Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Мастер-класс

Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы «Қызыл ту негізгі мектебі»мм Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мәтжан Бақытгүл Бақытжанқызы Сабақтың тақырыбы:Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру,түсіндіру Дамытушылығы: Оқушыларға көркем сөзді мәнерлеп оқи отырып, жинақтап сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
Тәрбиелігі: Оқушылардың Отанын, елін, жерін сүюге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, суреттер.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру бөлімі Танысайық «Алақан» “Алақанды” таңдап, бес саусаққа өзіңіздің жақсы қасиеттеріңізді жазып көршіңізге беріңіз, танысыңыз
.
ә) Үй тапсырмасын сұрау.
«Көкшенің көрінісі» - мазмұнын айту

Слайдта «Көкшетау» суреті. (С. Мұханов)
Жазушы Көкшенің көрінісін қалай суреттеген? Суретте Жұмбақтас қалай бейнеленген? Көкшенің көрінісін әдемі көрсетіп тұрған не?


Көкшетау туралы түсінік айту
Сарыарқаның солтүстігінде, Көкшетау қыратының солтүстік - шығыс бөлігінде оқшау орналасқан, жақпартасты, орманды - көлді тау. Ең биік жері – Көкше шоқысы (947 м).
- Сөздік жұмысы:
Гауһар - асыл тас
Селеу – шөптің аты
Құз – биік жартас
Сағым – алыстағы көрініс, елесМәтіннен жазушының Көкшеге деген сүйіспеншілігін тауып оқы.
Үй тапсырмасын бекіту.
Арқанның кербез сұлу Көкшетауы
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан-жақтан ертелі кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын.
Сексен көл Көкшетаудың саясында
Әрқайсы алтын кесе аясында
Ауасы дертке дауа, жұпар иісі
Көкірек қанша жұтса тоясың ба?
Көкпеңбек шың басынан мұнар кетпес,
Басына атсаң дағы оғың жетпес,
Бір жұтсаң Көкшетаудың жұпарынан
Өлгенше көкірегіңнен құмар кетпес.деп,-
С. Сейфуллин жырлағандай, өз елінің табиғатын, тауларын,жануары мен құстарын шексіз сүйген. Оларды сүйіп қорғай білуге арнап «Көкшетау», «Аққудың айырылуы», «Қара жер» т.б.шығармаларын жазған. Сәкеннің біз өткен шығармалары «Туған ел», әні «Қызыл шұнақ».
Ой қозғау:
-Біз өтіп жатқан тарау не деп аталады?
-Табиғатқа адамның әсері бар ма?
-Жануарлар дүниесіне қалай әсер етеді?
-Балалар, мына күйді тыңдайық («Ақсақ кұлан» күйі)
-Қандай әсер алдыңдар?
Негізгі бөлім. Жаңа сабақ С.Сейфуллин қай жерде, қай жылы дүниеге келген? (1894 ж. Қарағанды облысы, Нілді деген жерде дүниеге келген)
• Ол кісі кім болған? (жазушы, алашордашы, лирик ақын, ұстаз, әнші, қоғам қайраткері)
• Қандай шығармалары бар? («Бақыт жолында», «Қызыл сұңқар» драмалары , «Тау ішінде», «Біздің жақта», «Көкшетау» әндері, «Тар жол тайғақ кешу» раманы бар)
• Алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қайда, қандай атпен басылып шықты? ( 1914ж. Қазан қаласында «Өткен күндер»деген атпен басылып шығады)
• Жұбайының аты ( Гүлбаһрам)
• Қай жылы репрессия құрбаны болады? (1938ж.)
• Абақтыдан қашып шыққанда кімнің үйін паналайды? ( Әйтпеновтер отбасын)
• Ақсақ киік» өлеңінде не туралы әңгіме болады?
• Қандай мәселені қозғаған?
• Идеясы не?
• Ақбөкенді не үшін атқан? Оның мүйізі неге бағалы?
Мұғалім: Балалар, өлеңнің бастапқы жолдарында баяндалған Арқа, Бетпақдала туралы мәлімет
бере кетейін. Арқа, яғни, Сарыарқа - Орталық Қазақстанды алып жатқан аймақ. Батысынан шығысына дейін 1200 шақырым өңірді алып жатыр. Бетпақдала осы Сарыарқада орналасқан, батысы сазды, шығысы тасты, құмды, шөлді жер.(Картадан көрсетеді). Бұл аймаққа Қазақстанның ірі 6 облысы орналасқан. Олар: Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Петропавл, Павлодар. Қысы суық, жазы ыстық болады. Пайдалы қазбаларға өте бай. Басты өзендері: Есіл, Нұра, Сарысу.
Табиғат зоналары шөлейт және шөл зоналарымен көзге түседі.Қуаңшылық жерлер көп болатындықтан сор, сортаңды жерлерде өсетін көкпек, жусанның бірнеше түрі кездеседі.
• «Киік» қандай аң? Сендер ол туралы не білесіңдер?
Киікті қазақ ақбөкен деп те атайды. Ақбөкен – жұп тұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайтаратын түз жануары. Ақбөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықта табылған. Ақбөкендер Монғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Текелерінің дене тұрқы 126-150см салмағы 37-49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109-127 см, салмағы 22-37 кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Қазақ халқы «Құралайдың салқыны»деп атайдын мерзім мамыр айындағы киіктің баласын өргізуіне байланысты атаған. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, жайылымға байланысты болады. Бетпақдаладағы ақбөкендер өсімдіктің 81 түрімен қоректенеді. Олар әр түрлі шөптерді жылдың мезгіліне қарай таңдап жейді. Киіктер шөпті жерден жұлып жеуге ғана дағдыланған.
Ақбөкеннің негізгі жауы - қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды. Ол аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақбөкен дәмді еті,құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланады. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады. Ақбөкеннің тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін де пайдаланады. Осы қасиеттерін дәріптеп, қазақ киікті «Киелі», «Қасиетті аң» деп бағалайды.

Дәптермен жұмыс:
Сөздік жұмыс:
Арқа – кең жазық дала.
Бетпақдала – жері құрғақ, шөбі сирек, шөл дала.
Мерген – мылтық және садақтың оғын көздеп нысанаға дәл тигізетін адам.
Тапсырма беру.
1. Өлеңнен киіктің сұлулығын бейнелейтін жолдарын тауып жазу.
2. Өлеңнен оқ тиген киіктің халін суреттеген тұстарын тауып жазу.
3. Табиғатты қорғау туралы түсініктерін жазу.
Оқушылардs тыңдау.
Сабақты қорытындылау:
«Ақсақ киік» әнін бейнетаспадан оқушыларға көрсету, тыңдату.
Бетпақ даланы неге шөл деп атайды?
Киікті тағы қандай деп атайды?
Өлең неліктен «Ақсақ киік» деп аталған?
Үйге тапсырма.
Өлеңді мәнерлеп оқу, әңгімелеу. Киіктің суретін салу.
Бағалау.
Категория: Мастер-класс | Добавил: Айару9167 (2017-03-16) | Автор: Бақытгүл E
Просмотров: 1035 | Теги: Бақытжанқызы, Мәтжан | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 2:16 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru