Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Семья и школа

Мектеп оқушыларының рухани – адамгершілік тәрбиесі
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу – адамның асылдығы, - деген Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда мұғалім болғанымызға мақтанамыз. Оның да өзіндік себебі бар, өйткені қазіргі заманғы білім беру баланы жоғары әлеуметтік мәртебеге және материалдық құндылықтарға қол жеткізуге бағыттайды, табыс пен жеттістікке қалай қол жеткізуге болатыны айтылады, алайда бұл оған шынайы бақыт әкелетіні жөнінде немесе адамның шынайы бақыты туралы ойланып, толғануға үйретеме? Білімді барынша меңгеріп, бірақ руханият, қайырымдылық пен зұлымдық, сүйіспеншілік пен мейірімділік жайлы ойланбаған адам өзін бақытты сезіне алмайтыны анық. Рухани адамгершілік құндылықтар өмірлік қажеттіліктерінің бірі болып табылады. Сол себепті өзін-өзі тану пәні адамға өзін-өзі анықтауға, жақсы қасиеттерін ашуға, өзіне адалдыққа, өзінің абыройын сақтай отырып үнемі Адам, осы сөздің толық мағынасында, болып қалу үшін қажет. Негізінде, адамзаттың барлық тарихы өзіндік адамгершілікті үнемі және үздіксіз жетілдіру үдерісі. Рухани адамгершілік білім мағынасының құндылығын күшейте отырып, жеке тұлғаның риясыз сүю, өзіне және өз күшіне сену, жақсылық жасау, көп білу және өзін-өзі жетілдіру, дене, психологиялық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық дамуда үйлесімділікке жету қабілетін ашады және дамытады.
Адамға мейірімді шуақ төге білгенде өміріндегі, ойындағы, ниетті түзетуге болатындығына сенген Сара Алпысқызы баланың жас кезінен-ақ барлық уақытта сау әрі бақытты болып өсуінің, өмір даналығы мен адамзатқа қызмет ету бақытына ие болып жетілуін қалайды, еліміздің болашағы ертеңгі азаматтарына үлкен үміт артады. «Мен өте күрделі істі қолға алдым. Оның нәтижесін жүз жылдан кейін көруіміз мүмкін. Алайда даналықтың және адамгершілік құндылықтарын «таза қайнар көзіне» оралуымыз керек, әйтпесе қоғам ешқашан да аяқтап тұрып кете алмайды»,- деп Сара Алпызқызы өз пікірін білдіре отырып, бұл жобаның заманауи білім беру жүйесінің негізіне айналуы тиіс дейді. Қазіргі қоғамдық санада болып жатқан өзгерістер мен жанартулар жас жеткіншектерді жалпыадамзаттық құндылықтар мен өмірдің қарапайым ақиқаты.
Ең бірінші адам дүниеге келгенде Адам болып жаратылады, білім алып болашақта жақсы маман болып мемлекетіне қызмет атқарады, өмір жолында қандай жағдай болса да, адамға сай адами қасиеттерін сақтап, дамытуға тырысады. Сол үшін отбасы және мектеп бірігіп адамгершілік тәрбиеге көп назар аудару шынымен заманауи өзекті мәселеге айналды .
«Мектеп-кеме ,білім -теңіз» деп жайдан жай айтылмаған –ау,сірә? Егер адамның жүрегінде ізгілік,мейрімділік сәулесі болса,ол-мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды әрбір жеткіншектерге жеткізіп,жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төгеді десеңізші! Сондықтан да ұстаздардың еңбегі-ұлы еңбек. Жан дүниеңді түсінетін,қиындық кезінде сүріндірмей құтқаратын ұстаз екені анық. Адамның жанына ақыл,білім дәнін сеуіп,аялап,көңілін де табады. «Болашақ бүгіннен басталады»,дегендей еліміздің болашағы біздің бүлдіршіндеріміз. Ал олардың тәрбиесі біздің қолымызда. Сондықтан оларға саналы рухани-адамгершілік тәрбие беру басты парызымыз.
Адамгершілік-рухани тәрбиелеудің қажеттілігін күн сайын ұғынудамыз. Бүгінгі күні бүкіл әлем жалпыадамдық құндылықтар бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын іздеу үстінде.
Сол үшін мұғалім өзінен бастағаны жөн, ұжымда, өз отбасында, өз өмір ұстанымында. Себебі адамның ойы, сөзі , ісі бірдей болу қажет. Өмірде кездесетін әр түрлі жағдайларда басқаларға зиян келтірмей, ой мен істің бірлігін сақтай отырып, байыпты шешім қабылдай алу да жақсылықтың нышаны. Олай болса, адамды бойдағы жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді ажырата білуге үйрену ешқашан адамға зиян болмайды. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беруде жарасымды қарым-қатынас жасау, қасындағыларға көмек беру, туыстары мен жақындарына қамқорлық көрсету, өзімен және қоршаған ортамен үндестікте өмір сүру, әр істе белсенділік, азаматтық таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу тәрізді түйінді құзіреттерді дамыту арқылы жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуын қарастырады. Оқыту үрдісіне жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы адамның рухани өсуіне жағдай жасаймыз. Мәңгілік құндылықтар білімнің негізгі өзегі болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды баланың бойынан жарыққа шығару ізгілікке апарады, яғни, мінезін өзгертуге болады. Адамның жақсылыққа ұмтылуы, ақиқатқа жүгінуі оның болмысынан ішкі жан дүниесінде бес құндылықтың бар екенінің дәлелі емес пе?
Баланың өзіндік «дүниетаным бейнесі» ерте пайда болады және дүние, табиғат, қоршаған орта, адам, олардың өзара байланысы жөнінде біртұтас көз қалыптасады. Бала нені білсе де, көзімен көріп , қолымен ұстап, мүмкін болғанша өзі істеп білуін қалайды, ал педагогтар баланың келешекте нағыз азамат болып жетіліуне мықты негіз салуы керек. Мағжан Жұмабайұлы «баланы оқытуда оның жүрегіне ең алдымен нақты бейне, сурет орнату керек», деп кеңес береді. Бала өз іс –әрекетіне мән беріп, тиісті сөзін өз жүрегінен жарып шыққан жарқын тілегімен , сөйлеу білуі керек.
«Рухани мұраға сүйенбеген елдің жұлдызы жанбайды» демекші, заман ағымы талап етіп отырған ата-бабаларымыздан қалған әдеби мұраларды, халқымыздың өсиетін, өнегесін дәріптеп, дәстүрін, таңғажайып тапқырлығын, олардан қалған ескірмейтін көне сөздері, мақал мен мәтелдерді, нақылдарды бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болатындай, келер ұрпаққа тәлім-тәрбие беретіндей ғасырлар қойынауынан сыр шерткен асыл мұраларымызды рухани-адамгершілік білім беруде тиімді қолданып, рухани тәрбие бере білуіміз қажет.
Абайдың жетенші қара сөзінде «жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі –ішсем , жесем , ұйықтасам деп тұрады . Бұлар тәнің құмары , бұлар болмаса екен демелік, һәм өзі өспейді, қуат таппайды . Біреуі - білсем демекілік » құлағына естігенінің бәрін сұрап,тыныштық көрмейді.Мұның бәрі жаның құмары , білсем екен , көрсем екен , үйренсем екен деген» тегін айтылмаса керек.Осындай оқушылар біздің алдымызда да отыр солардың бойына күнделікті өмір тәжірбиесінде құндылықтарға бағытталу адамды даналық ,жүрек тазалығы , қуаныш ,бейбітшілік , адалдық , шынайы сүйіспеншілік сияқты қасиеттерге және оның рухани өсуіне алып келеді . Адамзат баласын қалай бақытты, қалай ізгілікке , имандылыққа , адамгершілікке , мейірімділікке, адамгершілікке , парасаттылыққа тәрбиелейміз деген ой мазалап келе жатқан бұрыңғы және бүгінгі қоғам ойшылдарының да көкейтесті мәселесі болып отыр.
Осындай бағытта баланың бойына құндылықтардың нәрін сеуіп, азамат қылып өсіру ұстаз бен ата-аналарға байланысты. Осы жерде тәрбиенің түп қазығы мұғалімнен бастау алатындықтан ұстаздың білімді де білікті болуы маңызды болмақ. Балаға жүрек жылуы жоқ жан ұстаз бола алмайтындығы белгілі. Біздің болашағымыз жарқын, жастарымыз кемел болып өсуіне үлесімізді қосу әр қайсымыздың міндетіміз. Рухани адамгершілік білім беру «Өзін-өзі тану» пәнінің үшінші деңгейлік курсы барысындағы үйренген тәлімді балаларға шебер пайдалануды өзімізге мақсат етіп қойып отырмыз. Балаларды шабытпен оқытып, олардың жүрегіне тура жол таба алатынымызды ойласақ жүрегімізде қуаныш кернейді.
Біздің халқымыз үшін жан-жақты жетілген тұлға, ең алдымен ұлттық тәрбиенің нәрімен сусындап,бала бойына жастай ұлттық тәрбиені сіңіру.
Сөзімнің соңын Махатма Гандидің мына сөзімен аяқтағым келіп тұр: «Егер сен болашақтағы өзгерісті көргің келсе-осы өзгерісті өз уақытында жаса» деген екен. Бүгінгі таңда еліміздің болашағына,оны жүзеге асыруда талмай еңбек етіп жүрген Біз бен Сіздерге толағай табыстар әкелетіне сенімдімін.
Қолданылған әдіибеттер:
1. Ақылдың кеңі құрастырған Қ.Жарықбаев.-Алматы:А38 Қазақстан,1991-256 бет
2. Жантануға кіріспе ( хрестоматия) Қ. Жарықбаев ,2005 ӘГИ « Дарын »
3. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар мен педагогтердің жаңашыл тәсілдері негізінде тәрбие жүйесін жаңарту жолдары ( Әдістемелік құрал ) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Астана-2013
4. Философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны.http://studopedia.org/10-93570.html
5. Мен – Адаммын , жеке тұлғаның рухани- адамгершілігін дамыту сабақтарын ұйымдастыруға арналған әдістемелік құрал, Игенбаева. Б. Қ. Алматы - 2000
6. «Өзін – өзі тану» мен басқа пәндердің ықпалдасуының мазмұны мен тәсілдері , мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал, Мұқажанова Р. А. , Омарова Г. А. , Алматы – 2013
7. «Өзін өзі тану» пәнінің мұғаліміне арналған әдістемелік құрал, Алматы қаласы: ҰҒПББСО «Бөбек» 2010
8. «Самопознание. кz» журналының жинағы, 2013 – 2014 жж.
Категория: Семья и школа | Добавил: n-nurlanovna (2019-09-30) | Автор: Мускина Айнур Нурлановна
Просмотров: 437 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 9:21 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru