Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Мастер-класс

Қалалық семинар. Тақырыбы:Бастауыш сынып оқушыларының өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалып-ру жолдары. «Математика- ғылымдардың патшасы»
№62 Шона Смаханұлы атындағы гимназия
Қалалық семинар
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру жолдары.
Сыныптан тыс жұмыс
«Математика- ғылымдардың патшасы»

3- сынып
Мұғалім: Бейсекова Тамара Ауельбековна

2013-2014 оқу жылы

Мерзімі: 06.12.2013ж.
Сыныбы: 3 сынып
Тақырыбы: «Математика- ғылымдардың патшасы».
Мақсаты:
1. Оқушылар арасында қарым-қатынас жасау, шағын топтарда жұмыс жасау, толеранттылық(басқаның пікірі мен көзқарасын қабылдау,оларды сыйлау,олармен санасу, төзімділік пен шыдамдылық) дағдыларын қалыптастыру.
2. Өзіндік тұрғыдан ойлау,шығармашылыққа баулу. Математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.Шамшаңдыққа тәрбиелеу.
Түрі: интеллектуалдық сайыс, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: Power Point бағдарламасында құрылған презентация, математика ғылымы туралы ақын-жазушылардың сөздері, постер, түрлі-түсті маркерлер.

Ұйымдастыру барысы:
Сәлемдесу.
Мейірімді жүрекпен
Ақ ниетті тілекпен.
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық.
-Сәлеметсіздер ме?
Мұғалім: Әр сабақта жағымды атмосфера орнатуға ұмтылу- жақсылық пен ізгілік нышаны- демекші сіздермен бірге жағымды атмосфера орнатып алсақ.
Ой сергек: «1-5 дейін дене мүшелерімен жазып шығу!»

Топқа бөліну. Фигуралар арқылы топқа бөліну. (төртбұрыш, дөңгелек, шаршы, үшбұрыш)
а) топ басшыларын сайлау
ә) топты қорғайды.
І топ. «Шаршы» тобы.
Ұраны:
Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Таныстыруы: Барлық қабырғалары бір - біріне тең болатын геометриялық фигура шаршы деп аталады.
ІІ топ «Үшбұрыш» тобы.
Ұраны:
Білікті бірді жығар.
Білімді мыңды жығар.

Таныстыруы: Үшбұрыш деп жазықтықта бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені тізбектей қосқаннан шыққан фигураны айтамыз.

ІІІ топ. Дөңгелек
Ұраны: Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

ІV топ. Төртбұрыш
Ұраны: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен.
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

І Тур. «Ділмар»

Мұғалім: « Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те» -Р.Бэкон айтқандай математика ұғымына байланысты сұрақтарға топпен талқылай отырып жауап берсек.
а) Сұрақ: Математика не үшін қажет?
Оқушылар жауап береді.
Бұл бөлімде 4 топ екі топқа бірігіп, сайыскерлер өздеріне тиесілі тақырып бойынша қарама-қарсы пікірлерді дәлелдеп, өз ойларын айтады. Яғни, 1 топ. Математика барлық уақытта қажет пе? 2 топ: Математика барлық уақытта қажет епес пе?

ә) Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек»

ІІ тур. «Қызықты математика»
а) «Адам үшін ең қызықты нәрсе- өз қолымен жасағаны»-демекші, алдарыңдағы постердегі берілген тапсырмаларды орындаймыз.
І топ. «Ғажайып шаршы»
3,4,5,6,8,9 сандарын пайдалана отырып, барлық жолдағы сандарды қосқанда 21 саны шығатындай етіп орналастырыңдар.

10
7
11


ІІ топ. «Ғажайып шаршы»
1,4,6,5,8,9 сандарын пайдалана отырып, барлық жолдағы сандарды қосқанда 15 саны шығатындай етіп орналастырыңдар.


7 3
2

ІІІ топ. «Ойлан, тап!»
Ашық тұрған торкөздерді 1-9-ға дейінгі сандармен толықтырып шығу керек.Кез-келген тік бағанда және кез-келген көлденең қатарда бірдей цифр болмауы керек. Сондай-ақ, қалың сызықпен бөлінген торкөз блогының кез-келген көлденең және тік қатарларында да цифрлар қайталанбауы керек.
7 6 4 5 1 9
2 5 1 4 3 8
2 6 1 5 4
3 9 5 8 4
2 3 1 5 9
8 4 3



ІV топ. «Фокус»
«Фокус» деген сөзді 5 сөзден 7 рет фокус сөзі шығатындай етіп жаз.
Ф О К У С
Ф О К У С
Ф О К У С
Ф О К У С
Ф О К У С

ә) Бағалау: «Бағдаршам»

Сергіту сәті: « Ойша сана, байқампаз бол!»
Қай сандарды төңкеріп оқыған кезде, мәнін жоғалтпайды. (8,88,96)


ІІІ тур. Интеллектуалдық ойын. «Geopardy»


(Әр топ ұяшық таңдап, ондағы сұрақтарға 3 тілде жауап беру арқылы ұпай жинайды)

100.Сөзі дана, үні жоқ.
Сөйлемейді тілі жоқ
Қолыңа алсаң шешен,
Ақылы асқан көсем.
(кітап)

100. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр. Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма? (алмұрт )

100. Көлден ұшты 40 қаз,
Қайтып қонды 15 қаз.
Қонбады оның нешеуі?
Қане, кім тез шешеді? (25 қаз)

100. Әрпі мен цифрының саны тең 3 тағбалы санды ата?
(жүз)

200. Түйе, бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақпен қос ешкі.
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой.(он жеті)

200. Көл тоғанды қырға бар
Келіп қонды тырналар.
Жұптан қонып сол жерде
Отыр екен он жерде
Санап берші тырналар
Қанша болды ол жерде?(20)

200. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
200. Өмірің сенің қызық,
Жолында жоқ түзу сызық,
Басы да жоқ аяғы.
Бір айналым баяғы. (дөңгелек)

300. Алды артымыз шексізде,
Жете алмайсың біздерге,
Сәуле менен кесінді,
Шыққан еді біздерден. (түзу)
300. Бір – бірімен жарысқан
4 аю, бір арыстан
2 қой мен 1 түлкі
Бәрі нешеу кім білді (8)
300. Ащыдан басқа жемейтін
Ыстық шөлде отаны
Шөлдесе су демейтін.
(түйе)
300. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3 кг)
400. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
400. Дүниедегі ең жүйрік не? (Ой - қиял)
400. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)
400. Жоқ өзінде бас та, қас та мойын да
Ұзындығы жазулы тұр бойында? (сызғыш, линейка, rule )
500. Бұл зат әр оқушыға қажет. Тіпті, мектепке әлі бармайтын бүлдіршіндер оның болғанын ұнатады. Жоғары сыныптың оқушыларында ол көп болады. Мұғалімдер оларды үйлеріне әрлі-берлі тасып әлек. Бұл не? (дәптер- тетрадь-note book)

500. Алпыс төрт тең бөлмеде,
Отыз екі тұрғын бар.
Ақ, қара қып бөлгенде
Бірін-бірі қуғындар.
Ханы үшін де, жаны үшін де
Бермейді олар намысын.
(Шахмат-шахмат-chess)
500. Егіз қайың,
Бой-бастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары бес-бестен.
(Қол)
500. Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.
(сиыр- корова – cow)

Ең көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.

Топтарды марапаттау.


Кері байланыс. Стикерге жазба түрде бүгінгі сабақтан алған әсерлері жайында жазып береді.
Қорытындылау. –Біз қалайша тиімді түрде үйренеміз?
Оқушылар: пікір таластырғанда, өзіміз өз қолымызбен жасағанда, бірлесе оқығанда, басқаларды үйреткенде, ойын түрінде!
-Ия, өзіміз өздігімізше үйренбесек, үйренуге ұмтылмасақ, ынталанбасақ, «Білем! Үйренем!» деп жігерленбесек, бізді ешкім де үйрете алмайды емес пе? Сондықтан да « Үйрету мүмкін емес!
Үйрену ғана ықтимал! қағидасының өміршеңдігін ұмытпауымыз қажет.»
Бүгін біздің сыныпта математика пәнінің алғырлары күш сынысып өздерінің білім деңгейін көрсетті

«Фокус» деген сөзді 5 сөзден 7 рет фокус сөзі шығатындай етіп жаз.

«Ойлан, тап!»
Ашық тұрған торкөздерді 1-9-ға дейінгі сандармен толықтырып шығу керек.Кез-келген тік бағанда және кез-келген көлденең қатарда бірдей цифр болмауы керек. Сондай-ақ, қалың сызықпен бөлінген торкөз блогының кез-келген көлденең және тік қатарларында да цифрлар қайталанбауы керек

«Ғажайып шаршы»
1,4,6,5,8,9 сандарын пайдалана отырып, барлық жолдағы сандарды қосқанда 15 саны шығатындай етіп орналастырыңдар.

«Ғажайып шаршы»

3,4,5,6,8,9 сандарын пайдалана отырып, барлық жолдағы сандарды қосқанда 21 саны шығатындай етіп орналастырыңдар.
Категория: Мастер-класс | Добавил: Нургуль1978 (2015-02-27) | Автор: Бейсекова Тамара Ауельбековна E
Просмотров: 2728 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-11-19, 2:35 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru