Главная » Статьи » В помощь учителю » Мастер-класс |
1. Тақырыбы: Интерактивті тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың тұлғалық ерекшелігін дамыту 2. Өткізу түрі: дәріс, тәжірибелік сабақ 3. Мақсаты: Оқушылардың тұлғалық ерекшелігін, танымдық белсенділігін арттыруда интерактивті тапсырмаларды орындаудың ерекшелігін, тиімділігін қарастыру, тәжірибелік бағыттағы жұмыстарды орындауды ұйымдастыру 4. Өткізу жоспары а/ Психологиялық ахуал туғызу. Тренинг. Мен қандай қызметкермін? Түрлі-түсті қағаздардан шаршы етіп қиылған қиындылар таратылады. Мұғалімдер сол қағазға ұлттық ерекшелігімізді көрсететін суретті бейнелеу керек.Бұл тесте салған сурет – бұл мұғалімнің өзі. Сол бейнеден, оның қандай адам екенін көруге болады. (бірнеше сипаттама оқылады, әр қатысушы өзіне баға береді) а/ Егер ұлттық ою-өрнекті бейнелесеңіз, онда Сіз әсемдік пен әдемілікке жақынсыз. Мінезіңіз де ою-өрнектің өрнегіндегідей нәзік. Әр атқарған жұмысыңызға сүйіспеншілікпен қарайсыз. Адам жанын тез ұғынып, қолыңыздан келгенше көмектесуге дайынсыз. в/ Егер ұлттық тағамды бейнелесеңіз, онда Сіздің өмір сүруге деген құштарлығыңыз. Қайырымды, ниеті ақ адамсыз. Айналыңыздағыларға күннің шуағындай нұрыңызды шашып тұрасыз. с/ Егер ұлттық киім үлгісін (кез келген) бейнелесеңіз, онда Сіздің эстетикалық талғамыңыз жоғары. Сонымен қатар ұқыптылық пен тазалыққа көп мән беретін адамсыз. д/ Егер ұлттық үй жиһазын бейнелесеңіз, онда Сіз отбасы жылылығын берік сақтайтын адамсыз. Қызметіңізде де әр нәрсеге смабырмен қарауды ұнатасыз. Бойыңызда адамдарға, қоршаған ортаға деген махаббат басым. е/ Егер зергерлік қол өнерінің заттарын бейнелесеңіз, онда өзіңіздің өміріңіздің бағасын жақсы түсінетін адамсыз. Өз қызметіңізде ойыңыз романтикаға толы, жан сұлулығын маңызды деп түсінесіз. ж/ Егер ұлттық ыдыс-аяқтарды бейнелесеңіз, онда Сіз қайтымы тез, кешірімді адамсыз. Адамдарға деген көңіліңіз шыныдай мөлдір, таза, эмоционалды адамсыз. з/ Егер ұлттық аспапты бейнелесеңіз, бес саусағыңыздан өнер тамған өнерлісіз. Сонымен қатар жақсы демалғанды ұнатасыз және айналаңыздағыларға жақсылық шуағын шашып тұрасыз с/ Әдіс, тәсіл, жалпы әдістемелік жүйе мәселелерін қарастыру. Әдістемелік жүйе құрылымын дайындау Шарты: мұғалімдерді 4 топқа бөлу(5 топқа тренингте таратылған 5 түрлі шаршы кеспелер арқылы бөлінеді). 5 топқа тірек сөздер, сөз тіркестері беріледі. Сол бойынша мұғалім әдістемелік жүйе құрылымына тоқталады(мақсаты, міндет, нәтиже, әдіс-тәсілдер, оқу құралдары, ) Берілген қағаздарды пайдалана отыра әр топ берілген тапсыоманы орындайды, ортаға салады. 3. Білім беру технологиялары туралы. Слайд №2 4. Оқытудың интерактивті әдістері туралы теориялық түсінік.Слайд №3 «Егерде сабақ үстінде оқушылар мен мұғалімдер арасында тығыз қарым-қатынас байқалса, бұлайша оқыту интерактивті деп аталады», Ж.Е.Сманқұлова Интерактивті оқытудың басты мақсаты – оқушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету. Интерактивті әдістеме дегеніміз не? Ол не үшін қолданылады? Интерактивті әдістеме кезіндегі оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы қандай болу керек? Интерактивті тапсырмалар типтері. 5. Тәжірибелік бөлім. Бұл бөлімде тыңдаушылар жоғарыда аталған әдіс бойынша тапсырмалар орындайды Ассоциация қатары Мұғалім тақтаға тақырыпты жазады. Оқушылар тақырыпқа байланысты ассоциацияларды жазады. Мұғалім парақтарды жинап, оқушылармен талдап, нәтижесінде тақырыптың құрылымдық сызбасын жасайды. «Дана үкілер» техникасы - Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері Мәтіннен негізгі ұғымдарды тауып әліпби ретімен жазу. Сізге жаңалық болған ақпаратты жазыңыз. - Маңызды өмірлік даналық. Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен беріңіз. - Таныс және таныс емес. Мәтінне сізге таныс болған және сізге мүлде таныс емес ақпаратты табыңыз. - Иллюстрациялық бейнелеу. Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, карикатура,т.б. бейнелеп көріңіз. - Үлгі боларлық қорытынды. Мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға бола ма? - Талқылауға маңызды тақырыптар. Сыныпта талқылауға тұрарлықтай, ерекше көңіл бөлуге болатын ойларды, пікірлерді табу. Сергіту Кім жылдам? Тілдік дағдыны дамытатын жаттығулар • Піл көтермегенді не көтереді? (тіл) • Қызым саған айтам, кім тыңдасын? (келінім) • Неше рет өлшеп бір рет кес(жеті) • Құлағыңа қандай сырға? (алтын) • Аңдамай сөйлеген ауырмай не істейді? (өледі) • Тіс қайда орналасқан? (ауыз қуысында) • Ортаңғы саусақ қалай аталады? (ортан терек) • Түйеге құсты қосқанда не болады? (түйеқұс) • Ертегі қалай басталады? (ерте, ерте, ертеде) • Бүгін аптаның қай күні? (бейсенбі) Проблемалық оқыту тәсілдері: «Баяндама» Мұғалім оқушыға мәтінді оқуды, кейін мазмұнын сурет, сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы көршісіне береді. Әр оқушы осыны қолдана отырып осы мәтін бойынша шағын баяндама жасайды. Талапты толық орындаған оқушы жеңімпаз атанады. «Мені түсін» Оқушылар мәтінді немесе мәтін бөлігін оқиды да, түйінді сөздерді дәптерлеріне жазып алады. Мұғалім оқулықтарын жауып, қолдарына парақ пен қарындаш алып, осы мәтіннің негізгі ойын білдіретін он шақты сөз жазуларын талап етеді. Парақтағы сөздер түйін сөздермен салыстырылады. Түпнұсқамен сәйкес келген сөздері көп болса, сол жеңімпаз атанады. Ұқсастық немесе айырмашылық Бұл тапсырмаларды орындауда оқушылар екі жағдайды қарастырып, өздерінің қандай қасиеттері ұқсас екендігін және қандай қасиеттері бір-біріне ұқсамайтынын жазу ұсынылады. Теориялық түсінік Зат есім Сын есім 1. Толық мағынасы бар, белгілі сұраққа жауап береді 2. Дара және күрделі түрлері бар Сәйкестіктерді іздеу Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар сөздегі не сөйлемдегі сәйкестіктерді анықтау талап етіледі. Бұл жұмыс түрі қиын мәтінмен танысқанға дейін істегені дұрыс. Бірлесіп жұмыс істеу № Пікір айту Менің пікірім 1 Бірлескен жұмыс мұғалім үшін қиын да, қызықты болуы мүмкін 2. Жалпылау. Бұл тапсырмада оқушылар өзекті тұстарды анықтап, оларды суреттеп жазу керек.Жалпыланған ақпарат ақпараттық тізім, кесте, шығарма, сызба түрінде берілуі мүмкін. Мысалы, балаларға бір ертегіні оқып беріп, ертегі бойынша үш сурет салып, соларға ортақ сөйлемдер жазу ұсынылады. 1-сурет – ертегінің басы, 2-сурет – оқиғаның дамуы, 3-сурет – аяқталуы болу керек. Дұрыс па бұрыс па? Бұл тапсырманы жұппен орындатуға болады. № Қорытынды пікірлер Дұрыс, бұрыс 1. Зат есім заттың атын білдіреді 2. Төрт түлікке бұғы жатады 3. Бес қалдықсыз 2-ге бөлінеді 4. Мақта қыз үй сыпырып жүріп алма тауып алады. Дұрыс немесе өзгертуді талап етеді Бұл тапсырманы орындағанда оқушылар қорытытынды пікірді қарастырып, оның дұрыс екендігін анықтайды. Егер олай болмаса олар пікірлерін қайтадан дұрыстап жазулары керек. Олар пікірлерін қайтадан дұрыстап жазу керек. Қателерді түзету Төмендегі сөйлемдер дұрыс жазылған ба? Егер олай болмаса оларды дұрыстап қайта жазыңыз. 1. Велосипедтің екі аяғы бар. 2. Сиыр шөп береді және сүтті жейді. 3. Мектепте білім береді. Артықшылықтары мен кемшіліктер Мұндай тапсырманы орындағанда оқушылардан бір құбылысты екіншімен салыстырып, артықшылықтары мен кемшіліктерін жазу талап етіледі. «Көліктің қандай түрін пайдалану керек?» Артықшылықтары Кемшіліктері Жылқы 1.Бензин қажет емес 1. Жем-шөп беру қажет 2. Автобус 1. 1. Қысқаша сұрақтар мен жауаптар Оқушының сұрақтың мәнін қаншалықты білетіндігін және өз сөзімен айтып бере алатындығын тексереміз. Сұрақтар Жауаптар 1. Құзыретті болудың үш жолын атаңыз 1. 2. Біреумен пікір таластырған жаман ба? 3. Барлық адам шығармашыл бола ма? *Қалдық заттарды пайдалана аламыз ба? Әр топқа қолданыстан шыққан бірнеше зат беріледі. Сол заттарды сипаттап, соның 10 қолданысын табу керек. Заттар: таза судың босаған құтысы, әмиян сырты, желім сырты, қалам сырты, * Кісі есімі жіктелімі. - кісі есімін таңдау; - қойылу себебін анықтау; - лақап ат қою – 2/3 - шын есімі мен лақап атының қолданылу аясын талдау; - берілген есімнің қолданылу ұзақтығына болжау жасау. 6. Қорытындылау. Қысқаша сұрақтар мен жауаптар Сұрақтар Жауаптар 1. Әдістемелік жүйе дегеніміз не? 2. Интерактивті әдістемедегі мұғалім этикасы 3. Интерактивті тапсырма типтерін атаңыз. 4. Оқушы қабілетін ашудағы рөлі 5. Тақырыптың тиімділігі | |
Просмотров: 2091 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|