Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Воспитание души

Ынтымақ-достық кепілі
Мақсаты: халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта әр сынып оқушыларының достық қарым-қатынастарын жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.

Сахнаға ұлттық киім киген оқушулар шығып, Қазақстан елінің әнұранын орындайды.

1-жүргізуші: Армысыздар, қымбатты қонақтар, ұстаздар және оқушылар!

2-жүргізуші: 1-мамыр Халықтар достығы қарсаңында өткізіліп отырған «Ынтымақ – достық кепілі» атты мерекемізді тамашалауға қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Достық деген - өзіңмен мақсат-мүддесі, арман-тілегі, талап-талғамы бір адам. Адалдық – достықтың ұлы заңы!

2-жүргізуші: Жер бетінде мұндай достар
Еш нәрседен жасқанбас
Бірі үшін тартар бәрі азап,
Дос үшін өзі тігер бас – дей келе мерекелік құтықтау сөзін мектеп директоры Әсет Қабдылманапұлына беріледі.

1-жүргізуші: 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

2-жүргізуші: Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз-Қазақстанда шынайы достықты қамтамассыз етіп келеді.

1-жүргізуші: Бүгінгі мерекеге осы Ассамблеядан ұлт өкілдері келіп тұр, соларға сөз берейік

Қазақ: Далаң үшін, қызба қан халқым үшін,
Жырың үшін кеңейткен жан тынысын
Саған Қазақстаным ғашықпын мен
Әншіл, сәншіл, бәйгешіл халқым үшін.

Орыс: Ресейден қай заман келгелі мен
Туыстарым даланың белдерімен
Кім тұрады мұнда?- деп сұрай қалсаң,
Қазақстандықтар- дейді бұл елде кілең....

Өзбек: Қазақ жері маған да болған мекен
Дүниеде дәл мұндай ел бар ма екен?
Досқа-дарқан, дұшпанға – сонша қатал,
Сүйем оны, сағынып самғап жетем.

Түрік: Орыс, қазақ туыс боп, ағаласып,
Қаны, тілі жатыр ғой араласып.
Қол ұстасып еңбек ет, далаға шық.

Хормен: Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз

2-жүргізуші: Қазақ жері- достықтың гүлстаны
Дархан өлкем-мерейлі ырыс бағы.
Күрестерде, еңбекте, мерекеде,
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.

1-жүргізуші: Халықтың әдет –салтына
Ойлана қарап, түйін түй
Шаттық сыйлап жалпыға
Жалғаса берсін ән-күй, би
Кіші орталық қыздарының орындауында Орыс халық биі. Қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші: Дән ексем жерге достық егер едім.
Бұлт болсам, соған тамшы себер едім.
Жайнаған гүлден гөрі ыстық құмға,
Дос үшін жылда айналып келер едім.

2-жүргізуші: 2-4 сынып оқушыларының орындауында көрініс «Байлық, бақыт, ақыл».

1-жүргізуші: Құя берсін күн нұрын кең далаға
Кең мен дәнді сықаған елге жаңа
Алатаудай қанша ба биік тартып,
Қазақстан көрінісін айналаға.

2-жүргізуші: Сол күйлерден алып келді бұл ғасыр,
Қаралы елдің мұңы шыққан жырды асыл.
Бәрі ұмыт болып кетер, ал қазір,
Көресің жас қазақстан тұлғасын.

1-жүргізуші: 1-3 сынып оқушыларының орындауында ән: «Дос болайық бәріміз»

2-жүргізуші: Бәрі де тума біздің жұрт,
Бір кісінің ұлындай
Өзбек, орыс, түркімен,
Бір атадан туғандай.
Тілек пенен жүрек бер
Айтуымда алғандай
Келесі «Ертегілер еліне саяхат»

1-жүргізуші: Ұйғыр, қазақ тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтардың ер елден.
Достығымыз ғасырларға жарасқан,
Туған елім, шарықтай бер кемелден

Көрініс: «Бақыт деген не?»
Әжесіне немересі жүгіріп келеді.
- Әже, бақыт деген не?
- Е-е, балам, «Бақыт»- деген үйде сенің жақын адамдарың болса, олар ауырмаса. Сенің Отаныңда қу соғыс болмаса, халықтар өзара соғыспаса.
-
Бақыт – бейбіт өмір, бейбітшілік
Бақыт – халықтардың өзара бірлігі
Бақыт – халықтардың ажырамас адал достығы, балам, түсіндің бе, құлыным?
- Иә, әже
- Балам, мен көршіге барып келейін, сен есік алдында ойнай тұр. Жарай ма?
- Жарайды әже. әжесі шығып кетеді. Қыз сурет салып отырады. Осы кезде дос қызы келеді.
- Назерке, ойнайсың ба? Ой, сен сурет салып отырсың ба?Ба-қы-ыт дейді? Ол не бақыт деген не?
Мәнерлеп оқи бастайды
Бақыт деген – бейбітшілік
Бақыт деген – бірлік
Бақыт деген – ынтымақ
Бақыт деген – достық
- назерке, бізде бейбітшілік, ынтымақ, бірлік, достық бар ғой. Яғни біз бақыттымыз ғой, иә?
- Иә, бәріміз де бақытты болайық! Жүр ойнайық.

2-жүргізуші: Қолдасын хақ болмасын тілек ада,
Аға бол ұлаңына, адал бол ұраныңа.
Ел бақыты болмаса, ел бастаған,
Ер бақыты болмайды біл оны да.

1-жүргізуші: Әдеби монтаж

1 оқушы: Ортақ мекен жер шары
Төбемізде бір аспан
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан

2-оқушы. Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жер ортақ,
Ортақ бізге барлығы.

3-оқушы: Туыспыз біз бәрәмәз,
Біз Отанды сүйеміз.
Бақытты елде туған соң,
Бақытты өмір сүреміз.

4-оқушы: Жақсылыққа, бақытқа,
Талпынған әр уақытта
Бала біткен дос-бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.

5-оқушы: Ортақ болсын асқар тау,
Жеміс толы бақша-бау.
Болсын жер мен су да ортақ,
Болсын бізге ту да ортақ

Барлығы хормен: Дос болайық бәріміз,
Ортақ болсын әніміз.

2-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй, -деп кезекті әнге берейік
«Ағайынбыз бәріміз» орындайтын 2-4сынып оқушылары.

1-жүргізуші: Жылқыбаева Эльнараның орындауында қазақ биі.

1-жүргізуші: Қасиетті сыры терең ел ме едің?
Жүзген айдай көңілімді тербедің
Кеңдігімен дархан қазақ даласы,
Жүрегімді толғандырдың сен менің.

2-жүргізуші. Беймазассыз тіршілікке толы ағын
Тағдырлардың беттестірсек боранын
Көңілдерді-дарқан қазақ даласы,
Көп орайлы кілеміңе орадың
Өлең «Туысқан ел» орындайтын Мырзағұмарова Назерке

Туысқан ел
Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен-бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Монғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украйн
Терезесі тең жатыр.
Алатау, Кавказ ұласып,
Баурайы бұйрат кең жатыр
Бақыттың әні асқақтап,
Құлаққа дауысы кеп жатыр.

1-жүргізуші: келесі «Әрқашан күн сөнбесін» әні. Қарсы алыңыздар!

1.Күн әлемі, көк әлемі,
Бұл-суреті жас баланың
Ақ қағазға салған өзі
Жазылған бар сөзі
Қ-сы:
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан күн төнбесін.
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман!

2. Солнечный круг, небо вокруг-
Это рисунок мальчишки
Нарисовал он на листке
И подписал в уголке:
Қ-сы:
«Пусть всегда будет солнце!
Пусть всегда будет небо!
Пусть всегда будет мама!
Пусть всегда буду я!»

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар осымен бүгінгі «Ынтымақ – достық кепілі» атты мерекеміз өз мәресіне жетті.

2-жүргізуші: Келесі кездескенше, күн нұрлы болғай! Қош, сау болыңыздар.
Категория: Воспитание души | Добавил: EzhikM85 (2012-04-11) | Автор: Нуртаева Молдир Кабдагалиевна.
Просмотров: 9244 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 10:07 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru