Кемел адам», Ж.Баласағұнның дастанында көрініс тапқан «Жауанмәрттілік» ілімі және А.Ясауи дүниетанымындағы «дертті адам», «топырақ адам», «ғарип адам» секілді тұлғаларымен сабақтасып жатыр. «Адам болу оңай іс емес. Тек ерік-жігері мықты адам ғана адамдықтың шыңына жете алады»(Иоганн Вольфганг фон Гёте).
Жүрекпен ойлау дағдылығын қалыптастыру – ХХІ ғасырдың маңызды міндеті. Абай ағартушылыққа, ғылымдардың негіздерін оқып-үйренуге шақырады. Бірақ ол сол кездің өзінде, ар-ұят және жүрек жарығынан ажыраған, ғылымның қауіптілігі туралы да ескертеді. Оның ұстыны-ақылды жүрек немесе арлы ақыл. «Кімде махаббат пен әділеттілік сезімі билік жүргізсе – сол дана.» Абай қазақтың мінін,жаман әдет-мінезін айнадан көргендей, терең психологиялық дәлдікпен жіктеп, талдап береді. Қазақ арасындағы бірлік деген қастерлі ұғымның жойылғанына жаны жылап, мұңаяды. Қазақтың өз арасында бітім, келісім деген жақындық, намыс атымен жоқ. “Орыссыз жерде топ болса, Шақырған кісі бармайды. Бас қосылса орысқа, Кім шабады намысқа? — дейді , Абай. Бұл өте терең құлдық психология, “бас басына би болып, өздерінен шыққандарды көзге ілмей, жатқа паналау, өз ішіндегі мәселені шешу үшін орысты төреші қылып сыйынудан асқан халыққа, мәдениетке, ұлтқа қиянат жоқ.Абай“Имансыз елден ұят қашады” деген Хз. Мұхаммед пайғамбардың хадисін келтіріп, қазақтың хәлі осы – имансыздық”-дейді.Көп ішінде жалғыз қалып күңіренген, “Ішім толған у мен өрт, сыртым-дүрдей” деген Абайдың мұңы “…көкірегімді тесіңдер, қан мен мұңға толды әбден” деген Иасауидің жанайқайымен үндесіп жатыр. Абай осындай дертке шалдыққан елге дауа іздейді. Оның дауасы – «Құран», түгел сөз, адам бойына имандылық дарытатын ар түзейтін ғылым. Абайдың түзу сөзі – «әуелі аят, хадис – сөздің басы”,яғни, елді түзейтін сөз әрі қисынды, әрі өлеңмен (бәйіт-мысал) жазылған Алланың сөзі- «Құран». «Құран» – ақылды сөз бен терең ой, терең ғылымның көзі, сондай-ақ ынсап, ұят,ар, намыс, сабыр, талап сияқты адамдық құндылықтардың кені. «...мақтан-құмар, малқұмар, арамдық, ұрлық, пайдакүнем, нені ұға алсын”-дейді.«Иман сақтауға-қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек. Құдайдан- қорық, пендеден-ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма!» Абай адамдықтың биік деңгейін иманмен өлшеген. Өзінің қара сөздерінде «Толық мұсылман болмай толық адам болмайды» деп, кесіп айтқан. Ал,Шәкерім,бұл ілімді қалай дамытты?
Шәкәрім «Үш анықта» Ақиқат деген не? деген сұрақ қояды. Оған өзі «адам ақиқатты ақыл – ес көзімен көріп, қабылдауы керек. Ақиқат - әрбір адамның жанында болады не ол өзіндік өмір сүреді» - деп қорытынды жасайды. Жанның ең негізгі қажет ететіні – ұждан. «Адамның нысап, әділет, мейірім – үшеуін қосып, мұсылманша айтқанда, ұждан, совесть орысша айтқанда совесть бар» дейді.Шәкәрім ар-ұжданды адамгершілік этикалық жағынан ғана емес, оны философиялық категория, әлем құрылымының негізгі болатын субстанция ретінде жоғары қарастырған.Ол адамның рухани өсуіне мықты тірек болатын үш анықты атайды: Бірінші-мәңгі өзгерістегі Универсумда барлығына себепші жаратушы ие. Екіншісі – бұл жаратушы барлық тірі мен тірі емеске жан береді, адам өлген соң, одан әрі тазарып, жоғарылайды, өздігінен өмір сүреді.Үшіншісі -жанның жоғарылап, тазаруы үшін адам ұжданға сай арлы өмір сүруі керек. Шәкәрім адамдарды осыған шақырады,Абай ілімін осылай тереңдетті.А.Байтұрсынов:«...Үкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болуы, әр халыққа керегі – өз дінін, тілін, жазуын сақтау»-дей отырып,ұстазы Абайдың ілімін басшылыққа алып «Қазаққа білім-тәрбие беру ұлттық жүйесінің ғылыми негізін қалыптастырды»және оны сол дәуірде жүзеге асырып,қолдана білді.Ж.Аймауытов білім негіздерінің ана тілі арқылы меңгерілетінін айта келе: “Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілі халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы болып, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерек. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын мол қазынасы- халықтың тілі” – деп оның қоғамдық рөлін, адамзат баласы жасаған бар рухани-мәдени байлықты меңгерудің басты құралы екендігін, оны жан-жақты және терең меңгерудің қажеттігін баса көрсетеді.Сондай-ақ,Абай ілімінің психологиялық астарын талдап берді.
Ал,Ж.Жұмабаев,тәрбиелеу ұлттық ілімінің педагогикалық тоериясын негіздеп берді.Мұнда,Абай ілімінің, барлық қырлары толық қамтылумен қатар,оны европалық педагогикаға ұштастыра білді. Жүсіпбек: «Күн көру тәсілін сырттан жұқтырып үйрене беруге болады. Рух мәдениетін бөтеннен қарызға ала беруге болмайды. Алса да, халықтың көкейіне көпке дейін қонбайды. Ендеше, өзіміздің бар дәулетті жарыққа шығарып, іске жаратуға талпыну керек".«Білімді орнына жұмсайтын не? Ол - тәрбие". Сонымен, білімнің адамзат игілігіне жұмсалуы, жұмсалмауы тәрбиеге байланысты екен. Тәрбиесіз білімді адам сол білімін адамзаттың игілігіне де, сорына да оңды-солды жұмсай беруі мүмкін. Тәрбиелі адам, яғни иманды адам, толық адам ондайға бармақ емес, ол білімін өз орнына, игілікке, адамзаттың гүлденуіне жұмсайды...»-деп,Абайдың толық адам ілімін,сол күннен бастап,ұрпақ тәрбиелеуде ұтымды пайдалана беруге болатындығын нұсқаған.Ал,Мұқтар дана: «Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі -ниет керек, одан соң – күш керек, одан соң-тәртіп керек. Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны-елдік. Адам көркі-ақыл. Жігітті жылы сөз ширатпайды, қатты сын ширатады. Адам баласының жақсы құлқы жаратылысынан емес, өскен ортасында көрген үлгі-өнегесінен. Тумай жатып-толдым деме, толмай жатып-болдым деме.Маңына ұрық шашпаған жақсылық жапанда жалғыз өскен бәйтерекше тұл болады да қалады.Білім-бақтың жібермейтін қазығы, Білімсіз бақ-әлдекімнің азығы. Көгенкөз қазағыма қаратып, мінбе құрып, сол мінбеге шығарып:“Ақырғы діліңізді айтыңызшы, Мұхтар!”-десе, тілімнің ұшында жүрген сөз төмендегіше: тас үгітіліп құмға айналады, темір тозады, ұрпақ озады, дүниеде өлмейтін сөз ғана, халқымызбен бірге жасасып келе жатқан мұра сөзімізді арзандатып алмайық. Жалған намыс-қасиет емес, ар сақтаған-қасиет. Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе-білім. Ар жазасы-бар жазадан ауыр жаза. Жауға-жалынба, досқа-тарылма. Бас асауға-жез ноқта.»-депТолық адам ілімін осылай тереңдетеді. Бұл-арда ешбір таптық,топтық пиғыл жоқ таза ұлттық мүддеге негіздеп педагогикалық,психологиялық ғылым негінде қорытылған тұжырымдар!
Абай қалай еліме жәрдем етемін деп, халқына ем үшін толық адам ілімінің негізін сала бастады, бірақ аяқтай алмай кетті. Тек ру¬хани өзегін жүйелеуге ғана үлгерді. Әуезов білсе де айта алмады, себебі бұл ілім тікелей дінмен байланысты болатын
Тәрбиелеу қазақ ілімі осылай дамып,осылай тыянақтады.Алайда өткен ғасырдың алғашқы жартысында-ақ,ол, тоқырауға түсіп,қолданыстан шығып қалғаны баршаға мәлім.Тоериялық негіздерін талдамақ болғандар болды. (Т.Тәжібаев, А.Нілдібаев, СитдыыковЕ)Олар,социалистік педагогика мен психология негізінде қарастырды.
Ал,жетпісінші жылдарды қайыра қолға алынғанымен, Қазақстанды мекендеуші этностардың тәрбиелік ілімін қатар көтеру қажет деген талап қылаң беріп, «жеке қараудан» сескеніп(баяғы ұлтшылдық қой) енді оны тағы да бұрмаланқырап,бұл «халықтық-отбасы педагогикасы» сол аумақта ғана керектену керек деген қөзқарас пайда болды.Сонымен қатар,сол шақта жазылған педагогикалық-психологиялық еңбектер тағы сол,социалистік педагогика шеңберінен шыға алмады. М.Әуезов,С.Мұқанов,Ғ.Мүсірепов,Ғ.Мұстафин,І.Есенберлин,М.Ғабдуллин,Б.Момышұлы,Т.Ахтанов,М.Әлімбаев,О.Бөкей,С.Жүнісовтар сол кездегі негізгі үрдіс:бар жасырын сыр мен құндылықты әдебиетке сидырып көрсетуге сүйеніп, романның бөліміне енгізді, тарауына сиғызды, жеке әңгімелесе де,әйтеу жазып қалдырды. Шұқшия оқығандар олардан тәрбие оқулықтарын таба білді.Кейінгі кезде,Волковқа еліктеп, «Қазақ этнопедагогикасын» зерттеушілердің саны әжептәуір молайды. Көптеген оқулықтар жазылды, диссертациялар қорғалды. Жалпы бұл жағдай бар қазақты қуантты (Б.Жарықбаев, С.Қалиев, Ә.Табылдиев,т.б.)Ұлттық педагогикасы бар жұрт екені анық болды. Алайда ұлттық педагогикалық ілім мен тәрбиелеу құралдарын «этнопеда-гогикаландырып, ғылымилап» қолдану керек деген ұғымдар пайда болды.Немесе тәрбиелеу қазақ ілімінің ғылыми негізін «халықпедагогика-сына»сіңіріп,бұлыңғырлатып жіберді.Ең қуанарлық жағдай,Қазақстан Республи-касының білім беру барлық саласында,пәндердің мазмұны арқылы тәрбиелеу ісінде ұлттық тәлім тәрбие үлгілерін,ұлттық тәрбие құралдарын,тетіктерін өте белсенді қолданды,тәрбие жұмысында,тәрбиелеу ұлттық амалдарын тамаша пайдалану арқылы,өткен бір ғасырда айрылған мүмкіндік,кеткен есесін ширек ғасырда қайырып алды десек тым артық айтқандық болмас.Осы ұлы қаусар шаруаның,ғылыми негізіне көз жүгіртіп,зерделеп,кеткен кемшілігі болса,ашып көрсетіп,тамаша табысқа жетер бағдарын пайымдап,енді не істеу керектігін нұсқап жатқандардың тым аз болуы өкінішті-ақ.Бұл жұмыс-шаруалар- тәрбиелеу қазақ іліміне сүйеніп атқарылып жатырма,әлде «социалистік педагогикамыздың» үстемдігі басым ба?Ешкім де ,айтпайды.
Ал,біздің мақсатымыз-тәрбиелеу қазақ ілімі,теориялық негізі бар,әлемдік деңгейдегі,бас аяғы тұжырымдалған, іргелі ғылым екенін айту еді. Өлмейтін адам- Бақытты адам-Кісілік кемелдену-Махаббатқа малшынған,дертті адам-Кемел адам-Толық адам-Арлы адам-Білімді адам. Бұлар-тәрбиелеу қазақ ілімінің алтын арқауы.Ол ешқашан үзілген емес.Тіпті коммунизм ілімі салтанат құрған кезінде де жалғасын тауып отырған.Ал,имандылық-тәрбиелеу қазақ ілімінің асыл өзегі. Имандылық- қазақ үшін,жалаң ислами ұғым емес.Ол наным-сенім ретінде,қашаннан бар,ұласып келе жатқан түсінік.Имандылық- барлық наным-сенімдерге ортақ ұғым. Адамдардың діни сеніміне байланысты, имандылықты алалауға болмайды.Қай діндегі болсын адамдардың баршасын имандылыққа баулу қажет. Имандылық-ұлттық шеңберде шырмалып қалған тар ұғым емес,Қазақстан Республикасында тіршілік етіп отырған күллі этнос өкілдері,оның ұрпақтары имандылық нұрынан тысқары қалуға тиіс емес. Ешбір ұлт бұған қарсы болған да емес.Тәрбиелеу қазақ ілімінің болмыс бітімі,құрамдас бөлігі:
1.Асқақ мұрат,сенімді мақсат,айқын мүдде.
2.Сүйенер қағида,қалыпты ереже,ұтымды ұстаным.
3.Сенімді құрал,жүйелі тетік,пайдалы ықпалдар;
-Атақоныс,туған ел-жері,өскен өлкесі,ауыл-аймағы, мекен–жайы.Асқар тауы,шалқар көлі,айдын теңізі, орман нуы,өзен суы,сары дала,қырлы құмы,адыр белі,ата
баба қонысы, баспанасы тұрағы моласы,зираты т.б.
-Табиғи және мәдени ескерткіштер,қолөнер бұйымдары мен табиғи қорықтар,әулиелі орындар мен мекендер,қорым,сынтас,балбал т.б.
-Күллі рухани мұралар мен ән-күй,өлең жыр,әдеби және мәдени өнер туын-дылары,жазу-сызу,музықалық аспаптар,ойын-сауық,ойыншықтар мен сайыстық дүнеиелер т.б.
-Меншіктер мен асыл мұралар, тұрмыстық тұтынылатын бұйымдар
4 Жаңылмас жол. айнымас әдіс,бұлтартпас тәсіл
Тәрбиелеудің жеті түрлі ұлттық жолы бар. Олар: адамды қанаттандырып рухтандыру; нандырып-сендіріп оны қанына сіңіру, табындыра білу; үлгі-өнеге көрсету,ақыл-кеңес беру; жаттықтырып-дағдыландыру; ширатып-шынықтыру, талап қойып-өңдеу; бағалап марапаттау, мақтап-қолпаштау, ынталандыру; тиым қою, жазалап-сөгу.
5.Мықты негіз, берік тұғыр,мызғымас тірек
-Қазақтың даналық ой-санасы-ұлттық философия
-Наным-сенім жүйесі
-Адамтану қазақ ілімі
-Әдептану қазақ ілімі

Әдебиеттер
1.Ұлы даланың ұлық ұстаздары Қарағанды.,2016
2.Қ.Қабдыразақұлы Тәрбиелеу қазақ ілімі Қарағанды., 2017
Қобдабай Қабдырызақұлы (ғалым-жазушы)
13.04.2017
Категория: Воспитание души | Добавил: superchabdrazakh2017 (2017-04-20) | Автор: Қобдабай Қабдыразақұлы E
Просмотров: 960 | Комментарии: 1 | Теги: Абай, Адамтану, Адам бол, тәрбие, ілім, Қазақ | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 2:05 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru