Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі күніне орай 22 қыркүйек күні Цемент кенті кітапхана-бөлімшесінің оқу залында «Ана тілім – ардақ тұтар алтыным» атты әдеби – сазды кеш №32 мектептің 5 «Д» және «Б» сынып оқушылармен болып өтті. Қатысқан бала саны 25. Мақсаты: Оқушыларды ана тілін сүйіп, құрметтеуге тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсініктерін және өлең – тақпақ, қанатты сөздер айту арқылы оқушылардың тіл туралы алған білімдерін кеңейту. Шара . Мемлекеттік Әнұраның орындаумен басталды Кітапхана қызметкері тіл мерекесінің тарихына тоқталып, қысқаша мағлұмат беріп өтті. Экран арқылы «Ана тілім ардағым» атты слайд көрсетіліп, оқушылар тіл туралы жазған С.Торайғыров, Д.Әбілов, Ә. Тәжібаев сияқты қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа оқып шықты. Шара барысында «Зымыран сұрақтары», «Тапқырлық», «Полиглот», «Әріптер сөйлейді» атты кезеңдердең тұратын ойын - викторина жүргізілді. Әдеби сазды кеште Сләмханова Ұлжан, Сержанқызы Ақмарал қазақ биін билеп, Нұрғали Нұрмұхаммед, Исина Дана ән айтумен жалғасын тапты. Шарада «Ана тілім – ардағым, Туған елім – мақтаным» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып библиографиялық шолу жүргізілді.