Главная » Статьи » В помощь учителю » Семья и школа |
Ата-аналар жиналысы 6 «Ә» сыныбы Сынып жетекшісі: Шималова Алмагүл Социалқызы С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп –лицейі Ақмола облысы, Степногорск қаласы Жасөспірімдік кезеңнің алғашқы қиындықтары Міндеті: бала өміріндегі физиологиялық және психологиялық өзгерістердің мәнін түсіну, ата –аналарға көмек беру, олардың назарын балалардың іс –әрекетіне аудару; Жиналыстың түрі: дөңгелек үстел Талқылау сұрақтары: проблемалар статистикасы, оған ата-аналардың көзқарасы, жасөспірімдік кезеңдегі қиындықтар тұсында отбасы қарым- қатынасының мәні; Дайындық шаралары: Статистикалық материалдар дайындау, ата-аналар газетін шығару, ата-аналар мен оқушылар диагностикасы, ата-аналарға арналған жаднама, жағдаяттар әзірлеу; І. Жиналыстың барысы: Сынып жетекшісі: Жасөспірімдік кезең әр баланың басынан өтеді. Бірақ оны әр бала әрқалай өткізеді. Біреулері мінез көрсетсе, енді біреулері үн-түнсіз, кейбірі үнсіз ғана жылап алады. Қалай десек те, дәл осы уақытта бала сіздер мен біздердің қолдауымызға зәру болады. Сол кезде үлкендердің олардың проблемаларына құлақ асатындығын, көмек қолын созатынын, оларды түсінетінін сездіру керек. ІІ. Ата-аналар мен оқушылардың сауалнамаларын талдау. Оқушыларға арналған сауалнама қорытындысы: Барлығы: 27 оқушы 1 Сен соңғы кезде кіммен уақыт өткізгенді қалайсың? Отбасыммен- 21 Достарыммен -5 Жалғыз өзім -1 2 Сыртқы келбетіңнің өзгергені, дене салмағыңның, бойыңның өскені /өспегені/ сені: Қуантады -23 /өскені/ Ренжітеді -3 /өспегені/ 1-өскені Ашуымды келтіреді -0 3 Сенің қандай болғың келеді? Ақылды -14 Әдемі -0 Тіл табыса білу -13 4 Сен өзіңнің келбетіңмен жұртшылық назарында болсаң: Қуанамын -14 Көңіл- күйім болмайды -3 Бәрібір- 7 5 Мені қолдайды: Отбасы -18 Мектеп-1 Достарым -8 Ата-аналарға сауалнама 1. Сіздің балаңыз кімге, неге қызығушылық таныта бастады? А. Өзінің сырт келбетімен Ә. Бойы, салмағымен Б. Жеке бас гигиенасына В. Достарына 2. Ол көбірек : А. Достарына телефон шала бастады. Ә. Айна алдында көбірек уақыт өткізеді. Б. Достарымен далада көп жүреді. В. Өз киіміне көңіл бөле бастады. 3. Тұлға ретінде ол: А. Көбіне тұйық. Ә. Ата-ананың еркелеткені мен назарына аз көңіл бөледі. Б. Өз атына айтылған ескертулерге тез құлақ асады. В. Сабаққа жауапкершілігі төмендеді. ІІІ. Жағдаяттарды талдау. 1. Бұрын әке-шешесінің әперген киімін талғамай кие беретін бала бір күні аға- әпкелерінен қалған киімдерді киюден бас тартады, жақсы, қымбат, өзі таңдаған киімдерді әпермесе, ата-анасына ренжиді. 2. Бала өзінің бойынан қысылады. Оған сыныпта бәрі мазақтап күлетіндей көрінеді. Бұл туралы ол отбасында сөз қозғағанда, туыстары мен жақын адамдары болмашы нәрсе деп оны күлкіге айналдырды. ІҮ Статистика. Сіздің білуіңіз қажет: Жасөспірімдік кезең қобалжу мен өзінің түр- тұлғасына көңілі толмау сияқты фактілермен сипатталады. 11-12 жастағы қыз балалардың 20%-ы, ер балалардың 30%-ы өзінің бойына байланысты қобалжуды бастан кешіреді. 11-12 жастағы қыз балалардың 60%-ы артық салмақ бойынша мазасызданады. Физиологиялары ерте жетілген ұлдар мен қыздар балалар арасында жоғары әлеуметтік статусқа /мәртебе/ ие болады. Физиологиялық жағынан кеш дамыған қыз балалардың өзін –өзі бағалауы төмен, олар социометриялық зерттеулер нәтижесі бойынша оқшауланған балалар тобына жатады. Статистика мәліметі бойынша 11 жастағы қыз балалардың 60%-ы ғашық болу сезімін бастан кешіреді, ал ер балаларда 13 жастан басталады. Бұл уақытта көбіне қыздар тәуелсіз болуға ұмтылады. 11 жастан бастап шиеленістер басталады. Осы кезеңде балалар көбіне ата- аналарынан оқшауланып, достарын артық санайды. Ата-аналарға жаднама: Балаңызбен барынша ашық сөйлесуге тырысыңыз. Жасөспірімдік шаққа қажетті баланың білгісі келетін ақпаратты өзгеден емес, өзіңізден естуі қажет. Барынша ашық болыңыз, егер білмесеңіз, күдіктенсеңіз, ол туралы ашық айтыңыз. Балаңызды жақсы көретініңізді байқатыңыз, оны еркелетіңіз. Балаңыздың тәртібіндегі әрбір қадамына назар аударыңыз. Балаңызды келеңсіз жағдайлардан қорғай біліңіз. Ата-аналарға «20 МЕН» әдістемесі бойынша балалардан жинап алынған мәліметтер оқылып, олар өз балаларын анықтайды. Қорытынды. Оқушылардың сабақ үлгерімдері, тәртіптері жайлы айтылады. Келесі жиналыстың тақырыбы беріледі: «Мектеп оқушысының өміріндегі компьютер». Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Н.И.Дереклева «Новые родительские собрания», Москва, 2008 г. 2. «Сынып жетекшісінің анықтамалығы», №8 2009 ж. | |
Просмотров: 5820 | Комментарии: 1 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|