Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Компьютер-бум

Басу құрылғысы
Сабақтың тақырыбы: Ақпарат енгізу манипуляторы. Басу құрылғысы
Сабактың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды ақпаратты енгізу манипуляторымен (маус, трекбол, терте, сканер) және принтердің түрлерімен, оның жұмысының ерекшеліктерімен таныстыру; Дамытушылык: Оқушылардың компьютерлік білімдерін көтеру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету. Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқульгқ, жүмыс дәптері,
электронды оқулық
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
4. Тапсырмаларды орындау
5. Сабақты бекіту
6. Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталау сүрақтары:
• Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғыларды атаңдар, олардың атқаратын қызметін айтыңдар.
• Монитор, жүйелік блок, пернетақта
• Компьютер жадысының қандай түрлері бар?
• Ішкі және сыртқы жад. Ішкі жад - жедел жад немесе оперативті жадтайтын
құрылғы. Оның екі түрі бар: тұрақты жадтайтын, жедел жадтайтын құрылғы.
• Тұрақты жад пен жедел жатың айырмашылықтарын айтыңдар
ТЖҚ ақпаратты тұрақты сақтайды, компьютер өшірілген кезде ондағы апарат * бұзылмайды, ал ЖЖҚ ақпаратты уақытша сақтауға арналған, компьютерді өшіргенде апарат бұзылады.
• Ақпаратты енгізу-шығару құрылғыларын атаңдар және олардың қызметін айтыңдар
• Пернетақта, маус, джойстик, сканер, т.б.
• Мониторлардың түрлерін атаңдар және олардың ерекшеліктерін айтыңдар
• Түрлі түсті немесе монохромды
• «Пиксель» деп нені айтады?
• Монитор экранындағы түрлі түсті нүктелер
• Пернетақтаның қандай блоктары бар?
• Символдық, функционалдық, меңзерді басқару, цифрлық пернелер
• Принтердің түрлерін атаңдар, оларға сипаттама беріңдер.
• Лазерлік, матрицалық, сиябүрккіш
Жаңа түсініктер:
АҚПАРАТ ЕНГІЗУ МАНИПУЛЯТОРЛАРЫ
Қазіргі кездегі компьютерлер тағы бір ақпараттарды енгізу құрылғысы — "Маус" манипуляторымен жабдықталған.
Оның аты тышқан деп бекер аталмаған. Себебі олі — сұр түсті, тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы. Маустың екі түрі болады: үш батырмалы, екі батырмалы. Қазіргі кезде екі батырмалы маус жиі пайдаланылады, себебі: ортадағы батырма жұмыс кезінде көп пайдаланылмайды.
Маус қорабының ішінде ауыр резеңкемен қапталған металдан жасалған ауыр шар орналасқан. Ол қораптың сыртына аз ғана шығын, кілемше бетіне тиіп тұрады. Маусты арнайы кілемше бетінде (үстел бетінде) жылжытқанда, шар айналады. Оның айналуы өзара перпендикуляр айналатын екі білікті айналдырады да, ол компьютерге "оңға-солға" және "жоғары-төмен" жылжыту сигналдарын береді. Алынған сигналдарды компьютер өңдейді, нәтижесінде маус нұсқағышының экрандағы орны өзгереді, яғни маус нұсқағышы экранда жылжиды.
Егер маус жылжитын бет өте тайғанақ болса, онда шар дөңгелемей сырғиды, сондықтан арнайы резеңке кілемше пайдаланылады.



Бір-біріне перпендиқуляр біліктер (валиктар)
Резеңке шарик
23-сурет. Маустың ішкі құрылысы.

Әдеттегі маустан басқа да манипулятордың түрлері бар, трекболдар, маустар, инфрақызыл маустар:
- Трекболдың маустан айырмашылығы, ол тұрақты түрде орналастырылады және оның
шаригі алақанмен қозғалысқа келтіріледі.Трекболдың артықшылығы ол беті тегіс жерді
қажет етпейді, сол себепті олар портативті компьютерлерде колданынады.
- Пенмаус шарикті автоқаламға ұқсас, оның ұшындағы жазу түйірінің орнына жылжу
мөлшерін тіркейтін түйін (торап) орналастырылған.
- Инфрақызыл маустың әдетгегі маустан айырмашылығы - оның жүйелік блокпен өткізгіш сымсыз байланыс құрылғысы болуында.
Компьютерлік ойындар үшін рычагты басу типті тертелер (джойстиктер), джойпадтар, геймпадтар және штурвалды-педальді құрылғылар қолданылады.
Маус - бұл манипуляторлык, типті енгізу қүрылғысы, оның тегіс кілемше бетінде
жылжуы экранда бейнеленеді. Меңзерді экранда жылжытуга (қозгалтуга) және объектілерді басқаруға арналган. Трекбол — бул маустңц функцияларын орындайтын және портативті компьютерлерде қолданшатын құрылғы. Джойстик(терте) - кішкене рычагты манипуяятор, ол экрандағы жылжитын объектілерді басқару үшін қолданылатын енгізу құрылғысы.
Графикалык деректерді енгізу құрылғысы. Графикалық ақпаратты енгізу үшін, сканерлерді. графикалық планшеттерді (дигитайзерлерді) және цифрлық фотокамераларды қолданады. Сканерлердің көмегімен таңбалық ақпаратты да енгізуге болады. Бұл жағдайда алғашқы деректер графикалық түрде енгізіледі, бейне тану бағдарламалары оны өндейді.
- Планшетті сканерлер келесі принцип бойынша жұмыс істейді: арнайы элементтер
материалдың бетінен шағылған жарық сәулесін белгілейді.
- Қол сканерлерінің планшетті сканерден айырмашылығы, созу қолмен орындалады.
Бұл жағдайда бір қалыптылығы мен дәлдігі жеткілікті дәрежеде болмайды.
- Барабандық сканерлер. Бұл типті сканерлерде алғашқы материал өте жоғары жылдамдықпен айналатын барабанның цилиндр сияқты бетіне бекітіледі. Өте жоғарғы сапалы сканерлеуге жетуге болады.
- Штрих-сканері. Бұл штрих-код түрінде кодталған деректерді енгізуге арналған қол сканерінің бір түрі. Саудада қолданылады,
- Формалар сканерлері "қолдан" толтырылған стандартты формалардан деректерді енгізуге арналған құрылғы. Сканердің бұл түрі халық санағын жүргізгенде, сайлау нәтижелері мен анкет мәліметтерін өндеуде қажет болады. Сканерлеудің жоғары дәлдігі керек емес, тез әрекеттілігі - оның негізгі параметрі.
- Графикалық планшеттер (дигитайзерлер)- көркемдік графикалық ақпараттарды енгізуге арналған.
- Цифрлық фотокамералар. Олар сканерлер сияқты графикалық деректерді қағаз бетінен емес, тікелей қоршаған ортадан қабылдайды.
БАСУ ҚҰРЫЛҒЫСЫ
Принтерлер - басу құрылғылары, олар деректерді шығару құрылғылары ретінде колданылады және құжаттардың көшірмесін қағаз бетінде алуға мүмкіндік береді. Әрекеттерінің принципі бойынша олар матрицалык, сия бүріккіш және лазерлік принтерлерге бөлінеді.
- Матрициалық принтерлер - бұл карапайым басу құрылғынары. Деректер қағазға инелгрдің бояйтын таспа арқылы соғуының нәтижесінде пайда болатын оттисктер турінде шығарылады.
- Лазерлік принтерлер полиграфиялық баспадан кем емес баспа сапасын қамтамасыз етеді. Олар минутына бет баспаға шығу жылдамдығымен өлшенеді.
- Сия бүріккіш принтерлер. Кескін бояудың тамшыларының қағазға түсуінін НӘТИЖЕСІНДЕ пайда болған дақтардан қалыптасады. Бояудың микротамшылары басу бастиегіндегі қысыммен шығарылады. Басу сапасы лазерлік принтерлерге қарағанда біршама төмен және ол тамшының көлеміне, оның пішініне, бояғыштың қоюлығына және қағаз сапасына тәуелді.Сиябүріккіш принтерлер түрлі түсті баспада кеңінен қолданылады.
Қандай ақпараттарды /. мәтіндік
принтерге 2. графіікалық
шығаруға болады? 3. кестелік
Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 2.2.13, 14,15 тапсырмаларды орындау
Сабақты бекіту сұрақтары:
• Қандай ақпаратты енгізу манипуляторлары бар? Олардың айырмашылығы кандай?
• Қандай графикалық деректерді енгізу құрылғылары бар?
• Олардың айырмашылықтары қандай?
• Принтердің қандай түрлері бар?
• Олардың айырмашылықтары қандай?
Үйге тапсырма: оқулықтағы 2.2. тақырыпты оқу, сөзжұмбақ, ребус дайындау.
Категория: Компьютер-бум | Добавил: Каскатайовна (2014-10-28) | Автор: Жүнісбекова Бұлбұл Қасқатайқызы E
Просмотров: 1430 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 6:28 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru