Главная » Статьи » В помощь учителю » Мастер-класс |
Мектепке дейінгі балалардың математика оқу іс-әрекетіндегі дидактикалық ойын түрлерін қолдану арқылы интеллектуал- дық және тілдік әрекетін түзету Ересек адамдардың ісі, жұмысы, қызметі сияқты ойын да бала өміріндегі маңызды болып саналады. Бала ойында қалай болса, ол өскенде, жұмыста да сондай адам болады А.С. Макаренко Мектепке дейінгі балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру геометриялық пішінмен, санауды үйрету, сан туралы түсінікерін дамыту, шартты өлшеуіштің көмегімен өлшемдер жүргізу, көзбен қабылдау, шамалау қабілетін жетілдіру, кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру, затты тең екі бөлікке бөлу деген мәселелерге назар аударылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін логикалық ойындардың рөлі ерекше. Ойын- мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталып адаммен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі. Логикалық ойын –балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Логикалық ойындар психикасында сапалы өзгерістер тудырады: бала зейінінің, жадының қалыптасуына ойлау, қиялдау, сөйлеу қабілетінің дамуына әсер етеді. Ойлау шығармашылық және таным әрекетінің негізі болып табылады. Логикалық ойлау- адамның интеллектуалдық қабілетінің негізін құрайды. Дамытушы ойындар балалардың логикалық ойлау, сөйлеу дағдыларын арттырады. Сол себебтен балаларға логикалық ойындарды кеңінен және жүйелі түрде пайданалудың маңызы ерекше. Математикадан ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттердің мақсаты: Геометрияляқ пішіндер, айналадағы заттардың көлемін, формасын тікелей бақылата отырып, логикалық тапсырмаларына толық жауап беріп, ойлау қабілетін дамыту. Әрбір санның алдында және өзінен кейінгі санды дұрыс атай білуге үйрету. Қанша?, Қандай?, Нешінші? деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге жаттықтыру мақсатын көздеу. Логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой-өрісін, тілін, есте сақтау қабілетін дамыту. Қызықты ойындар арқылы баланы тапқырлыққа, алғырлыққа, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу. Ақылымен алдына қойған мақсатқа жету қабілеттерін дамыту. Д/ойын «Дұрыс тап» Ойынның шарты: Берілген суреттегі заттарға қарап, сандарды дұрыс қою. Мысалы: 1 дегенім бөрік, басқа кисең көрік, 2- дегенім етік, киер сәнді етіп, 3- дегенім ішік, теріден тігер пішіп. Бұл киімдер қыс мезгіліне арналған . Тақтаға 3 күлтелі гүл суреті ілінеді. -Балалар гүлдің сәні болмай тұр. Дұрыс күтім жасалмаған гүлге ұқсайды. Күлтесі 3-еу екен. Құрастыру арқылы әдемі қалпына келтірейік. Күлтелерді бірлесе санап көрейік. Соңғысы жаңа сан екеніне көңіл аудара отырып, таңбасымен таныстыру-4. Ол қалай пайда болды? Балалар алдарындағы үлестірмелі заттардан 4 күлтешесі бар гүл құрастырады Санамаққа қайта ораламыз да, 4-дегенім тымақ , қыста кисең жылы-ақ. Д/ ойын «Шашылған сандар» 4-ке дейінгі шашылған заттарды реттік өсуі бойынша дұрыс қою. Мақсаты: санның реттік қатарын есте сақтау. Д/ойын «Қай мезгіл» Шарты: Бала суреттен жыл мезгілін анықтап, оны сәйкес төртбұрышқа қоюы керек. Бала пішінді, түсті айтады. Д/ойын «Көрші санды ата» Ойынның шарты: Сандардың көршісін табу және атауы керек, ретімен қойып береді. Д/ойын «Алманы орналастыру» Ойынның шарты: Алма ағаштары суреттері тақтада ілулі. Оң жақ, сол жақ, астында, үстінде деген ұғымдарды қолдана балалар бұтақтағы алмаларды санайды. Аз ба көп пе салыстырады. Д/ ойын «Үй құрастыру» Ойынның шрты: Геометриялық пішіндерді дұрыс қолданып үйдің қабырғасын, шатырын, есік, терезелерін құратыру Ойын «Кетті, кетті орамал» Ойынның шарты: Кетті , кетті орамал шеңберді айнала ойынды бастайын, бір баланың қасына келіп орамалды тастайын, деп бір балаға орамалды береді. Бала өз санын атап осы саннан бастап тура санайды. Осындай ойын тәсілдерін қолданып мектепке дейінгі балалардың математика оқу іс-әрекетінде интеллектуалдық және тілдік әрекетін түзеуге болады | |
Просмотров: 954 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|