Главная » Статьи » В помощь учителю » Компьютер-бум |
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ . Microsoft office Word мәтіндік редакторы Бағдарлама мен күнтізбелік жоспарлау жоспарлаудың әдістемелік нұсқаулықтан. Компьютерде мәтіндік ақпаратты дұрыстау. Мәтіндік ақпараттарды дұрыстау технологиясы: құру, реттеу, сақтау, санау, қорытынды. Кестелермен жұмыс. Мәтіндік құжатқа графикалық объектілерді қою. Гипермәтінді қабылдау. Дайындалу деңгейіне талаптар. Оқушылар білу керек: • гипертмәтіндік мультимедиалық бағдарламаларды ұйымдастыру принциптері; Оқушылар істей алуы керек: • Мәтін редакторын шақыру, жаңа мәтіндік файл құру, оны сыртқы жадыда сақтау, сыртқы жадыдан мәтіндік файл көшіру, оны модельдеу; • Мәтін редкторын шақыру, сурет салу, редактордың әртүрлі құралдарын қолдану, оны сыртқы жадыда сақтау, сыртқы жадыдан сурет көшіру,оны модельдеу. Пән аралық байланысты ұйымдастыру жоспары: • Өзін-өзі тану, қазақ тілі және геометрия пәндері мәтіндік редакторында. Жоспарлау. Оқулық материалы Өткізілетін тақырыптар Сағат саны §7.1-§7.4 Word мәтіндік процессор терезесі. 1 §7.5-7.6 Мәтіндік редакторында құжат бетін безендіру 1 §7.7 Microsoft office Word редакторында кестемен жұмыс 1 §7.8 Word графикалық мүмкіндіктері 1 2 MS Word мәтіндік редакторын негізгі білім беру жоспары : Кіріспе : 1. Жалпы мағлұматтар беру. 2. WORD редакторын тағайндау, іске қосу және онымен жұмыс істеуді аяқтау. Негізгі бөлім : 3. Word редакторының қосымша элементтері. 4. Жаңа құжатты даярлау. 5. «Құжат ашу» сұхбат терезесiнiң мүмкіндіктері. 6. Бос құжатты даярлау. 7. Басқа форматтардағы файлдарды ашу. 8. Құжатты сақтау. Қорытынды 9. Қортынды информация. ҚОСЫМША МӘЛІМЕТ. Жалпы мағлұматтар. MS WORD - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы.Ол-мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барсында жүзден аса операциялды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторының бірі. Қазіргі компьютерлік технологияларда орындауға болатын кес келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керекті баспа материялдарын теруден бастап, олардың оригинал – макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады. Мұндай құжаттар мен кестелерді көрікті етіп , безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар , стильдер , жазылып бірден орындалатын ішкі макропрограмалар тілі , қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және т. с. с. жетіп артылады. 3 WORD редакторын тағайндау, іске қосу және онымен жұмыс істеуді аяқтау. WORD-пен жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа программалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталляциялық) дискеттерден немесе компакт-дискіден компьютерге жазып орналастыру қажет. Орналастырылған WORD редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асырлады: 1. Басқару тақтасындағы Іске қосу (Пуск) менюінің Орындау (Выполнить) командасының көмегімен, бұл тәсіл редактордың қосымша параметрлерін іске қосуға арналған. 2. Программалардың Microsoft Office тобындағы WORD шартбелгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы. 3. Windows жүйесінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін пайдалану арқылы. 4. WORD редакторына дайындалған құжаттың шартбелгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы т.б. Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіледі: - Файл→Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы; - WORD негізгі терезесінің жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть) командасын таңдау; - тышқан курсоры терезе тақырыбы аумағында тұрғанда курсорды сол жақ шеттегі жүйелік меню белгісіне алып барып, тышқанды екі рет шерту немесе батырманы бір рет басып, менюдің Жабу (Закрыть) командасын таңдау; - редактор терезесінің тақырыб жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (Х) басу; - Тікелей Alt+F4 пернелерін басу. Егер программамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертіліп, бірақ дискіге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша сұхбаттасу терезесін шығарып, өзгертілген құжатты дискіге жазу (Иә-Да) керектігін, ал жазбасаңыз (Жоқ-Нет) оны да растап беруіңізді өтінеді. Қалауңыз бойынша, редакторда әрі қарай жұмыс істей беруіңізге де (Болдырмау-Отмена) болады. 4 Word редакторына тән қосымша элементтер. Терезеде Widows жүесінде кездесуге тиіс стандартты көптеген элементтер бар. Қалып жолында мұнан басқа қара түске боялып белгілі бір режимнің іске қосылып тұрғанын, ал сұр түсті болса - іске қосылмағанын білдіріп тұратын жұмыс режимі индикаторлары бар: ЗАП - макрокомандаларды жазу (записать) режимі іске қосылған екпінді күйде екенін көрсетеді; ИСПР - түзелетулерді (исправления) белгілеу режимі екпінді күйде, олар құжаттың соңғы ңұсқасына қандай өзгерістер енгізілгенін білдіреді; ВДЛ - белгілеулерді кеңейтетін ( Расширить выделения) F8 пернесі екпінді күйде, яғни фрагментті ерекшелеп алып, оны кеңейту режимі іске қосылған, бұл режим ерекшелеу мөлшелерін F8 арқылы кеңейтуге болатынын (бір символға, сөзге, сөйлемге т.б.) көрсетіп тұрады. Ерекшеленген мөлшерді кішірейту - Shift + F8 арқылы, ал ерекшелеуді тоқтату - Esc арқылы орындалады; ЗАМ - символдарды аустыру режимі екпінді күйде, символдарды ығыстырып енгізу режимі орындалса, ол сұр түске боялады. Бір режимнен екіншісіне ауысу - INSERT пернесін басу арқылы жүргізіледі. Сонымен, жоғардағы режимдерді іске қосу немесе қоспау режимдері белгілі бір пернелік командалармен орындалады. Оған қосымша, сол режимді қарама – қарсы күйге ауыстыру қалып жолына жалғаса орналасқан қажетті индикаторға тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шертумен де орындалатынын білген дұрыс. Цифорлық таңбалары бар көлденең және тік жылжу белдеулері мәтін ішіндегі курсор тұрған орынды бағдарлау мүмкіндігін береді.Бірақ бұл жылжу белдеулері Word редакторында бұрынғыдан маңыздырақ қосымша функциялар атқарады. Көлденең орналасқан сызғыш (белдеу) арқылы тышқан көмегімен: -абзац алдындағы жаңа жол басын; 5 - беттің сол жақ және оң жақ шеттерінде қалдырылуға тиіс бос орындар ( поле) аумағын; - мәтін аралықтарындағы кесте бағаналарының енін; - көлденең табуляция позицияларын өзгертуге, олардың жаңа мәнін бекітуге болады. Тышқан курсорымен осы шамалардың мәндерін өзгерткенде олардың тек сол абзацқа қатысты екенін естен шығармаған абзал. Ал енді тік орналасқан сызғыш, терезенің сол жақ жақтау бойында орналасқан.Оның көмегімен беттің жоғарғы және төменгі жақтарында қалдырылатын бос орындар алмағын және де кестелер жолдары биіктігін өзгертуге болады. Тік сызғышты көрсетпей, алып тастауға болады, онда сіздің мәтіндеріңізде берелетін орын ұлғаяды. Дегенмен ол бейнеленіп тұрса, мәтінді форматтау жұмыстары жылдамырақ орындалады. Қарап шығу режимдерінің батырмалары қалып-күй қатары маңындағы көлденең жылжу алабының сол жақ шетінде орналасады да, олар мыналардан тұрады: - кәдімгі режим батырмасы – бұл қарап шығу режимі келісім бойынша редакторға кіргенде бірден қабылданады. Ол мәтінді форматтау элементтерін қарапйым түрде көрсете отырып, беттерді бөлу шекараларын пунктир – сызықшамен бейнелеп, символдарды тексеру, түзету және қарап шығу процесін жылдам орындайды. - беттерді белгілеу режимі мәтін қағазда қалай орналаса, айнытпай солай бейнелейтін режим болып есептеледі, мұнда форматтау, мәтінді түзету өте ыңғайлы, өйткені қағаз шеттері айқын көрініп тұрады. - құрылым режимі, құжатты толық бейнелемей, теқ тақыраптарын көрсете алады, сол себепті мәтін тақыраптарын бастан аяқ қарап отырып, оны бақылау мүмкіндіктерін береді. Ал оны т үйіндемей, ашылған күйде бейнелесек, өте көлемді мәтін өңделгенде, оның белгілі бір бөліктерін түгелдей аустыруға, көшіруге және оның құрылымын байқап отыруға ыңғайлы режим болып саналады. Аспаптар тақтасы командалар мен іс - әрікеттерді жылдам орындау үшін ең ыңғайлы жағдай жасайды. Оны пайдалану тышқан қолтетігінің немесе соған ұқсас басқа құрылғының 6 көмегімен жүргізіледі. Аспаптар тақтасының белгілі бір командасын орындау сол командаға сәйкес батырманы тышқанмен шерту арқылы орындалады. Бұл тақтаны әрқашанда пайдалануға болады, өйткені,қалауымыз бойынша, ол құжат терезесінің жоғарғы жағында тұрақты көрініп тұрады. Меню жолының төменгі жағында Стандарты және Форматтау әрікеттерін ғана атқаруға арналған Аспаптар тақтасы орналасқан. Бұл екі тақтадан басқа Word редакторында бірсыпыра әрекеттерді атқаратын тақталар (Сурет салу, Көмек алу және т.б.) бар. Нақты тақталар мен олардың әр түрлі батырмаларының атқаратын қызметі жұмыс барысында түсіндіріледі. Терезенің негізгі элементінің бірі болып, бірнеше мәтіндік құжаттар қатар орналаса алатын терезелерден тұратын, ашық түске боялған жұмыс алмағы (рабочая область) болып саналады. Жаңа құжатты даярлау. Word іске қосылған соң, экранда 1- құжат (Документі) деген бос Терезе пайда болады. Құжаттың бұлай аталу себебі Word программасы іске кіріскен кезден бастап, бұл сіздің 1-құжатыңыз болып саналады.Келесі құжат 2-нөмірлі, онан кейін 3-нөмірлі т.с.с. болып әрбір келесі құжат нөмірі осылай өсіп отырады. Егер ашылған 1-құжат жабылса да, осы тереземен жұмыс істеп отырғанда (осы сеанс кезінде) даярланған келесі мәтін 2-құжат болып нөмірленеді. Жаңа құжат ашарда Word оны құру үшін белгілі бір шаблонды (нұсқаны) пайдаланады. Нұсқа жаңа құжатты форматтау параметрлерін анықтайды. Бұл параметрлерге шрифтегі таңбалар сызылымы, парақ айналасындағы бос қалдырылатын өрістер (поля) мәні, табуляция символдары және т.б. жатады.Нұсқалардың бұлардан басқа мынадай элементтері болуы мүмкін: - мәтін (мысалы, жоғарғы немесе төменгі колонтитулдар немесе бет нөмірлері); - кестелер (таблицалар); - төртбұрышты жақтаулар (керегелер); - графикалық бейнелер; - кейбір арнайы құралдар (макрокомандалар, батырмалар, айта 7 берсек аспаптар тақтасы) және т.б. Алдын ала келесім бойынша, жаңадан ашылған құжат «Кәдімгі» нұсқа (шаблон «Обычный») бойынша жасалады.Word редакторын алғаш қы рет компьютерге орналастырғанда оның құрамына мынадай стандартты нұсқалар кіруі тиіс, олар: іс қағаздары, қызмет жазбалары; газет беттері; т.б. типтегі құжат түрлері. Бұл нұсқалар ішінде бірден толтырылуға тиіс стандарты өріс жолдары (Кімге, Кімнен, Дата) мен дайын сөз тіркестері болғандықтан, олар әркімнің уақыттарын тиінді пайдалануды қамтамасыз етеді. Арнаулы нұсқаларды пайдалану дайындалған құжаттарға біркелкі стиль береді. «Құжат ашу» сұхбат терезесiнiң мүмкіндіктері. «Құжат ашу» терезесінің тек бір функциясы ғана - файлдың аты мен орны белгілі болғанда оны ашу жолын қарастырады. Бірақ бұл сұхбаттасу терезісінің әрбір адамға берер біраз мүмкіндігі баршалық . Сонымен, «Құжат ашу» терезесінің (немесе оның Аспаптар тақтасы) қосымша мүмкіндіктері : - файл іздеуді жүзеге асыр ; - мәтіндік құжат ашу ; - файлды басқа орынға орналастыру; - файлды қиып алу ( алмасу буфері арқылы ) ; - файлдың көшірмесін алу; - жарлықты дйындау ; - файылды жою; - файл атын өзгерту ; - файл қасиеттерін қарап шығу; - файлды ашпай-ақ, оны жылдам қарап шығу; - файылдағы мәліметті тек оқу үшін ашу; - файлды қағазға басып шығару; - бумадағы файлдарды реттеу. Негізінен алғанда, «Құжат ашу» сұхбат терезесі кішігірім информациялық іздеу жүйесінің функциясын атқара алады. Жоғарыда көрсетілген барлық іс - әрекеттер «Құжат ашу» сұхбат терезесінің басқару тақтасы мен тышқанның оң жақ батырмасы арқылы ашылатын контекстік жанама менюлер жүйесі көмегімен орындалады. «Құжат ашусұхбат» терезесінің басқару тақтасы көрсетілген, ал төменде батырмалардың атқаратын қызметтері көрсетілген. 8 «Құжат ашу» терезесінің басқару тақтасы батырмаларының атқаратын қызметтерін былай суреттеуге болады (солдан оңға қарай): Бір деңгей жоғары өту - бумалар сатысымен жоғары бір деңгейге өтуді жүзеге асырады. Өз буманды ашу - өзіңнің пайдалануына арналған буманы ашады. Өз бумаңа орналастыру - құжатты өз бумаңа орналастырады. Майда белгілер - бумалар тізімін олардың шартбелгілері (пиктограммалары) мен атын жазу арқылы бейнелейді. Кесте - бумалар тізімі кесте түрінде олардың соңғы өзгертілген мерзіммен бірге бейнеленіледі. Қасиеттерін шыару - экранға осы құжат туралы мағлұматтар шығару : дайындалған, не өзгертулер енгізілген уақыты, көлемі және т.б. Ішкі мазмұнын шығару - құжатты экранда жылдам қарап шығуды жүзеге асырады . Командалар мен режимдер - оқу, қағазға басу, іздеу, сұрыптау командаларының тізімін ашады . Егер файл туралы кесте көмегімен информация берілген мәліметтер жеткіліксіз деп санасаңыз, Қасиеттерін шығару батырмасын басу қажет . Сол кезде берілетін қосымша мәліметтерден іздеп отырған керекті файылыңыз осы екенін (немесе осы емес екенін) анықтай аламыз. Алдыңғы сабақта файл туралы қосымша информация енгізу керектігі айтылып еді, енді «Құжат ашу» сұхбат терезесі арқылы файл іздегенде сондай информацияның қажеттілігіне көзіңіз толық жетеді. Ішкі мазмұнын шығару батырмасын пайдаланып құжатты ашпай - ақ, оның бас жағынын жылдам қарап шығуға болады. Бұл мүмкіндік іздеу жүйесі арқылы ішкі мәтіні ұқсас бірнеше файл тапқанда өте қажет болады. Табылған файлдар ішінен керегін оқи отырып осылай анықтайды. Ішкі мазмұнын шығару батырмасы арқылы табылған файлдар мәтінінің бас жағын қарап алып барып, тек керектісін ғана терезеге шығаруға болады. 9 Бос құжатты даярлау. Бірінші құжатты даярлау үшін «Кәдімгі» нұсқасын пайдаланайық. Бұл нұсқа кейін информация енгізетін, ал әзірге бос құжат терезесін ашарда қажет. Өйткені әзірше бұл құжатқа оның мәтінін форматтау немесе безендіру жөнінде арнайы талап қойылған жоқ. «Кәдімгі» нұсқасымен бос құжатты даярлау үшін: 1. Файл → Даярлау (Файл → Создать) командаларын таңдап алу қажет. Мұның нәтижесінде «Құжат дайындау» сұхбат терезесі пайда болады. 2. Сол терезеден «Кәдімгі» нұсқасын таңдап алып, ОК батырмасын басу керек. 3. Осы әрекетті басқа жолмен де – Ctrl + N пернелерін немесе стандартты аспаптар тақтасында «Жасау» (Создать) батырмасын басу арқылы да іске асыруға болады. Осылардың нәтижесінде де «Кәдімгі» нұсқасына сәйкес жаңа құжат ашылады, бірақ мұнда экранға сұхбат терезесі шығарылмайды. Басқа форматтардағы файлдарды ашу. Word редакторында WordPerfect, Works, WordStar, DOC-қа арналған Word және т.б. форматтарда даярланған файлдарды ашуға болады. Ол үшін Файл → Ашу ( Файл → Открыть) командаларының Файл типі жолындағы керекті типті таңдау керек, әйтпесе барлық файлдарды қарап шығуға рұқсат беретін «Барлық файлдар» деген жолды таңдап, солардың ішінен қажеттісін таңдау керек. Құжатты сақтау. Даярланып жатқан құжитты жиі – жиі дискіге жазып қою керектігін түсінген шығарсыздар. Мәтін терліп жатқан кезде компьютердің жедел жадында болады да, ток не компьютер өшіріліп қалса, бірден жойылып кетеді.Сондықтан дискіге жазып сақтап отырған абзал. Ол көп уақыт алмайды. Ол үшін тышқан курсорын дискеттің суреті салынған батырмаға жеткізіп, оны бір рет шертсе болғаны. Осылай сақталған мәтін ғана қатты дискіге жазылып, қауіпсүз күйде ұзақ уақыт сақталады. Құжатты дискіге алғашқы рет жазып сақтау үшін оған белгілі бір ат қойып, қай дискінің қандай бумасына орналастыратыныңызды білгеніңіз жөн. 10 Егер жұмыс нәтежесін бірнеше вариантта сақтау керек болса, олардың әрқайсысына бөлек - бөлек ат қойып сақтау қажет. Файлды сақтау үшін келесі әрекеттерді орындау қажет: 1. Файл → … деп сақтау командасын таңдау немесе F12 пернесін басу. 2. Файл аты деген өріс жолына құжаттқа қойылатын аты енгізу, әйтпесе Word-тың ұсынған атын (мысалы, Документ2) қабылдау. 3. Буманың ашылатын тізімінің көмегімен, алдымен дискіні таңдап ал. Оның аты жоғарғы кішкене терезеге шығады, ал төменгі негізгі терезеде сол дискідегі бумалар тізімі көрінеді. Бұл ж мысты орындағанда, А:, В: таңбалары мен иілгіш диск, яғни дискет белгіленетіні есіңізде болсын, сондықтан көбінесе С:, D: сияқты қатты дискілерді таңдауған жөн, оны Диск деген өрісте белгілейміз, мысалы, Д: дискісін таңдап алайық. 4. Бумалар тізімінен файлды орналастыратын бума атын белгілеу керек, мысалы BOOK атын таңдап алайық. Белгіленген бума аты жоғарғы терезеде, ал негізгі терезеде – сол буманың (ВООК) ішіне кіретін басқа бумалар мен файлдар тізімі тұрады. 5. Қабаттасқан ішкі бумалардан да керектісін таңдап ал, бізге керектісі, мысалы, PROSPECT ішкі бумасы болсын. 6. Бумалар деңгейлерін толық қарастырып керектісін таңдап алған соң, «Сақтау» (Сохранить) батырмасын басу қажет. Осылай сақталған құжатты кейіннен тауып алу қиынға соқпайды. 7. Мәтінің құрамына кіретін және оны сипаттай алатын сөз тіркестерін де енгіземіз, оларды «Қасиеттер» сұхбаттасу терезесіне енгізіп, кейіннен өзгертіп немесе толықтырып қоюға болады. «Сервис» менюінің ішкі «Статистика» парағы өздігінен толтырылып отырады, онда мәлімет көлемі неше беттен, абзацтан және жолдан тұратыны көрсетіледі. 11 Қортынды ақпарат. Жұмыс туралы қортынды информацияны Файл → Қасиеттер (Файл → Свойства) сұхбаттасу терезесі көмегімен алуға болады. Бұл терезе кейіннен файлды іздеуді оңайлататын информация мен ескертулерді есте сақтайды. Егер «Қасиеттер» терезесінің жолына әр файл туралы тұрақты күйде информация енгізіп отыратын болсақ, кейіннен файлдарды көбейтіп, оның аты, бумасы ұмытылып кетсе де, оларды іздеп табу қиынға соқпайды. Сондай сәттерде бұрын енгізілген «Қасиеттер» терезесіндегі мәліметтердің қадырын түсінуге болады. Енді осы терезені толығырақ қарастырайық. Терезедегі «Жалпы» және «Статистика» парақтары адамдардың қатысысуынсыз – ақ өздері автоматты түрде толтырылады. Сонымен «Қасиеттер» сұхбат терезесін толтыру үшін төмендегі әрікеттерді орындаймыз. 1. Файл → Қасиеттер командаларын таңдаймыз. «Қасиеттер» сұхбаттасу терезесі пайда болады. 2. «Құжат» парағына өтіп, ондағы жолдарға тиісті мәліметтер енгізу қажет. «Құжат» (Документ) парағына Тақырып, Автор, Мекеме,Топ, Өзекті сөздер, Ескертпе сияқты жалпы мағлұматтардын жинайды. Бұл мағлұматтарды әркім жұмыс барсында өзі енгізіп, онда 255 таңбаға дейінгі әр түрлі мағлұматтардан тұратын сөз тіркестерін толтыруға мұмкінідік бар. 12 Күні ____________ Сынып: 8 сынып Пән: информатика Пән аралық байланыс: Өзін-өзі тану пәні Сабақтың тақырыбы: MS Word мәтіндік редакторы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға MS Word мәтіндік редакторы, оны іске қосу және ондағы элементтермен қалай жұмыс істеу керек екендігін сипаттай отырып жалпы білім беру. Дамытушылық: Оқушыларға MS Word мәтіндік редакторы тақырыбын түсіндіре отырып, олардың Word-ты іске қосып, ондағы элементтермен дұрыс жұмыс істей алу дағдыларын дамыту. Тәрбиелік: Оқушылар компьютермен жүмыс істеу кезінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауға, компьютерлік құрылғыны ұқыпты пайдалануға тәрбиедеу. Сабақтың түрі: Аралас Сабақта қолданылатын ақпараттық құралдар: компьютер, интерактивті тақта, aktiv vote, activslate, merits бағдарламасы. Сабақтың жоспары: I. Ұйымдастыру кезеңі 3 мин II. Үй тапсырмасын тексеру 5 мин ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру 15 мин IV. Жаңа сабақты бекіту 14 мин V. Қорытынды 3 мин VI. Бағалау 3 мин VII. Үйге тапсырма 2 мин 13 Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. «Шаттық шеңбері» ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру - Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қосу үшін мынадай әрекеттерді орындаймыз. Пуск - программы - Microsoft Word (схемасын көрсету) - Word қосымшасын іске қосқаннан кейін экранда мәтіндік редактордың стандартты терезесі пайда болады, онда құжаттың мәтінін бірден теруге болады. (суретін көрсету) - Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жол, меню жолы, аспаптар панелі, пішімдеу панелі, сызғыш және мәтін енгізілетін терезенің жұмыс беті. - Терезенің тақырыбында құжат атымен программаның аты көрсетіледі. - Аспаптар панелінде ең жиі қолданылатын командаларды шақыруға арналған батырмалар бар. Қандай да бір батырманың міндетін білу үшін оған тышқанды орнатсақ, біраз уақыттан соң оның астыңғы жағында берілген батырманың қысқаша атауы көрсетілген шағын жақтау пайда болады. Батырманың атауы оның орындайтын функциясын көрсетеді. - Терезедегі екінші панель – бұл Пішімдеу панелі. Онда да мәтінді пішімдеу командаларына жылдам шығу батырмалары бар. 14 - Кірістіру нүктесі – жыпықтап тұратын тік сызықша. Ол мәтінді енгізгенде символ қай жерде пайда болатынын көрсетеді. IV Жаңа сабақты бекіту. Балалар енді бгінгі сабақ бойынша мен сіздерге тапсырмалар беремін, сіздер соны компьютерге отырып орындайсыздар. 1)тапсырма: Сіздер бұл тапсырмада “Стандартты” және “Пішімдеу” аспаптары панелінің әр пиктограммасының тұсына оның міндетін жазасыңдар. Яғни компьютердегі MS Word терезесін ашып орындалады. 15 Аспаптардың “Стандарттық” панелі Құру Болдырмау Ашу Қайталау Сақтау Кестелер және шекаралар Басу Кесте қосу Алдын ала қарау Excel кестесін қосу Дұрыс жазу Бағандар Қиып тастау Сурет салу Көшірмелеу Құжат схемасы Кірістіру Басылмайтын символдар 16 Аспаптардың “пішімдеу” панелі Стиль Оң жақ шеті бойынша Қаріп Ені бойынша Өлшемі Нөмірлеу Қарайтылған Маркерлеу Курсив Сыртқы шекаралар Астын сызу Түспен ерекшелеу Сол жақ шеті бойынша Қаріп түсі Центрі бойынша V. Қорытынды Осымен балалар біз бүгін MS Word мәтіндік редакторы тақырыбын өттік. Оның терезе элементтерін жаңа өздеріңіз байқап көріп, олардың қандай қызмет атқаратынын білдіңдер. Енді бүгінгі сабақбойынша түсінбеген жерлеріңіз болса меннен сұрап алуларыңызға болады. Жалпы бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма? Сонымен бәріміз түсіндік. Бүгінгі сабақ аса қиын емес. VI Бағалау. VII. Үйге тапсырма. Балалар үйге бүгінгі өткен тақырып 9.1 тақырыбы, 119 бет оқулықтан оқып келу және өткен тақырыптарға байланысты ребус құрап келу. 17 Тапсырма № 1 Word экранының негізгі элементтерінің аттарының қасына сәйкесінше нөмірлерін қой. 18 Тапсырма№2 MS Word редакторының басты терезесінің элементтерінің аттарының қасына сәйкесінше нөмірлерін қойыңдар. 19 Тапсырма№3. Сіздер бұл тапсырмада “Стандартты” аспаптары панелінің әр пиктограммасының тұсына оның міндетін жазасыңдар. Яғни компьютердегі MS Word терезесін ашып орындайсыздар. Аспаптардың “Стандарттық” панелі 20 Тапсырма №4. Сіздер бұл тапсырмада “Пішімдеу” аспаптары панелінің әр пиктограммасының тұсына оның міндетін жазасыңдар. Яғни компьютердегі MS Word терезесін ашып орындайсыздар. Аспаптардың “пішімдеу” панелі 21 Тест №1 1. Растрлық кескін дегеніміз не? a) геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескін б) теңдік бойынша салынатын кескін в) қарапайым кескін г) графикалық ақпараттың нүктелер жиыны мен пиксельдер түрінде ұсынылуы 2. Фракталдық графика дегеніміз не? а) геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескін б) теңдік бойынша салынатын кескін в) қарапайым кескін г) графикалық ақпараттың нүктелер жиыны мен пиксельдер түрінде ұсынылуы 3. Векторлық кескін дегеніміз не? a) геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескін б) теңдік бойынша салынатын кескін в) қарапайым кескін г) графикалық ақпараттың нүктелер жиыны мен пиксельдер түріндк ұсынылуы 4. Растрлық графиканың базалық элементі не болып табылады? a) пиксель б) бояу в) сызық г) математикалық формула 5. Фракталдық графиканың базалық элементі не? a) пиксель б) бояу в) сызық г) математикалық формула 5. Компьютерлік графиканың қолдану салалары: a) қарапайым және күрделі б) түрлі түсті графика, кәдімгі, кестелік в) ғылыми, іскерлік, көркемдік г) жарнамалық, программалық 6. Мәтіндік ақпаратты өңдеу үшін қолданылады: a) графикалық редактор б)мәтіндік редактор в)кестелік редактор г)мультимедиа 22 7. Мәтіннің қандай түрлері бар? a) кәдімгі, кестелік, программалық б)қарапайым және күрделі в)жарнамалық, программалық г)түрлі түсті мәтін 8. Гипермәтін дегеніміз не? a) абзацтарда қолданылатын б) мәтіндегі ең үлкен жол в) интернеттегі электрондық оқулықтарда қолданылатын г) компьютерлік программалар 9. Кәдімгі мәтін қандай объектілерден тұрады? a) қатар, баған, ұяшық б)бет, абзац, жол, сөз, символ в)қатар, символ г)сурет, диаграмма 23 Күні ____________ Сынып: 8 сынып Пән: информатика Пән аралық байланыс: Өзін-өзі тану пәні Сабақтың тақырыбы: «Мәтіндік редакторында құжат бетін безендіру» Сабақтың мақсаты: Ms Word редакторы тарауын меңгертуге бағыттау, маңызыдылығын айқындау. WORD for Macintosh бағдарламасының мүмкіншілігін қолдануды үйрету. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, практикалық және бағдарлы бағытта даярлау, ақпараттық мәдениетке және ұқыптылыққа, ұжымдылыққа тәрбиелеу. Практикалық жұмыс арқылы алған білімдерін бекіту, іс жүзінде қолдануға үйрету. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, адамгершілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақта қолданылатын ақпараттық құралдар: компьютер, интерактивті тақта, aktiv vote, activslate, merits бағдарламасы. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. “Шаттық ортасы” ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 1.Үйге берілген тапсырма бойынша шағын сынақ. 2.Жеке жұмыстар тұсаукесерлері. ІІІ. Негізгі бөлім. Жаңа сабақты түсіндіру Тапсырмалар орындау. 1 – тапсырма. Құжатпен жұмыс(құжат ашу, сақтау, мәзірлерімен танысу) 2 – тапсырма. WORD for Macintosh пайдаланып беттеу жасау. IV. Сабақты қорытындылау. Merits бағдарламасы арқылы тапсырмалардың орындалуын бағалау. Сабақтың мақсаты: І.Ұйымдастыру. 24 І-кезең. Өткен материалмен жаңа тақырыппен байланыс жасау үшін дәйкез сөз тастау. Мәтіндік редактордың мүмкіншіліктері, оны қолдану кеңістігі. ІІ-кезең. Күнделікті өмірде сіздер газет, журнал оқып жүрсіздер. Бүгінгі жобамыз газет шығаруға арналады. Жобада баған мен колонтитул жайында алған білімдеріңізді практикалық түрде қолданамыз. Ол үшін біз үш топқа бөлінеміз: 1-топқа «Айгөлек» журналы; 2-топқа «Бала би» журналы; 3-топқа «Жасыл алма» газетін жасап шығару ұсынылады. Әр топ газеттің редакторын, тілшілерін, фототілші сайлап аласыздар. Газетке қойылатын талаптарды ескерулеріңізді сұраймын: 1. Газеттің аты, логотипі бар, авторлары көрсетілген; 2. Тиянақты, тақырыбына сәйкес жасалынған газет материалдары жоғары бағаланады; 3. Иллюстрациялар тақырыпқа сәйкес таңдалынған, мәтіндер дұрыс орналасқан; 4. Газет құрылымы дұрыс, оқуға ыңғайлы; 5. Газет материалдарына грамматика, орфография, пунктуация ережелері сақталған; 6. Газетте өздері алған интервью мен сурет қолданылған; 7. Әр топ мүшесі өз үлесін қосқан. ІІІ-кезең. Жұмысты бастамас бұрын, келесі алгоритмдік қадамдар жасаңыздар. 1. MS Word редакторын іске қосамыз 2. Парақ параметрін өз беттерінше өзгертеміз 3. Колонтитул кіргізу. Колонтитулға газет атын, күнін енгізіндер 4. Бағана санын белгілеңдер. Бағанға мақала енгізіңдер 5. Газетті Web –беттер түрінде сақтаңдар 6. Баспаға жіберіңдер 25 ІV-кезең. Жоба қорғау. Барлық топ жұмыстарын аяқтаған сияқты. Енді ретімізбен өз жобаларымызды қорғаймыз қорғау уақыты 2 минут. 2 минут ішінде газет беттерімен таныстырып өтесіздер. Газет жобасын орындаған барысында қандай бағдарламаларды қолдандыңдар және қандай қосымша құралдарды пайдаландыңдар. V-кезең. Үйге тапсырма: «Ұлы Отан соғыс ардагерлері» » тақырыбына материалдар жинау. VІ-кезең. Ақпарат қоғам өмірінің барлық салаларын қамтиды. Қазіргі компьютерлердің ерекшелігі ақпаратты алуан түрде өндеу үшін қолданылатынында. Бұл – мәтін өндеу, графикалық жұмыс орындау, әр түрлі дерек жинау мен оны жедел шығарып беру, компьютермен оқыту процесінде ақпаратты программалық түрде ұсыну, білім сапасын автоматтандырылған түрде бақылау және т.б. Тапсырма № 5. Беттің параметрлерін қалай береміз? Тапсырма № 6 Беттің түсін қалай береміз? Тапсырма №7 . Бетті қалай жиектейміз? 26 Тапсырма № 8 1. Құжатты алдын-ала көріп шығу үшін қандай батырманы қолданамыз? 2. Фигуралық мәтінді жазу үшін қандай батырманы қолданамыз? Тапсырма №9 1. Word текстік редакторын іске қосыңыз да, меню қатарының көмегімен жаңа құжат құрыңыз. 2. Файлды (құжатты) өз бумаңызда “Қауіпсіздік ережесі” деген атпен сақтаңыз. 3. Парақ бетінің параметрін көрсетіңіз: жоғарғы – 1,5, төменгі – 2, сол жағы – 2,5, оң жағы – 1,5. 4. Мәтін тақырыбын ортаға, қарайтылған, қатар ортасына қарай туралаңыз, шрифтің аты – KZ Decor, көлемі – 24, асты сызылған. 5. Текст екі жақ шетке қарай туралау, шрифтің аты – KZ Times New Roman, көлемі –14. 6. Әрбір 3 минут сайын сақтау опциясын қосыңдар. 7. Терілетін мәтін: Есептеуіш техникасы кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі. Есептеуіш техникасы кабинетінде жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігін сақтау оқушылар мен мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Аталған міндетті орындауда оқушы төмендегілерді білуі тиіс: 1. Жалпы ережелерді; 2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы ережелерді; 3. Жұмыс жасау кезіндегі ережелерді; 4. Апаттық жағдайдағы ережелерді; 5. Жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді білуге тиіс. 1. Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей: • Компьютерді тоққа қосатын сымдарға, қос тілді розеткілерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады; 27 • Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды; • Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды; • Дербес компьютердің жанына портфельдер, сумкалар, кітаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс; • Пернетақта үстіне артық заттар қоюға болмайды; • Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жаныңдағы құрбыларыңды алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады. Оқушы компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады. 2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары: • Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек; • Жұмыс жасау кезінде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлінуі керек. Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтарды енгізіп, белгі жасау қажет. 3. Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар: • ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60-70см қашықтықта ұстау керек; • Сыныпқа кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етіледі; • Көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ көз жаттығуын орындауға болады; • Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, от сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді және өрт сөндіру тәсілдерін білу қажет. Көз жаттығуларын білу міндетті. 4.Апаттық жағдайдағы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар: • Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйік иісі шықса немесе өзгеше дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалімге хабарлау керек; 28 • От сөндіруде көмек көрсету қажет; • Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсету керек; • Компьютерлік сыныпта өртті сумен сөндіруге болмайтындығын білу қажет. Оған құм және т.б. өрт сөндіргіш құрал-жабдықтарын пайдалануға болады; • Электр тоғының әсерімен зақымдалған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын білу қажет. Оны әр түрлі материалдарды (электр тоғы сымынан басқа) пайдалану арқылы босатып алуға болады. 5.Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегі техника қауіпсіздігі ережесінің талаптары. • Мұғалімнің нұсқауы бойынша аппаратты өшіру; • Жұмыс орнын ретке келтіру; • Жұмыс орнындағы тіркеу жолына белгі қою. 1. Текстте арнайы маркерлерді қолданыңыз. 2. Қатар аралықтарын өзгертіңдер (Формат→Абзац). 3. Файлды пернелердің көмегімен сақтаңдар және жабыңдар. Тапсырма № 10. 1. Сілтеуіш бағдарламасының көмегімен “Қауіпсіздік ережесі” файлын ашыңыз. 2. Мәтінді теруді жалғастырыңыз 6. Шаршаған жағдайда қолданылатын жаттығулар Оқушыны компьютермен жұмыс жасай отырып, шаршаған жағдайда келтірілген жаттығуларды пайдалануы қажет: 1. Шаршаған кездегі көздің қарау бағытын өзгерту (ауыстыру): • Алысқа-жақынға, оңға-солға, жоғары-төмен қарау; • Сағат тілінің бағытымен және керісінше көзді айналдыра, қозғалыс жасау; • Көзді қолмен жауып 1-1,5 минут отыру. 2. Басты бұру жаттығуларын жасау: • Басты сағат тілі бағытымен және керісінше бұрып айналдыру; • Басты жан-жаққа бұру. 29 3. Саусақтарды жұмып-ашу және қолдың білезігін босаңсыту. Денені босаңсыту және оны керіліп шынырықтыру. 3. Біріккен мәтіннің шрифт көлемін – 12, шрифт атын – KZ Arial өзгертіңіз. 4. Мәтін маркерлерін өзгертіңіз. 5. Мәтінге стиль кітапханасын қолданыңыз. 6. Мәтінге колонканы қолданыңыз, типі –3. 30 Күні ____________ Сынып: 8 сынып Пән: информатика Пән аралық байланыс: Өзін-өзі тану пәні Сабақтың тақырыбы: «Microsoft office Word редакторында кестемен жұмыс». Мақсаттары: Дамытушылық мақсаты: Ms Word редакторында кесте құру әдістері туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың компьютермен жұмыс істеу қабілетін дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, адамгершілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақта қолданылатын ақпараттық құралдар: компьютер, интерактивті тақта, aktiv vote, activslate, merits бағдарламасы. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. “Шаттық ортасы” ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 1.Үйге берілген тапсырма бойынша шағын сынақ. 2.Сәйкестендіру кестесімен жұмыс. 3.Жеке жұмыстар тұсаукесерлері. ІІІ. Негізгі бөлім. Жаңа сабақты түсіндіру Тапсырмалар орындау. 1 – тапсырма. Кесте құру. “Үлгерім кестесі” 2 – тапсырма. “Сабақ кестесін” құру. IV. Сабақты қорытындылау. Merits бағдарламасы арқылы тапсырмалардың орындалуын бағалау. V. Үйге тапсырма беру. 31 І. Ұйымдастыру. “Шаттық ортасы” Бүгінгі сабаққа қатысушыларға сәттілік тілеймін! Бір бірімізге жылылық танытайық! Сіздерге жақсы көңіл күй тілеймін. Жаңа тақырыпты жақсы ұғынып, қолдана білуге машықтануға шақырамын. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. “Құжаттың бетін безендіру” 1.2 тест.flipchart aktiv vote құралы арқылы Интерактивті экранмен жүргізу, жауаптарын сақтау. 2. Сәйкестік кестесімен жұмыс. -Қаріпті пішімдеу үшін қандай мәзірді таңдаймыз? -Пернетақтаның қай пернесінің көмегімен белгіленген сөйлемді, курсивке айналдырады? -Microsoft offise Word редакторында абзацты пішіндеу үшін қандай мәзірді таңдаймыз? -Сол жақтан бір символды өшіру үшін... -Оң жақтан бір символды өшіру үшін... -Орындалған әрекетті болдырмау командасы -Кесте ұяшықтарында курсорды қалай жылжытуға болады? -MSWord-та мәтінді терген кезде еже қандайкомандамен орындалады? -MSWord-та ерекшеленген мәтінді қандай пернелер көмегімен көшіруге болады? 3. Оқушылардың шығармашылық жұмыс тұсаукесерлері. Өзін-өзі тану пәніне арналған құттықтау беттері, кітапша, бүктеме беттері, портфолио. 32 Ескеруге тиіс міндеттері: -Word бетін безендіру; - Колонкаға бөлу; - Құжат бетініне рең беру, - Тасымалдауыш флеш жады мүмкіншіліктерін қолдану; - Сурет, фигуралық мәтін қолдану; - Қаріпті түрлендіру Жұмыстар үлгілері: ІІІ. Негізгі бөлім Мәтіндік редактормен жұмыс істеу барысында реттелген ақпаратты жиі қолданамыз. Осындай реттелген ықшам ақпаратты сақтаудың ең қолайлы тәсілі кестелер болып табылады. Кесте дегеніміз – бағандар мен жолдарда реттелген ақпарат Б а ғ а н Ж о л 33 Кесте құру жолдары: 1.Стандартты панелінен Қарапайым кестелерді құру үшін. 2. “Кесте кірістіру”сұхбат терезесінен.Күрделі кестелерді құру үшін. 3. «Кестелер мен шекаралар”аспапты панелінен.Құрылымды күрделі кестелерді құру үшін 34 35 1- тапсырма Кесте құру. Жұмыстың мақсаты: • Мәтін ішіне кесте салу, оның элементтерімен танысу; • Кесте бөліктерін және оның ішіндегі мәтінді белгілеу; • Кесте ішінде курсорды жылдам жылжыту, оның бағанасын, енін өзгерту әрекеттерін орындап үйрену. • Бағандар мен кестелерді біріктіртіру тәсілдерін үйрену. Тапсырма№11. Кесте құру ІV.Сабақты бекіту Оқушылар сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын экран бетіне жазу. Merits бағдарламасы арқылы тапсырмалардың орындалуын бағалау. Ү. Үй тапсырмасын беру. 1. 9.3 – тақырыпты оқу 2. Күн тәртібі кестесін құрып келу. 36 Күні ____________ Сынып: 8 сынып Пән: информатика Пән аралық байланыс: геометрия, бейнелеу, қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Зертханалық жұмыс «Word графикалық мүмкіндіктері» Мақсаттары: 1. Білімділік: Мәтінге Clip Gallery және басқа программалардан сканерден, файлдан және WordArt объектілерін енгізу ,өңдеу жолдарын түсіндіру. 2. Дамытушылық: Оқушылардың мәтінге графикалық , бейнелік объектілерді кірістіруді орындау дағдысын қалыптастыру. 3. Тәрбиелік: Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру және ұқыптылыққа баулу. Типі : Жаңа сабақты меңгерту Түрі: Аралас сабақ Әдісі: Практикалық Көрнекілігі: Слайд, интерактивті тақта, электронды оқулық Барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй тапсырмасын сұрау. Оқушылардан өтілген сабақ бойынша тапсырмалар беру. 1.Тапсырма: Папка жасау ат беру 2. Тапсырма:Word мәтін бағдарламасын ашып , сақтау 3.Тапсырма:Ашылған парққа кесте құру бағаны-6 жолы-10. 4.Тапсырма:Құрған кестенің ұяшықтарын біріктіру, ұяшыққа бөлу III. Жаңа сабақты меңгерту Слайдтан Бүгінгі сабақтың тақырыбы мақсаты көрсетіледі. Көптеген құжаттарда әртүрлі иллюстрация түріндегі объектілер бар. Word редакторында мәтіндік құжат ішіне алдын ала басқа программаларда дайындалған фирмалық таңбалар, 37 диаграммалар,графиктер,суреттер және дыбыстық объектілерді еңгізуге болады. Құжат ішінде отырып , оны белгілеп алып кез келген өңдеу командаларын орындауға болады . Бұл обьект құрылған программаны іске қосу үшін обьектіні белгілеген соң тышқанды екі рет шертеміз. Кірістіру → Сурет ( Вставка Рисунок) командасын орындай отырып,мәтінге: а) Картинкаларды (ClipArt программасының обьектілерінен) ә) Басқа файлдағы обьектілерді б) Автофигураны в) WordArt обьектісін. г) Сканерден д) Диаграмма ( Excеl электрондық кестесінде құрылған диаграмма ларды) енгізу мүмкіндіктері бар 1. Мәтінге Clip Gallery программасының обьектілерін енгізу Сурет → Картинкалар командасын орындағаннан кейін, экранға әр түрлі графикалық бейне қосуға мүмкіндік беретін терезе ашылады. Бұл терезе графика, суреттер, дыбыстар, видео астарлы беттерінен тұрады. Графика - бұл астарлы беті ашқанда Clip Gallery кітапханасынның бөлімдері мен ондағы суреттер шығады. ClipArt программасының терезесі жиыны көрсетіледі Қажетті суретті ерекшелеп , оң жақтағы кірістіру батырмасында курсорды шерту арқылы курсор тұрған жерге сол суретті енгіземіз. 38 2. Файлдан объект енгізу Объектілерді алдын ала құрып ,файлға сақтап қойып,кейін оны ішіне байланысқан объект ретінде енгізуімізге болады. Кірістіру→ Сурет → файлдан командасын орындаймыз. Сурет енгізу сұхбат терезесінде енгізілген объекті орналасқан файл атын көрсетеміз 3.Сканерден объект енгізу Егер , қағаздағы құжаттың, суреттің көшірмесін компьютер экранына шығару мүмкіндігін беретін сканер құрылғысы болса, оны компьютерге қосамыз. 1. Сканерден көшірме қойылатын орынға курсорды орналастырамыз. 2. Кірістіру→ Сурет → сканерден командасын орындаймыз 4.WordArt объектілерін енгізу Фигуралық мәтінді жазу үшін арнайы WordArt программасын қолданылады. Сурет салу саймандар тақтасындағы WordArt объектісн қосу батырмасы немесе Кірістіру → Сурет → WordArt командасын пайдаланамыз. Мәтінді әртүрлі тәсілмен бейнелеп жазу, оған көлеңке салу, қисайту, айналдыру, созу, үлкейту, қысқарту мүмкіндік береді «WordArt объектісінің жиынтық» терезесі 1. Тышқан курсорын мәтін қойылатын орынға орналастыру 2. Кірістіру → Сурет → WordArt орындаймыз 3. Ашылған терезеде мәтінді жазу стилінің өзімізге ұнаған біреуін таңдап аламыз да, ОК батырмасын басамыз. 4. Объектіде тышқанды екі рет шертсек , Мәтін өзгерту терезесі ашылады. 39 5 . Автофигуралар объектісін енгізу Бұл менюдің құрамында сызықтан басқа негізгі фигуралар , фигуралық бағыттаушы , блок-схемалар, жұлдызшалар,ленталар, түсіндірмелер деген әрқайсысы бірнеше саймандардан тұратын командалық жолдар. Кірістіру → Сурет →Автофигуралар ІV.Бекіту Тапсырмаларды орындау (Мұғаліммен бірге орындау) Тапсырма №1 1. Жаңа құжат құрыңыз . Clip Gallery программасының Білім бөліміндегі өзіңізге ұнаған объектіні мәтін ішіне енгізіңіз. 2. Осы объектінің астына. Ы.Алтынсариннің мына нақыл сөзін теріп жазыңыз «Мұғалім- мектеп жүрегі» Тапсырма №2 1. Жаңа құжат ашыңыз, WordArt жиынтығынан біреуін таңдап, «информатика» сөзін жазып шығыңыз. 2. Информатика сөзін әр түрлі бағытта бұрып отырып , өзіңізге ұнаған күйде қалдырыңыз. 40 Бақылау сұрақтары: 1. Word мәтіндік редакторына объектілерді еңгізуге бола ма? 2. Объект файлдан қалай енгізіледі? 3. Объект сканерден қалай енгізіледі? 4. Бұрын енгізіліп қойған объектіні өзгертуге бола ма. 5. Автофигуралық объектіні енгізіге бола ма? 6. Автофигуралардың көлемін өзгертуге болама? V.Үйге тапсырма беру: Қазақ зиялылардың суретін компьютерге енгізіп файл арқылы Word мәтіндік редакторына енгізу және эссе жазу. 41 Тест №2 1. WORD мәтіндік редакторы қалай іске қосылады? а) пуск – программы – Microsoft Word б) пуск – программы - стандартные – Microsoft Word в) пуск – документы – Microsoft Word 2. WORD мәтіндік редакторы қандай мәселелерді шешуге арналған? а) мәтіндік құжаттармен жұмыс жасауға б) құжаттарды көбейтуге арналған в) экономикалық есептеулерді шешуге арналған 3. Құжатты басқа атпен сақтау үшін қандай команда орындау керек? а) сақтау б) ...деп сақтау в) Enter 4. Құжатты құру үшін қаріптің қандай мөлшері қолданылады? а) 10 б) 20 в) маңызды емес 5. Сол жақтан бір символды өшіру үшін а) Delete б) Backspace в) Shift 6. Оң жақтан бір символды өшіру үшін а) Delete б) Backspace в) Shift 41 7. Фрагментті қалай ерекшелеп белгілейміз? (қате жауапты көрсет) а) тышқан батырмасын екі рет шерту арқылы б) тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып қозғалту арқылы в) Shift+ → 8. Белгіленген фрагментті өшіру үшін қандай перне қолданылады? а) Shift б) Delete 42 в) Ctrl 9. Орындалған әрекетті болдырмау командасы: а) правка-вырезать б) правка-отменить в) правка-копировать 10. Қаріпті қандай командалар арқылы өзгертуге болады? а) сервис-қаріп б) формат-қаріп в) түзету-қаріп 11. Кесте ұяшықтарында курсорды қалай жылжытуға болады? а) Shift б) Delete в) бағыттауыш пернелер арқылы 12. WORD программасында бар суреттерді қою үшін: а) формат-картинкалар б) қою-сурет-картинкалар в) тізім-сурет-картинкалар 13. Файлды дискетке көшіру үшін файлды белгілеп алып... а) файл-жіберу-диск 3,5А б) Delete пернесін басу в) тышқанды екі рет шерту 14. WORD мәтіндік редакторын жабу үшін: а) файл-закрыть б) файл-печать в) файл-выход 15.WORD редакторында саймандар панелiнiң Стандартты тобы көрiнбей тұрса, оны қай команда арқылы бейнелеймiз? а) Вид→Панели инструментов→Стандартная командаларын таңдау арқылы б) Правка→Стандартная группа командаларын таңдау арқылы в)Сервис→Параметры командасын орындап, оның Вид астарлы бетіндегі Окно тобының Стандартная атты жалаушасын көтеріп қою арқылы 16.WORD редакторында Жұмыс аумағы (рабочая область) дегенiмiз… а) Экранның саймандар панелi орналасқан облысы б) Экранның меню командалары орналасқан облысы в) Экранның терiлген жiне терiлiп жатқан текст орналасатын облысы 43 17.WORD редакторында жаңадан текст терiлетiн терезе ашу үшiн: а) Файл→Создать командасын таңдау қажет б) Правка→Новый текст командасын таңдау қажет в) Вставка→Создать командасын таңдау қажет 18.Егер текст бөлiгi ерекшеленiп тұрған мезетте теру жұмысы орындалса, қандай өзгерiс болады? а) Ерекшеленiп тұрған аймақ автоматты түрде форматталады б) Ерекшеленiп тұрған аймақ оңға қарай жылжиды в) Ерекшеленген аймақ өшiрiлiп, оның орнына жаңа терiлген текст жазылады 19.Текст iшiнде Shift пернесi басулы тұрғанда тышқан көрсеткiшiн жылжыту кезiнде қандай өзгерiс болады? а) көрсеткiш жүрiп өткен аймақ ерекшеленедi б) көрсеткiш жүрiп өткен аймақ өшiрiледi в)көрсеткiш жүрiп өткен аймақ автоматты түрде форматталады 20.Ерекшелеудi қалай алып тастауға болады? (Дұрыс емес жауабын көрсетiңiз) а) ерекшеленген аймақта тышқанды шерту арқылы б) бағыттауыш пернелердiң бiрiн шерту арқылы в) ерекшеленген күйде мәтін теру арқылы 21.Шрифтi форматтау дегенiмiз мынадай әрекеттердi орындау болып табылады: (Дұрыс емес жауабын көрсетiңiз) а) тiл регистрiн ауыстыру б) шрифт түрiн өзгерту в) шрифт өлшемi мен сызылымын өзгерту 22.Шрифт параметрлерiн тағайындау үшiн мынадай әрекеттердi орындау қажет: (Дұрыс емес жауабын көрсетiңiз) а) Формат→Шрифт командасын орындағанда ашылған диалогты терезеде тиiстi параметрлердi тағайындау қажет б) Форматтау саймандар тақтасындағы батырмалар көмегiмен, шрифтiң түрiн, өлшемiн, сызылымын жылдам өзгертуге болады в) Формат→Автоформат командасын орындағанда ашылған диалогты терезеде тиiстi параметрлердi тағайындау қажет 23.Текст редакторында қатар арасында мынадай интервалдарды тағайындау мүмкiндiгi бар: (Дұрыс емес жауабын көрсетiңiз) а) бiр аралықты (Одинарный) 44 б) бiр жарым аралықты (полуторный) в) максимум 24.Текстті қалай туралауға (выравнивание ) болады? а) сол жақ, оң жақ, орта және екi жақ шетi бойынша б) текстке енгiзiлген суретке немесе объектiге қатысты в) горизонталь, вертикаль, диагональ бойынша 25. Мәтіндік құжатты баспаға шығару қалай орындалады? (қате жауапты көрсет а) формат- баспаға шығару б) файл-баспаға шығару в) стандартты саймандар тақтасындағы принтер суретін басу 45 МАЗМҰНЫ 1. Кіріспе .............................................................................1 бет 2. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ .......................................................2 бет 3. MS Word мәтіндік редакторын негізгі білім беру жоспары............................................................................3 бет 4. WORD редакторын тағайндау, іске қосу және онымен жұмыс істеуді аяқтау.......................................................4 бет 5. Word редакторына тән қосымша элементтер...........5-8 бет 6. «Құжат ашу» терезесінің басқару..................................9 бет 7. Бос құжатты даярлау................................................10-11 бет 8. Қортынды ақпарат. .......................................................12 бет 9. Сабақ: MS Word мәтіндік редакторы.....................13-17 бет 10. Тапсырма №1...........................................................18 бет 11. Тапсырма №2...........................................................19 бет 12. Тапсырма №3 ..........................................................20 бет 13. Тапсырма №4...........................................................21 бет 14. Тест №1...............................................................22-23 бет 15. Сабақ: «Мәтіндік редакторында құжат бетін безендіру»......................................................................24-30 бет 16. Сабақ «Microsoft office Word редакторында кестемен жұмыс».......................................................................31-36 бет 17. Сабақ: Зертханалық жұмыс «Word графикалық мүмкіндіктері»..........................................................37-41 бет 18. Тест №2...................................................................42-45 бет Пайдаланған әдебиеттер: 1. 2010–2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында ғылым негiздерiн оқыту ерекшелiктерi туралы ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ. 2. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б.Б., Дәулетқұлов А.Қ. Информатикадан 30 сабақ, -Алматы: Шартарап, 1998. 3. Симонович С.В., Евсеев Г.А., Алексеев А.Г. Специальная информатика: Учебное пособие. – М.: АСТ-ПРЕСС: Инфорком - Пресс, 1999. – 480 с. 4. Симонович С.В. и др. Информатика. Базовый курс: Учебник. М.: СПб, 2002. 5. Шевчук Е., Кольева Н. Информатика, 8-сынып. Алматы «Мектеп» 2008. 6. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б.Б., Дүзбаева Р.М. Лабораториялық практикум. Алматы-2009. 7. Левин А. Самоучитель работы на компьютере, -М.,1998 8. Королев Л.Н, Миков А.И. Информатика Москва: 2003 | |
Просмотров: 19086 | Комментарии: 3 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|