Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Воспитание души

Кітапхана
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы
К.Төлеубеков атындағы орта мектеп
Кітапханашы Дуйсекенова Саркен Оразбековна
Кітапхана
Қазіргі заманғы мектептегі оқыту барысында мектеп кітапханасы негізінде - мектептің білім беру, оқыту және тәрбие мәселесін қатар жүргізілетін жаңа құрылымдық бөлігі- кітапхана-медиатека жұмыс істеуде. Өскелең ұрпақты тек мамандық таңдауға ғана емес, өмірдің барлық кезеңдерін қабылдай білуге тәрбиелеу үшін мектеп кітапханасының орны ерекше.Оқушылардың жаңа әлеуметтік ролін жас ізденуші ғалым дәрежесіне көтеруде , ал мұғалімдерді олардың берілген ақпараттармен жұмыс істеуіне, шығармашылық белсенділігін көтеруде жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудағы бағыттаушысы ретінде қолайлы жағдай туғызу - мектептегі кітапхана- медиатеканың жаңа жетістігі.
Кітапхана-медиатека баспа және дыбыстық, көрнекілік, бейне материалдарын жинақтаушы орталық болып саналады. Оның негізгі міндеті кітап оқуға тәрбиелеу, жас ұрпақтың көру және тыңдай білу қабілетін дамыту, кітапханаға қатынайтын оқырмандардың барлық деңгейі үшін оқыту барысында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы баспа және дыбыстық, көрнекілік, бейне материалдары жайлы библиографиялық анықтамалар алуға толық жағдай жасау.
Мектептегі кітапхана медиатека қызметінің негізгі бағыттары мынадай:
1. Оқырмандарға кітапханалық библиографиялық қызмет көрсету және әр түрлі тасымалдаушылардан ақпарат іздеуге үйретеді;
2. Балаларды кітап оқуға бейімдеуде жаңа әдіс тәсілдерді қолданылады;
3. Оқыту барысында оқырмандардың танымдық, шығармашылық қызметін жетілдіруге көмектеседі;
4. Оқырмандардың кітап пен электрондық тасымалдаушыларды пайдалану арқылы өз бетінше жімыс істеуге жағдай жасалынған;
5. Жас жеткіншектердің келелі мәселелерді шешуіне,олардың жеке тұлға ретінде жетілуіне көмектеседі;
6. Ғылымның барлық салалары бойынша оқырмандардың оқуға қызығушылығын арттыру және оқу мәдениетін қалыптастыру үшін кітапханалық библиографиялық жұмыстың барлық әдіс тәсілдері қолданылады;
7. Мұғалімдер мен оқушылардың ақпаратты пайдалануларына еркін жағдай жасалынған;
8. Кітапхана оқырмандарға қуаныш сыйлайтын демалыс орны;
9. Оқырмандардың алған ақпараттарын өңдеп,пайдалануға көмектеседі;
10. Оқырмандарды желідегі басқа ақпарат көздерімен жұмыс істеуге үйретеді;

Мектеп медиатекасының негізгі міндеттері:
• Мектеп кітапхана- медиатекасы қорында ғылымның барлық салалары бойынша танымдық, көркем әдебиеттер жинақталған.Оның ішінде ақпараттық технология негізіндегі материалдар және мерзімдік басылымдар бар.
• Кітапхана қоры, компьютерлік бағдарламалар, СД, бейне және дыбыстық жазбалар қоры, слайдттармен үнемі жұмыс жүргізіліп,олар жаңа басылымдармен толықтырылып отырады;
• Кітапхана қоры жүйелі түрде қойылған ,электрондық каталог жабдықталған;
• Оқырман сұранысы зерттелініп,кітапханалық қызмет көрсетуде талап тілектері орындалып отырады;
• Әр түрлі электрондық тасымалдаушылардан ақпараттар алуға көмек көрсетіледі;
• Кітапханада түрлі мерекелік шаралар,мәдени және әдеби кештер ұйымдастырылады.
Кітапхана жабдықтары
Кітапхана заман талабына сай жабдықталған. Кітап сөрелеріне 20 000 дана кітап қоюға болады Жылжымалы кітап сөрелері шағын көрмелер жасауға қолайлы.Кітап көрмелерін жасау үшін арнайы сөрелер қойылған.Оқу залында жұмсақ жиһаздар бар.Кітапханалық қызмет жасау үшін қосымша жабдықтар қойылған.Стол,орындық оқырман талабына сай.
Кітапханадағы ақпараттық технологиялар ең соңғы үлгімен жабдықталған. Компьютер, принтер, көбейткіш аппарат, цифрлы фотоаппарат, бейнекамера, телевизор бар.Компьютерлер ИНТЕРНЕТ жүйесіне қосылған.
Кітапханада оқу залы мен кітап сақтау бөлмесі бар.
Кітапханалардың көрсететін қызметі

* Кәсіпорындарға, ұйымдарға, оқу орындарына ақпараттық қызмет көрсету. Ақпаратты жұмыс орнына жеткізу
* Сұрау салынған тақырыптар бойынша пайдаланушыларға жеке ақпараттық қызмет көрсету
* Тапсырыс берушінің тақырыптары бойынша әдебиеттер тізімдерін дайындау
* Семинарларды, презентацияларды, шығармашылық кештер мен іскери кездесулерді ақпараттық қолдау
* Кітап көрмелері мен көрсетілімдерді ұйымдастыру
* Қашықтағы мәліметтер базасына қолжеткізу

Мамандарға арналған ақпараттық семинарлар

МАҚСАТЫ: Пайдаланушыларды белгілі тақырып бойынша қалалық орталық кітапханадағы ақпараттық ресурстармен таныстыру

Үлгілік бағдарламалар:

- Жаңа кітаптар мен мерзімді басылымдар жинағының көрсетілімі;

- Көрсетілімге түсінік;

- Аудио-, бейне материалдармен, СD–дискілермен танысу;

- Тақырып бойынша Интернет-ресурстармен танысу;

- Кітапхананың электронды каталогының мүмкіндіктерімен таныстыру;

- «Параграф» анықтама іздестіру жүйесімен таныстыру;

- Кітапхана бойынша экскурсия;

- Бүктемелердің, дайджестердің, тізімдердің жәрмеңкесі (ең қажетті және құнды ақпараттар).

Ақпараттық семинарлардың үлгілік тақырыптары:

- Педагогика және психология; Сынып жетекшілері сіздер үшін; Ұрпақ тәрбиесі – болашақ қамы; Аймақтық компонент оқу бағдарламасында.

- Білім беру сапасының мониторингі; Коррекциялық педагогика; Бала психологиясы; Мектепалды даярлық; Пән мұғалімдеріне кітапхананың ақпараттық ресурстары; Бос уақытты өткізуді ұйымдастырушыларға арналған ақпараттық ресурстар; Мектептің отбасымен өзара қарым-қатынасы; Жаңа педагогикалық технологиялар; Сынып жетекшілігі: теория және практика; Мектеп пәндерінің мазмұнына аймақтық компонентті енгізу; Мектептегі жоспарлар.

«Электронды каталог» МБ

Электронды каталог – ақпарат іздеудегі басты құрал

- Сіз электронды каталогты пайдалану арқылы кітаптар, мақалалар туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі электронды басылымдарды жылдам таба аласыз.
- Табылған әдебиеттер тізімін басып шығаруға болады;
- Іздестіруде қиындықтар туындаса Сізге кезекші кітапханашы көмектеседі.
- Электронды каталог (ЭК) дәстүрлі карточкалы каталогпен қатар жүргізіледі және кітапхананың анықтама-іздестіру аппаратының құрама бөлігі болып табылады.
- Электронды каталог кітапхана қорларының ғылыми және толықтай мазмұнын ашады және оқырмандарға әдебиеттердің жаңа түсімі туралы ақпарат беріп отырады;
- Электронды каталогта: кітаптар, мерзімді басылымдар, сондай-ақ СD ROM-дағы құжаттар, ҚОК, ОБК, кітапхана-бөлімшелерінің негізгі қорларында сақталған қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі басылымдар қамтылған.

Электронды кітапхана

- Электронды кітапхана жедел аққпарат беру мен кітапханалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, пайдаланушыларға электронды ақпараттық ресурстарға қолжеткізу мүмкіндігін береді.

- Электронды құжаттар қоры білімнің барлық саласы бойынша толықмәтінді басылымнан тұрады.

Онда табуға болады:

- «Рефераттар» МБ. «Электронды кітаптар» папкасынан

- Электронды каталог. Негізгі МБ: «қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі кітаптар»; «қазақ және орыс тілдеріндегі мақалалар». Тіркелген құжаттар

- «Электронды кітап» МБ электронды каталогта орналасқан. Кітаптардың толықмәтінді нұсқасын тек электронды түрде ұсынады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

- Пайдаланушы авторлық құқық пен құжаттарды пайдаланудағы шектес құқықтар туралы заңдарды сақтауы қажет. Пайдаланушы авторлық құқықты бұзғаныүшін жауапкершілік жүктейді.

- ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНА ұсынған ақпараттар масштабы бойынша маңызына байланысты тікелей немесе жанама пайдаланылуы немесе жүйелі көшіру, қайта көшіру, жүйелі жабдықтау немесе алдын ала жазбаша рұқсатсыз кез келген тұлғаның кез келген формада таратуы мүмкін емес.

- Пайдаланушыларға қоғамдық немесе коммерциялық мақсаттар үшін ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНАНЫҢ материалдарын өзгертуге, таратуға, жариялауға рұқсат етілмейді.

«ПАРАГРАФ» анықтама-құқықтық жүйесі

- Бұл ҚР-ның заңнамасы бойынша толық, жүйеленген және жедел жаңартылған ақпараттар;

- "ПАРАГРАФ" жүйесінің пәрменді іздеудестіру құралы қажетті ақпаратты бірнеше секунд ішінде табады;

- "ПАРАГРАФ" жүйесі нормативтік аткілердің мәтінін алуға мүмкіндік берумен қатар, сондай-ақ заңнамалық нормаларды қолдану бойынша кеңестерден тұрады, құжаттар арасындағы жанама байланысты ашады; Ақпараттар қазақ және орыс тілдерінде.

ІЗДЕУ:

- Деректеме бойынша іздеу (күні және нормативтік актінің нөмірі арқылы);

- Жағдай бойынша іздеу (түйін сөз арқылы);

- Жарияланған сөздер бойынша іздеу (мерзімді басылымның атауы арқылы);

- Жаңа және өзгерген құжаттар (нормативтік актідегі өзгерістердің жылы мен айы арқылы).

Құжаттарды электронды жеткізу

Түпдеректердің электронды көшірмесін жеткізу қызметі Қазақстан мен шет елдердегі кітапханалардың қорларындағы материалдардың көшірмелерін (кітаптар, журналдардағы мақалалар мен жинақтар) жедел жеткізуді ұсынады. өз тапсырысыңызды жасаңыз, біз оны орындаймыз! Сіздің көшірмелерді жасауға ақша төлеуіңіз қажет. Тапсырысты орындау мерзімі – 24 сағаттан 48 сағатқа дейін. Форматы – PDF (Acrobat). Көшірмелер электрондық пошта немесе курьерлік жеткізу арқылы беріледі.

Ұжымдарға арналған ұзақ мерзімді шарттар жасау.

Құжаттарды электронды жеткізу қызметін ұсынатын ең әйгілі орталықтар:

- ҒАҚҒИ – ғылыми ақпараттар мен қоғамдық ғылымдар институты;

- ҒТАБИ – ғылыми және техникалық ақпараттардың бүкілресейлік институты

- МКТК – Мемлекеттік көпшілік тарихи кітапхана;

- ҚР ҰК – ҚР-ның Ұлттық кітапханасы;

- РҒТК – Республикалық Ғылыми – техникалық кітапхана;

- EBSCO – ағылшын тіліндегі толықмәтінді мәліметтер базасы 4750 электронды журнал мен 1500-ден астам энциклопедия, анықтамалықтардан және т.б.с.с. тұрады;

- Интегрум-техно – 80 миллион құжат және орыс, ағылшын, неміс және фин тілдеріндегі 4000 мәліметтер базасы.

ҚОСЫМША: КАА пен ?ЭЖ жүйесінің «Өскемен қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ-нде жұмыс істеу ережесі. КАА пен ?ЭЖ тапсырыс бланкі. Толық нұсқасын көшіру.

Білім беретін қызметтер

Ағылшын тілінің курсы

Қалалық орталық кітапхана жанындағы ағылшын тілінің курсы

- Оксфордтық бағдарлама

- 6-деңгейлік курс

- оқытудың қазіргі әдістері

- тілді қолданушылармен тәжірибе

- американдық фильмдердің апта сайынғы көрсетілімі

Мәдени – бос уақытты өткізу қызметтері

Ұйымдарға, ұжымдарға арналған іс-шараларды өткізу

Мерекелер мен әртүрлі іс-шараларды өткізу үшін сценарийлер дайындау

Әуесқойлар клубтарындағы кездесулер

Сервистік қызметтер

Аудио - бейнекассеталарды жалға алу

Қалалық орталық кітапхана мектеп бағдарламасына көмек ретінде бейнефильмдер жинағын ұсынады:

* мемлекеттік тілді үйрену бойынша;
* өлкетану бойынша;
* жаратылыстану ғылымдары бойынша;
* тарих бойынша;
* Қазақстан тарихы бойынша;
* тіл білімі бойынша;
* әдебиеттану бойынша;
* қазақ тілінде;
* өнер бойынша;
* көркем фильмдер.
Категория: Воспитание души | Добавил: Гульнурик (2012-03-06) | Автор: Дуйсекенова Саркен Оразбековна
Просмотров: 4107 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 7:01 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru