Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Мастер-класс

Ойын технологиясы ар0ылы балалрдың шығармашылығын дамыту
Жоспар

Кіріспе
1.1Ойын технологиясы негіздері және оқу процесінде қолдану жолдары
Негізгі бөлім
2.1. Ойын технологясы арқылы білім алушылардың шығармашылық қаблеттерін арттыру жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтары, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.[1]

Бүгінгі таңда біздің педагогтар үш өлшемді оқыту технологиясы бойынша деңгейлік тапсырмаларды, модульдік оқыту технологиясын, Cын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды белсенді түрде қолдануда.
Ойын - бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтар, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, атын – түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады.
Психологтар мен педагогтар ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын аударғанымен, тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана арнайы зерттеу пәніне енгізілді.
С.А.Шмакова бойынша көптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп төмендегілерді айтуға болады:
Тек қана нәтижесінен ғана емес, әрекет үрдісінің өзінен де ләззат алу үшін баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркін дамытушы әрекет (әрекеттік (процедуралық) ләззат);
Елеулі мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы әрекеттің белсенді сипаты («шығармашылық аясы»).
әрекеттің эмоцияналды көтеріңкілігі, бәсекелестік, жарыс («эмоционалдық қуат»).
Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби өзінің "Бақыт жолында" атты философиялық шығармасында адамның танымын дамыту арқылы ғана ойы бақыт жолына жетелеуге болатындығына тоқтасақ, ұлы Абай өзінің қырық үшінші қара сөзінде баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытпаса, өзінің із-түссіз жоғалып, жойылып кететінін айтады. Ағартушы ұстаз Ы. Алтынсарин өзінің көптеген еңбектерінде таным әрекетінің негізі-оқу, білім деп тұжырымдайды.
Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін қалыптастыратында - ойын әрекеті болып саналады. [7]

1.1. Ойын технологиясы негіздері және оқу процесінде қолдану жолдары

Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады.
Ойын технологиясы- оқу-тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған әр түрлі ойындарды қолдануды көздейтін дидактикалық жүйелер.

Ойын өмірде өте ерте жастан өзінен-өзі бастала отырып, адамның кәсіпті толық менгергенінше жалғасады және ойын оқытуда алдыңғы технологиялардың маңызды бөлігі болып табылады,

Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде. Мысалы: Иохан Хейзиигтің "Ойыншы адам", Д.Б. Элькониннің "Ойын психологиясы", Эрик Берннің "Адамдар ойнайтын ойындар" атты еңбектері жазылды. Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары: А.В.Бербицкий, Т.В.Кудрявисв, И.П.Пидкасистый. Қазақстандық, ғалымдар: Н.К.Ахметов, Ж.С.Хайдаров т.басқалар.
В. В. Николина жүргізген зерттеу нәтижелері негізінде ойын технологиясының бірнеше компоненттерін бөліп көрсетті, мәселен:
— мотивациялық;
— бағдарлаушылық;
— мақсаттылық;
— мазмұндық-тәсілдік;
— құндылық-еріктік;
— бағалаушылық.
Мотивациялық компонент балалардың іс-әрекеттің мазмүнына, үрдіске деген қатынасымен байланысты олардың ойынға қатысу мотивін, қызығушылығы мен қажеттілігін көрсетеді.
Бағалаушылық компонент балалардың оқу-танымдық іс-әрекеттің, адамгершіліктің, құндылықтың мақсатын түсініп, қабылдауымен байланысты болып келеді. Әрине, балалардың адамгершілік, құндылық түсініктерінің мән-мағынасын түсінуі күнделікті балабақшадағы ұйымдастырылатын барлық оқу-тәрбие жұмысының барысында жүзеге асырылады.
Мазмұндық-тәсілдік компонент балалардың күнделікті балабақшадағы оқытылатын оқу материалының мазмұнын меңгеруін, сонымен қатар, олардың өздерінде бұрыннан бар білімді және іс-әрекет тәсілдерін тірек ете білу қабілетін көрсетеді. Бұл ойын әрекетінің нақты мақсатқа бағыттылығын меңзейді. Сондай-ақ, әрекет тек мақсатпен ғана емес, ол тиісті шарттармен де, яғни бағдарлау жүйелерімен де анықталады (әрекеттің бағдарлаушылық негізі). П. Я. Гальпериннің ақыл-ой әрекетінің қалыптасу кезеңдері теориясы бойынша адам кез келген ой әрекетін орындау барысында белгілі бір бағдарлау жүйесін тірек етеді.
Әрекеттің бағдарлаушылық негізі дәлелді болу үшін мынадай мысал келтіруге болады. Мысалы, ойын барысында балаларға ханның, патшаның және т. б. әрекет етудің жоспарын дұрыс берсе, оны олар жеңіл меңгереді және ойында тиімді пайдаланады.
Құндылық-еріктік компонент танымдық белсенділіктің нақты мақсатқа бағытталуын қамтамасыз ете отырып, зейінді шоғырландырады және ойынға эмоциялық өң береді. Демек, ойынның бұл компоненті әлеуметік-мәдени тәжірибенің ерекше түрі ретінде жеке бағдарлауды дамытуға бағытталады.
Бағалаушылық компонент ойын нәтижесінің ойынның мақсатымен үйлесіп келуін қамтамасыз етеді. Яғни, баланың танымдық іс-әрекет барысында тиісті ақпараттарды (білім, іскерлік, дағды) жүйелі меңгеруі жатады. Сонымен қатар, бүл компонент ойын үрдісін басқаруды және өз іс-әрекетін реттеуді қамтамасыз етпек.
Қарастырылып отырған ойын компоненттерінің барлығы өзара бір-бірімен тығыз байланысты, оларды бір-бірінен бөлуге болмайды, өйткені бұл компоненттер ойынның құрылымын анықтайды. [2]
Ойын технологиясы арқылы оқушыларда келесі қасиеттерді меңгереді.
1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.
2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.
3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.
4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.
6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.
7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.
8. Оқушылар үшін қауіпсіз.
9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.
10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.
11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.
12. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.

2. Ойын технологясы арқылы білім алушылардың шығармашылық қаблеттерін арттыру жолдары
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдерқабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі.
«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн «оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» — дей келе, «шығармашылық, шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады.

Заман талабына сай білім бере отырып, оқушы бойында танымдық қабілетін дамыту бүгінгі таңда ұстаз үшін үлкен жауапкершілік іс болып табылады. Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру», – деген тұжырымдамасында ашып көрсеткен.

Шығармашылық тұлға қалыптастырудың бір жолы – оқушылардың танымдық ізденістерін дамыту.Конфуций былай деген екен: «Танымның үш жолы бар: ең оңайы – еліктеу, ең ащысы – тәжірибе, ең мәртебелісі- ойлау».

Оқу процесін жүргізу барысында оқушыладың шығармашылық қаблеттерін дамытуда ойын технология элементерін пайдаланудың маңызы зор. Ойын технологиясы дидактика саласында маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Адамзат ойынның білімдік құндылығын ертеден дәлелдеді.
ХVII-XX ғасырларда ойын әрекетін түсіндіруде жаңа көзқарастар, пайымдаулар орнығып, төмендегідей ғалымдар ойын әрекетінің философиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан қарастырды, олар: Г. Гегель, В. Вундт, Ф. Шиллер, К. Бюлер, В. Фриге, К.Гросс, Г. Спенсер, И. Хейзинга, И. Кант, Г.М. Мейес, В.М. Демин, М.А. Каган, т.б. ғалымдар ойын теориясының қалыптасуы мен дамуын, ойын іс-әрекетінің әлеуметтік жақтарын анықтап, оның баланың қиялы мен ойлау қабілетіне оң әсер ететінін анықтаған.
Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді.
Ойын сабақтың басында - өткен сабақты еске түсіреді. Сабақтың ортасында - көңіл күйін сергітеді, ерік жігерін дамытады, сабақта ынтасын арттырады. Сабақтың соңында - тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал.
Сондай-ақ, ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болады. Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта – ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Оқытушы сабағын баланың қабілет - қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды. .[4]

Сабақта ойынды дұрыс колдану үшін ұстазға ойындардың мазмұны мен өткізілу әдістемесін жете білу, әр бір тақырыпқа байланысты оқу жылының басында оқу жоспарына енгізу, ойынның тәрбиелік және танымдық мақсатын аша білу, ойын арқылы баланы танымына әсер етіп, даму барысына үнемі зерттеу жүргізу талаптары қойылады.
Оқытудың ойын формасын қолдануда екі жақты дидактика байқалады: ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі, екіншіден адамның ойнай отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтаудың қажеттілігі.
Ойын - балалардың шынайы және ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «Менің» қалыптастыруға және шығармашылыққа, белсенділікке, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді.
А. И. Субетто: «Ойын - әркез бақытты өмір үлгісі. Ойын тудырушы, тудыра отырып шығармашылықты өрнектейді, адамды шығармашылыққа даярлағандай өмірге де дайындайды» десе, В. А. Сухомлинский: «Ойын кезінде балалар алдында әлем, дүние айқындалады, жеке тұлғаның шығармашылық қабілеті ашылады. Ойынсыз толық мәнді ақыл - ойдың дамуы болмайды, болуы мүмкін де емес» деген.
Ойын - өз алдына оқыту үрдісі, жеткіншектерді еңбекке дайындаудың белсенді құралы. Ойын сабақтары түрлерін таңдап алу, оны жүргізу оқытушыдан үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді. [5;7]
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
1.Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2.Сабақты түрлендіріп өткізу;
3.Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
4.Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
5.Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
Оқытушы кез-келген ойынды өткізу үшін алдын-ала жоспар құрып алуы керек. Сонымен бірге оқытушы ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарын біліп орындауы тиіс.
Ол әдістемелік тұрғыдан алғанда мынадай бөліктерден тұрады:
1. Ойынның өтілетін сабақтың мазмұны мен тақырыбына сай болуы.
2. Ойынға берілген уақытты нақты белгілеу.
3. Ойынның ойналу түрін анықтау, мысалы: топ болып ойнау, жұптасып ойнау және т.б.
4. Ойынға қажетті материалдарды түгел дайындау.
5. Ойында қолданылатын лексикалық минимумды анықтау.
6. Ойындардың өту барысының жоспарын жасау.

Қорытынды
Қорыта келгенде, оқушылардың шығармашылығын қалыптастыруда ойындар көп көмек береді. Олар арқылы түрлі дағдыларды меңгеру барысында оқушылар белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыланады. Сабақ үрдісінде «ойын» түрлерін пайдалану, біріншіден оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушлығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.
Сондай-ақ ойын элементтерінің тәсілдерін сабақта түрлендіре пайдалану.
1. Біріншіден шәкірттердің оқуға қызығуын, ынтасын арттырады.
2. Екіншіден сабақта көп жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3. Балаларды достастырып, қарым – қатынастарын ұлғайтады, бір – біріне ынтымақ, көмек көрсетуге баулиды. Ойын – өрісін кеңейтеді. Сөздік қорларын байытады. Шыдамдылыққа үйретеді.
Білім алушылардың шығармашылық қаблеттерін арттыруда, келесі ойын элементтерін қолдануға ұсынамын:
1. «Fishboun» әдісі
2. “Автор орындығы” оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады.Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді.
3. «Бинго» ойыны.
Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. Мысалы: 16 - сұрақ.Семинарға не үшін келдіңіз?Алдымен жауап бергізіп, соңынан дайын жауапты ашу, салыстыру.
4. «Өзіңізді тексеріңіз» әдісі
Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?
Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды.
5. «Серпілген сауал» әдісі
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.

Категория: Мастер-класс | Добавил: BATY (2015-10-29) | Автор: Кымбат Мейрамбековна
Просмотров: 2541 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 3.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 6:02 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru