Главная » Статьи » В помощь учителю » Воспитание души |
«Өрмекші» ойыны. Сабақтың мақсаты: тарау бойынша оқушылардың алған білімдерін пайдалана отырып, қойған мақсатына жете білуге дағдыландыру, логикалық ойлау дағдыларын арттыру және бекіту. Ойынның шарты: сынып 4 топқа бөлінеді, әр топтағы оқушылар нөмірленеді. Тақтаға өрмек сызылады, тапсырмалар үш деңгейде жазылады. 1.Әр оқушы өз нөміріне байланысты тапсырмаларға дайындалады. 2.Тапсырма орындағаннан кейін бірдей нөмірдегі оқушылар топтасады, сұрақтар бойынша талдау жүргізеді және өздерін бағалайды. 3.Мұғалім дұрыс жауаптарды береді. 4.Дұрыс жауаптар бойынша оқушылар бірін-бірі бағалайды. 5.Қайтадан өз топтарына келіп отырады, өз сұрақтары бойынша материалдарын түсіндіреді және бір-бірін бағалайды. 6.Қорытынды бағаны мұғалім қояды. Ойынның тапсырмалары. № 1 оқушы 3. Күкірттің сутекті, оттекті қосыстарының формулаларын атаңдар. 2. Күкіртсутектің ауамен, сутегімен салыстырмалы тығыздығын есептеңдер. 1.Мына өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар: Fe → FeS → H2S → Na2S № 2 оқушы 3. Күкірттің сутекті, оттекті қосыстарының формулаларын атаңдар. 2. Формулалары келтірілген күкірт қосылыстарын жіктеп, олардың графиктік формулаларын құрыңдар: H2S; SO2; SO3; H2SO4. 1. Реакция теңдеулерін жазыңдар К → К2О → H2SO4 + КОН → . К2СО4 → № 3 оқушы 3. Бейметалдық қасиет периодтық жүйеде период бойынша қалай өзгереді? 2. H2S, H2SO4 сатылы диссоциациялану реакция теңдеулерін жазыңдар. 1.Мына өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар: S → SO2 → SO3 → Na2SО4 № 4 оқушы 3. Бейметалдық қасиет топ бойынша қалай өзгереді? 2. SO2 затындағы күкірттің массалық үлесін есептеңдер. 1. Мына өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар: H2S → А → SO3 → H2SO4 → ВаSO4. Қорытынды: оқушылардың белсенді жұмыстарына алғыс айта отырып, біліміне сәйкес баға қою. Үйге тапсырма: Күкірттің маңызды қосылыстарының қасиеттеріне шолу жасау. 52-беттегі 10-12 есептерді шығару | |
Просмотров: 2204 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|