Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Воспитание души

Тәрбиеші болу бақыт.
ШҚО ББ « Жетім және ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп интернаты » Семей қаласы
Тәрбиеші: Ахметова Э. Т
«Тәрбиеші болу бақыт»
«Тәрбие – адам тағдырын шешетін ұлы іс»
В.Г.Белинский
Қуаныштан жүрегім жарылардай,санам тұңғиық терең көкке шапшығандай боламын.
Бұл не қуаныш? Алып – ұшқан қиял қызығымен қуанышы тұңған балалық шаққа жетелейді. Бақытты шаққа жетелейді. Балалық шақ арман қуған балғын шақ емес пе?Әр нәрсеге қызыға да,қызғанада қарайтын сәттер. Бір күні дәрігер,бір күні әнші болуды армандаған күндер – ай десенші. Осындай арманды қуалап келешекке көз жүгірткеннің өзі бір бақыт екен ғой.Сондай бақытты жандардың бірі – сол кезде мен едім. Арманның тұлпарына мініп өзімнің болашақ өмірімдікөз алдыма сағынышпен елестететінмін.
Бақыт деген не?
Әрине бұл туралы әр адамның өз түсінігі бар. Баз біреулер байлық пен мансапты бақытқа баласа, ал біреулер аз күндік сауық сайранды бақыт санап жатады.
Ал мен өзімнің әйел – ана болғанымды бақытқа балаймын. Ананың құдіретіне табынып,ананың қасиетіне бас имейтін адам болмас,сірә.Ана – отбасының алтын дінгегі,тыныштық пен сәттілік кепілі,бақыттын қайнар бастауы. Иә,әлемнің жарығын сыйлаған ананың ұлылығынан артық не бар. Адам бойындағы асыл қасиеттер отбасында қалыптасады,менің өмірдегі өз орнымдытауып,сүйікті мамандығымды таңдауыма себепші болған жан анам. Менің анам – Ұстаз!
Ұстаз – ел болашағы,бала өмірінің бағбаны екені сөзсіз. Ұстаз деген қадірлі мамандықтын қасиетін түсініп менде анам сияқты ұстаздық мамандықты қаладым.
Бүгінде мен тәрбиешімін. Білім мен тәрбие қалай егіз болса, ұстазбен тәрбиешіде сондай бір ұғым. Бүгінгі ғаламдастыру дәуірінде әл – Фараби бабамыз айтқандай ұрпағымызға білімнен бұрын тәрбие беру тәрбиешілерден терең білім мен тәрбиенің сан алуан қырын игеруді талап етеді. Себебі, ертеңгі күннің бүгіннен де нұрлырақ болуына ықпал етіп,адамзат қоғамын алға қарай жетелейтін күш – тәрбие мен білім. Мен бүгінде тәрбиешілік мамандықтың мәні мен жауапкершілігін толықтай сезініп жүрмін.
Менің педагогикалық философиям қарапайым. Оның көптеген қырларын сөзбен айтып көрсету мүмкін емес, жүрегінмен және жан-тәніңмен сезіне аласың.
Балабақшадағы тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. Тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі.
Мен балабақшада бір жыл еңбек етудемін, бұл еңбектен жалыққан емеспін. Әр мамандықтың өз қиындығы, өз қызығы бар. Тәрбиешінің жұмысы күрделі де, қызықты да. Шынын айтсам, кейде жұмыстан соң үйге келгенде, қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күнді талдай отырып, балаларымның маған деген ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарын бір сәт еске түсірсем, шаршағаным ұмытылып та кетеді. Мөлдір бұлақтың бастауын, көзін ашып, тұнығына қану үшін қаншама қиын да, қызықты еңбек пен тер төгу керек десеңіз! Балаларды ана тілінде әдемі сөйлету, олардың ой-сезімдерін анық, еркін, көркем жеткізе алуға баулу, танымдық қабілеттерін дамыту – тәрбиешінің мақсаттарының бірі.
Ұстаз – киелі мамандық. Адам тәрбиелеу, оған ғылыми негіздерінен мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету – өте қиын шаруа. Бір рет отыз,баламен сабақ өткізіп көрген адам ғана оны түсінеді. Тәрбиеші күн сайын ерлікке пара-пар жұмыс жасайды.
Мен әрі «әсем сөз» маманы, әрі суретші, әрі әртіс, әрі баланың жан дүниесін түсіне алатын психолог ретінде балаларымды тәрбиелеуде халқымның ғасырлар бойы келе жатқан құндылықтарды бойына сіңіріп, ойына ұялатуға тырысамын.
«Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, біріншісі ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбыларынан» — деп ұлы Абай айтқан. Әр таңда өз кішкентай достарымды асыға күтемін, олардың әрқайсысы бүгін қандай көңіл күймен келетінін ойлаймын. Кішкентай адамның көкірегі ашық, жүрегі жұмсақ, ол маған сенеді. Бұл сондай жауапкершілік!Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала, ешнәрсеге де алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып, маған сенім артады. Пәк көңіл балаларыммен ара-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды, себебі мен оларға, олар маған керектігіне сенімдімін.
Қорыта айтқанда, « Білімсіз адамгершілік молаймайды,білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерінтани алмайды », - деп ғұлама ғалым, «Екінші ұстаз» Әбу – Насыр –әл – Фараби айтқандай, Білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу ұлағатты ұстаз – тәрбиешілердің еңшісіне тиген жауапты іс.
Байрақты бәсекеде, яғни дүние жүзілік аренада еліміздің көк байрағын желбірету үшін Батыс пен Шығысты білімімен бас идіретін білімді жастар қатарын өсіру – менің де басты міндетім.
« Дүниенің ағында, қарасында мынқ етпей қарайтын»,кешегі Абай мен Абылайдын ұрпақтарын тәрбиелеуде күн сайын өз үлесімді қосып отырғанымды мақтан етемін. Себебі « ел болам десен,бесігінді түзе »деп,ұрпағына бейжай қарамайтын дана халық үшін бала тәрбиесі қашанда бірінші орында екіні сөзсіз.
Тәрбиеші болу бақыт!
Категория: Воспитание души | Добавил: Ибрагим (2019-01-23) | Автор: Ахметова Эльмира E
Просмотров: 642 | Теги: қуаныш, шаттық., бақыт, балалар, тәрбиеші | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 9:13 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru