Главная » Статьи » В помощь учителю » Компьютер-бум |
ШҚО, Аягөз ауданы, Тарбағатай ауылы «Тарбағатай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ Информатика пәнінің мұғалімі: Каримова Айман Ашимовна Сабақтың тақырыбы: Пернетақта Сабақтың мақсаты: Оқушыларға пернетақтаның түрлері мен пішіні және олармен жұмыс жасау тәсілдерін үйрету. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру. Білімділік: Оқушыларға пернетақта пернелерінің атқаратын қызметтері туралы толық мағлұматтар беріп білімдерін нығайту, білік дағдыларын кеңейту .Оқушылардың білімдерін шыңдау мақсатында тың материалдармен қамтамасыз ету. Өтілетін тақырыпқа байланысты алды-ала тапсырмалар беру. Өз беттерімен білім алуларына бағыт-бағдар беру. Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Дамытушылық: Оқушының өз бетімен ізденістерінің көмегімен сабақтың барысын кеңейту, жаңа технология элементтерімен жұмыс жасай отырып, оқушыларды шығармашылықпен ойлау қабілеттерін арттыру, дамыту Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, электрондық оқулық Sin kaz-1, Сабақтың түрі: Аралас Сабақтың әдісі: Практикум элементі бар түсіндірмелі- көрнекілікті Сабақтың материалдық-техникалық жабдықтары: Компьютер, проектор, пернетақта, С а б а қ т ы ң жоспары : 1. Ұйымдастыру бөлімі 2. Үй тапсырмасын сұрау 3. Жаңа сабақты түсіндіру 4. Жаңа материалды бекіту 5. Практикалық жұмыс 6.Қорытындылау 7.Бағалау.Үй тапсырмасын беру. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын баяндау Өткен сабаққа байланысты шолу сұрақтарын қою 1. Компьютердің құрылғыларын атаңдар,көрсетіңдер, электрондық оқулықтан тапсырма орындату 1,2,9 тапсырмалар 2. Компьютер жұмыс істеу үшін ең аз дегенде қандай құрылғылар болуы шарт? Жаңа сабақ Слайд. Компьютердің құрылғылары , осы құрылғылардың ішінде не жоқ,(пернетақта) Яғни бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Пернетақта Жалпы пернетақта жұмыс істеу принциніне қарай 1. Механикалық пернетақта. Ол өзіміз күнделікті пайдаланып жүрген пернетақта. 2. Пленкалы пернетақта . Ол полиэфирлік пленкадан жасалада және ауа райының қолайсыз кездерінде пайдалануға арналған. Пернелері пленканың ішінде көрініп тұрады. 3. И ілгіш пернетақта . Олар көп орын алмайды. Бүктеп қалтаға салып алуға да болады.Су өткізбейді. 4. Сенсорлық пернетақта 5. Лазерлік пернетақта болып бөлінеді Слайдтар арқылы көрсету Пішініне қарай пернетақта үш топқа бөлінеді. 1. Классикалық пішін 2. Эргономикалық пішін 3. Ноудбуктік пернетақта болып бөлінеді Пернетақта 4 бөліктен тұрады. 1. Әріптік сандық бөлік 2.Жүгіргіні басқару және мәтінді түзету пернелері 3. Жетек пернелері Ғ1-Ғ12 4.Сандық бөлік - Num Lock Компьютердегі экран пернетақтасын ашып, жұмыс жасау үшін: Пуск - Все программы -Стандартные - Специальное возможности- -Экранная клавиатура. Бұл пернетақта мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған,толыққанды пернетақтаның қызметін атқара алмайды Қосымша пернелер: Alt Ctrl Басқарушы перне Shift Esc- пернетақтада болдырмау әмірін растайтын перне Tab- мәтінді оңға, ортаға, шеткері жылжытады және кестеге кестелер қосуға, меңзерді ұяшықтан ұяшыққа ауыстыратын перне Caps Lock - әріптерді бас әріптермен жазатын перне Num Lock – сандық әріптерді түсіреді. Enter - пернетақтада енгізу әмірін растайды және мәтінді жаңа жолдан бастайды. Home- Жүгіргіні ағымдағы жолдың басына апаратын перне End- Жүгіргіні ағымдағы жолдың соңына апарады. Ctrl Home - Жүгіргіні ағымдағы парақтың басына апарады. Ctrl End - Жүгіргіні ағымдағы парақтың соңына апарады Backspace пернесі – Жүгіргінің сол жағында тұрған символдарды жояды. Delete пернесі - Жүгіргінің оң жағындағы символды жояды. Пернелердің қызметтері: Бос орын (пробел) - пернетақтаның төменгі жағындағы еш жазуы жоқ бұл перне- сөздер арасында бос орын қалдыру үшін қолданылады. Alt F4 – жұмыс терезесін жабу Alt F5 – ағымдағы терезені кішірейтеді Alt F10 - ағымдағы терезені үлкейтеді Ctrl A - ағымдағы терезедегі мәтін ерекшеленеді Ctrl N – жаңа парақ ашу Ctrl C – мәтіннің көшірмесін алу Ctrl V – мәтінді кері қайтару, көшірмені орнына қою Ctrl P - баспаға шығару бетті шақыру. Shift – бас әріпті жазу Shift Alt – тілдерді ауыстыру. Мысалы: орыс тілі, қазақ тілі, ағылшын тілі. Shift F12 – ағымдағы құжат сақталынады. Shift Delete – мәтінді қиын алу Shift Insert – мәтіннің көшірмесін алу Shift мәтіндерді толық оңға, солға, жоғары, төмен ерекшелейді Тапсырма: Енді балалар біз мына слайдтта көрсетілген сурет бойынша пернетақтадан пернелерді жылдам әрі дұрыс басып үйренейік Жаңа сабақты бекіту, қорытындылау. Сонымен балалар біз бүгінгі сабағымыздан не білдік, не үйрендік? 1. Пернетақта дегеніміз не? 2. Пернетақта жұмыс істеу принципіне қарай нешеге бөлінеді? 3. Пішініне қарай нешеге бөлінеді? 4. Экрандық пернетақтамен жұмыс істеу неге қолайсыз? 5. Пернелер нешеге бөлінеді, қызметтері қандай? Үйге тарсырма беру Пернетақта тақырыбын оқу. Оқушыларды бағалау. | |
Просмотров: 2798 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|