Главная » Статьи » В помощь учителю » Компьютер-бум |
Сабақтың тақырыбы: Қарапайым графикалық редакторы. Графикалық редактордың сурет салу құралдары. Суретті ашу, сақтау. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Paint графикалық редакторы оны сақтау, ашу, сурет құралдарымен таныстыру. Дамытушылық: Оқушыларға жаңа тақырып бойынша практикалық жұмыстар жасату арқылы білімдерін, ойлау қабілетін, логикалық- абстракциясын дамыту. Тәрбиелік: Еңбекке баулу, пәнге деген қызығушылығын, дарындылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Көрнекілік: компьютер, оқулық, дәптер, бейнеклип,слайд, интерактивті тақта Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі ІІ. Үй тапсырмасын тексеру («Не білемін?») ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру («Не білгім келеді?») ІҮ. Жаңа сабақты бекіту («Не білдім?») Ү. Сабақты қорытындылау («Мәреге жет!») І. Ұйымдастыру бөлімі Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру. Уа, жарандар, жарандар Мына бізге қараңдар Мінекей бізде тыныштық Естілмейді дыбыс түк Мұны бізде қоштаймыз Кешіккендерді тоспаймыз Ғылымдардың ғылымы Информатика жайында Сабағымызды бастаймыз Жас достарым Мұны жақсы ұғайық Информатика құрметтеуге ылайық Сабақ кезеңдері Не білемін? Не білгім келеді? Не білдім? Мәреге жет! ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Не білемін? 1.Ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдері зерттейтін ғылым пән... А) информация; В) информатика; С) кибернетика: Д) телекоммуникация; 2. 1 Килобайт = А) 1024 байт В) 1000 байт С) 256 байт Д) 102000 байт 3. Адам мен компьютер арасындағы қарым – қатыныс тәсілін не деп атайды? А) Команда В) Интерфейс С) Процессор Д) Жад 4.Перне тақтаның қай батырмасы арқылы кіші әріптер режимінен бас әріптер режиміне көшуге болады? А) ctrl; Tab; C) Caps Lock; D) Num lock; 5. Ақпарат дегеніміз не ? A) қоршаған ортада болып жатқан құбылыстар;+ деректер жиыны; C) белгілі бір нәрсеге берілетін мағлұматтар; D) түрлі құбылыстар; 6. Есепшот Ресейде қай ғасырда пайда болған? А) XV-XVI XVI-XVII C) XIV-XV D) XX-XI 7. Бірінші электронды есептеуіш машина шыққан жылы, атауы А) 1642 жылы,Қосу машинасы 1949 жылы, EDSAC C) 1946 жылы, ENIAC D) 1951 жыл, Өшіру машинасы 8. Функционалды пернелер. A) Shіft+Shіft; Page Up, Page Down; C) F1-F12; D) Ctrl+alt+delete. 9. Компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын программалар жүйесі А) Антивирус Операциялық жүйе C) Командалық жүйе D) Вирус 10. Delete пернесінің қызметі... А) Меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді. В) Бас әріптерді шығарады. С) Баспа әріптерге айналдырады. Д) Алдыңғы символды өшіреді. Дұрыс жауабы: 1. B 6. B 2. A 7. C 3. B 8. C 4. D 9. B 5. A 10. A ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Не білгім келеді? - Бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы «Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау. Графикалық редактордың сурет салу құралдары». Бұл ең қарапайым графикалық редакторлар сурет салуға, түрлі қылқаламды пайдаланып, суреттерді әр түрлі түске бояуға, қалыңдығы мен түсі әр түрлі сызықтарды сызуға, суретке мәтін енгізуге мүмкіндік береді. Paint сурет салу программасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл программаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады. Ендеше алдарында бейнеклип қойылады. Сол бейнеклип бойынша онда «Paint графикалық редактор» іске қосайық.(бейне сабақ қолдану) Paint графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек. 1. «Пуск» батырмасын шертіңдер. 2. Бас менюден Все программы командасын таңдаңдар. 3. Пайда болған бағыныңқы менюден Стандартные командасын таңдаңдар. 4. Келесі бағыныңқы менюден Графический редактор Paint –ты таңдаңдар. Командалар орындалғаннан кейін, экранға Paint графикалық редакторының терезесі ашылады. Терезенің үлкен бөлігін бос кеңістік – сурет салу алаңы алады. Оның ең жоғарыда тақырып жолы орналасқан. Ал мынау Меню қатары немесе Мәзір жолағы. Ал төменгі жағында әрі-бері жылжыту үшін сырғытпа орналасқан. Онда түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түс таңдауға болады.: негізгі – бұл түстер біз онымен сурет салатын түс және қосымша – бұл фон түсі. Бағдарламаны іске қосқанда, үнсіз келісім бойынша кескіннің түсі – қара, ал фонның түсі ақ болып орнатылады. СУРЕТ САЛУ КЕЗЕҢДЕРІ -болдырмау және қайтару -суреттің тік төртбұрышты үзіндісін белгілеу -суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған өшіргіш -тұйық контурды құю -суреттен түс таңдау -экрандағы бейненің өлшемін өзгертуге арналған масштаб -жіңішке сызықтарды сызуға арналған қарындаш -ерікті сызықтарды сызуға арналған кисть -мәтінді енгізу мен қалыптастыруға арналған жазу -әртүрлі фигуралар Сергіту сәті (бейнеклип) Деңгейлік тапсырмалар І-деңгей. Әр түрлі түспен, әр түрлі жуандықта Көкжайық ауылынның почта индексінің сызық құралымен сал. ІІ-деңгей. Қолдарыңды жұмыс үстелінен көтермей, «Көпбұрыш» құралын пайдаланып суретті салыңыз. ІІІ-деңгей. «Тіктөртұрыш» және «Құю» арқылы балалардың пирамидасын сал! Суреттерді қалай сақтайды (бейне сабақ) Салған суреттерді, графиктерді қажет кезінде пайдалану үшін, оны дискідегі файлда сақтаған жөн. Файлды дискіде сақтағанда, оған ат беру керек, ал файлды кеңейту Paint-тың .bmp программасы автоматты түрде орындайды. Paint программасының құжатын бірінші рет сақтап қою үшін Файл – Сохранить как... командасын орындаңдар. Сонда экранда Сохранить как... диалогтық терезесі пайда болады. Имя файла өрісінде файлға ат беріп, Сохранить батырмасын шертіңдер. Қайта сақтағанда Файл – Сохранить командасын орындаңдар. Сурет алғашқы атымен сол файлда сақталады. Суретті қалай ашады (бейне сабақ) Дискіде сақтаулы суретті ашу үшін Файл – Открыть командасын орындау. Экранда диалогтық терезесі ашылады., онда меңзерді қажетті файлдың атына орналастырып, екі рет шерту. Егер сендер Paint программасымен жұмыс барысында жаңа ғана салынған суретті сақтамай, жаңа құжат жасағыларың келсе, Файл – Құру (Создать) командасын орындау. Экранда құжатты сақтау жөнінде сұрау терезесі пайда болады. Жоқ(нет) батырмасын шерту. Логикалық тапсырма Берілген фигурада неше ұшбұрыш бар? 1) 4 2) 10 3) 12 + 4) 16 IV. Бекіту сұрақтар. Не білдім? • Paint графиктік редакторының атқаратын қызметі қандай? • Paint графиктік редакторын қалай іске қосамыз? • Суретті қалай сақтаймыз? • Сақталған суретті қалай ашамыз? • Суретке мәтінді қалай жазамыз. • Жаңа құжат құрғымыз келсе не істейміз? Қорытынды. Мәреге жет! Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып келу, саңырауқұлақтың суретін салып келу. Бағалау: белсене қатысқан оқушыларды бағалау | |
Просмотров: 1221 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|