Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Семья и школа

ПЕДАГОГИКАДАҒЫ МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек,олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн. (М.Жұмабаев)
Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы — мемлекеттігімізді, халықаралық беделімізді, экономикамызды одан ары өркендетудің ұлттық бағдарламасы. Жолдаудың «Əлеуметтік саясаттың жаңа принциптері əлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік» туралы негізгі үшінші тармағында көрсетілген «Ананы қорғау», «Əйелдерге қамқорлық», «Баланы қорғау» тарауларының басты мақсаты да ана мен бала құндылықтарын қорғауға арналған. Онда: «Біз əйел затына — анаға, жарға, қызға деген қапысыз құрметті қайта оралтуға тиіспіз. Ең алдымен, біз қыздарымыздың тəрбиесіне көп көңіл бөлуіміз керек. Олар — болашақ жар, болашақ ана, шаңырақтағы шырақшылары» деп көрсетілген. Елбасының: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім-жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деген сөзі отбасының Отан үшін құндылығын ерекше айқындап отыр [1].
Отбасы — бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы [2].
Үлкен энциклопедиялық сөздікте мұндай анықтама берілген: «Отбасы — некеге немесе туысқандыққа негізделген шағын топ, оның мүшелері өзара ортақ тұрмыспен, өзара көмекпен, моральдық жəне құқықтық жауапкершілікпен байланысқан» [3, б. 1082].
Əлеуметтанушылық тұрғыда «отбасы» ұғымы, əдетте, ортақ өмір, ортақ мүдде, өзара қамқорлық сипатындағы адамдардың неке, туыстық, тəрбиелеуге балаларды отбасына қабылдауы арқылы құрылған одағы деп қабылданады [4].
С.И.Ожеговтың «Орыс тілі сөздігінде» бұл ұғымға келесідей анықтама беріледі: «Отбасы —бірге тұратын жақын туысқандар тобы. Ортақ мүдделермен топтасқан адамдардың бірлестігі» [5].
И.В.Злобинаның «отбасы» ұғымына деген көзқарасы да назар аударарлық, ол: «Отбасы дегеніміз ерлі-зайыптылықты, туыстықты, туғандықты, бірге өмір сүруді, ортақ шаруашылық жүргізуді, бірлесіп тəрбиелеуді, асырап-сақтауды қамтитын күрделі құқықтық ахуал болып табылады», дейді [6, б. 115].
Осылайша, отбасы келесідей төрт сипаттамасы бар күрделі құрылым болып табылады, ол қоғамның шағын əлеуметтік тобы; жеке тұрмысты ұйымдастырудың аса маңызды түрі; ерлі- зайыптылық одақ; ерлі-зайыптылардың туыстармен, яғни бірге тұратын жəне ортақ шаруашылық жүргізетін ата-аналармен, аға-інілермен, əпке-сіңлілермен, ата-əжелермен жəне басқа да туысқандармен, көптарапты қарым-қатынастары.
Отбасы — қоғамның ажырамас бөлігі. Оның маңызын төмендету мүмкін емес. Əр адам үшін отбасы дегеніміз — барлық бастаулардың бастауы. Адамдардың барлығы дерлік бақыт деген ұғымды, ең алдымен, отбасымен байланыстырады: бақытты адам – өз үйінде отбасысымен тұратын адам.
Отбасы қоғамның даму барысына да ықпал ете алады. Қоғамның дамуындағы іргелі əлеуметтік, экономикалық, демографиялық процестер отбасының өмірінде анық байқалады. «Отбасы өмірді неғұрлым толыққанды етеді, отбасы бақыт əкеледі, бірақ əрбір отбасы, əсіресе қоғам өмірінде орасан зор мемлекеттік маңызы бар үлкен іс болып табылады», — деп айтқан еді А.С.Макаренко [7, б. 200].
Отбасы адамзаттың бүкіл тарихи болмысында құрған ең ұлы құндылықтардың бірі. Ол өзіндік бір əлеуметтік институт, онда қоғамның немесе оның жекелеген мүшелерінің отбасының ролі мен мəнін білдіретін мүдделері біте қайнасып жатады.
Ең мықты жəне қалыптасқан деген мемлекеттің өзі, егер отбасылық өмір мен тəрбиенің берік орнаған тəртібі болмаса, дағдарысқа ұшырап, ақыр аяғында құрдымға кетеді, егер отбасы берік болып, тəрбие дұрыс жолға қойылған болса, онда мемлекеттік өмірдің сырттан күйреуі кездерінде де халық өмір сүруге қабілеттілігін сақтай отырып, мемлекеттің күш-қуаты мен бірлігін қалпына келтіре алады.
Функциялары біршама өзгергеніне қарамастан, ата-ананың балаға деген махаббаты адаммен өмір бойы бірге болады. Өмірдің алғашқы жылдарында ол баланың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ата-ана махаббатына зəрулік — кішкентай адамның өміріне өте маңызды қажеттілік екені ақиқат. Бірақ есейген сайын ата-ана махаббаты баланың ішкі, эмоциялық жəне психологиялық əлеміне қолдау жасау мен сақтау функцияларын көбірек атқарады. Ғалымдар ата-ана махаббатына бі былай деп анықтама береді: ол — адамның эмоционалдық тұрақтылығының, денсаулығы мен рухани саулығының қайнар көзі мен кепілі.
Ата-ана махаббатында əр түрлі ауытқулар да болуы мүмкін, кейде ол тіпті қым-қиғаш түрге енеді. Мұндай жағдайларда оны ессіз, көзсіз махаббат деп атайды, ол табиғаты бөлек болғандықтан, мөлшерден тыс, асыра сілтеушілікке ұласады, бұл туралы чех психологы З.Матейчик бейнелі түрде «ата-ана эгоизмінің басымдығы» деп айтқан. Мұндай отбасыларда баланың құндылығы оның роліне қарай бағаланады («қиқар бала», «отбасының сəні» жəне т.б.).
Бақытты отбасы — баланың эмоциялық дамуына қолайлы жағдай тудырады. Бірақ сезімдерді тəрбиелеу өздігінен келмейді, қандай да бір тəрбие сияқты ол да көптеген күш жұмсауды қажет етеді.
«Сезінуді үйрету дегенің тəрбиедегі қиынның ең қиыны», — деп жазды В.А.Сухомлинский. Ол отбасында баланың сезімталдығын тəрбиелеудің мынадай жолдарын ұсынады:
• басқа адамдарға, əсіресе көңілге зəру адамдарға — кішкентайларға, қарияларға деген жүректің сезімталдығын дамыту («Ол бүгін көп жылады. Неге? Сен барып себебін білдің бе? Көмектестің бе?», «Бүгін əже сүйікті киносын неге көрмей жатыр? Мүмкін, ол өзін нашар сезініп отырған шығар?»);
• балаларды игілікті істерге өзгеге деген құрмет, жанашырлық, сүйспеншілік арқылы тарту(жақын адамдарға деген қамқорлық, олар үшін толқу, алаңдау);
• баланың ішкі эмоциялық əлемін байыта түсу үшін өнер туындыларын, табиғатты пайдалану [8, б. 173]. Сүйіспеншіліктің түпкі негізінде белгілі бір нысанға бағытталушылық жатыр: ата-аналар өз баласына деген сүйіспеншіліктің арқасында оның алаңсыз өсіп-өнуі турасындағы қамқорлықты күнделікті бағып-қағу, күтім жасау арқылы іске асырады. Егер ата-ана баласына енжар қараса, ол, ең алдымен, олардың қимылсыздығынан мезі болады: бұнымен ешкім шұғылданбайды, күтім болмағандықтан, кейпі де сүйкімсіз. Əкенің немесе шешенің жүрегінде бола тұрса да ешқандай əрекет арқылы көрініс бермеген сезім ешкімді бақытты ете алмайды, керісінше, мұндайда бала өзін «ешкімге керек емеспін»деп сезініп, жаны қиналады.Баланың өмірінде болып жатқан əр нəрсеге болсын, баланың түкке тұрғысыз болса да проблемаларына ата-ана тарапынан шынайы алаңдаушылық сезіліп тұратын болса — міне, ата- ананың балаға деген махаббатының көрінісі осы болмақ. Осы махаббаттың негізінде адамгершілікке тəрбиелеуге болады. Сүйіспеншілік қана сүйіспеншілікке үйрете алады.
Білім мен тəрбие беру нəтижесінің қажеттігін педагогтар мен ата-аналардың бірдей түсінуі, ата- аналармен өзара əрекеттестікте болу келесі бағыттарда жүзеге асырылады: балалардың денсаулығы жəне тұлғаны қалыптастыру мəселелері бойынша ата-аналардың барлық санаттарымен профилактикалық, түсіндіру жұмыстары жəне жеке-жеке тəрбиелік жұмыстар. Проблемалық отбасыларды анықтау. Педагогикалық көмек көрсету. Балалардың құқықтарын қорғау.
Жалпы білім беретін мектептің негізгі бағыттары педагогтардың отбасыға көмек көрсетуін күшейтуге, отбасының жеткіншек ұрпақты тəрбиелеудегі жауапкершілігін арттыруға, ата-аналарды оқушылармен тəрбие жұмыстарын жүргізу ісіне кеңінен тартуға бағдарланған.
«Қазіргі замандағы мектеп пен отбасының байланысы бұрынғы замандағы сияқты бастама атаулының барлығы мектептен бастау алып, ата-аналар мен оқушыларға не істеу керектігін мектеп бұйырып отыратындай, бір ғана бағытты ұстанбау керек екенін жақсы түсінеді. Қазіргі мұғалімдер ата-аналардың көмегіне, əралуан деңгейлердегі өзара əрекеттістікке жүгінбей тұра алмайды» — бұл осы мəселе бойынша даниялық педагог Эйгил Кьяэргард пен литвалық педагог Рима Мартинененің айтқаны.
Бұл ойды ресейлік педагог И.П.Подласый былай өрбітеді: «Қазіргі мектептер отбасындағы жəне мектептегі тəрбиені қоян-қолтық жүргізуге көшті, «отбасы — мектеп» кешендері қалыптасуда». Мұндай кешендердің басты ұстанымы мектептің қызметіндегі барлық бағыттардың ата-аналар назарынан тыс қалмауын қамтамасыз ету болып табылады.
Мұғалім ата-аналармен жəне жұртшылықпен байланыс орната отырып, келесі мəселелерді шешеді:
• Оқушының отбасын танып білу.
• Оқушының тұлғасына əсер ететін əлеуметтік ортаны жүйелі түрде зерделеу.
• Балаларды оқыту мен тəрбиелеудегі мектеп пен отбасының бірлескен педагогикалық қызметін ұйымдастыру.
• Ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыруды ұйымдастыру.
• Ата-аналарға баланы үйде тəрбиелеуге көмектесу.
• Отбасының балаға кері əсерін болдырмау.
Мұғалімнің ата-аналармен жұмысының нысандары əрқилы болып келеді:
• жеке: оқушылардың үйіне, отбасыларына бару, ата-аналармен мектепте əңгімелесу, ата- аналардың мектепке келіп кеңес алу күндері;
• ұжымдық: сынып жиналыстары, жалпымектептік ата-аналар жиналысы, тəрбие тəжірибесімен алмасу жөніндегі ата-аналар конференциялары, кеңесу, сұрақ-жауап кештері, сыныптан тыс бірлесіп өткізетін шаралар т.с.с.;
• топтық: ата-аналар өздерінің білімдеріне, педагогикалық мəдениетіне, балаларының үлгерімі мен тəртібінің көрсеткіштеріне қарай топтарға біріге алады. Сабақ кездерінде мұғалім мен ата- аналардың бірлесе жұмыс істеуі, бұл ретте ата-аналар мұғалімнің сабақты өткізуіне көмектеседі; белсенділермен, ата-аналар комитетімен жұмыс жүргізу;
• мектептің отбасымен жүргізетін жұмыстарының барлық түрлерінің мазмұны белсенді түрде тəрбиелеу жəне бірлесіп жұмыс істеу болып табылады, бұл жұмыстардың барлығы да жеткіншек ұрпақты жан-жақты дамытуға бағытталады».
Педагогикалық ағартушылықтың келесі түрлерін ерекше бөліп атауға болады:
• дəстүрлі: ата-аналар жиналысы, дəрістер, сұрақ-жауап кештері, диспуттар «ашық есіктер» күндері;
• дəстүрлі емес: іскерлік ойындар, реттелген пікірталастар.
В.А.Сухомлинский: «Тəрбие сəтті болуы үшін отбасы мен мұғалімнің арасындағы қарым- қатынастар қандай негіздерге сəйкес болуы керек?» — деген сұраққа жауап бергенде, балаларды жөнге салу мақсатындағы ата-аналарды мектепке шақыртулар неғұрлым аз болуы керек, бала мен ата-ананың арасындағы рухани сырласу неғұрлым көп болуы тиіс, осының өзі əке мен шешеге қуаныш сыйлайды», — деген [9, б. 224].
Ата-аналармен өзара байланыс келесі реттерде нығая түседі:
• бала тəрбиелеудің жекелеген тұстарында ата-ананың мүмкіндіктерін аша түсуге ұмтылыс жасайды;
• мұғалім ата-анаға олардың өзінен де талап етілетін жайларды жеткізге тырысады (олардың проблемаларын мұқият тыңдайды, бөліседі, түсіністік білдіріп, олардың балаларына жылышырай танытады);
• мұғалім ата-анаға жөн сілтеуге, олардың балаларына дауыс көтеруге мүлдем болмайтын естен шығармайды;
• мұғалім ата-аналар мектепке баланың көзімен қарауы керек екенін естен шығармайды(алдымен балалармен байланыс орнатады, кейін олардың ата-аналарымен);
• мұғалім өзінің жинақтаған педагогикалық тəжірибесімен бөліседі т.с.с.
• мұғалім баланың жүрегіндегі мейірімділік жеңіп шығатынына үміт артады;
1–2 сынып оқушыларының ата-аналары үшін тəрбиелеу белсенділігі жəне мектеппен өзара қарым-қатынастың анағұрлым жоғары деңгейі тəн болып келеді. Олар мектепке жиі-жиі келіп, баласының үлгерімін қадағалап жүреді. Осы алаңдаушылықты мұғалім де түсініп, оларға неғұрлым көбірек ақпарат беруге міндетті.
Мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынастың маңызды аспектілері:
1. Мектепке, мұғалімге, балаларға байланысты туындайтын эмоцияларды талқылау.
2. Əңгімені балаларға қатысты проблемалардан емес, ортақ жағымды мəселерлерден бастап, проблеманы шешуге асықпау керек.
3. Ата-аналардың айтқандарын мұқият тыңдау, олардың пікірін сынға алмай, керісінше, олардың бұлай ойлауының себебін түсінуге тырысу.
4. Ата-аналарға назар аударып, олардың жұмысы, үйдегі жағдайы туралы сұрастыру.
5. Өз аргументтеріңізді негіздей біліңіз: айтып отырғаныңыз барлығымыз үшін маңызды, оны көпшілік қолдап отыр.
6. Қанша қажет болса, сонша уақыт бөлу.
7. Ортақ мақсат-мүдделер жөнінде келісімге келіп, ата-аналар жиналысында барлығы үшін маңызды мəселелер туралы сөз қозғау.
8. Ата-аналарға хабар бергенде тікелей өзіңіз, хат-хабар арқылы немесе жеке əңгімелесу арқылы білдіріңіз. Ата-аналарға арналған ақпаратты балалар арқылы жолдамаңыз».
Категория: Семья и школа | Добавил: Diashka (2020-03-17) | Автор: Диана E
Просмотров: 361 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 8:36 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru