Главная » Статьи » В помощь учителю » Компьютер-бум |
Сабақтың тақырыбы: “Жұлдызды сағат”. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ынтасын арттыру, алған білімдерін шыңдап, тексеру. 2. Дамытушылық. Ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3. Тәрбиелілік. Бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға, бір-бірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: ойын сабақ. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, проектор, презентация Сабақтың барысы: Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға, Жан сәулесін тарататын баршаға. Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп, Сайыскерлерді шақырайық ортағы. Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! «Таланттылар терін төгіп, толғансын, Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын», - деп бүгінгі «Жұлдызды сағат» атты интеллектуалдық ойынымызға кош келдіңіздер. - Көңілді тапқыштар, білгіштер Бар өнерін салады, Кім білімді, көп оқыған болса егер, Бүгінгі күн жеңімпазы болады, - деп бүгінгі ойнымызды ашуға рұқсат етіңіздер. Асып әсте саспайық, Сайыс қызығын ей достар. Осылайша шабытпен, Қане енді бастайық. Жиналған ылғи дарындар, Жүрегі от боп жалындар. Топтардың бәрін халайық, Қол соғып қарсы алайық. Сайыстың өту кезеңдері: 1- кезең. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі. 2-кезең. “Кім білгір” 3- кезең. “Қызықты сөздер” 4- кезең. “Құпия сурет” 5- кезең. «Ойымды тап» 6-кезең. “Елестету” І. “Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі”. Сынып үш топқа бөлінеді, өзінің аттарын қояды және әр топтың топ басшысы сайланады. «Қандай сынақ болса дағы беріспе, Әрқашанда үміткер бол жеңіске» - деп 3-топтың капитандары өздерін таныстырып кетсе: 1-топ «Тапқырлар» Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі! Жер бетінде адам өмір өткізер, Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер. Бар ізгілік тек білімнен алынар, Білімменен аспанға жол салынар Ұраны: «Тапқырлық таныту мақсатымыз, Біліммен шықсын тек жақсы атымыз» 2-топ «Алғырлар» Сәлемдесу – игі дәстүр киелі, Сөзбен қарап, кейде шешер шиені. Жақсы сөзге жан семірер қашанда Жолданады сайыскерлер сәлемі. Девизі: «Асау тұлпар желдей ескен арынды, Оқу менен еңбекке сал барыңды.» 3-топ «Білімділер» «Біреу озса сайыста, біреу артта қалады, Ренжімей тараса, озбағандар жарады. Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау, Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау.» Ұраны: «Болашақтың ұрпағымыз білімді, Көрсетпекпіз мектепте алған білімді» ІІ. “Кім білгір”. Әр топтың басшысы слайдтағы түрлі-түсті сұрақтары бар шаршыны таңдайды. Әр сұрақтын дұрыс жауабына 5 ұпайдан есептеледі. Жасыл шаршы: 1. Ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдері зерттейтін ғылым пән... (Информатика) 2. Компьютердің атасы деп кімді айтамыз? (Чарльз Бэббидж) 3.ЭЕМ-нің даму буындары нешеге бөлінеді? (5 буын) 4. Деректерді сақтауға арналған құрылғы (жады) 5. Ақпараттың сандық көшірмесін шығаратын құрылғы (Сканер) Қызыл шаршы: 1. Қоршаған орта мен онда болып жатқан әр түрлі құбылыстар туралы мәліметтердің жиынтығы бұл (ақпарат) 2. 1 Кбайт қанша байтқа тең (1024 байт) 3.1-ші электронды есептеуіш машина шыққан жылы, атауы. (1946 жылы, ENIAС) 4. Ақпаратты шығару құрылғысы (Принтер) 5. Вирустың кері әсерін жоятын программа (Антивирус ) Сары шаршы: 1.Ақпараттың өлшем бірліктері? (бит, байт) 2. Орындаушы орындай алатын командалар тізбегі (Алгоритм) 3. Бос орын қалдыру пернесі (ұзын перне) 4. Адам көзі мен монитор арасындағы ара қашықтық қанша болу керек? (60 - 70 см) 5. Дыбыс жазу құрылғысы? (микрофон) ІІІ. «Қызықты сөздер» (1 минут) Үш топқа алдарына таратпа қағаз беріледі. Берілген кестеден үлгі бойынша пәнге байланыстысын тауып сызып көрсету керек. Тапқан сөзге 1 ұпай беріледі. IV “Құпия сурет”. Әр топтың бір оқушысы түрлі-түсті шаршыны таңдайды. Шаршының астында жасырылған суреттер бар. Суреті жасырған парақ 6- бөліктен тұрады. Оқушының қалауынша кез-келген нөмірленген бөлікті алып тастап, жасырылған суретті табу тиіс. Егер бір бөлікті алып тастағанда суретті бірден тапса, онда 10 ұпай беріледі. Суретті 2 бөлікті алып тастағаннан кейін тапса, онда 5 ұпай беріледі. 1-топ "монитор" 2-топ "принтер" 3-топ "сканер" V. «Ойлан, тап» (1 минут) 3 топқада бір сөз беру. «Ақпараттандыру» сөзінде кездесетін әріптерден басқа сөздер құру. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Мысалы: ақ,ақпарат,тақ,ат,пара,ара, т.с.с VІ. «Елестету» (20 секунд) Топ басшыға бірнеше сөз беріледі, соның ішінен бір сөз таңдап, соған 4 елес сөз айту керек. Ал топтары сол сөздерді табады. Бірақ сөз айтып жатқанда, топтарының ойыншылары құлақтарына наушник киеді және оларға әуен ойнап жатады. «Информатика», «Мектеп», «Спорт». Ән: «Ұстазым» Жеңімпазды анықтау. Әділқазылар алқасы әр топтың жинаған ұпай санын есептеп, жеңімпазды анықтайды. Және І, ІІ, ІІІ-ші орын алған топтар марапатталады. VІІ. Сабақты қорытындылау. Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып, Біреу мығым, біреулер шалыс басып. Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар, Жеңсеңде, жеңілсең де қалма жасып. | |
Просмотров: 1186 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|