Главная » Статьи » В помощь учителю » Компьютер-бум |
<BR>Сынып 5-сынып Мерзімі 15.04.2014 жыл Сабақтың тақырыбы : Суретті салу, сақтау, Сабақтың мақсаты Білімділігі: PAINT графикалық редакторын бағыттауды, қосуды, сурет салу және сақтауды үйрету. Дамытушылығы : Сурет өлшемін орнатуды, сақтауды. Түстер палитрасын іске қосуды. Қылқалам, қарындаш, сызық, доғал, масштаб құралдарын қолдану тәсілдерін үйрете отырып, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ой-өрістерін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу. Сабақтың барысы І Ұйымдастыру кезеңі ІІ Өткен материалды қайталау ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру ІV Сабақты бекіту V Үйге тапсырма І Ұйымдастыру кезеңі • Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу • Оқушылардың назарын сабаққа аудару ІІ Өткен материалды қайталау сұрақтары 1. Жұмыс үстелінде қандай нысан орналасқан ? 2. Бас мәзірді не үшін пайдаланамыз ? 3. Экранның шектелген аумағы қалай аталады ? 4. Программамен жұмысты аяқтауда қандай тәсілдерді білесіңдер ? 5. Программаны қалай іске қосамыз ? ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру Адамдардың бәрі суретті жақсы сала алмайды . Сондықтан адамзат ұзақ жылдар графикалық бейнелерді құруды механикаландыруға тырысты және бұған есептеу техникасының арқасында қол жеткізді. Графикалық редакторды таңдау жұмыс істеу мақсаты мен компьютердің мүмкіндігіне байланысты. Мәселен, сабаққа хабарлама толтыру үшін Стандарттық программа – PAINT графикалық редакторын пайдалансаңдар жеткілікті. PAINT графикалық редакторында жұмыс істей отырып, өздеріңнің мәтіндеріңнің көркемдеулерін, Жұмыс үстелі үшін фондық бейнелер құруды, қарапайым фотомонтаж жасауды, бейнелерді өзгертуді және тағы да көп нәрселерді үйренесіңдер. Компьютерде графикалық ақпаратты құру құралдарына жататындар : • Енгізу құрылғылары (сканер, тышқан, графикалық планшет және т.б.) ; • Графикамен жұмыс істеуге арналған программалар (графикалық редактор ). Графикалық редактор – графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа. PAINT (ағылшынша сурет, сурет салу ) – бұл растрлық (нүктелерден тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор. Барлық растрлық бейнелер нүктелерден – пиксельдерден тұрады. Ол суреттің мөлшерін өзгерткенде анық көріәнеді. Пиксель - - растрлық бейненің ең кішкентай элементі. Суреттің сапасы жоғары болған сайын, ол сақталатын файлдың мөлшері де үлкен болады. Жұмыс істегенде осыны ескеру керек. Мысалы, егер файлды поштамен жөнелту керек болса, оның пішімін өзгертіп, «жеңілірек» ету керек. Программада суретті ашудың бірнеше мүмкіндігі бар. PAINT батырмасын шертіңдер. Егер суретпен жақында жұмыс істеген болсаңдар, онда оны Соңғы бейнелер тізімінен қарауға болады немесе Ашу бұйрығын таңдаңдар. Жиі орындайтын бұйрықтарыңды Жылдам қол жеткізу тақтасына шығарып қоюларыңа болады. Ол үшін бұйрықтың атын тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, Жылдам қол жеткізу тақтасына қосу бұйрығын таңдаңдар. Түсті таңдау үшін Түстер тобындағы Палитра қолданылады. Оның сол жақ бөлігінде пәрмендер көрсетіледі. Алдыңғы саптағы түс Қылқаламның түсін, сызықтың, фигуралар контурының түсін анықтайды. Фонның түсін фигуралардың ішін толтыру үшін және өшіргіш үшін қолданады. Түсті таңдау үшін алдымен қажетті алып- қосқышты таңдап, одан кейін тышқанмен палитрадағы керек түсті шертеді. Суретті тышқанның сол жақ батырмасын да оң жақ батырмасын да жібермей ұстап тұрып салуға болады. Палитрада 20 түс анықталып, бекітілген. Қажет болса, Түстерді өзгерту батырмасын шертіп, түстерді қосуға болады. Компьютер милиондаған түспен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Түстің дәл мәнін ондағы қызыл, жасыл және сарының реңкін, қарама- қарсылығын, ашықтығын және санын көрсетіп анықтауға болады. Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау. Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды. ІV Сабақты бекіту 1. Графикалық деректерді енгізу және шығару үшін қандай құрылғылар қолданылады ? 2. Графикалық редактор деген не ? 3. Растрлық графиканың кемшілігін атаңдар. 4. Сурет салу мен толтыру үшін түстерді қалай таңдаймыз ? V Үйге тапсырма Суретті салу, сақтау, Источник: http://Информатика | |
Просмотров: 1129 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|