Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Семья и школа

«Отбасы – ошақ қасы»
«Отбасы –ошаққасы»
( 12 -16 жас аралығындағы балалармен өткізілетін танымдық – тәжірибелік сабақ)

Сабақтың мақсаты - мемлекеттік мекемеден шыққаннан кейінгі жетім балалардың қаржыларын үнемді, орынды ұстай білуге үйретіп бейімдеу.

Міндеттері:
1. Жанұялық тұрмыстық жағдайларға бейімдеу.
2.Өмірлік белсенділік ұстанымға қабілеттіліктерін дамыту.
3Нарықтық экономикалық шарттарға бағытталған білімдерін өндеу.

Тәрбиеші: Бүгінгі тәрбие сағатымызда сендермен «үй шаруашылығын» қалай жүргізетіндігі жайында сөйлесеміз. Бұл шындап келгенде ғылым, ол көптеген құрамаларды жинақтайды. Бұл ғылымға не жататынын енді байқап көрейік. Мұнда отбасылық бюджетті үлестіру, күнделікті тауар бағасын білу, шеберлікпен сөйлеу , бала тәрбиесі, баубақша мен бақты күту, үй жануарларын күте білу, бөгде адамдармен бір баспана астында тату тәтті өмір сүруге қабілетті болуға,тұрмысқа қажетті заттарды өз қолдарымен жөндей білу жатады. ( Балалар осы құрамаларды атайды да тақтаға үш бөлім бойынша магнитпен жапсырады .) (1-сурет).


1-суретке сұрақ.
-Неліктен бізде үш топты құрайтын бөлім құрастырылды?
-Біз оларды қандай белгісіне қарап бөлдік?
Ия, шынындада, «ер адамның» жұмысы көбірек екені айқындалды . «Әйел» адамның да, сол сияқты ,екі жақ бірігіп істейтін жұмыстар да болады.
Біз бүгін сендермен өзімізді «үй шаруашылығын» жүргізетін «отағасы» ретінде көрейік.
Қазір сендер екі топқа бөлініңдер
1-топ 2-топ
Болатбекұлы Асылбек Халелов Айдын
Жұмашев Дархан Базарбаев Мұхтар
Байбосынов Оразмұхаммед Маматаев Әдлет

Қалған №5 топ балалары –жанкүйерлер.
Әділқазылар: әрбір сайыс -5 ұпаймен жүйеленеді.

№1 тапсырма
Ет сорпасын немесе балық сорпасын «пісіру» керек. беріледі Сайысқа қатысушыларға екі ыдыс және азық-түліктің тізімі беріледі (картоп, күріш, сарымсақ, ет, балық, өсімдік майы, және т. б. )
Балалар өздеріне қажетті азық-түлікті алып , өзі таңдап алғандары туралы айтып береді.

Аспазшының пайдалы кеңесі
Сарымсақты алдымен қуырмай тұрып, оны ұнға аударып алуға болады, дуршлаг арқылы артық ұнды алып, табадағы қызып тұрған майға салады.

№2 тапсырма. «Үнемділік»
Балалар қазір есептеп көрейік, өздерің пысырған тамақ бойынша үш адамнан құралған отбасына түскі асқа қанша ақша жұмсалады? Мұнда басты нәрсе қаншалықты дұрыс, қаншалықты жақын және шынайы.

Көрермендермен ойын (жанкүйер тобымен)
Мақалды аяқтаңдар.
А) Ас – адамның ........... (арқауы).
Ә) Асы бар аяқтан ............ (аттама).
Б) Ас иесімен тәтті, ............ (табағымен ) қымбатты.
В)Ас үстінен аттама, астан .......(үлкен) емессің.
Г)Ас ішіп ауырғанша, ... ( аш) сау жүр.
Д)Ас табылмайды, ас табылса, беруге ....(дос) табылмайды.

№3 тапсырма. «Тек қана ерлер үшін»
Бізге орындықтың артын жөндеу керек, ол үшін «арқасын» мына екі шыбыққа қағу керек.
Жұмыстың сапасы және қаншалықты тез жасалғаны бағаланады.

Жанкүйерлер тобына қосымша тапсырма
Кім жылдам баланы тыныштандырып, ұйықтата алады? Бұл үшін не істеу керек? (бесік жыры айтылады)

№4 тапсырма.
Сендердің алдарыңда әр түрлі азық-түлік түрі тұр, олардан бірнеше түрлі салат жасауға болады, Жиынтығы тіпті бірдей. Олар 6 пысырылған картоп, 1-қызылша, 1сәбіз, 1сарымсақ, 2 жұмыртқа, 100гр. пысырылған шұжық, қырыққабат, өсімдік майы, бұршақ, жүгері, ірімшік, краб таяқшалары, қаймақ.
Сендер ақылдасып,алдарыңа қойған азық түліктермен жұмысты бастауларыңа болады.
Жұмыстар аяқталғанша жанкүйерлер тобына тапсырма беріледі. Сөйлемнің ішінде «бір» деген сөйлемнен құралатын мақал мен мәтелді еске түсіреміз.

а) Адам бір-біріне қонақ.
ә) Бір кісі таққа мінсе, қырық кісі атқа мінер.
б) Бір ауылда мың туысың болғанша,
Әр ауылда бір туысың болсын.
в) Бір етікке екі аяқ симас.

Асханада пайдаланатын құралдар туралы жұмбақтар:

Дөңгелек айналасы, үсті тегіс,
Табылар тарапынан түрлі жеміс.
Төртеуі ағайынды тату екен,
Олардан аулақ жүрер ұрыс-керіс . (Үстел).

Жайылған дүниеге бір ғажайып,
Тік көтеріп отырар адамдарды. (Орындық).

Құйрығы інге кірсе,
Беті өртенген.
Ішегіне ішегі тисе,
Қатер төнген. (Электр пеш).

Сақталады алты ай, жаз
Сандығымда сары аяз (Тоңазытқыш)

Қалпағы бар,
Жиегі жоқ
Аузы бар,
Иегі жоқ. (Шайнек)

Басына темір киген қос құлағы
Бар екен адамзатпен ынтымағы
Жүрмейді өздігінен сүйремесең
Мекені отыратын тамағы жағы (Кастрюль)

Кішкене ұлым бар,
Кірген шыққан сүйеді (Кесе)

Бір жансыз табылады адамзаттан,
Іні бар жарық қана кіріп жатқан,
Арқасы інге кірсе көрінбейді,
Ғажайып іс табылар осы заттан. (Пышақ)

Сабы бар,
Басы шатыр.
Табысын өлшеп әкеп,
Құдыққа тасып жатыр (Қасық)

Басы құдық
Сабы сырық (Ожау)

Дос үйіне түстің бе?-
Түгел соның үстінде. (Дастархан)

Асханада ас әзірлеуге пайдаланатын тағамдар туралы жұмбақтар:

Жер астында түседі,
Сап-сары боп піседі (Сәбіз).

Сауытын шештім сақтанған,
Көрінбеді ақ тоннан.
Ақ тонын да шешіп ем,
Сары тонын шешіп ем,
Түк таппадым ішінен. (Жұмыртқа)

Дәмі де жоқ, түсі жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ. (Су).

Судан алады,
Суға салса өледі (Тұз).

Үй шарушылығына пайдаланатын құралдар туралы жұмбақтар:

Апам үшін қам жеген,
Тозаң жұтып, шаң жеген
Жатыр үйде айдаhар
Ондай мешкей қайда бар? (Шаңсорғыш).

Көрмедім еш үйіңді
Қолданбас бұл бұйымды.
Жазып қыртыс-тыртысын,
Қонымды етер киімді. (Үтік).

Тұмсығына бұйда тауып байласаң,
Қақпайлап жай айдасаң,
Сүңгіп батып, сүңгіп батып бұл мықты,
Бүтіндейді жыртықты. (Ине)

Екі басы дөңгелек,
Екі ұшы сүйір,
Қиғанға үйір (Қайшы).

Жанды ұрады,
Жансыз жарады. (Балта).

Екі езуі құлағына жетеді,
Тамақ жесе, ызың-ызың етеді (Ара).

Жеген асы шығады желкесінен.(Сүргі)

Жылға дер ем-ақпайды
Жылан десем шақпайды.(Арқан).

Жалғыз басы бар,
Жалғыз аяғы бар.
Бастан ұрсаң жүреді,
Ұрған сайын кіреді
(Шеге)

Топтар өздерінің салаттарын сиқырлап және өздерінің туындыларын жасап , көрермендер мен әділқазыларға береді.
(Әр көрерменнің қолында шай қасығы. Капитандар көрермендерге өз салаттарын апарып ұсынады.)
Ал,олай болса біздің тәжірбиелік сабағымыз аяқталып қалды. Біз бүгін көп жұмыс істедік ,болашақта осы істелінген тәжірибелік жұмыс қажеттеріңе жарар деп үміттенемін, жаңа сабақ алдыңдар, үйрендіңдер.
Әділқазылар алқасына сөз берейік.
Топтарды марапаттау.
Қатысқандарыңа мен сендерге өзімнің ризашылығымды білдіремін.
Сабақтың қортындысы
Шаруашылықтың жақсы иесі болу – яғни көп еңбектену.
Мен сендерге тілейтінім, егерде көп жұмыс істеп, еңбектеңсеңдер, үйлеріңде әрқашанда молшылық болады , нағыз үй иесі боласыңдар.
Категория: Семья и школа | Добавил: myzan (2012-03-02) | Автор: Бейсембаева Кенжеш Шариповна E
Просмотров: 3436 | Рейтинг: 4.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2025-01-05, 7:16 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru