Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Мастер-класс

Жалқау немере (ертегі)
Астана қаласы №48 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі
Жусупова Орынгүл Қабдулқызы
Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.
Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады.
Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруы тиісті деп ойлаймыз. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдар ғана қолынан келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатылары болып саналатын бастауыш мектептің орны ерекше.
Сондықтан шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты — бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады.
Әдебиеттік оқу сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс-тәсілдерді өз сабағымда қолданамын:
• Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
• Мәтін бойынша мақал құрастыру.
• Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ құрастырту.
• Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу.
• Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру.
• Өлең, мақалдар құрастыру.
• Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу.
• Кейіпкерге мінездеме беру, оларға хат жазу.
• Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу, мүсіндеу.
• Рөлге бөліп оқыту.
• Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус)
• Образға кіру.

Әдебиеттік оқу
2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жалқау немере (ертегі)
Сабақтың мақсаты:
- оқушыларға «Жалқау немере» ертегінің мазмұнын түсінуге орта құру.
Сабақтың міндеттері:
- ертегінің мазмұнын меңгеруге жағдай жасау;
- оқушыға жағымды, жағымсыз әдеттерді білуге және оларды салыстыруға
үйрету;
- оқушылардың топпен жұмыс жасау түрлерін басқару.
Күтілетін нәтижелер:
- сабақта білім алуға, жалқау болмауға үйренеді;
- өз ойын айтуға, салыстыруға, талдауға үйренеді;
- мазмұнын айтуға жаттығады;
- бір-бірінің жауабын соңына дейін тыңдауға дағдылана алады.
Сабақтың әдісі: «RWCT» жобасының әдістері
Бағалау: қорытынды жұмыстар бойынша бағалау
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабаққа қажетті материалдар:
Интерактивті тақта, ақ қағаз, тапсырмалар, сызғыш, қарындаш, кері байланыс парақтары, бақылау парағы.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
Жоба әдісі бойынша тақырыпты ашу (слайд көрсету)
Ой қозғау
- Ертегі туралы не білеміз?
Дәптердегі жұмыстар.
Жеке жазу. Жұпта ойын таныстыру. Топта талқылау. Ұжымның ойын ортаға салу.
Әр топтан бір оқушы шығып айтады
ІІ. Мағынаны ашу
Оқулықпен жұмыс
Мәтінмен жұмыс. Ертегіні мәнерлеп оқу. Мәтінді оқиды.
«Кубизм» стратегиясы
Сыныпты 6 топқа бөлу. Әр топқа кубтың қырларына байланысты тапсырмалар беру.
І топтың тапсырмалары.
Суреттеңіз.
- Жалқау баланың суретін салу.
- Жалқау немереге сипаттама беру
ІІ топтың тапсырмалары.
Қолданыңыз.
- Жалқау баланы біз қай жерден көре аламыз?
- Тағы да қандай басқа ертегілерде жалқаулық туралы айтылған ?
ІІІ топтың тапсырмалары
Талқылаңыз немесе қарсы шығыңыз
- «Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті» деген мақалды қалай түсінесің?
- Жалқау оқушының өзіндік пайдасы туралы әңгімелеп бер.
ІV топтың тапсырмалары
Ойыңызбен байланыстырыңыз.
- Жалқау бала біздің сыныпта бар ма? Сенің досың жалқау болса, сен оған қандай ақыл айтар едің?
- Жалқаулық туралы мақал – мәтелдер жаз.
V топтың тапсырмалары
Зерттеңіз.
- Жалқаулықты жеңу үшін қандай ережелер құрастырар едің?
- Немересінің еңбек етуіне не әсер етті деп ойлайсың?
VІ топтың тапсырмалары
Салыстырыңыз.
- Осы ертегіге сен қалай басқаша ат қояр едің?
- Жалқаулықты болдырмау жолдарына байланысты ережелер жазу
Әр топ өздерінің жасаған жұмыстарын қорғайды.
Оқушылар ойларын ақ қағазға жазады. Әр топтан спикер қорғайды.
ІІІ. Ой толғаныс
«Бес жолды өлең» құрастыру
1. ________________Жалқау.
2. _________жаман, еріншек.
3. _____шаршайды, істегісі келмейді, тәртіпсіз.
4. Жалқаулық- жаман әдет.
5. ______________Еріншек.
Жеке жұмыс істейді, жұппен ойын бөліседі, топта талқылайды, әр топтан ең жақсы деген жұмыс оқылады.
«Мен қандаймын?» - оқушылардың шығармашылық жұмыстары.
Сабақтың басына оралу, толықтыру
Гүл өсірсең, терлеп, Сабағыңды жөндеп,
Мұның аты – еңбек. Әзірленсең – еңбек.
Кесте тіксең зерлеп, Қиындықтың бәрін,
Мұның аты – еңбек. Еңбек қана жеңбек.
Үйге: Жалқауға хат жазу
Өзін-өзі бағалау парағы
Оқушының аты-жөні: _______________________________________
Сұрақтарға жауап беруге қатысу
Жаңа сабақ Бес жолды өлең
Шығармашылық жұмыс Баға
Ертегі туралы не білеміз? Мәтінмен жұмыс. Тапсырмаларды орындауға қатысу
Оқушылардың топтың жұмыстарын қорғау
Категория: Мастер-класс | Добавил: Спасибо (2012-03-30) | Автор: Орынгуль E
Просмотров: 8702 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 7:07 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru