Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Компьютер-бум

Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар
ШҚО, Семей қаласының "№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені" КММ
информатика пәні мұғалімі Камбарова Альфия Куандыковна

Cабақтың тақырыбы: АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ. ВИРУСҚА ҚАРСЫ ПРОГРАММАЛАР
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың «компьютерлік вирус» түсінігі туралы, вирустың пайда болудың негізгі белгілері, вирусқа қарсы бағдарламаларды тағайындау, вирусқа қарсы бағдарламалардың түрлерін айыра білуін қалыптастыру, компьютердегі вирустың бар-жоғын тексеру, ақпараттың қорғалу тәсілі туралы білімдерін меңгерту.
Дамытушылық: елестете алуын, ынтасын, басты, маңызды ерекшелігін көрсете алуын, ой өрiсiн дамыту
Тәрбиелік: Оқушылардың танымдық қызығушылығын, коммуникативтік дағдысын, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу
Бағдарламалық-дидактикалық жабдықталуы: дербес компьютерлер, мультимедиялық проектор, Windows ОЖ, материалды көрсету үшін презентациялар.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу; сабақтың тақырыбын, мақсатын және міндеттерін айту; жаттығу жасату.
ІІ. Сабақтың өзектілігі
1. Компьютер деген не?
2. Компьютер мен адамның қандай ұқсастықтары бар?
Оқушылардың мүмкін жауаптары:
1. Компьютер (ағылшын тілінен аударылғанда computer –есептеуіш) –мәліметтерді өңдейтін, тарататын, және сақтайтын бағдарламаланған электрондық-есептеуіш құрылғы.
2. Компьютер процессорын адам миына ұқсатуға болады. Ми сияқты ол компьютер құрылымының барлық құрылысының орталығы болып табылады және басқа құрылғыларды басқарып отырады. Онсыз бірде-бір операцияны орындай компьютерде алмайсың. Компьютер жады адам жадысы сияқты. Тасымалдаушыға болашақта қолданылуы мүмкін ақпарат жазылады.
Қорытынды: компьютер адам ағзасы сияқты түрлі вирусқа (компьютерлік) ұшырауы мүмкін және оны да вирусқа қарсы бағдарламамен қорғау керек.
Осы тақырыпты өрбіте келе, оқушылармен бірге сабақтың мақсатын айқындап алу керек.
• «компьютерлік вирус» түсінігін оқу
• Компьютерлік вирустан қорғау әдісін анықтау
• «Вирусқа қарсы бағдарлама» түсінігін қарастыру;
• Вирусқа қарсы бағдарлама түрлерін қарастыру;
• Вирусқа қарсы бағдарлама жұмысының технологиясын білу.
ІІІ. Жаңа түсініктер мен әрекет тәсілдерін қалыптастыру
Жаңа сабақты түсіндіре отырып, топтық жұмыс оындату. Оқушыларды бірнеше топтарға бөліп, сабақтың қойылған мақсатына қарай әр топқа қажетті материалдың бірін оқуға тапсырма беруге болады.
Оқушылар оқулықтан, сонымен қатар мұғалім дайындап келген конспект пен тақырып бойынша презентацияны оқиды.
Топтарға арналған үлгі тапсырмалар:
№1 топ
1. Компьютерлік вирус______________________________________________
2. Компьютерлік вирустың үш қағидасы:_____________________________
Біріншіден, вирустар___________________________________________
Екіншіден вирустар _______________________________________ емес
Үшіншіден компьютерлік вирустар тек компьютерді ғана зақымдайды
3. Вирустардың әрекеті 3 кезеңнен тұрады:

№2 топ
1. Вирустардың негізгі пайда болу белгілері
2. Вирустардың компьютерге кіру жолдары
3. Компьютердің зақымдалу белгілері бар болып жатқандағы әрекет

№3 топ
1. Вирусқа қарсы бағдарламалар...
2. Вирустан қалай қорғануға болады?
3. Вирустың түрлері мен қызметтерін ата
Мұғалімнің конспектісі
№1 топ

1. Компьютерлік вирус – «көбейтілуге» және басқа программаларға жұғуға қабілетті, әдетте өлшемі шағын (200-ден 5000 байтқа дейін) арнайы компьютерлік программа (яғни ол кодын көп қайтара көшіреді де, оны басқа программалардың кодына қосады). Ол компьютерге пайдаланушының рұқсатынсыз, «зақымдалған» дискета немесе «зақымдалған» файлмен бірге түсуі мүмкін. Ішінде вирусы бар программа «зақымдалған» деп аталады
2. Компьютерлік вирустың 3 қағидасы :
Біріншіден, вирустар өз-өзінен пайда болмайды.- оларды компьютерлік хакерлер құрады да мәліметтерді желі бойынша жібереді немесе таныстарының компьютерлеріне салады.
Екіншіден: вирустар өз-өзінен сіздің компьютеріңізде пайда болмайды- ол не болмаса сыртқы тасымалдаушы (флэшь-тасымалдаушы, сыртқа қатты диск, компакт-диск...) арқылы немесе оны компьютерлік желіден кездейсоқ жүктеп алған.
Үшіншіден: компьютерлік вирустар тек компьютерді ғана зақымдайды одан басқа ешнәрсе емес, сондықтан да одан қорқудың қажеті жоқ-пернетақта, тіртуір және басқа да құрылғылар арқылы берілмейді (жұқпайды).
3. Вирустардың әрекеті 3 кезеңнен тұрады:
1. Зақымдану (компьютерге түсу);
2. Көбею (вирусты код басқа бағдарламалармен көбеюі мүмкін);
3. Вирусты шабуыл (жеткілікті түрде бағдарламалық вирус көшірмесі пайда болған кезде бұзылу жүзеге аса бастайды: бағдарлама жұмысы мен ОЖ, қатты дискіден ақпараттардың жойылып кетуі

№2 топ
1. Вирустар қайдан пайда болады? Оларды білікті қаскөй мамандардан басқа бәсекелес фирмаларға зиян келтіру үшін қызғаныш, зиянкестік, мансапқорлық оймен немесе антивирустық программаларды сатудан ақша табу үшін жазады.
2. Вирустардың компьютерге кіру жолдары:
• Internet ғаламдық желі
• Электрондық пошта
• Жергілікті желі
• «Жалпы тағайындалған» компьютерлер
• Бағдарламалық жабдықтау қарақшысы
• Жөндеу қызмет көрсетулері
• Зақымданған файлы бар алмалы-салмалы жинағыш
• Вирусы бар қатты диск
• Алдыңғы пайдаланып кеткендерден қалған вирус

3. Компьютердің зақымдалу белгілері бар болып жатқандағы әрекет
• Компьютерді егер ол жергілікті желі мен интернетте қосылған болса өшіру;
• Егер зақымдану белгілері салдарынан компьютердің қатты дискісін жүктеу мүмкін болмай жатса, (компьютерді қосқан кезде, қате деп танылып жатса), істен шығудан қорғаныс режимінде жүктеп көріңіз немесе Windows апатты дисктен жүктеңіз;
• Вирусқа қарсы бағдарламаны жүктеу.

№3 топ
1. Компьютерлік вирустармен күресу үшн, оларды зерттейтін және антивирустық (вирусқа қарсы) программалар жазатын мамандар бар. Ресейдегі атақты программистер: Д.Лозинский, Д.Мостовой, И.А.Данилов, Н.Безруков және т.б.
2. Вирустан қалай қорғануға болады?
• Өзіңіздің ДК-ге вирусқа қарсы бағдарламаны орнатыңыз.
• Басқа компьютерден келген тасымалдаушы құралдан вирусын тексеріңіз;
• Ақпаратты көрмей тұрып, архивтенген архивтік файлдан кейін вирусын тексеріңіз (вирусқа қарсы бағдарламалардың барлығы бірдей зиян тарататын кодты іздемеуі мүмкін немесе оны дұрыс емес жасауы мүмкін);
• жүйелі түрде компьютердің вирусын тексеріп тұрыңыз (егер Интернетті белсенді қолдансаңыз-аптасына бір рет, болмаса одан да жиі жүктеңіз);
• маңызды ақпараттың резервті көшірмесін жиі жасап тұрыңыз (backup);
• егер компьютер Интернетке қосылған болса, вирустан қорғау файервол (firewall) бағдарламамен бірігіп қолданыңыз;
• html-бетінің ішіндегі белсенділігі бар іске қосуға тыйым салу үшін (Интернет бетін көру бағдарламасы) браузерді жүктеңіз
3. Вирустық программалар компьютердегі вирустарды табуға, жоюға және одан қорғануға мүмкіндік береді. Ондай программалардың бірнеше түрлері бар, атап айтқанда:
 детектор−программа (вируспен зақымдалған файлдардың бірін табуға негізделген);
 доктор−программа (вируспен зақымдалған файлдардың бірін тауып қана қоймай, оны «емдеуге» арналған);
 фильтр−программа (компьютермен жұмыс жасау барысында вирустың бар болуын алдын ала хабарлауға негізделген);
 ревизор−программа (вирустан белсенді, әрі сенімді түрде қорғауға арналған).

IV. Білімі мен дағдысын қалыптастыру
Әр топ мүшелері конспектілерінің бір бөлігін ауызша жауап ретінде айтып береді (бұл уақытта басқа оқушылар өздерінің конспектілерінің қалған бөлігін толтырады)
Практикалық тапсырма: мұғалім бірге Защитник Windows и Windows Smart Screen бағдарламасын іске қосыңыз, компьютерді тексерістен өткізіңіз.
V. Жаңа білімді қорытындылау және іс-әрекет тәсілдерін қолдану кезеңі
Компьютермен жұмыс
Практикалық жұмыс «Вирустан қорғау бағдарламамен жұмыс»
1. Вирустан қорғау бағдарламаны іске қосыңыз.
2. Базаны жаңартуды орындаңыз
3. Программаның қосымша бет терезелерімен танысыңыз
4. Менің құжаттарым папкасына тексеріс орнатыңыз
5. Сканерлеуді іске қосыңыз
6. Сканерлеу аяқталған соң қорытындысын сараптаңыз

VI.Сабақтың қорытындылау кезеңі
Сабақта алған жаңа, жалпы ақпараттар элементтерін құрастыруда сабақты қорытындылау.
Сұрақтар:
• Компьютерлік вирус деген не?
• Вирустың пайда болу белгілері
• Компьютерлік вируспен күрес бағдарламасы
• Компьютерлік вирустан қорғану әдісі
• Компьютерлік вирус түрлері мен негіздері қандай?

VII. Бағалау кезеңі
Сыныптың және жеке оқушылардың жұмысына сапалы баға беру.

VIII.Үй тапсырмасы кезеңі
Үй тапсырмасы жөнінде ақпарат: оқулықтан АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ. ВИРУСҚА ҚАРСЫ ПРОГРАММАЛАР тақырыбын оқу

ІХ. Рефлексия кезеңі
Бүгінгі өтілген сабақтағы ақпаратты болашақта практикада қалай қолданасыз?
Категория: Компьютер-бум | Добавил: Альфия2832 (2014-11-11) E
Просмотров: 3162 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 5:59 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru