Главная » Статьи » В помощь учителю » Мастер-класс |
Шеберлік сыныптың жоспары Уақыты: 24.10.2014ж. Тақырыбы: Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Мақсаты Мұғалімдер оқу үдерісіндегі бағалаудың маңызын ескере отырып, өз тараптарынан бағалаудың тиімді критерийлерін ұсынады. Ресурстар: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, глосарий Негізгі идеялар: Топта ынтымақтаса жұмыс істеу арқылы ортақ түйінді ойды қорытындылау, ұжымға ұсыну, өздеріне қажетті ақпаратты алады. Оқыту нәтижелері: Бағалау үрдісіне сабақтың бір бөлшегі ретінде ғана қарамайды, оқушының білімді игеруне мүмкіндік беретін әдіс ретінде қарайды. Іс-шаралар Сергіту сәті – Топқа бөлу – түрлі-түсті карточкалар арқылы 5 топқа бөлу І. Қызығушылықты ояту ІІ. Мағынаны ажырату ІІІ. Ой толғау Тапсырмалар «Сергіту сәті» - «Картоп егу» тренингін ұйымдастыру. Шеңбер жасату, шараға қатысушыларға бір - бірінің арқасына үгу жасай отырып, картоп егу процесін жасайтынын ауызша түсіндіру арқылы өзара қарым қатынасқа түсіре отырып жағымды ахуал қалыптастыру. «Жерді жыртамыз», «Қопсытамыз» «Бетін тегістейміз» «Тұқым себеміз» «бетін жабамыз» «Суарамыз» «Арамшөптерін жұламыз» Алынған дайын өнімнен соң, өзара мадақтама жасату. І. Қызығушылықты ояту «Ассоциация қалыптастыру» - «Бағалау деген...» ІІ. Мағынаны ажырату «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» - ұстаздардың жеке тәжірибесімен бөлісу (слайды арқылы) «ЖИГСО-І» - топтарға жеке тапсырмалар арқылы жоба қорғату: 1 топ – «Оқу үшін бағалау деген не?» 2 топ – «Оқыту үшін бағалау деген не?» 3 топ – «Дарынды оқушыны бағалау?» 4 топ – «Үлгерімі орташа оқушыларды бағалау» 5 топ – «Сіз ұсынатын бағалау критерийлері» Мәтінмен жеке жұмыс- жұппен талқылау- ұжымға баяндау ІІІ. Ой толғау Рефлексия «Ойлаудың алты қалпағы»- шеберлік сыныпты қорытындылау мақсатында: "Ақ қалпақ"- Жаңа мәліметпен таныстырады; "Қызыл қалпақ" - Зерттелетін материалға толық талдау жасайды; "Сары қалпақ" - Барлық оң атаулыны зерделейді; "Қара қалпақ" - Теріс салдарларды көрсетеді; "Жасыл қалпақ"- Жаңа идеялармен таныстырады: "Көк қалпақтар" - Барлық 6 қалпақтың бағыттарын бақылайды, бағалайды. Бағалау «Гүлдер аллеясы» - өздері ұнатқан гүлді салып, оған өз тілегін жазып, алдын-ала дайындалған ватманға апарып жапсырады. Мұғалімнің жазбалары Кембридждік үлгіге негізделген СТО жобасының әдіс-тәсілдері қамтылған, топтық жұмыс Мұғалімнің ескертпелері (болған жағдайда) | |
Просмотров: 1657 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|