Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Мастер-класс

Тәрбие негізі-балабақшадан басталады.
Тәрбие негізі-балабақшадан басталады.

Қазіргі заманда бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, баланы тәрбиелеу деген сөз – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген бала ержеткенде сол әдетін сақтайды. Әдепті, инабатты, адамгершілігі мол, сыпайы бала тәрбиелеуде балабақшамызда «Ізгі сөздер патшалығы» этностудиясы жұмыс жасайды. «Ізгі сөздер патшалығына» енген балалардың сөзіне қылығы сай болуын, қарым-қатынас кезіндегі инабаттылық, әдептілік, мәдениеттілік, ізет білдіру сияқты қасиеттерді бойларына сіңіре отырып, мәдениетті, әдепті, қылықты, кербез болуға талпынады. Бойында көркем, нақышты сөйлей біле, сұлулық сырын тілмен жеткізіп, оймен өре білу өнерінің алғышарттары қалыптасқан бүлдіршін балаларды тәрбиелеу.
Халқымыздың сыпайылық мейірбандылық, адалдық, сезімталдық және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді баланың бойына кішкентайынан бастап дарыту мақсатында «Әдепті сөйлейік» тақырыбындағы үйірме жұмысын назарларыңызға ұсынып отырмын.
Тақырыбы: «Әдепті сөйлейік»
Мақсаты: Балаларды мәдени мінез-құлықтары әдеттеріне баулу. Мәдениетті болудың бастауы- әдеп нормалары жайлы түсініктерін бекітіп молайту.

Барысы: - Балалар мына суреттерге қараңдаршы, сонда кай жерге келгенімізді өздерің де түсінесіңдер.
(Үлкен зәулім сарайдың қақпасы)
Балалалар: - Бұл «Ізгі сөздер - паташалығы»
Тәрбиеші: - Дұрыс балалар.
Бұл патшалықта қандай дүниеге үйренеміз?
Балалар: - Дұрыс сөйлеуге үйренеміз.
- Мәдениетті сөйлеуге үйренеміз.
- Әдепті болуға үйренеміз.
Тәрбиеші: - Дұрыс балалар. Әдепті деген сөзді біз ана жолы түсінгенбіз.
Әдеп дегеніміз не?
Балалар:
- Әдеп деген – тәртіпті болу.
- Әдеп деген- мәдениетті сөйлеу.
- Әдеп деген- үлкендерге деген қошемет, құрмет көрсету.
Тәрбиеші: - Жақсы балалар бүгінгі келеген қонақтарға қандай құрмет қошемет сөздеріңді білдіресіңдер.
1-ші бала: Ассалаумағалейкум, қонақтар! Қош келдіңіздер!
2-ші бала: Сәлеметсіздер ме! Аман-есен жеттіңіздер ме?
3-ші бала: Төр сіздердікі! Жайғасып, жайлы отырыңыздар!
- Өте жақсы, балалар айтыңдаршы осы қошемет сөздерін қпай жағдайларда айтуға болады?
Балалар: -Үйімізге қонақ келгенде
- Топ бөлмесіне үлкен кісі келсе
- Ауылдан атам мен апам, ағаларым келсе
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Ал осы сөздерді өмірде қолдансаңдар сендерді қандай балалар дейді?
Бала: - Әдепті бала дейді.
Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар, ал әдептілік дұрыс амандасудан басталады екен.
Осындай әдепті, ізігі, мәдениетті сөйлеуді сендер қайдан үйренесіңдер?
Балалар: - Бұлай сөйлеуді біз оқу әрекетінен үйренеміз
Тәрбиеші: - Тағы қайдан үйренесіңдер?
Балалар: - Өзіміздің отбасымыздан үйренеміз.
«Ізгі сөздер патшалығы» үйірмесінен үйренеміз
Тәрбиеші: Балалар бүгінде біз «Ізгі сөздер патшалығына» барайық. Мен атын атаған балалар саяхатқа шығамыз, ал қалған балалар сендер қадағалап қарап отырыңдар. Келесі сабақта сендермен саяхатқа шығамыз.
Тәрбиеші: - Ашылмай тұр біз бір нәрсені дұрыс жасамай тұрмыз ғой деймін, тағыда есікті итеріп көрейінші.
- Итеруге болмайды, әдеппен қағу керек.
2-ші бала: - Кіруге рұқсат па деп сұрау керек.
(Сиқырла музыка ойнайды есік ашылады.)
Тәрбиеші: - Ой расында дұрыстап рұқсат сұрасаң есік ашылады екен, жүріңдер балар ішке кірейік.
Сәлеметсіздер ме, балалар! «Ізгі сөздер патшалығына қош келдіңіздер!». Жоғары шығып жайғасыңдар.
Тәрбиеші: - Балалар мен түсінбей тұрмын біздің ізгілік патшалығының суреттері неге көрінбей тұр. Мұнда не бар екенін көрейінщі. мына сурет бұл патшалықта болмауға тиісті суреттер тұр ғой бұл қалай болғаны.
1-ші сурет: Автобуста орын бермей теріс қарап тұрған бала, қасында үлкен кісі бар.
Астында жазу: Орын бергім келмейді мен бірінші кірдім, көрмегенге ұқсап тұра берейін.
Тәрбиеші: Астындағы сөзін оқып берейінб бе балалар? Оқып береді.
- Балалар бұл сурет туралы не айтасыңдар?
- Балалар өз ойларын айтады.
- Бала не істеуі керек еді және қандай мәдениетті сөздер айтуы керек.
Балалар: - суреттегі баланың қылығын айтады. Олай етуге болмайды.
Тәрбиеші: - Ал қандай сөздер айту керек?
Балалар: - Үлкендерді сыйлау керек.
Ата немесе апа менің орныма отырыңыз!
Тәрбиеші: Қане балалар баріміз осы сөзді сыпайы айтып көрейікші- «Ата немесе апа менің орныма отырыңыз!»
Балалар сендер ізгі сөздер патшалығында жүрсіңдер ғой, енді мына суреттерді өзгертулерің керек.Суреттерді түзету үшін өздерің білетін әдептілікке, ізеттілікке байланысты мақал-мәтел айтуларың керек.
- Әдепті бала ата-анасын мақтатар, әдепсіз бала ата-анасын қақсатар
- Әдепті бала- арлы бала, Әдепсіз бала-сорлы бала
- Әдептің не екенің, әдепсіз адамды көргенде ұғарсың
- Сіз деген әдеп, Біз деген көмек
- Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергені
- Кішіпейілділіктен кішіреймейсің
- Үлкенге құрмет, кішіге ізет
- Аға-әдепті болса-іні әдепті, Апа әдепті болса-сіңлі әдепті
(Балалар мақал-мәтелдерін айтып болғанда музыка ойнап сурет ауысады)
Тәрбиеші: Балалар сендер «Ізгі сөздер» патшалығында жаттаған мақал-мәтелдерінді ұмытпаған екенсіңдер. Енді барлығымыз «Жақсы көрем әкемді» әнін орындайық.
(Балалар әнді орындап орындарына отырады.)
Тәрбиеші балаларға екінші суретті көрсетеді.
2-ші сурет: Үлкен кісінің жолын кесіп немесе қағып өтіп бара жатқан бала суреті.
Астындағы сөзі: Мен өзім өтіп кетуім керек, бұл кісі ақырын жүреді екен, тосып тұрайын ба? Немесе ой қағып кеттім мен кінәлі емеспін.
Балалар мына суреттегі баланың қылығы мен, сөздері сендерге ұнай ма?
Балалар өз ойларын айтады.
Тәрбиеші: Балалар сендер де осындайсыңдар ма? /Балалар өз ойларын айтады/
Тәрбиеші: - Мына суретті қандай сөзбен түзетуге болады?
Балалар: - Өтіп кетіңіз немесе асығып жүгіремін деп қағып кеттім кешіріңіз. Осы суретке байланысты қандай өлеңдер білесіңдер. Егер дұрыс айтсаңдар сурет ауысады.
1) Үлкенді сыйла,сәлемдес,
Қатты сөз айтып жылатпа,
Жол бер әр кез әдеппен.
Артық сөзге құмартпа.
Кішіге қамқор бола біл,
Ілтипатпен жауап бер,
Өзіңе қойған сұраққа.

2) Сыйлап сәлем беремін,
Көршілерді көргенде.
Ізетті де білемін
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Апама айтып өкпесін.

3) Ата- ананың тілегі- адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің.
Әдептілік дегенің- әрқашанда керегің,
Әсемпаздық дегенің- әуре сарсаң әлегің.

4) Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Ұрыншақ бала жанында,
Ұрыс пен керіс айқай шу.
Ұстамды бала маңынан,
Ұнамды қылық байқайсың.

5) Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.

Тәрбиеші: балалар, өте дұрыс айтқан екенсіңдер міне суретіміз де ауысты.
(Сиқырлы әуен ойнайды)
Тәрбиеші: Бұл не әуен болды екен?
Жадыра әуен мына сандықтан шыққан сияқты ішін ашып көрейін.
Балалар сандықта хат бар екен, оқып көрейін. «Балалар сендерден сұрайтыным «Ізет ағашының жапырақтары түсіп жатыр сондықтан ізгілік жапырақтарын ілулеріңді сұраймын»-депті. Ізгі сөздерді көп білетін балаларға сыйлығым бар депті.»
Балалар ізет ағышына көмектесейік ол үшін бірнеше жапырақтар жасап, ізгілікке, әдептілікке байланысты сөздерді айтып ағашқа ілуіміз керек. (Балалар қағаздан жапырақтар жасап кезекпен-кезек ізгі сөздерді айта отырып ізет ағашына апарып іледі )
- Үлкенді сыйла,сәлемдес,
- Кіруге рұқсат па деп сұрау керек
- Әдеп деген- мәдениетті сөйлеу.
- Әдеп деген- үлкендерге деген қошемет, құрмет көрсету.
- Кішіпейілділіктен кішіреймейсің
- Үлкенді сыйлау керек
- Ата немесе апа менің орныма отырыңыз!
- Өтіп кетіңіз деп жол беру керек
- Әдеппен сөйлеу керек
Тәрбиеші: Қараңдаршы сандықта медальдар бар екен. Оның бетінде бір әріп жазылған. «Ә» деген әріп ол әдепті балаларға ғана беріледі екен.
Тәрбиеші: - Балалар қонақтар сендерге ұнады ма? Ол кісілерге қандай ізет сөздерің бар.
Балалар: Қазақта «Орамал тон болмайды, жол болады» деген мақал бар. Бұл мақалды сыйлап, сыйлық берерде айтады. Қонақтарға да медальдар таратады.
Категория: Мастер-класс | Добавил: Арайлым (2013-11-15) | Автор: Омиртаева Арайлым Амангалиевна E
Просмотров: 4141 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-11-20, 6:27 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

• Теги

презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

Статистика

Рейтинг@Mail.ru