Главная » Статьи » В помощь учителю » Мастер-класс |
Ұлыс оң болсын! Теміртау қаласының «Ақ ниет» жасөспірімдер үйінде жасөспірімдер Наурыз мейрамына орай «Қош, келдің әз Наурыз»атты мерекелік іс-шара өткізді.Бұл шараның мақсаты – «Наурыз мейрамы» туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Елімізде Наурыз мейрамына орай түрлі кештер өтіп жатады,наурызда араздас болған бауыр,ағайын, достар татуласады. «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, » деп ұлыстың ұлы күнінде барша халық бір-біріне ақ батасын арнап, шуақты көктемнің шырайлы күніндей жандары жадырап, өкпе –реніштерін ұмытып, жаңа өмір бастайды.Жасөспірімдерімізге ұлтымыздың осындай берер тәрбиесі мол мейрамын насихаттау –сіз бен біздің міндетіміз. Үш мың жылдық тарихы бар Наурыз- жыл басын, жаңарту күнін ғана емес, сонымен бірге халықтар арасындағы достықтың , ынтымақтың, ырыс – берекенің, бірлік пен татулықтың бастауын білдіретін әз мейрам. Сондықтан да бұл мерекенің бір ұлтқа емес, жалпыға бірдей болып, ұлыстардың ұйытқысына айналуы ғасырдан ғасырға ұласып, халықтар арасында кеңінен аталып келе жатқанытабиғи заңдылық. Осыған орай, «Ақ ниет» жасөспірімдер үйінде «Қош келдің, әз Наурыз!» атты шараның шымылдығын Роза Рымбаеваның «Наурыз» әнімен ашып, «Наурыз мейрамы» туралы бейне баянды көрумен жалғасын тапты. Содан соң кезек «Сырға салу», «Қыз ұзату» көрінісін Анель Бимагамбетова керемет сахналады. Сонымен бірге бұл күні отбасын құрған түлектерімізді сәбилерімен қонаққа шақырып, түлегіміздің жасына толған сәбиінің тұсауын кесу дәстүрге айналған. «Тұсау кесу» көрінісі сомдалғанда: Қаз-қаз, балам, қаз балам, Қадам бассаң, мәз болам. Күрмеуіңді шешейік, Тұсауынды кесейік. Қаз баса ғой, қарағым, Құтты болсын қадамың. Өмірге аяқ баса бер, Асулардан аса бер –деп бата береді. Осылайша, іс - шарамыз өз мақсатына жетті. Жасөспірімдеріміз «Ұлыстың ұлы күніне» арналған түрлі баталарды жаттаса, келген қонақтар халқымыздың салт-дәстүрін көріп қайтты. Көріністер қою арқылы балалардың әртістік шеберліктері де біршама шыңдалғандай. Келген қонақтар «Ұлыстың ұлы күні баршаңызға құт береке әкелсін!..» деп тарасты. Мақаланы дайындаған «Ақ ниет» жасөспірімдер үйінің тәрбиешісі: Қыдырбаева М.Т. | |
Просмотров: 771 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|