Главная » Статьи » В помощь учителю » Воспитание души |
Жарқын жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі: Битапалова Гульдаш Серикбаевна 8 сынып. Тақырыбы: Ана есімін әрқашан біздер биік ұстаймыз. Мақсаты: Болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін,руханияттық жаңа қадам болатын “Өзін- өзі тану” жобасын қалаушы және анамен балаға қамқоршы болған Сара Алпысқызының еңбегі туралы түсіндіру.Әрбір ананы құрметпен қарауға, сыйлауға тәрбиелеу. Көрнекілік: ТСО, ана туралы қанатты сөздер. Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. ІІ.Қызығушылығын арттыру.”Жүректен жүрекке“. а)Оқушылар бір-біріне тілек айту. б)“Анашым” сөз:Қ.Жұмағалиев, әні :М.Омаров. ІІІ.Мағынаны ашу.Түртіп алу стратегиясы. Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмірі мен шығармашылығына тоқталу. Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге келді. 1962 жылы Н.Ә. Назарбаевқа тұрмысқа шықты, үш қызы, немерелері, шөберелері бар.Қарағанды металлургиялық комбинаты жанындағы ЖТОО — заводты аяқтады, экономист, ҚазМу-дың құрметті профессоры (2000 ж.). ЖТОО аяқтаған соң Қарағанды металлургиялық комбинатында, «Карагандауголь» КБ қызмет етеді.1992 жылғы ақпан айынан бастап — «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. Қор өсіп келе жатқан ұрпақтың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешу, балаларға адамгершілік-рухани білім мен тәрбие беруде қоғамға нақты көмек көрсетеді. «Бөбек» республикалық қоры республиканың барлық аймақтарында жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларына, көп балалы отбасылардың балаларына қолдау және көмек көрсету бойынша балалар қорларын ұйымдастырды.1994 жылғы шілде айынан бастап — «SOS — детские деревни Казахстана» қорының президенті («Киндердорф Интернациональ» Австрия қорының филиалы).1999 жылғы наурыздан бастап — «Демография» қайырымдылық қоры қорғаншылық кеңесінің төрайымы.Сара Назарбаева бірқатар кітаптардың авторы: «Порфирий Корнеевич Ивановтың ”Детка“ жүйесін пайдаланумен қатысушылардың денсаулығын, адамгершілік тәрбиесін нығайту және дамытудың педагогикалық мәселелері» (1999 ж.); «Адамның денсаулығы және П.К. Ивановтың ”Детка“ жүйесі» (1999 ж. бірлескен авторлықта); «Өзіңе жол. Порфирий Корнеевич Ивановтың ілімі сау тұлғаны тәрбиелеудің әдісі ретінде» (1999 ж.); «Өмір этикасы» (2001 ж.); «Сүйіспеншілікпен» (2001 ж.).Сара Алпысқызы Назарбаеваның жетім және мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қорғау саласында талмай еңбек еткені үшін марапаттары: I дәрежедегі Достық Ордені (желтоқсан 2001 жыл); «Алтын жүрек» халықаралық сыйақысының лауреаты (мамыр 2006 жыл); Өзін-өзі тану философиясына және оқу мәдениетіне зор үлес қосқаны үшін — Шыңғыс Айтматов атындағы Алтын медаль (қараша 2003 жыл); БҰҰ-ЮНИСЕФ балалар қорының естелік медалі (желтоқсан 2007 жыл); Ихсан Дограмачи атындағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйақысы; Жетім балалардың мәселелерін шешуде ерекше еңбегі үшін — «СОС-Киндердорф» халықаралық қорының Алтын медалі (1999 жыл); «Unity» халықаралық сыйақысы;Сара Назарбаева — дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйақысының, өсіп келе жатқан ұрпақтың рухани қалыптасуы, қайырымдылық және денсаулықты сақтау саласында жемісті еңбегі үшін «Курманджан Датка» сыйақысының лауреаты; Қазақстан Республикасының құрметті білім қызметкері; «Звезды содружества» мемлекетаралық сыйақының лауреаты (2010 жыл). ІV.ОЙ толғаныс.Шығармашылық жұмыс.”Ана- өмір шырағы“ Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны дүниедегі ең жақыны, жанашары, қадірлісі, қамқоршысы.Ақ сүтін беріп аялайтын, баласы үшін жанын да аямайтын ардақтың да-абзал ана! Ана- жүрек, сол жүректе құдірет те, Ана- тірек, сол тіректі құрметте! Ана- шыңың, ардақ тұтар биікте, Ана-күнің, сәуле шашар жүректе -деген өлең жолдарын барлық аналарға арналады. Кез келген адамның әдептілігі мен сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылыуынан басталады.Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер балаға алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ, аялы алақаны бала өмірін шаттықа бөлейді.Сондықтан да анасын жақсы көрмейтін бала жоқ шығар . Ұрпағына бұл әлемде сыйлаған, Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған, Тіршіліктің тынысы мен ажары, Ардақтаймыз АНАНЫ- Анам менің аялаған ақ гүлім, Анам менің бақытым мен шаттығым «Анашым» деп бала жырын арнаған V. Қорытынды: 1) Сара Алпысқызы кандай қорды алғаш рет ашты? 2) Сара Алпысқызының қандай сыйлығы және қандай атақтары бар? 3) Ана туралы қанатты сөздер жаз? | |
Просмотров: 9665 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|