Главная » Статьи » В помощь учителю » Мастер-класс |
Сабақтың тақырыбы: «Жастар – ел мақтанышы» Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыру. 2. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру. 3. Тәрбиелік: Балалардың жеке басындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру; еліміздің болашағы жас өспірімдердің Отан алдындағы борышын өтеуге тәрбиелеу. Көрнекті құралдар: Компьютер, интерактивті тақта, электрондық оқулық, слайдтар Өтілетін орны: Мультимедиялық кабинет Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Психологиялық даярлық. Балалар, екі қолымызды тіземіздің үстіне қойып, көзімізді жұмамыз. Менің айтқанымды қайталаймыз. Мен Қазақстан Республикасының азаматымын. Сондықтан, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілінде оқимын, сөйлеймін, үйренемін деп, уәде беремін. Балалар, бүгін біз үшін ерекше сабақ болғалы тұр, өйткені сабағымызға көптеген қонақтар келген екен. Мен сендерге бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін. 3. Қызығушылығын ояту: «Білім» сөзін жасырып, төмендегідей ойын өткізу. 1. Ең бірінші 6 жастан бастап, ол сөзді естиміз. Тыңдаушылар жауабы: Мектеп, парта, кеме, оқушы, дос, ғарыш т.б. 2. Мектепте ол сөзді жиі қолданады. Жауап: мұғалім, жиналыс, тәрбие т.б. 3. Ол сөзді жоғарғы, орта, арнаулы деп бөледі. Жауап: білім 4. Ой қозғау:. 1. Барлық іс неден басталады? жарнама 2. Қазақстанның елордасы қай қала? Астана 3. Жастар қандай? сенімді 4. Қазақстанның ұлттық валютасы не? теңге 5. Қазақстанның рухани астанасы қай қала? Алматы 6. Елтаңба, Ту, Әнұран не? рәміздер 7. Еліміз қандай? егеменді 8. Мына сөйлемнің түрі қандай? Қандай тамаша шәкірт! лепті сөйлем 9. Ресейдің астанасы қай қала? Мәскеу 10. Қазіргі жастар қандай? ақылды 11. Кітап - алтын ... қазына 12. Биыл ... - 20 жыл тәуелсіздік 13. Ұлттық ойын алтыбақан 14. Біздің Нұрсұлтан қандай? намысты 15. Біздің Арина қандай? ынталы 16. Қазақ халқы қандай? шыдамды 17. Бәріңе ... , бақыт тілеймін. ырыс Сабақтың тақырыбын ашу, мазмұнын айту. 1 КЕЗЕҢ. Ояну. Қазақстан, жастар туралы ой-пікір. Әдісі: Ассоциация. Жастар туралы ой-пікір. Ата - аналарымыздың мақтанышы болып, жоғары сапалы білімді азамат болып, Отанымызға адал қызмет етсе, керемет емес пе? Кең байтақ елімізде кітапханалар мен мұражайлар, оқу орындары көбейіп, ел елдігін сақтайтын, қажыр-қайраты бар ұрпақ болып шығатына сенімдімін. Әрқашанда әр баланың қолында да, жүрегінде де, Мұхтар Әуезовтің ”Абай жолы” кітабы мәңгі сақталып қалады. Әрбір жастар өз елінің патриоты болып, үлгі - өнегеге бой алдырады деп ойлаймын. Үлкенге құрмет, кішіге ізет, - демекші Қазақстандық балғындар әдепті де, инабатты, үлкенді үлгі тұтып, құрметтейтін, сыйлайтын, қолғанат болатын, ал кішіге көмек көрсетіп, бауырына басатын адамгершілігі мол, бір сөзбен айтқанда, жан дүниесі бай адам деп айтсақ болады. ”Ел атағын ер шығарар” деп халық бекер айтпаған. Сондықтан, мен Қазақстаның өмірі жарқын болатына сенімдімін. Мен бар күшімді, білімімді өз елім үшін жұмсаймын. Бүгінгі болашақ жастардың қолында. Біздің туып-өскен жеріміз – Қазақстан. Қазақстан-Еуразия құрлығындағы ең үлкен мемлекеттердің бірі. Еліміздің жер көлемі ұлан-байтақ. Қазақстанның кең даласын, биік тауларын, ормандары мен көлдерін көрген адам оны еш уақытта ұмыта алмайды. Біз жер шарының осындай сұлу, бай өлкесінде тұрамыз. Ол - біздің Отанымыз. «Асыл тастан - өнер жастан шығады», - деп – дарынды халық айтады. Халық сөзі әрқашанда нанымды. Бұл шындықты күнделікті көріп жүрміз өмірден Сан мыңдаған жастар өсті өнер асқан жалынды. «Болашаққа үміт, жастарға сенім» «Елбасының жолдауы- жас ұрпақ қолдауы» Егемен еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар жас ұрпақ. Бүгінгі жас ұрпақ-ертеңгі болашақ иелері. Ұрпақ үшін жасалатын игілік-келешек өміріміздің айқындар жолы. Егеменді елдің жарқын болашағы елбасының жолдауының іске асырылуы мен бағалы. Елбасы жолдауы әдеттегідей жетістіктерімізді саралап, кемшілігімізді бағдарлауға ең бастысы баршамызға ортақ ұлы мақсатқа жетудің дұрыс жолын бірлесе айқындауымызға бағытталған. Жолдау Елбасымыздың халқына бағыт беріп, елінің өркендеуіне, бізден басым елдердің қатарына қосылуы үшін еліміздің еңсесін көтеріп халықтың көзін-ашу үшін жолдау жарық көрді. Қазақстан өзге елдермен тең дәрежелі қарым - қатынас жасау үшін жастар білімді де білікті болуы қажет. Ел болашағы мына сендердің қолдарыңда. Құрметті жастар, ақылды да сабырлы. Егеменді еліміздің азаматы болайық. Барлық істің басшысы-білім мен ұғым. Еліміздің болашағын ойлап, еліне деген адал қызмет етіп, өз елінің елеулі азаматы болуға тырыс. Қазақстан үшін сендер кімсіңдер? Мен елімнің иесімін Мен адаммын Мен азаматпын Мен патриотпын Электрондық оқулық арқылы тыңдалым; I. Мәтінді тыңдаңдар, мәтіннің тақырыбын таңдаңдар; II. Интерактивті сөздік: 1. Басым сөздерді тыңдаңдар. Аудармасымен танысыңдар 2. Сөз тіркестерін құрандар; 3. Сөздердің аудармасын белгілеңдер. 4. Суреттерді абзац мазмұнына қарай сәйкестендіріңдер. 5. Көмекші сұрақтар арқылы сөйлемдердің тұрлаулы мүшелерін табыңдар, мәтінді толықтырыңдар. III. Интерактивті кесте: Септік жалғауларды қайталау. Сөйлемдерде төл сөздің дұрыс тыныс белгісін қойыңдар. Септеулі сөздерді рет - ретімен орналастыр. IV. Сөйлеу мәдениеті Берілген сөз бен сөз тіркестерін қолданып, сұхбат құрастырыңдар. Қорытындылау Тест сұрақтары. 1. Астана қаласының рәмізі: а)ту б)елтаңба в)әнұран с)Бәйтерек XI. Үйге тапсырма XII. Бағалау. Қорытынды. Не білдік? Не істедік? | |
Просмотров: 13140 | Комментарии: 3 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|