Главная » Статьи » В помощь учителю » Компьютер-бум |
Семей облысы Бесқарағай ауданы Қоянбай орта мектебі Информатика пәні мұғалімі Ахметжанова Каракоз Турсыновна XXI ғасыр көшбасшысы. /Информатика пәніен сайыс 9-10 сыныптарға арналған/ Алдымен ойынға шығатын оқушыларды анықтап алу үшін тест тапсырмалары таратылады. Кім де кім сол тест жауаптарын тез және 85% - жоғары дұрыс жауап берсе, сол оқушылар ойынның келесі кезеңіне жолдама алады. І тур. « Бәйге » Берілген түрлі анықтамалардың шешімің шапшаң жауап берген оқушылар 10 ұпайға ие болады. 1. Берілген есептердің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру. ( Алгоритм ) 2. Командалар тізбегін не деп қарастыруға болады? ( Программа ) 3. Алгоритмнің компьютерде орындалуын жүзеге асыру, бірыңғай және дәл жазуға арналаған ережелер жүйесі. ( Программа ) 4. Алгоритм жазудың неше түрлі бар және оларды ата. ( 1. табиғи тілде жазуды 2. белгілі бір тілдеі сөздер – терминдер, арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу 3. графиктік жолмен жазу. 4. программалау тілдеріндегі жазу ) 5. Блок – схемада пайдаланылатын фигуралар ( блоктар ) 6. Әр компьютердің өзінің машиналық тілі болады, ол командалар тілі немесе ... ( кодтар тілі ) 7. Алгоритм командалары есеп шартына байланысты неше командалардан тұрады, оларды ата ( жай және құрама ) 8. Арифметикалық цикл дегеніміз ( қарапайым цикл ) 9. Паскаль тілін кім және қай жылы ұсынған? ( Швейцариялық ғалым Никлаус Вирт 1968 – 1971 жылдары ұсынған ) 10. паскаль тілінен бұрын қандай прораммалау тілдері болған? ( Алгол, Фортран, Бейсик ) ІІ тур. « Полиглот » Жасырын сөзді тауып, қазақ, орыс және ағылшын тілінде айтқанда оқушыға 20 ұпай ( ал, екі тілде айтса 10 ұпай ) беріледі. Сұрақты мұқият тыңдаймыз. 1. Ақпараттың қайнар көзі ( табиғат қоршаған орта, природа, nature) 2. Фонограф бағдарламасы қандай мәліметті өндеуге мүмкіндік береді ( дыбыс, звук, sound) 3. « Ас адамның – арқауы », ал компьютердің асы ( ток, ток, current ). 4. « Жіпке ілдім мен өзім, Кіп – кішкентай күн – көзін » ( шам, лампочка, Iamp ) 5. ІІІ тур. Ғажайып алаң 20 20 20 30 30 30 40 40 40 20( сол жақта ) – Пролрамманың алғшқы жолында қандай сөз жазылады? ( Program ) 20 ( орта ) – Алдын – ала қандай да бір атаумен аталған командалар тобы. ( көмекші программа ) 20 ( оң жақта ) – Тіл ережесін графиктік түрде бейнелейтін диаграмма ( Вирт диаграммасы ) 30 ( сол жақта ) – Логикалық түрдегі тұрақтылар қандай мәндерге ие бола алады? ( true (ақиқат және false ( жалған)) 30 ( орта ) – Арифметикалық функцияда қандай шамалар пайдаланылады? ( бүтін және нақты ) 30 ( оң жақта ) – Паскаль тілінде нәтижені экранға шығару үшін қандай оператор қолданылады? ( write ) 40 ( сол жақта) - Паскаль тілінің басқару операторларына қандай операторлар жатады? ( шартсыз және шартты көшу операторы, цикл ұйымдастыру операторы) 40 ( орта ) – Кестеде бір – ақ жол болса, ол қандай кесте болады? ( сызықтық кесте ) 40 ( оң жақта ) – Бір атаумен белгіленіп, біріктірілген біртекті реттелген элементтер жиыны. ( Жиым ) Осыдан кейін оқушыларға іріктеліп, ойынның келесі сатысына ең көп ұпай жинаған екі оқушы ғана жіберіледі. ІҮ тур. « Қиял әлемі » Ойыншыларға тақырып беріледі, тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастыру керек. А) Егерде мен хаккер болсам... Б) Егерде мен робот болсам... Ү тур. Жорға Алдын – ала жазылған сұрақтарға шапшаң жауап беру керек. Нұсқаны таңдау ұпайы аз оқушының еркінде. А – нұсқасы. 1. Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғылар. ( Монитор, жүйелік блок, процессор, пернетақта 2. Жиымдардың негізгі параметрлеріне нелер жатады? ( оның типі және көлемі ) 2. Екіөлшемді жиымдарды математикада қалай атайды? ( матрица ) 3. Екіөлшемді жиымдарды математикада тағы қалай атайды? ( кесте ) 4. Адамның түсінуі мен қабылдауына ыңғайлы тәсілдер жиынын қалай атайды? ( құрылымдық программалау ) 5. Дисплей мен пернетақтаны басқаратын модуль (Crt ) 6. Принтерде мәлімет басып шығаруды жылдамтатын модуль ( Printer ) 7. Турбо Паскаль тілінің негізгі модулі (System ) 8. Қолданылу аймағында белгілі бір мән меншіктелетін айнымалыны не деп айтады? ( параметр ) 9. Негізгі программадан қосалқы программаға бастапқы мәндерді беру үшін не қолданылады? ( мән – параметрлер ) 10. High (x) - X шамасының қандай мәнін береді? ( максимум ) В – нұсқасы. 1. Бірөлшемді жиымдарды қалай атаймыз? ( сызықтық жиымдар ) 2. Негізгі логикалық құрылымдар ( сызықтық құрылым, тармақталу, қайталау) 3. Алдын ала бекітілген аты бойынша шақырылып орындалатын программаның тәуелсіз бөлігі ( процедура ) 4. Жұмысының нәтижесі бір ғана мән болатын процедура ( функция ) 5. Турбо Паскаль тілінің 6.0 және одан жоғарғы нұсқаларына қанша стандартты кітапханалық модуль кіреді және оларды ата. ( 9, System, Crt, Dos, Graph, Graph3, Overlay, Printer, Turbo3, Turbo Vision ) 6. Оверлейлік программаларды ұйымдастыру мүмкіндіктерін жасайтын модуль (Overlay ) 7. Турбо Паскаль 3.0 нұсқасының стандартты графикалық қосалқы программалырн пайдалануды қамтамасыз ететін модуль (Turbo3 ) 8. Тұтынушы интерфейсін жасайтын объектіге бағытталған қосалқы программалар кітапханасы қай модуль арқылы қосылады. (Turbo Vision ) 9. Процедура деп немесе функция операторларының орындалуы барысында оның өзін - өзі пайдалану тәсілі ( рекурсия ) 10.Low (x) – X шамасының қандай мәнін береді? ( минимум ) | |
Просмотров: 1784 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|