Главная » Статьи » В помощь учителю » Воспитание души |
Цемент кентіндегі кітапхана – бөлімшесі оқу залында 15 қараша 2017 ж. «Рухани жаңғыру – жастарға жарқын жол!» атты дөңгелек үстел №32 мектептің 8 сынып оқушыларымен болып өтті. Қатысқандар саны: 25. Шара мақсаты: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын түсіндіру және насихаттау. Оны жүзеге асуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласы халық үшін де, жастар үшін де өзіндік орны ерекше мақала екенін, жастардың мақсаты - мақаланы талқылау емес, оны жүзеге асуына ықпал ету, - деген сөздерімен шараны бастаған кітапханашы, мақалада көтерілген латын әліпбиі туралы айтылған ой елді жаңа өзгерістер белесіне бастары анық. Дүйім жұрт жаңа әліпби арқылы әлемдік өзгерістер көшіне еркін араласа алады,- деп өз ойын айтып өтті. Сөз кезегін алған шара қонақтары, мектеп ұстаздары, қазақ тілі, әдебиеті мұғалімдері Толқын Адильханова және Кенесханова Ж.Р. өз сөздерінде мемлекет басшысы бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтқан болатын. Сондықтан да латын әліпбиіне көшу – Елбасының қоғамның алдына қойып отырған ауқымды міндеттерінің бірі,- деп сөз қозғады. Дөңгелек үстел барысында оқушылар шақырылған қонақтарға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, осы бағыттағы өз ойларымен бөлісті, осы тақырып төңірегінде сөз қозғап, президентімізге қолдау білдіріп, латын графикасына көшу туралы реформасын сәтті жүзеге асыруға бүкіл қоғам болып жұмылып, бір кісідей атсалыссақ, түбінде жемісті нәтижеге қол жеткізеріміз анық деп шараны аяқтады. Шара соңында кітапханашы тақырып аясында ұйымдастырылған кітап көрмесіне қойылған әдебиеттермен таныстырды. Қойылған әдебиеттер: 20 Жазылғандар: 4 Берілген әдебиет: 14 | |
Просмотров: 536 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|