Главная » Статьи » В помощь учителю » Мастер-класс |
Өскемен қаласы әкімдігінің "Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі" КММ Шеберлік сыныптың жоспары Уақыты: 03.05.2017 ж. Ұйымдастырушы: Камбасова. М.М, Мұхамадиянова А.М Тақырыбы: Тарих пәнін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер Мақсаты Жаңа әдіс-тәсілдердің түрлерімен таныстыра отырып, сол тәсілдерді қолдану барысында мұғалімдерге талантты және дарынды оқушыларды тануға мүмкіндік беру, сол арқылы барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға назар аудару Ресурстар: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, глосарий Негізгі идеялар: Топта ынтымақтаса жұмыс істеу арқылы ортақ түйінді ойды қорытындылау, ұжымға ұсыну, өздеріне қажетті ақпаратты алады. Оқыту нәтижелері: Бағалау үрдісіне сабақтың бір бөлшегі ретінде ғана қарамайды, оқушының білімді игеруне мүмкіндік беретін әдіс ретінде қарайды. Іс-шаралар Сергіту сәті – «Жаңбыр тамшылары» тренингі Топқа бөлу – реттік сан бойынша топқа бөлу. І. Қызығушылықты ояту ІІ. Мағынаны ажырату ІІІ. Ой толғау Ұйымдастыру кезеңі: «Сергіту сәті» - «Жаңбыр тамшылары» тренингін ұйымдастыру. Шеңбер жасату, шараға қатысушыларға бастаушының 3 шапалағынан кейін жанындағы, одан кейін келесінің жанындағы қосылып жаңбыр тамшысының дыбысын келтіреді. Ұйымдастырушылардың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті Амандасу, топқа бөлу, сергіту сәті, сынып ережесімен таныстыру, топты көш басшы, хатшы, баяндамашы, таймкиперге бөлу Өзі атаған сан бойынша топқа отырады, сергіту сәтіндегі жаттығуларды орындайды, сынып ережесімен танысады, топты өз қызметін бөліседі. Сабақтың барысы: 1. Қызығушылығын ояту «Адасқан әріптер» стратегиясы: «Дүние жүзілік Экспо көрмесі өткен жер атауларын және жылын құрастыру» - әр топтан пікірлер тыңдалады. - 1900 жыл Париж; - 1939 жыл Нью-Йорк; - 1967 жыл Монреал; - 1998 жыл Португалия. - 2000 жыл Германия Өз ойларын топта ортаға салады, ортақ шешімге келеді 2. Мағынаны ажырату: «Айналмалы бекет» - топтарға жеке тапсырмалар арқылы жоба қорғату: 1 топ – Экспоның саяси маңызы; 2 топ – Экспоның тарихи маңызы; 3 топ – Экспоның экономикалық маңызы; 4 топ – Экспоның мәдени маңызы; 5 топ – Экспоның әлеуметтік маңызы. тапсырмалар бойынша өз идеяларын парақ бетіне жазу үшін уақыт беріледі. Бір топқа әр парақты толтырғанға 2 минуттан уақыт беріледі. Айналып келген ойды бір-біріне түсіндіреді, түйінді оймен ұжымды таныстырады. Мәтінмен жеке жұмыс- жұппен талқылау- ұжымға баяндау 3. Ой-толғаныс Рефлексия «Ет тартқыш, қоқыс жәшігі, сандықша»- шеберлік сыныпты қорытындылап, өз әсерлерін жазып, тиісті қалташаға салып кетеді. Бағалау «Конверт сұрақтар» формативті бағалау. (Әр топқа конвертте шеберлік сыныпты бағалау мақсатындағы тапсырмалар беріледі). 1 конверт – «телеграмма жазу» - үш сөзден тұратын ой; 2 конверт – «смс жазу» - шеберлік сынып туралы қысқа ой; 3 конверт – «өзіме хат» - шеберлік сыныптан алған әсері; 4 конверт – «екі жұлдыз, бір тілек»; 5 конверт – «+,-, керемет» әдісі бойынша ой қорыту. Мұғалімнің жазбалары Кембридждік үлгіге негізделген СТО жобасының әдіс-тәсілдері қамтылған, топтық жұмыс Мұғалімнің ескертпелері (болған жағдайда) | |
Просмотров: 1035 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|